Қазіргі таңда педагогикалық және медициналық мамандықтарға деген қоғамның сұранысы артты. Уақыт барлығын да табиғи заңдықтар бойынша өз орындарына қоюда.Қайтсем мал табамын деген қағида артта қалды
«XXI ғасырдың – Абай университеті»
Қазіргі таңда педагогикалық және медициналық мамандықтарға деген қоғамның сұранысы артты.Уақыт барлығын да табиғи заңдықтар бойынша өз орындарына қоюда.Қайтсем мал табамын деген қағида артта қалды.Әлеумет шын білім мен ғылымға деген ұмтылыста.Қазақстандағы педагогикалық мамандар даярлайтын ең ірі оқу ошағы – Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті.Университетте педагогика саласындағы алдыңғы қатарлы педагог – ғалымдар оқытушылық қызмет атқарады.Студенттердің академиялық білімін толықтыру мақсатында университетте «Абайтану», «Өзін-өзі тану»,жастарға мотивация беретін орталықтар қарқынды жұмыстар атқарылуда.Студенттерді тек теориялық қана емес практикалық біліммен де қамтамасыз етіп отыр.Оқу процесінде-ақ алған білімдерін практикалық түрде жүзеге асырып өзіне бағалау көзімен қарауға мүмкіндік беретін жалпы орта мектептермен де тығыз байланыста.Мектеп оқушылары мен студенттер арасындағы байланыс болашақ педагог-маманның мұғалім мен оқушы арасында қатып қалған қорғанның болуы мүмкін еместігін іс жүзінде ұқтырды.Нәтижесінде, жас маман оқушы тәрбиелеуде,оқытуда қандай педагогикалық әдіс-тәсілдердің ұтымды әрі тереңірек ілім үйретуге машықты болатынын практикалық сабақ барысында түзе алатын толыққандылыққа қол жеткізе алады. Мектеп бітіріп үлкен арманға жол іздеген сан шәкірт осы оқу орнына түсіп білімдерін ұштай түсуде.Біздің универ әр жас түлектің арманы екені сөзсіз.Себебі, Абай атамыздың – болашаққа қалдырған үлгі-өнегесін өлеңдеріне сыйғызып, халқымызды тәрбиелеген болашағымыздың шамшырағына айналған ұлы ақын атындағы қарашаңырақтың әр қазақ үшін орны бөлек.Өлеңдері мен қарасөздері ешқашан өз маңызын жойған емес.Абай атамыз жайлы өз заманының ұлылары өз ұғымында сипаттап жазды, әлі де туылар жас ұрпақ қалай суреттесе де артықтық етпес. «Қазақты тану үшін алдымен Абайды тану керек», осы сөздің өзі ұлы ақынның өлшеусіз еңбегін суреттеп тұрғандай.Бұл универдің өзге жоғарғы оқу орындарынан басты ерекшелігі Абай атамыздың атын әлі күнге дейін ұмыттырғызбай келгендігі.Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті педагогтарды жарқын жүзді ұстаздарды тәрбиелеп отыр, қай заман болмасын, қай ғасыр болмасын адам баласына қажеттісі – білім. Тіпті XXI ғасырда, әлем білімге мұқтаж.Сол білімнің қайнар көзіне айналған бірден-бір бірегей университет.Бұл универ осы XXI ғасырда проблемаға айналған тіл мәселесін де шешіп отыр.Тілдің жойылғандығы – ұлттың жойылғандығы, ұлттың жойылуы мемлекетіміздің ірге тасының сөгіліп, керегесінің ортасына түскені.Осы тұста университетіміздің қосқан және қосып келе жатқан үлесін айтпай кету мүмкін емес.Ұлттық университет - яғни өзге мемлекеттермен тығыз байланыста жұмыс жасап келе жатыр, шет елдермен білім алмасу мақсатында студенттеріміз шет елдерде білім алып, шет ел мұғалімдері университетімізде дәріс беріп жүр.Абай атамыздың атын иеленген бұл оқу орнында түрлі деңгейде ақын өлеңдері мен шығармашылығын дәріптейтін іс-шаралар үздіксіз өтеді.Әр жыл сайын Абай атамыздың есімімен байланыстырылып, жарыстар,апталықтар өткізілуде, Абай атамыздың өлеңдерін жас ұрпақтың санасына сіңіру мақсатында театрлық қойылымдар,Абай атамызды зерттеген ғалым, педагогтармен кездесудің ұйымдастырылуын қамтамасыз етіп отыр.Қазақ халқы – қазақтығын сақтау үшін өз салт-дәстүрін, тілі мен ділін ұмытпауы керек, университетіміз өскелең ұрпақ бойына Абай атамыздың шығармаларын оқытып, Абай атамыздың мұраларымен сусындату арқылы жүзеге асырып келе жатыр.Бастысы білім беретін педагогтарды дайындап шығарып жатыр.Кәсіби біліктідігін шәкірт бойына сіңіріп, ерен еңбек етуде.Педагог,ұстаз дегеніміз кім?- білім беретін тұлға, болашағымызды жасаушы.Универ педагогтарды- ұлы ұстаз етіп тәрбиелеуге өз күш жігерін салып жатыр, жаңа заманның ағымымен жүретін білімді, білікті ұрпақты тәрбиелей алатын азаматтар мен азаматшаларды жасауға ат салысып келеді.Университетімізде 7 институт бар. Тарих пәні алғашқы курста оқытылады соның арқасында тарихымызбен сусындап,болашағымызға нық қадам жасаудамыз.Әр институтта студенттердің дарындылығымен жұмыс жасайтын өзін-өзі басқару ұйымдары бар.Ректормен бірге жұмыс жасайтын студенттік ректорат та жұмыс атқарады.Универ ішінде арнайы клубтар мен үйірмелер әртүрлі бағытта жұмыс атқарады.Атап айтатын болсам, Атамекен дебат клубы.Қазақ тілінде студенттердің шешендігі мен білім деңгейін көтеруге ат салысады.Мемлекетте болған актуалды тақырыптарға негізделеген екі жақты оппонент топтар, үкімет пен оппозиция негізінде жастарға дәл қазіргі уақытта керекті дұрыс ойлай білу қабілетін, екі жақты ойлай білуді ненің дұрыстығы мен бұрыстығын тануға көмектеседі, сонымен қатар пікірталас арқылы ой ұшқырлығын дамытып жатыр.Сонымен қатар «SMART STUDENTS» арнайы орталық жұмыс жасайды, онда балалар домбырада ойнап, кітап оқып өз уақыттарын пайдалы іспен айналысады, арнайы тренингтер жүргізіледі.Және де универ өз студенттерінің болашағын қамтамасыз етеді ол үшін «Мансап» орталығы жұмыс жасайды.Студенттер оқуды бітірген соң арнайы мектептердегі бос орындарға орналастырылу үшін мектептермен тығыз байланыста болады,біліктілік тесттерін тапсырып, білім дәрежелерін үнемі анықтап жетілдіріп отырады.Университетіміз осындай жұмыстармен айналысып жатыр.Бүгінде менің университетім деп мақтана, көкірек керек айтатындай дәрежеде.Жаңа заман талабына сай жабдықталып, білім алушыларға жоғары деңгейде барлық жағдайлар жасалған.Түрлі дәрежедегі ғылым докторлары мен кандидаттар ғылым саласына жол ашуда. Жыл сайын магистранттар әлемнің түрлі өңірлеріне саяхаттап, білім алып жатыр.Түрлі шаралар, концерттер өткізілуде. Универ қабырғасынан білім алып кеткен әр студент өз жолын тапқан,елімізге белгілі тұлғалар болды.Білім мен білікті ұштастыра отырып, озық технологияларды пайдаланып әлемнің түрлі елдерімен тығыз байланыста жұмыстар атқарады бастысы болашағымыздың ірге тасын қалайтын көзі ашық, көкірегі ояу тұлғаларды дайындап шығарып жатыр.Студенттерге барлық жағдайлар жасап, нағыз студенттік шағымызды өткізуге мүмкіндік берген универститет. XXI ғасырдың – университеті,Абай университеті!Менің мақтан тұтар университетім!