Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екенін паш етті



Дата01.11.2022
өлшемі21,05 Kb.
#46822

Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екенін паш етті. Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы мамандар үшін ең маңызды мәселе болып отырғаны «XXI ғасырда нені оқыту керек?» және де екіншісі – ол « мұғалімдер оқушыларды XXI ғасырға қалай дайындайды?». Заманауи оқыту тәсілдері оқушының болашақта алған білімін қолдана алуына басты назар аудару, XXI ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында. Баланың бойына қалай оқу керектігін үйренуді қалыптастыруға мән бере отырып, оны тұлға ретінде дамытуға мұғалімнің бағыт беруші ретінде алатын орны бөлек болып отыр. Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру – заман талабына сай өскелең ұрпақтың өмірге бейімділігі, халықаралық стандарт деңгейінде сапалы білім мен тәрбие алуының негізгі құралы.
Заман талабына сай оқыту технологиясының тиімдісін пайдалану оқу үрдісінде жетістікке жетудің бірден бір кепілі. Өткен ғасырдың 90 жылдарында бүкіл әлемдегі философтар мен психологтар, педагогтар озық тәжірибелерге сүйене отырып, сан түрлі оқыту технологияларын жасады. Осы жаңа педагогикалық технологиялардың ішінде сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының орны ерекше, яғни оқушының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін қолайлы әдіс болып табылады.
Заман талабына сай оқыту технологиясының тиімдісін пайдалану оқу үрдісінде жетістікке жетудің бірден бір кепілі. Өткен ғасырдың 90 жылдарында бүкіл әлемдегі философтар мен психологтар, педагогтар озық тәжірибелерге сүйене отырып, сан түрлі оқыту технологияларын жасады. Осы жаңа педагогикалық технологиялардың ішінде сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының орны ерекше, яғни оқушының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін қолайлы әдіс болып табылады.
Заман талабына сай оқыту технологиясының тиімдісін пайдалану оқу үрдісінде жетістікке жетудің бірден бір кепілі. Өткен ғасырдың 90 жылдарында бүкіл әлемдегі философтар мен психологтар, педагогтар озық тәжірибелерге сүйене отырып, сан түрлі оқыту технологияларын жасады. Осы жаңа педагогикалық технологиялардың ішінде сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының орны ерекше, яғни оқушының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін қолайлы әдіс болып табылады. Заман талабына сай оқыту технологиясының тиімдісін пайдалану оқу үрдісінде жетістікке жетудің бірден бір кепілі. Өткен ғасырдың 90 жылдарында бүкіл әлемдегі философтар мен психологтар, педагогтар озық тәжірибелерге сүйене отырып, сан түрлі оқыту технологияларын жасады. Осы жаңа педагогикалық технологиялардың ішінде сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының орны ерекше, яғни оқушының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін қолайлы әдіс болып табылады.
Тарих пәніне деген қызығушылығын арттыру мақсатында сабақты түрлендіре отырып, оқушылардың өз қабілетін таныта, дамыта түсу бағытында әрқилы әдістер негізінде пайдалану тиімді.
Әр ұстаздың жұмысына өзгеріс енгізуі заман талабына сай міндетті болуы керек. Оқытудың проблемалық мәселесіне байланысты өз педагогикалық тәжірибемізге өзгеріс енгізіп отыруымыз шарт. Қазіргі кезде, бағдарламаның жеті модулі оқу процесінде табысты қолданып жүр. Олар:
1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер;
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;
3. Оқыту үшін бағалау мен оқытуды бағалау;
4. Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану;
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту;
6. Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу;
7. Оқытудағы басқару және көшбасшылық.
Бұл модульдердің барлығы сабақ өткізу барысына өте қолайлы. Оқытуда ақпараттық – коммуникациялық технологияны басшылыққа ала отырып, алты модульді сабақ өткізуде кірістіре шебер қолдана білу.
Сонымен қатар, функционалдық сауаттылықты арттыруда, ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың қолдануын қарастыруға болады. Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға ізденуге өз жұмысының нәтижесін көріп өз өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді. Ол үшін мұғалім өткізетін сабағының түрін дұрыс таңдай білу қажет. Сабақты сәтті ұйымдастырудағы басты мақсат, оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттырып бүгінгі заман талабына сай білім беру. Сабақтың сәтті өтуі біріншіден мұғалімнің біліміне, іскерлігіне, тәжірибесіне байланысты болса, екіншіден, сабақ материалына, ал үшіншіден, сынып типіне, төртіншіден, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасқа байланысты. Сабақты тартымды әрі сәтті өткізе білу мұғалімдер қауымынан көп ізденуді, білімділікті, қабілеттілікті және тапқырлықты қажет етеді. Ізденушілік пен білімділікті оқушы бойынан талап ететін болсақ, онда оқушыға үнемі бағыт беріп отыру керек. Әрине, оқушылар арасында қабілетті, дарынды оқушылар мен енжар, жалқау оқушылар кездесіп жатады. Жалқау, енжар оқушының сабаққа қабілетін ояту үшін дәл осы ақпараттық технологияның пайдасы бар. Яғни, ол оқушыны немен қызықтыруды ойласақ, ол өз бойындағы дарынын көрсете алады. Қазіргі таңдағы жалқау, енжар бала ол ғаламтор, теледидар, планшет, телефонға тәуелді бала. Пайдасынан зияны көп әлеуметтік желілерде отыратын оқушы, яғни оқулық оқуға уақыты жоқ. Оның қызығушылығын ояту үшін информатика пәнімен тарих сабағын байланыстырып, компьютерлік бағдарламалар (Microsoft Office PowerPoint, слайд шоу, видео ролик, аудио) арқылы жасалатын ізденіс тапсырмалар беру. Мысалы: оқушының Абылай хан туралы мәліметтер жинақтап, презентация құруы. Яғни, бұл жоба құрастырудың бастамасы, мұғалім бағыт бере отырып, бұл шағын жобаны, ғылыми жұмысқа айналдыру арқылы оқушының қызығушылығы, іздену қабілеті арта түседі. Осылайша, ақпараттық технологияның элементтерімен оқушылардың қызығушылығын, интеллектуалдық танымын, білім сапасын арттыруға болады. Яғни, «Нашар мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді»-деген Ж.Дистервергтің тұжырымдамасы тегін айтылмаған. Қазіргі замандағы тарих пәнінің міндеті – ақыл-ой потенциалы жетілген, өткенді есте сақтай алатын адамды жасау ғана емес, өзінің ұлттық бастауын жақсы білетін, бұл дүниеде өзінің орнын таба алатын тұлғаны қалыптастыру. Кез келген ортада еркін пікір алмаса алатын, өз көзқарасын дәлелдеп, қорғай алатын белсенді азамат тәрбиелеу үшін оқыту үдерісінде жаңа тәсілдерді тиімді пайдалану арқылы іске асыруға болады. [1, б 25]
«Адам ұрпағымен мың жасайды» дейді дана халқымыз. Ұрпақ жарастығы миллион жылдарды қамтып келеді. «Надан жұрттың күні – қараң, келешегі тұман» - деп М.Дулатов айтқандай, тәуелсіз еліміздің тірегі – білімді ұрпақ емес пе. Сол білімді ұрпақты тәрбиелеу, оқыту ұстаздың басты парызы болып табылады.

«Төменгі Пенжім орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Баяндама: «Тарих сабағында білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары»

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет