Қазіргі кезде шикізатты кешенді түрде өндеу мәселесі өндеу өндірісінде маңызды мәселелердің бірі болып табылады



бет1/9
Дата16.06.2022
өлшемі414,4 Kb.
#36946
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




Кіріспе

Қазіргі кезде шикізатты кешенді түрде өндеу мәселесі - өндеу өндірісінде маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Әсіресе, бұл мәселе өңделіп, атмосфераға шығарылатын күкіртті газдарды бірегейлендіру мәселесі маңызды орын алатын көптеген түсті металлургия өндірістеріне тән. Қазіргі замандағы күкіртті газдарды бірегейлендірудің негізгі әдісі - күкірт қышқылы өндірісі болып қала береді.


Өндіріс көлемі бойынша күкіртқышқылы химиялық заттар арасында алғашқы орындардың бірінде тұр. Кез-келген елде оны өндіру көлемі сол елдің өндірістік даму деңгейінің көрсеткіші ретінде қарастырылады. Күкірт қышқылы бірталай маңызды өнімдерді алу үшін халық шаруашылығының көптеген салаларында қолданылады және оған сұраныс үнемі артып отырады. Сол себепті, күкіртқышқылы өндірісінің қуатын арттыруға көп көңіл бөлінді.
Түсті металлургиядан шығатын газдардан күкірт қышқылын алу күкірт қышқылы өндірісінің маңызды қоры болып табылады. Металлургиялық өндірістен шығатын газдарды өндеу ауаны ластанудан қорғау мәселесімен байланысты.
Арнайы аппараттар түсті металлургияларда шығатын күкіртті газды күкірт қышқылына алмастыра отырып, негізгі өндірістің зиянды өндірістік қалдықтарынан ауаны тазарту үшін қызмет ететін газтазарту құрылғысының функциясын атқарады.
Күкірт қышқылы өндірісін жақсартудың маңызды элементі автоматтандыру болып табылады. Ғылыммен техникада дамудын негізгі шарты болып табылатын кешендік автоматтандыруға көп көңіл бөлінді. Бақылау мен реттеу автоматтандыруы мен технологиялық процестер арқылы автоматтандырылған басқару жүйелерін енгізу еңбек пен құрылғының өнімділігін арттырады.
Маңыздысы адамдарды өндіріс процесіне тікелей қатысуынан босатты және күкірт қышқылы өндірісінде аса маңызды орын алатын қауіпсіз және зиянсыз еңбек жағдайларын құру мүмкіндігін береді.
Күкірт қышқылы цехына түсетін газдардың көлемі тұрақты емес, SO2 концентрациясы кең ауқымда өзгереді. Күкірт қышқылын алудың технологиялық режимін орнықты етіп ендіру үшін кіріс айнымалыларында ауытқулар болмауы керек, өйткені, олар контактілік аппаратының жылу балансын бұзады, ал оны қолдан реттеу мүмкін емес, себебі белгіленген режимнен сәл ғана ауытқу пайда болатын болса онда ол көп шығындарды тудырады.
Осыған байланысты жұмысты орнықты ету үшін және тиімділікті көтеру мақсатымен күкірт қышқылы өндірісін басқарудың автоматтандырылған жүйесін құру маңызды және қажетті мәселе болып отыр.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет