1.Жер асты суы 2.Жер асты суының кең орны 3.Жер асты суының қоры 4.Жер асты суын қорғау 5.Грунт суы 6.Артезиян суы 7.Минералды сулары 8.Қазақстанның жер асты сулары
Жер асты суы – жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының аралығындағы су.
Жер асты суы – жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының аралығындағы су.
Ол шөгінді және борпылдақ тау жыныстары бөлшектерінің арасын, ұсақ кеуектерін, магмалық және метаморфтық жыныстардың жарықтары мен жіктерін, гипс, доломит, әктас жыныстарындағы карст қуыстарын толтырып жатады.
Жер асты сулары сол жердің орографиясына,климатына ,тау жыныстарының сипатына қарай әр түрлі типі болады:жарықшақтық,жарықшақты-қат-қабатты,қат қабатты
Жарықшақтық типті жер асты суы таулы-қатпарлы Тянь-Шань,Жоңғар Алатауы,Сарыарқаның ұсақ шоқылары және Орал-Мұғалжар тауларында тараған.Олар 30-50 м,кейде сирек 100-300 м,кейбір ауқымы тар зоналарда онан да тереңде орналасады.Бұл сулар кристалды тау жыныстарының жарықтарында кездеседі.
Жарықшақтық-қат-қабат типті жер асты сулары Маңқыстау,Мұғалжар,Сарыарқа,тауларындағы палеозой және мезозой жыныстарының қат-қабатарында қалыптасады.Жер асты суының бұл типі таулы өңірлердің 860 мың км2 ауданында тарлған.
Жарықшақтық-қат-қабат типті жер асты сулары Маңқыстау,Мұғалжар,Сарыарқа,тауларындағы палеозой және мезозой жыныстарының қат-қабатарында қалыптасады.Жер асты суының бұл типі таулы өңірлердің 860 мың км2 ауданында тарлған.
Грунт (еспе) суы жер бетіне таяу орналасқан, бірінші су өткізбейтін қабаттың үстінде жатқан сулы қабаттағы жер асты суы. Оның қысымы жоқ, су деңгейі 1 жыл ішінде маусым сайын өзгеріп отырады. Жауын-шашын көбейсе көтеріледі, жер беті тілімденсе төмендейді. Еспе суы 3-30 м тереңдікте таралған. Қазақстанның өзен жүйесі сирек өңірлерінде еспе суы мен терең қабат аралық жер асты суының үлкен маңызы бар. Халық еспе суын көне заманнан-ақ пайдаланып келеді. Шөлейт аймақтарында негізінен құдық суын пайдаланады, ал шөлді жерлерде құдық болса ғана мал шаруашылығымен шұғылдануға болады.