ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ИНСТИТУТЫ
СӨЖ
Тақырыбы: Дәрілік түймедақ өсімдігі
Орындаған: «6В01508 Химия-Биология» мамандығының
3 – курс студенті Убайдуллаева Динара
Тексереген: Кандидат наук, и.о. профессор
Азимбаева Гулбайра Ералиевна
Жоспары: I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1.Түймедаққа жалпы сипаттама
2.2. Түймедақтың химиялық құрамы
2.3. Түймедақтың емдік қасиеті
2.4. Түймедақтың қолдануы
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе Түймедақ гүлі көгалдандыруда кеңінен қолданылатын көпжылдық шөптесін өсімдік. Биіктігі 30-60 см аралығында болады. Гүлінің диаметрі 9 см-ге дейін жетеді. Дүние жүзіне таралған. Бақшаға еккен түймедақ жаз бойы молынан гүлдеп, ерекше көңіл күй сыйлайды.
Өсімдіктің сұрыпталған түрлерінің гүлі ірі болып келеді. Бойы аласа, гүлпарлы түрлері де бар. Сұрыпталған түрлерінің гүлдеу мерзімі ұзағырақ болады. Сұрыпына қарай маусымнан шілде айының соңына дейін гүлдейді. Алғашқы гүлдері сола бастаған кезде гүлсидамын қырқып тастаса, жаздың соңына қарай қайтара гүлдейді. Әрине, гүлі алғашқыдан сиректеу болады.
Түймедақ гүлін флористикада композиция жасауда пайдаланады. Өсімдікті көгалдандыруда гүлзарға жеке немесе топтап отырғызады
Түймедақ гүлі топырақ талғамайды, дегенмен де молынан гүлдеуі үшін топырағы құнарлы болғаны дұрыс. Арам шөбін жұлып, түбін қопсытып тұру керек. Күнді жақсы көреді, бірақ алакөлеңкеде ұзағырақ гүлдейді. Сәуір айынан бастап, жауынды күнді ескермегенде, күн ара суғарып тұрған жөн.
Биологиялық медициналық маңызы Дәрілік түймедақ – биіктігі 35-40см –ге жететін бір жылдық шөптесін өсімдік, тамыры нәзік,білеу. Бірен-саран бұтақталған сабақтары бар, күрделі екі-үш қауырсынды тілімделген жапырақтары сабақтарында кезектесіп орналасқан.Тілімделген жапырақшалары жіңішке жіп тәрізді,төменгі жапырақтары сабақтарын жартылай қоршап жатады. Гүлдері өте көп, себет немесе кәрзенке гүл шоғырын түзеді.Гүлдері тұтас немесе біршама үгітілген жартылай шар тәрізді гүлсебеттерден тұрады, гүл сағақтары 3см-ге дейін болады, кәрзенкелері шеткі тілше және ортанғы сары түтікше гүлдерден тұрады. Гүл тұғыры қуыс, жартылай шар тәрізді немесе конус тәрізді. Себеттердің тілше гүлдері ақ түсті, түтікше гүлдерінікі сары, иісі күшті жұпар иісті, дәмі татымды, ащылау.