«Бабалар сөзі» жүзтомдығы – қазақ халқының ұлттық байлығы



Дата18.02.2022
өлшемі75,91 Kb.
#25848
түріБағдарламасы

«Бабалар сөзі» жүзтомдығы – қазақ халқының ұлттық байлығы

Қазақ халқының фольклорлық, авторлық ауыз әдебиеті мұралары – оның жер асты қазыналары, астығы мен төрт түлік малы сияқты бабалардан аманат болып қалған ұлттық байлықтарының бірі.

Қазақстан Республикасы Президентінің «2004–2006жылдардағы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы туралы Жарлығының (2004. 13 қаңтар, № 1277) негізіндегі Үкіметтің «2004–2006 жылдардағы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы Қаулысы (2004. 12 ақпан, №171) бойынша «Бабалар сөзі» жүзтомдық топтамасының ғылыми басылымын дайындау жобасы жүзеге асырылды.

100 томдықтың 20 томы - батырлар жыры, 13-і тарихи жырлар, 7 томы діни дастандар, 13 томы хикаялық дастандар, 8 томы ғашықтық дастандар, 5 томы ертегілер. Сонымен қатар, 1-3 томнан тұратын шағын жанрлар да жетерлік.

40-том

"Бабалар сөзі" сериясының 40-томына «Орақ - Мамай» эпосының таңдаулы төрт нұсқасы енді. Жырдың сюжеті ноғайлы кезеңінің тарихи оқиғаларын баяндайтын қазақ аңыздарына құрылған.



41-том

"Бабалар сөзі" сериясының 41-томына "Қарасай, Қази" жырының Мұрат Мөңкеұлы, Қашаған Күржіманұлы, Нұрпейіс Байғанин, Құдайберген Шоқаев, Мүстежеп Ахметұлы, Торения жырау жырлаған нұсқалары енді.

42-том

"Бабалар сөзі" сериясының 42-томына «Қарасай-Қази» эпосының А.Байтабынов, Сейіт, Жақсылық жыраулардың айтуы бойынша жазып алынған және Маңғыстау экспидиция мүшелерінің белгісіз ақыннан жазып алынған қолжазбалық нұсқасы енгізілді.



43-том

"Бабалар сөзі" сериясының 43-томына «Қамбар батыр» эпосының он бір нұсқасы енді. Жыр нұсқаларының көпшілігі бұрын-соңды жарияланбаған. Эпостың басты сюжеті ноғайлы-қазақ хандығы кезеңінің кейбір оқиғаларын қамтиды.



44-том

"Бабалар сөзі" сериясының 44-томына «Ер Тарғын» жырының үш нұсқасы, "Ер Көкше", "Ер Қосай", "Сайын батыр", Қисса-и Қарабек", "Қарабек батыр" атты батырлық жырлары енді. Жырдың сюжеті ноғайлы кезеңінің тарихи оқиғаларын баяндайтын қазақ аңыздарына құрылған.



45-том

"Бабалар сөзі" сериясының 45-томына «Шора батыр» жырының 1884 жылы араб әрпінде жарияланған «Қисса-и Нәріктің ұғлы Шора батыр», Қазан төңкерісінен кейін «Ер Шора» деген атпен жарияланған нұсқасы мен бұрын еш жерде жарияланбаған «Ертедегі Шора батыр», «Қисса Нәрікбай - Шора» варианттары енгізілді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет