Қазіргі замандағы айтыс түрлері

Дата21.01.2022
өлшемі0,83 Mb.
#24152

Қазіргі замандағы айтыс түрлері

Жоспар:

1.Айтыс өнерінің пайда болуы

2.Қазіргі айтыс өнерінің пайда болуы

3.Қазіргі айтыс өнерінің варианттары

Қазақ халқының ауыз әдебиетінен, мәдениетінен ойып тұрып орын алатын айтыс өнерінің зерттелуі жайлы еңбектер көп кездеседі. Айтыс өткенімізде ғана емес, бүгінімізде де халық өмірінен елеулі орын алады. Мұның дәлелі - айтыстың бүгінде қанатын кеңге жайып, тыңдармағанға дәл керек дүниені бере алуы.

Айтыс қазақ халқымен бірге өмір сүріп келе жатқан синкреттік жанр. Ол қоғамдағы ащы шындықтарды, қоғамда болып жатқан әрекеттерді жырллайды. Сондықтан да қазақ халқы айтысты ерекше бағалап, өнер саласынан өшіріп алмай келеді.

Соңғы кездерге дейін көшпелі өмір сүріп келген қазақ, түрік, монғол секілді елдердің көбінде айтыс жанры бар. “Бұл жанрдың тууына және өркендеуіне бас себеп - бұл елдердің сауатының аздығы, мектебі оқуы жоқтың қасы болуы. Мектебі, оқуы, қалам қағазы жоқ елде ақынның күші ауызға түседі”дейді С.Мұқанов.

Қазіргі айтыс өнерінің қайта серпіліп, жаңа белеске, тың өрыске талпынған түсы 1997 жылдан басталды. Мұхтар Әуезовтың ақындар айтысының өзгешелігін “театрлық, драмалық қызу әсері бар өнер түріне айналады”, “халық театрының анық, дәл ұрығы бар деуге болады” - деп тануы тегіннен тегін емес. Жаңарған заманда, өз тағдырымыздың, мәдениетіміз бен өнеріміздің тізгіні өз қолымызға тиген уақытта сөз өнері де жаңғырып, көне айтысымыз көрермен аудиториясын кеңейтіп телеайтысқа айналғаны, соны серпін алғаны анық.

Айтыстың тақырыбы көбінесе қоғамда болып жатқан жаңалық-тарға байланысты қойылады. Мемлекетіміздің саясатын, экономикасын көтеру мақсатында жүзеге асырылып жатқан бағ-дарламалар аясында айтыс тақырыбы белгіленіп өткізіледі.

Айтыстың тақырыбы уақыт өткен сайын жаңалықтарға байланысты өзгеріп отыратын құбылыс. Тәуелсіздік алған жылдардан кейін айтыстың негізгі тақырыбынаа айналған ол елдік, бірлік, тәуелсіздік еді. Тәуелсіздіктің қиындықпен келгенін қаншама айтыскерлер жырлап та өтті, әлі де жырлануда.

Айтыста ақын қоғамда болып жатқан әрекеттерді, үкіметке ұсыныстарын айтып, халық қамын ойлайтынын көрметеді. Осылайша айтыста қала халқының тұрмыс-жағдайы, әлеуметтік жағдайы айтылады.

Ертеден ақындардың айтар басты таырыбы руға бөлінуі бүгінгі күн айтыскерлерінің де көтерер мәселесі. Өз руларын мақтап, сонан соң өз руындағы жандардың жеткен жетістіктерін айтып, шаттана керілетін ақындар да бар.

Назарларыңыз үшін рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет