Қазақтың көрнекті жазушылары халық өмірі мен уақыт тынысын, заман шындығы мен қоғам дамуын жан жақты талдап, өмірдің қайшылықтарын шынайы өрнектеумен еліміздің тәуелсіздігін тұғырландыруға ерекше ықпал етіп келеді



бет1/3
Дата02.06.2023
өлшемі1,66 Mb.
#97811
  1   2   3

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Филология факультеті
Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы

ШЕРХАН МҰРТАЗА ӘҢГІМЕЛЕРІНДЕГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰБЫЛЫСТАРДЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Орындаған: Сатыбекова Айым
Ғылыми жетекшісі: Оспанова Гүлмария
Алматы, 2023
Қазақтың көрнекті жазушылары халық өмірі мен уақыт тынысын, заман шындығы мен қоғам дамуын жан - жақты талдап, өмірдің қайшылықтарын шынайы өрнектеумен еліміздің тәуелсіздігін тұғырландыруға ерекше ықпал етіп келеді. Шерхан Мұртаза Қазақстан тәуелсіздігі тұғырының берік болуына қаламымен де, қайратымен де атсалысып келе жатқан танымал тұлғалардың бірі. Мәдениет пен әдебиеттің айтулы өкілі және қоғам қайраткері көрнекті қаламгердің -рухани өміріміз бен тарихымыздан алар орны айрықша. «Шерхан Мұртаза - ұлттың ұяты, өмірлік тайталастың тарланы», - деп жазды бұл жөнінде академик Зейнолла Қабдолов . Осы пікірден қайраткер жазушыға деген бүкіл қазақ қоғамының озық ойының қатынасын көруге болады.
Әңгіме жанрының бастауы халық ауыз әдебиетінде жатыр. Бұрынғы кезден ақ халық өзінің тұрмысы,бастан кешкен оқиғаларын бір-біріне баяндап отыратын болған. Бір рет қана айтылмай әртүрлі жиылыстарда айтылып жүрген,солай әңгіме жанры қалыптасқан. Әңгімеде оқиға қара сөзбен баяндалады. Әңгімеде болған қысқа ғана уақыт арасында болған оқиға баяндалады,кейіпкерлер саны аз,көлемі шағын,аса маңызды деген оқиғалар жинақталып беріледі. Онда оқиғаның басы,шарықтау шегі мен шешімі болады. Әңгіме жанры повестьке қарағанда қойылатын талаптары үлкен жанр.
Дипломның жалпы сипаттамасы
Қазақ халқының көрнекті жазушысы, мәдениет және қоғам қайраткері - Шерхан Мұртазаның рухани өміріміз бен тарихымыздан алар орны ерекше.
Шерхан Мұртазаның шығармашылығы мен әлеуметтік қызметіне көз жүгірте отырып, талдау жасау барысында сезімдік қабылдауымызда ол туралы - үлкен ойшыл, мемлекет және қоғам қайраткері, тума талант, терең таным иесі, халық жазушысы, сыншы, драматург, сөз зергері, аудармашы, публицист деген ұғымдар легі тізіліп қалыптасады. Шерхан Мұртазаның ширек ғасырға жуық шығармашылығының тұтас көркемдік болмысы, тарихи таным арналары және одан туындаған авторлық концепцияның көркем - эстетикалық мұраттары бүгінгі тәуелсіздік көзқарас биігінен сараланды
Психология-адамның сезімін,адамның сыртқы ортамен әрекетін,адам мінез-құлқын зерттейтін ғылым саласы. Психологияның зерттеу аясы кең. Психология адаммен тығыз байланыстылығы сияқты,әңгіме жанры да адам өмірімен тығыз байланыста болғандықтан,әр әңгімеде психологизм қатар жүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет