Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



Pdf көрінісі
бет345/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   341   342   343   344   345   346   347   348   ...   870
Қылмыстың корреляциясы: 

жас, жыныс, тап және нәсіл

АҚШ Қылмыстық статистикасында жыл сайын тіркелген зорлық-зом- 

былық  қылмыстарының жартысынан  азы,  мүліктік  қылмыстардың 

бестен  бірі  күдіктілерді  тұтқындаумен  аяқталады  (Федералдық тер- 

геу  бюросы,  2010).  Қылмыстық  статистикаға  тек  сол  қылмыстарды 

жасаған адамдардың үлгілері енгізіледі және бүлар -  кездейсоқ алын- 

ған үлгілер  емес. Сонымен қатар  бұл статистикаға ақ жағалылардың 

қылмыстары кірмейді. Демек, тұтқындалғандар туралы мәліметтерді 

жалпы халық ішіндегі қылмыстарға шаққанда абай болуымыз керек.

Осы  ескертуді назарда ұстай  отырып, біз қылмысы үшін тұтқын- 

далғандардың  арасында  жастардың,  ер  адамдардың  және  азшылық 

топтарының  шамадан  тыс  көптігін  байқаймыз.  6.2-сызбада  түтқын- 

далғандардың  жыныс  және  жас  ерекшеліктері  көрсетілген.  Көріп 

отырғаныңыздай,  ерлер мен  әйелдер  арасында  ең көп қылмыс  15-24 

жас  аралығында  жасалады, дегенмен  мұндағы  ерлердің үлесі  3-4 есе 

жоғары.  Жасы  мен  жынысы  бойынша  азшылық топтарына  қатысты 

деректер жоқ, дегенмен жалпы мәліметтерге қарасақ, ақ нәсілділерге 

қарағанда  қара  нәсілділер  мен  испантектілердің  тұтқындалу  ықти- 

малдығы 3 есе жоғары екен.

Мұндай айырмашылықтың себебі неде? Жоғарыда айтқан теория- 

лар бүл ерекшеліктің мәнін түсіндіре ала ма?

Жас ерекшелігі

Бүкіл әлемде жастардың арасында қылмыс деңгейі үнемі жоғары (Cook 

және  Laub,  1998)  болған.  Бәлкім,  тежеу  теориясы  мұны  жақсы  түсін- 

діретін шығар. Шындығында, басқалармен салыстырғанда жастардың 

жоғалтары  аз.  Олардың көпшілігінің тұрақты жұмысы жоқ, болса да 

«айырылып қалмайын» дейтіндей, қызықты жұмыс  емес.  Оның үсті- 

не олардың арасында үйленген, несие алған адамдар да көп емес. Жақ- 

сы  жұмыс  орны  бар,  үйленген,  әсіресе  ата-анасымен,  мектебімен  өте

6.2-СЫЗБА. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   341   342   343   344   345   346   347   348   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет