4
Қазақстан Республикасы білім
және ғылым Министрінің 2018
жылдың __________ №______
бұйрығына
Қосымша 2
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру
ұйымдары үшін «Философия» жалпы білім беру пәнінің типтік оқу
бағдарламасы.
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Философия» жалпы білім беру
пәні бойынша жоғары және
(немесе) жоғарыдан кейінгі білім ұйымдарына арналған типтік оқу
бағдарламасы (әрі қарай – бағдарлама) 2007 жылдың 27 шілдесінде
қабылданған Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 5-
бабының 5-2 тармақшасына сәйкес әзірленді және оқытудың мақсатын,
міндеттерін,
құрылымын, мазмұнын, әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау
критерийлерін айқындайды.
2. Осы бағдарлама «Философия»
жалпы білім беру пәнінің
жаңартылған мазмұнын (әрі қарай – пән) зерттеуге, студенттердің бойында
сананың ашықтығы, өзіндік ұлттық код, ұлттық сана-сезім, рухани жаңғыру,
бәсекеге қабілеттілік,
реализм және прагматизм, сыни ойлау, білімге
ұмтылыс қасиеттерін қалыптастыруға, олардың әділдік, намыс, еркіндік және
тағы басқа дүниетанымдық ұғымдарды игеруіне, сонымен қатар, толеранттық
құндылықтарын, мәдениетаралық сұқбат пен бейбіт өмір сүру мәдениетін
нығайтуға және дамытуға бағытталған.
3. Жоғары білімнің білім беру бағдарламасының
құрылымына сәйкес
әлеуметтік-саяси білім модулі бойынша оқу көлемі – 240 академиялық сағат
(8 академиялық кредит). Осы бағдарлама бойынша оқу көлемін ЖОО өзі
анықтайды.
2 тарау. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
4. Бағдарламаның мақсаты – студенттердің философияны дүниені
танып-білудің ерекше формасы ретінде түсінуін қалыптастырып, олардың
келешек кәсіби қызметтері
аясында оның негізгі тараулары, мәселелері мен
әдістері туралы жүйелі білім беру.
5. Бағдарламаның міндеттері:
1) Білім алушылардың қоғамдық сананы жаңартудағы және қазіргі
заманның жаһандық міндеттерін шешудегі философияның рөлін түсіну
5
аясында білім алушылардың философиялық-көзқарастық және әдістемелік
мәдениет негіздерін игеруі;
2) Студенттердің бойында
философиялық рефлексияны, өзін-өзі
сараптау және адамгершіліктік өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру;
3) Ғылыми зерттеу қабілеттерін дамыту, интеллектуалдық және
шығармашылық әлеует қалыптастыру.
6. Бағдарламаны меңгеру қорытындысы
бойынша білім алушы келесі
оқу нәтижелеріне ие болады:
-
философияның тарихи дамуы негізінде онтология мен метафизиканың
негізгі мазмұнын сипаттау;
-
нақты дүниені философиялық зерделеудің ерекшелігін түсіндіру;
-
дүниеге көзқарасты табиғи және әлеуметтік әлемді философиялық
зерделеу мен зерттеудің нәтижесі ретінде негіздеу;
-
дүниені танып-білудің ғылыми және философиялық әдістерін жіктеу;
-
мифологиялық, діни және ғылыми дүниетанымның ерекшеліктері мен
мазмұнына түсініктеме жасау;
-
негізгі дүниетанымдық ұғымдардың мағынасы мен рөлін адамның
қазіргі әлемдегі жеке және әлеуметтік болмысының құндылықтары ретінде
негіздеу;
-
медиамәтіндер, әлеуметтік-мәдени және
жекетұлғалық жағдайлардың
философиялық қырларына этикалық шешімдерді қабылдау және негіздеу
үшін талдау жасау;
-
қазіргі жаһандық қоғамның өзекті мәселелеріне қатысты өзінің адами
ұстанымын қалыптастыру және сауатты дәйектеу;
-
кәсіби саладағы мәселелердің философиялық мазмұнын анықтау үшін
өзекті болып саналатын зерттеу жүргізіп, оның нәтижелерін талқылауға
ұсыну.