Қазақтың сәндік–қолданбалы өнері



бет1/6
Дата30.11.2022
өлшемі0,97 Mb.
#53815
  1   2   3   4   5   6

Қазақтың сәндік–қолданбалы өнері.
1.Кәсіптің түрлері: ағашты оюлау, сүйекті оюлау, теріні бедерлеу, соқпалау (чеканка), қыш бұйымдарын жасау, кілем және сырмақ тоқу, текемет басу, зергерлік іс, кестелеу және басқалар.
Ағаштан ою оятын шеберлерді халық ағаш ұстасы деп атайды. Ағаш шеберлері ағаш тамырынан ойып, айқыш-ұйқыш өрнектер салып әдемі тостақандар, бүйрек пішінді қымыз ожаулар, күміспен құймалап, асыл тастармен мәнерлеген әсем тегенелер және піспек бастар, шыны-аяқ салатын ағаш құтылар т.б. жасаған. Музыкалық аспаптар жасаған. Ағаштан түйін түю халқымыздың ертеден келе жатқан дәстүрлі өнерінің бірі. Сонымен қатар киіз үйді ағаш бұйымдарымен үйдің сәндік жиһаздарына сай көркемдеген. Ағаштағы оюлар оюдың көркемдік мәнері үйге көрік берерліктей нәзік
нашықталған, басқа да бұйымдардағы ою-өрнектер түсі, үқсас больш тіпті толықтырып тұрып әсем көрінеді. Қолданылатын іс-әрекет тәсілі ойма ою- өрнек сюжетін терең ойып жасау жолы. Тәйпақ оюы ою-өрнек сюжетін ағаш бетінен сәл ғана ою. Теспе оюы ою-өрнек сюжетін ағашта тесіп жасау жолдары.
Қазіргі кезде ата - бабаларымыздан қалған ою - өрнектері тоқымамен шектелмейді. Архитектуралық ескерткіштер бағалы қарапайым пішінділері үйлестірмелі болған. Табиғат сыйы адамды өмір бойы алып жүруші. Үй және шана, қабыршықталған төбе, ағаш ойыншықтар, қасық және ұршық бәрі ағаштан жасалған.
Сүйек ою. Қазақ халқының ерте ғасырдан келе жатқан өзіндік көрке
жанрының тағы бір түрі сүйектен ойып бедерлеп өрнек түсіру. Сүйектен ойып өрнек салушыларды қазақтар «шебер» деп атаған. Сүйектен ағаш бүйымдардың бетін, аттың қамыт-сайман, ер-тұрман, музыкалық аспаптардың бетін безендірген. Шебер сүйекті өрнектеп болған соң оны әшекейлейтін қажет заттардың бетіне майда күміс шегелермен шегелейді. Шегелемес бұрын әшекейленер бүйьмының беті өңделіп, өрнек сүйек формасы уңгі алынып тасталып сол араға сүйекті шегелейді. Сонда өрнектелген заттың беті тегіс болады. Кейбір бұйымдарды безендіргенде сүйек пен күміс қатар қолданылады. Өрнекті сүйек сынықтары, бедерлі күміспен алмастырылып қолданылады. Кейін ою ойылған сүйек астына ашық түсті шүға, мақпал төсейтін болған
көбіне қызыл қара түсті пайдаланған. Мүйізден қасық, түйме, шақша жасаған. Арқар, бұғы, таутеке мүйіздері мен түрлі сүйектен қобдишаларға, мылтық құндақтарына, домбыраларына және қазақы ерлерге алуан түрлі әшекей, ою- өрнек сюжетін салған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет