Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің
Ғылыми кеңесінде бекітілді.
30.06.2009 жыл. Хаттама № 10
БАҒДАРЛАМА-МИНИМУМ 13.00.02 - оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі
(бастауыш, орта және жоғары білім беру жүйесіндегі қазақ әдебиеті)
мамандығы бойынша кандидаттық емтихан тапсыруға арналған.
Алматы, 2009
13.00.02 – Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім беру жүйесіндегі қазақ әдебиеті) мамандығы бойынша кандидаттық минимум емтихандарын тапсыруға арналған бағдарлама – аспиранттар мен ізденушілердің қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің қалыптасу, даму тарихы, мақсат-міндеттері, мазмұны, зерттеу нысанасы, ғылыми-тәрбиелік негіздері жөніндегі мәселелерді терең зерттеп игеруіне бағыттама қызметін атқарады. Және сол арқылы әдіскер ғалымдар мен мамандардың кәсіби деңгейін көтеруді мақсат етеді.
Бағдарлама-минимум университеттердің оқу жоспарларындағы дәстүрлі «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» курсының материалдарын негізге ала отырып әдебиетті оқыту әдістемесі мазмұнының даму жолындағы мәселелерді зерттелу үрдісіне қарай жасалды. Бүгінгі күн талабында әдебиетті оқытудағы мұғалімдердің таңдаулы тәжірибелеріндегі ой түйіндері әдістеме пәнінің мәселелерімен байланыста берілді.
Әдебиетті оқыту әдістемесі ғылыми пән ретінде 1. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің мазмұны, зерттеу нысанасы мен әдістері және методологиялық негіздері: Әдебиетті оқыту әдістемесі пәні, мазмұны, мақсаты, зерттейтін мәселелері. Әдебиетті оқыту әдістемесінің қоғамдық-саяси ойдың, әдебиеттану, педагогика, эстетика, тіл білімі, т.б.ғылым салаларының дамуымен сабақтастығы Әдебиет және әдебиетті оқыту ғылымының уақыт талабына сай өзгертіп, түлеп отыратыны. Әдебиетті оқыту әдістемесі ғылымының салалары.
2. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің ғылыми пән ретінде қалыптасу, даму тарихы: Қазан төңкерісіне дейін қазақ жерінде үш түрлі мектептің қатар болғаны.Жадит мектептеріндегі сабақ жүргізу тәртібі, көздеген мақсаты, пайдалы және зиянды жақтары. Медресе оқуы. Ыбырай Алтынсариннің демократиялық оқу-ағарту жүйесіндегі мектептері, олардың халық мектебі саналуының себептері. Ыбырайдың сөз өнерінің үлгілерін оқытуға деген көзқарастарының қазақ халқының этнопедагогикалық ойларымен және орыстың прогресшіл педпгог-жазушылары К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой, В.В.Водовозов , В.Я.Стоюнин тәжірибелерімен байланыстылығы.
Х1Х ғ.екінші жартысында (Абай) ХХ ғ.басында «демократ-ағартушы» ақын-жазушылардың (Шәкәрім, С.Көбеев, С.Торайғыров, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев т.б.) жастарды оқуға, мәнениетке, өнер-ғылымға үндеулерінің әдебиетті пән ретінде оқытуға ықпал жасағандығы.
30-жылдарда әдебиет пәнінің алғашқы бағдарламалары мен оқулықтарын жасаудағы М.Әуезов, С.Сейфуллин, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев. М.Ғабдуллин т.б. еңбегі.
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің ғылыми пән ретінде дамытуда С.Жиенбаев, Ш.Кәрібаев, Ә.Қоңыратбаев, А.Көшімбаевтың алатын орны.
Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы әдебиетті оқыту әдістемесінің даму ерекшеліктері. Әдебиетті оқыту әдістемесін жетілдірудегі педагогикалық озат тәжірибенің жинақталып, насихааталуы, зерттеу жұмыстарының нәтижелері.
Қазіргі кезеңдегі қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің арнаулы мектептерде гимназия, лицейлерде тереңдете оқытылуы және бұл мектептердің тәжірибесінің әдебиетті оқыту әдістемесінің дамуына жасайтын ықпалы. Бұл істегі «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақстан мектебі», «Қазақ әдебиеті» газет-журналдарының ролі.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Байтұрсынов А. Шығармалары. Алматы, Жазушы, 1989.
2. Әуезов М.О. Әдебиет тарихы. Алматы, Ана тілі., 1991
3. Ыбырай Алтынсарин тағылымы. Алматы, 1991.
4. Тәжібаев Т. Просвещение и школы Казахстана во второй половине Х1Х века. Алматы, 1962.
5. Шонайұлы Т. Оқыту әдістемесі мен программа жолындағы дамуымыз. Жаңа мектеп, 1927, № 10.
6. Жиенбаев С. Кәрібаев Ш. Орта мектептегі қазақ тілі мен әдеб. Қызылорда, 1939.
7. Роткович Я.А. Вопросы преподавания литературы.М., Просвещение, 1965.
8. Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті оқыту м етодикасының очерктері. Алматы, 1962.
9. Сембаев Ә. Қазақ совет мектебінің тарихы, Алматы, 1966.
10. Көшімбаев А. Қазақ әдебиетін оқыту м етодикасы. Алматы, 1969.
11. Қыдыршаев А. А.Байтұрсынұлының әдіскер ізбасарлары. Қазақ тілі мен әдебиеті. 1988, № 2.
12. Сыздықова Р. А.Байтұрсынұлы – ағартушы, ғылым, қоғам қайраткері. -А, 1991.
13. Рез З.Я. Методика преподавания литературы. М., Просвещение, 1985.