Бағдарламасы бағдарламаның мақсаты және міндеттері



Дата01.11.2023
өлшемі18,34 Kb.
#121261
түріБағдарламасы

«Алгебра және сандар теориясы » пәнінен
6B01501 – Математика, 6B01502 – Математика-физика,
6B01503 – Математика-информатика мамандығы үшін емтихан


БАҒДАРЛАМАСЫ


Бағдарламаның мақсаты және міндеттері:
«Сызықтық алгебра» пәні математикалық білім берудегі базалық пән болып табылады, көпшілік нәтижелері тәжірибе жүзінде барлық математикалық пәндерде пайдаланылады. Сонымен қатар, берілген пән студенттерді кәсіби дайындауды жетілдіруде негізгі пәндердің бірі болып табылады. Бұл пән студенттерге математикалық мәдениетін көтеруге, сызықтық алгебраны логикалық негіздеу мәселесін және оны шешудің әртүрлі жолдарының мүмкіндігін түсінуге, математикалық моделдеу әдістерін меңгеруге, пәнаралық байланыстарды орнатуға көмектеседі. Пәннің негізгі мақсаты сызықтық алгебраның барлық бөлімдері бойынша студенттердің білімдерін тексеру болып табылады.


Емтихан тапсырушы студенттер білуі қажет:



Емтиханға ұсынылатын тақырыптардың мазмұны
Матрицалар және оларға амалдар қолдану
Матрицалар және анықтауыштар. Матрицаларға амалдар қолдану. Кері матрица. Матрица рангісі. Анықтауыштың қасиеттері. Минор және алгебралық толықтауыш.
Сызықтық алгебралық теңдеулер жүйесі
Матрицалық теңдеулер. Сызықтық теңдеулер жүйесін кері матрица арқылы шешу. Крамер ережесі. Кронекер-Капелли теоремасы. Сызықтық теңдеулер жүйесін шешудің Гаусс әдісі. Біртекті сызықтық теңдеулер жүйесі, тривалды емес шешімдердің бар болуының шарты.
Сызықтық кеңістік
Векторлардың сызықты тәуелділігі және тәуелсіздігі. Базис және өлшем. Берілген базистегі вектордың координаталары. Сызықтық қабықшалар және векторлар жүйесінің рангісі. Ішкі кеңістік. Ішкі кеңістіктердің қосындысы және қиылысуы. Ішкі кеңістіктердің тура қосындысы. Кеңістіктің ішкі кеңістіктердің тура қосындысына жіктелу критерийі.
Сызықтық кеңістіктегі сызықтық операторлар
Сызықтық операторлар және олардың матрицалық жазылуы. Сызықтық операторлардың канондық түрлері. Меншікті векторлар және сызықтық оператордың меншікті мәні. Матрицаны жордандық формаға келтіру, канондық базис тұрғызу.


Әдебиеттер

    1. Мальцев А.И. Основы линейной алгебры. М.: Наука, 1970.

    2. Проскуряков И.В. Сборник задач по линейной алгебре. М.: Наука, 2001.

    3. Шипачев В.С. Высшая математика: учебное пособие для бакалавров/ В.С. Шипачев; ред. А.Н. Тихонов. - 8-е изд. – Москва: Юрайт, 2013. – 447 с.

    4. Воеводин В.В. Линейная алгебра. – М.: Наука, 1980.

    5. Кузнецов Л.А. Сборник задач по высшей математике (типовые расчеты). – М.: Высшая школа, 1983.

    6. Курош А.Г. Курс высшей алгебры. М.: Наука, 1978.

    7. Гельфанд И.М. Лекции по линейной алгебре. 4-е изд., доп. М.: Наука, 1971.

    8. Кудрявцев В.А., Демидович Б.П. Краткий курс высшей математики: Учебник. – М.: Гос.Изд.физ-мат.литература,1983.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет