Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық


ХХ  ғ.  Неміс  саясаттанушысы  Макс  Вебер



Pdf көрінісі
бет132/313
Дата31.12.2021
өлшемі1,78 Mb.
#22005
түріОқулық
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   313
ХХ  ғ.  Неміс  саясаттанушысы  Макс  Вебер,  Еуропа  елінің 
протестанттық  еңбек  этикасын  бағалай  келе,  табиғи  шаруашылық, 
құндылықтарды  белгілі  деңгейде  бағалау,  капиталисттік  қарым-қатынастың 
дамуы шешуші рӛл атқарғандығын айтады. 
Неміс  «плейбейлік»  реформациясының  кӛсемі  Томас  Мюнцер  (1490-
1525 жж.) Евангелия заңдары бойынша адамдардың ӛмірлік заңдылықтарын 
қалыптастыруға атсалысты. 
Оның  онтологиялық  ілімі  әлемді  жеке  деп  қараудан,  ал  Құдайды 
жалпыға ортақ деп қараудан тұрды. Ғарыштық саты оның ойынша тәңірлікті 
тану  басты  қағида  деп  біледі.  Жетілудің  гармониясы  болып  Тәңірлік  әлем 
табылады.  Оқшау  тұрғыда  болып  кӛрінетіннің  барлығы  жергілікті  әлеммен 
байланысты,  ал  қалғандары  Құдайға  жақын,  онымен  байланыс  үзілуі  екі 
әлемнің  айырмашылығы  болып  табылады.  Адамның  күнәлі  атануынан 
бастап,  оның  ұрпақтары  да  ӛз  дегенімен  жүреді.  Сондықтан  да 
христиандықтың  басыты  мақсаты  Құдайға  мүмкіндігінше  жақын  болу  деп 
есептеледі.  Тек  осындай  жағдайда  ғана  әлемде  ортақ  қызығушылық  пайда 
болады. Оның ақиқатты танытудағы екінші жағы тәңірлік шындықтың мәнін 
ашу болып табылады. 
Мюнцер Қасиетті Писаниені тәңірліктің ақиқаттың жалғыз бастауы деп 
қабылдай  алмады,себебі  адамды  жаратушы  Құдай  оны  басқарудан  бас 
тартып, түсініксіз библияны қалдыруы мүкін емес еді. 
Ол Құдай адамдармен үздіксіз байланыста және ӛз сӛзін олардың ішкі 
жан-дүниесімен  білдіреді,  бірақ  оны  есту  барлығының  қолынан  келмейді 
деген. Құдайдың сӛзі жанға кіру үшін ол дайын болуы керек: адам жаны ӛз 
күнәсін сезініп, оған қайғыруы керек. Мюнцер: «егер адам тәңірлік ақиқатты 
білгісі  келсе,  ақиқатты  білуге  дайын  болуы  креек»  деп  жазған.  Демек, 
Құдаймен  қатынасқа  түсу  арқылы  ғана  шын  мәнінде  Библияны  талдап 
түсіндіре алады.  
Ульрих  Цвингли  (1484-1531  жж.)  Швейцариялық  реформатор 
католиктік ілімдерді кӛп сынаған. Діни сезімді білдірудің кері әсерлерін жаңа 
пайда  болған  шіркеулер  ӛзгертті.  Басқа  реформаторлар  секілді  Цвингли  де 
Христосты  Құдай  мен  адамды  байланыстырушы  деп  ойлаған.  Оның  осы 
жалғыз  сенімі  адамды  адасушылыққа  әкеледі.  Айналасындағыларға  : 
«Құдайды басқа жерде емес, дәл осы храмда екендігіне сенбеңдер. Ол сендер 
қайда болсаңдарда кӛреді, естиді, егер тілектерің шынайы болса, оны қабыл 
етеді. Сендерді байлық та, әсем де кӛркем табыттар да тәңірлікке әкелмейді. 
Жақсылық жасаңдар, күнадан аулық жүріңдер, ӛздеріңді сабырлы ұстаңдар, 
кӛмекке  мұқтаждарға  кӛмек  кӛрсетіңдер,сонда  ғана  сендер  Құдайдың 
рахымын аласыңдар...» 
Швейцарияның  шіркеу  реформаларына  Цюрих  елінде  тәжрибе  жасап, 
67  тезистен  тұратын  бағдарламасын  1522  ж.  баяндаған.  Монахтар  мен 
монахиняларға  монастырьдан  шығуға,  ал  оның  ӛкілдеріне  отбасын  құруға 


рұқсат  етілді.  1524  ж.  мамыр  айындағы  қаулы  бойынша  суретке,  мессаға, 
органды  музыкаға  және  ӛлген  адамның  артынан  қоңырау  шалуға  тыйым 
салынды. Құлшылық ету пслам айтумен шектелді. 
Цвинглидің  ілімі  католицизм  тұрғысынан  кӛп  нәрсеге  шектеу  қойды. 
Тек екі әдет – шоқыну мен 
причащение
 ғана сақталды.  
1529  ж.  Цвинли  Ле  Юдпен  бірлесе  отырып,  Библияны  неміс  тіліне 
аударып  шығады.Осы  уақыттан  бастап,  Қасиетті  Писание  әрбір  сенушінің 
үстелінен  табылатын  болды,  ал  реформаторлық  ілім  Швейцарияның  әр 
жерінде ӛз орнын алды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   313




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет