Бағдарламасы Білім беру «Қазақстан 2050»



бет1/3
Дата29.09.2023
өлшемі11,59 Kb.
#111401
түріБағдарламасы
  1   2   3

Қазақстан Республикасының білім беруді және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы

Білім беру «Қазақстан - 2050» ұзақ мерзімді Стратегиясының маңызды басымдықтарының бірі ретінде танылды. Қазақстандағы білім беру реформаларының жалпы мақсаты білім беру жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеу болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті республиканы әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосу міндетін қойған болатын. Бұл мақсатқа жетуде білім беру жүйесін жетілдіру маңызды рөл атқарады.

Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы мемлекеттік саясатын іске асырудың ұйымдастырушылық негізі қазақстандық білім берудің мемлекеттік саясатын және жаңғыртуын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы болып табылады.

Бағдарлама білім беру мен тәрбиелеу құрылымындағы, мазмұны мен технологияларындағы, басқару жүйесіндегі, білім беру қызметі субъектілерінің ұйымдық-құқықтық нысандарындағы және қаржы-экономикалық тетіктердегі өзгерістерді қамтитын ресурстар мен мерзімдер бойынша өзара байланысты іс-шаралар кешенін білдіреді.

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 988 қаулысы).

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрықтары



• Аккредиттеу органдарының мәселелері бойынша:

• «Аккредиттеу органдарын, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану және танылған аккредиттеу органдарының, аккредиттелген білім беру ұйымдарының және білім беру бағдарламаларының тізілімдерін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 1 қарашадағы № 629 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2021 жылғы 4 қазандағы № 499 бұйрығы.

• «Аккредиттеу органының мойындалуы және Мойындалған аккредиттеу органдарының тізіліміне (1 Тізілім) бес жыл мерзіміне енгізілуі туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 14 наурыздағы № 112 бұйрығы

• «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің аккредиттеу органдарының Ұлттық тізілімін қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі м.а. 2012 жылғы 27 маусымдағы № 304 бұйрығы





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет