Азимут[1] (арабша ас-сумут — жол, бағыт) — бақылау нүктесінен өтетін меридиан жазықтығы мен сол нүктені қиятын бағыттың вертикал жазықтығы арасындағы қос қырлы бұрыш. Ол меридианның солтүстік ұшынан сағат тілінің қозғалысымен 0о-тан 360о-қа дейін



Дата18.10.2023
өлшемі50,3 Kb.
#118527
Байланысты:
Геодезия 2 лист


Азимут[1] (арабша ас-сумут — жол, бағыт) — бақылау нүктесінен өтетін меридиан жазықтығы мен сол нүктені қиятын бағыттың вертикал жазықтығы арасындағы қос қырлы бұрыш. Ол меридианның солтүстік ұшынан сағат тілінің қозғалысымен 0о-тан 360о-қа дейін өлшенеді. Бастапқы бағыттағы меридиан түріне байланысты нағыз (шын) Азимут және магниттік азимут болып бөлінеді. Нағыз (шын) азимут — аспан шырағының бағыты мен жердегі объектіге бағытталған сызықтың арасындағы горизонталь бұрыш. Ол буссоль (компас) арқылы өлшенеді. Магниттік азимут — магниттік меридианның солтүстік ұшынан сағат тілінің қозғалысымен берілген сызықтың бағытына дейінгі есептелінетін бұрыш. Бір сызықтың нағыз (шын) азимуты мен магниттік Азимутының шамалары бірдей болмайды, себебі Жердің магнит өрісінің әсеріне байланысты тілі ауытқып отырады.

Масштаб (нем. MaßstabMaß — өлшеуіш, мөлшер және Stab — таяқ)[1] — сызба, жоспардағы аэрофототүсірудегі немесе картадағы кесінді ұзындығының сол кесіндінің нақты ұзындығына қатынасы. Дерексіз санмен өрнектелген бұл қатынас сандық Масштаб деп аталады. Жоспар мен карталардың сандық Масштабты бөлшек сан арқылы өрнектеледі, алымы бірге тең болса, бөлімі бейнеленген сызықтың неше есе кішірейтілгенін көрсетеді. Сызбада машиналар мен приборлардың ұсақ бөлшектері, көбінесе үлкейтілген мөлшерде көрсетіледі. Бұл жағдайда сандық Масштаб бірден үлкен санмен өрнектеледі. Жоспар мен картадағы ұзындықты өлшеуде қолданылатын сызықтық Масштаб заттың ұзындығын көрсететін, тең бөліктерге бөлінген, жазуы бар түзу сызықтан құралады.

Координаттар (лат. co – бірге және ordіnatus – тәртіптелген, анықталған) — жазықтықтағы, кез-келген беттегі не кеңістіктегі нүктенің орнын анықтайтын сандар. Ғылымға, ең әуеліаспан сферасындағы не Жер шары бетіндегі нүктенің орнын (ендік пен бойлық) анықтайтын астрономиялыһ және географиялық кординаттар енді (қараңыз [1]). 17 ғасырда Р.Декарт кординаттар әдісі арқылы геометрия мен математикалық анализдің арасындағы өзекті байланысты ашты.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет