БАҒдарламасы бойынша шыгарылды


Любить -  но кого же?.. -  на время не стоит труда



Pdf көрінісі
бет20/45
Дата03.03.2017
өлшемі26,87 Mb.
#6207
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   45

Любить -  но кого же?.. -  на время не стоит труда,

А вечно любить невозможно.

В себя ли заглянешь? -  там прошлого нет и следа:

И радость, и муки, и все так ничтожно...

Что страсти? -  ведь рано иль поздно их сладкий недуг 

Исчезнет при слове рассудка,

И жизнь, как посмотришь с холодным вниманьем вокруг, — 

Такая пустая и глупая шутка...

Ал енді Абайдың мына өлеңдерін оқиық.



Әм жабықтым, әм жалықтым,

Сүйеу болар қай жігіт 

Көңілден кеткен соң тыным!

Әм сүйіндім, әм түңілдім,

Үнемі не еткен үміт?

Өткен соң бар жақсы жылым!

♦  *  *


Ғ ашықтық іздеп тантыма,

Аз күн әуре несі іс.

Өзіңнің қара артыңа,

Өткен өмір бейне түс.

Өлгенше болар бар ма дос 

Қуаныш, қайғы -  бэрі бос.

Бір қарағанда еркін аудармага келетін сияқгы. «И скучно 

и  грустно!  -   и  некому  руку  подать»  -   «Әм  жабықтым,  эм 

жалықтым, /Сүйеу болар қай жігіт», «Желанья!., что пользы 

напрасно  и  вечно  желать?  /А  годы  проходят  -   все  лучшие 

годы!»—«Үнемі не еткен үміт? /Өткен соң бар жақсы жылым!»

— бұл тұстары таза тәржімеге де тартып тұргандай. Әйтсе де, 

бұл өлеңдер Абай  кітаптарында аудармаға жатқызылмайды, 

Лермонтов  жинақтарының  «Абай  аудармалары»  бөлімінен 

де  таппайсыз.  Себебі,  бұл  өлеңдер  шынында  да  Абайдың 

өз  өлеңдері.  Олардың  жазылуына  Лермонтов  жыры 

қозғау  салған.  Абай  сол  сарынды  іліп  алып  кетіп,  өзінше 

толғаган,  өзінің  күйінішін  айтқан.  Сонымен  бірге  ұлы 

ақын  шығармашылыгындагы  мұндай  қатпар-қабаттарды 

аударманың  әсер-ықпалымен  атымен  байланыстырмау  да

жөн болмайды.

14-2915

209


Абай  тәржімелерінде  ақынның  түпнұсқа  мәтінін 

соншама терең түсінуі тэнті етеді.



Печально я гляжу на наше поколенье!

Его грядущее -  иль пусто, иль темно,

Меж тем, под бременем познания и сомнения,

В бездействии состарится оно.

Бұл — Лермонтов «Ойы». Абай былай алган:



Қарасам қайгыртар жұрт бұл заманғы,

Салқын, қуыс өмірі я қараңгы,

Білім де жоқ, білімге сенім де жоқ,

Өнерсіз қартаяр деп біл баланды.

Лермонтов  «под  бременем  познания  и  сомнения»  деп 

айтса,  сол  кездегі  орыс  қогамындагы  кімге,  неге,  не  үшін 

қызмет етерін білмей жүрген «басы артық адамдар» буынын 

айтып отыр. Абай тұсындагы қазақ қауымында ондай мэселе 

жоқ.  Негізгі  мәселе  —  білімсіздік,  білмекке  ұмтылыстың 

жоқтыгы.  Сонан  да  Абай  «Білім  де  жоқ,  білімге  сенім  де 

жоқ»  деп  осы  сарынды  алга  шыгарады.  Өлеңнің  аягында 

ашынган  Абай  оз  жанынан  да  бір  шумақ  қосып  қойган, 

онысы  оз  оқырманына  айтар  ойын  жеткізуте  көмектесіп-ақ 

тұр.  Алайда,  «Лермонтовтан  аударган  өлеңдерінде  де  Абай 

авторының ұгымында  жоқ  ерсі  қазақы  жэйтерді  қыстырып 

жібереді.  Мысалы,  «Ой»  деген  олеңнің  рухын  мазмұны 

жагынан  ұзын-ыргасын,  дұрыс  беріп  келеді  де,  ақыргы 

шумагын Абай:

Досың жоқ, дұшпаның жоқ тыныш жатасың,

Мал үшін аш қатасың, жан сатасың.

Әкесі аштан өлген кісідей-ақ,

Неткен жұрт мал өлтірген жеті атасын

— 

деп  өзінше  қазақшалап  кетеді.  Лермонтов  бұл 



жолдарда  әкелерінің  эуре-сарсаң  істеріне  алданып,  мазақ 

болтан  әумесер ұлдарды  мінеп  отырса,  жарықтық Абайдың

көзше  тап  осы  тұста  «мал  үшін  аштан  қататын,  сараң 

Оразбайлар»  елестеп  кеткен  болу  керек,  эйтпесе,  сыңар 

ешкісі де жоқ Лермонтов «мал шаруашылыгымен» соншама 

шұгылданбаса  керек»,  деп  мін  тагады  Қалижан  Бекхожин



210

[85,  166  б.].  «Өзінше  қазақшалап  кетеді»  дегеннщ  жаны 

бар,  бірақ  Лермонтовты  Абай  «мал  шаруашылығымен» 

соншама  шұғылдантып  қояды  деу  артықгау.  Академик 

Ғарифолла  Есім  ақынның:  «Жалға жүр,  жат  жерге  кет,  мал 

тауып  кел, / Малың  болса,  сыйламай  тұра алмас  ел»,  деген 

жолдарына қатыстырып мынаны  айтады:  «Байкал отырсыз, 

Абай «мал тап» дегенде нақпа-нақ жылқы,  сиыр, т.б.  айтып 

отырған жоқ, жалпылама байлықты, меншікп айтып отыр... 

Әрине,  Абайға  дейін  мал  бұл  мэнде  қолданылмаған  десек, 

қате  айтқан  болар  едік.  Қазақтар  бір-бірімен  есен-саулық 

сұрасып,  қауышқанда да  «мал-жаныңыз  аман  ба?»  десетін. 

Бұл жерде де қазақ малды  адамның қазына-байлығы, иелігі 

ретінде  қолданып  отыр.  Қорадағы  түйе,  сиыр,  жылқының 

амандығын сұрау тым жабайы, қарапайым түсінік. Малыңыз 

аман  ба  деген  әлдеқайда  философиялық  мәселе,  айта 

қаларлыктай мэдениеттің үлгісі» [180, Б.103-105].

Ақынның ғажап дарыны Лермонтов шығармаларындагы 

сан  түрлі  сарындарды  сапырылыстырғандай  етіп,  өзіне 

керекті  көркем  бейнелерді  інжудей  іліп  алатын  қасиетінен 

де  көрінеді.  «Теректің  сыйындағы»  «Асау  Терек долданып, 

буырқанып,  /  Тауды  бұзып,  жол  салған,  тасты^ жарып.  / 

Арыстанның жалындай бұйра толқын, / Айдаһардай бүктеліп, 

жүз толғанып» деп  келепн  алгашқы  шумаққа кезінде талай 

әдебиетші  тамсаньш,  «Терек  воет,  дик  и  злобен,  /  Меж 

утесистых громад. / Буре плач его подобен, / Слезы брызгами 

летят» деген  шумақтан  осындай  сурет  шыгарады  Абай  деп

жазатын. Зэки Ахметов ол теңеудің де Лермонтовтың өзінен 

алынганын,  «Демон»  поэмасындагы  «И  Терек,  прыгая,  как 

львица,  /  С  косматой  гривой  на  хребте,  /  Ревел  -   и  зверь 

степной, и птица, / Кружась в лазурной высоте, / Глаголу вод 

его внимали» деген шумақган өлеңге сіңірілген сурет екенін 

дэлелдеп  берді,  әрі  Лермонтовтың  жаңылыс  баскан  жеріне 

(арыстанның ұргашысында жал болмайды) назар аудартты.

Тәкен  Әлімқұлов  Абай  аудармашылыгына  байланысты 

мынандай  «таңсық та  күлкілі  бір  мысал»  келтіреді:  «Абай 

Лермонтовтың 

«Измаил-Бей» 

поэмасының 

кіріспесін 

жатық  та  дэл  аударганы  ілгерірек  айтылдьі.  Сол  аударма 

төл туындыга баланып, грузин тіліне көшіріледі, одан  орыс 

тіліне  ауысады.  Сонымен,  сайып  келгенде,  Лермонтовтың 

шумақтары  орыс тілінде егіз-ұдай  көрініс береді»  [140,  196 

б ]  Бұл  мысал  да  Абай  қолына  тигенде  кез  келген  өлең- 

жырдың жігі білінбей, жаңа тілге жарасып, жымдасып жүре

211


беретінінің бір дәлелі. Расында да, Мүрсейіт колжазбасында

«Лермонтовтан»  деп  жазылып  берілмеген  соң  «Көңілдің

күйі  тағы  да  /  Өмірсіз  жанның  алды  ішін.  /  Аударды  өлең

жағына  /  Нәпсінің  сьшған  қайғысын»  деген  сөзді  орыс

ақыны  айтты  деп  кім  ойлаиды?..  Өйтпесе,  бұл  Лермонтов

поэмасының  кіріспесіндегі:  «Опять  явилось  вдохновение

/  Душе  безжизненной  моей:  /  И  превращает  в  песнопенье

/  Тоску,  развалину  страстей»  деген  жолдардың  дәлме-дәл 

аудармасы.

Құдайберген  Жұбановтың  сонау  1942  жылдың  озінде:

«Абай  -   ояну  дәуірінің  толқынынан  пайда  болған  неміс

Лютері,  француз  Мольері  емес...  Бұл өз ортасьшың Дантесі

сияқты.... Абай соны дәуірдің басы, жаңалық желісінің жетім

бұршағы. Оның төңірегі Эгей теңізі емес, Сарыарқаның шолі

Де,  откені  классикалық Рим  емес,  үдере  кошкен  қайшылық

омір ғой» [181] дегені -   ерен талғамның корінісі. Сол «үдере

көшкен  қайшылық  омір»  қалың  елі,  қазагының  ортасында

отырып бақсының моласындай күй кешкен Абайға «ғаламдық

қайғы-шер теориясын» туындатқан түлғалардың бірі, рухани

жалғыздықтың  ұлы  жыршысы  Лермонтовты  жолықтырган

тұста  қазақ  ақыны  «жаңалық  желісінің  жетім  бұршагына» 

айналғанын көреміз.

Тегінде, Абайға Пушкиннен горі Лермонтов жақынырақ 

болған.  Абай  оз  жанының  қажетін  Лермонтовтан  кобірек 

тапқандай.  Мұның  озі  оның  Лермонтов  олеңцерінің  денін 

таза  аударма  күйінде  шығаруынан,  ал  Пушкинге  келгенде 

еркіндікке  дес  беріп,  өз  бетінше  пайымдама  жасауга, 

кейіпкерлердің мінез бітімін, кісілік болмысын өз қалауынша 

озгертуге бейімдігінен де корінеді.

Пушкинге  Абай  жарыса  сөйлесе,  Лермонтовқа  қосыла 

сөйлейді.

Абай аударманы Лермонтовтан бастаған, Лермонтовпен 

аяқтаған.  Ақын  шыгармашылығындагы  жаңа  белестің 

сол 


сексенінші 

жылдардан 

(Лермонтовтан 

алғашқы 


аударманы  1882  жылы  жасаган)  бастау  алатыны  тіпті  де 

тегін  емес.  «Лермонтов  шығармаларын  игеру  нәтижесінде 

Абай  поэзиясының  тынысы  кеңейіп,  жаңа  дэстүр  тауып, 

молықты»  [182,  382  б.].  «Абай  мен  Лермонтов  арасындагы 

шығармашылық үндестік ақынның аударма мұрасынан гана 

корінбейді.  Бүл табиғи туыстықтың тамыры тереңде жатыр. 

Тегінде,  озінің  шығармашылық  онері  шарықтап,  эбден 

кемеліне  келіп  түрған  шағында  Абай  орыстың,  Батыс  пен

212


Шығыстың  эр  замандағы  белгілі  ақындарына  көп  үңілген, 

олардан өз ойларына, өзінің жалпы дүниетанымына, белгілі 

бір  сәттегі  көңіл-күйіне  көп-көп  үндестік  тапқан  және,  ең 

мәндісі, сол үндестік оның өз шығармашылығынан белгілі бір 

дәрежеде орын алған», деп көрсеткен Жұмағали Ысмағұлов

[183,  220  б.]  Абай  өлеңдеріндегі  Лермонтовтан  ауысқан 

көркемдік  кестелерді  эдемі  келтіреді.  Абай  өлеңдеріндегі: 

«Дүние  ойдан  шығады,  /  Өзімді  өзім  ұмытып»  («Забываю 

вечность,  небо, землю, / Самого себя»),  «Аңсаған  шөлде су 

тапса,  /  Бас  қоймай  ма  бастауга?»  («Как  в  пустыне  путник 

безотрадный  / Каплю  вод  живых!»),  «Өмір тонын  кигізіп,  / 

Жокгы бар гып жүргізер» («И в одежду жизни одевают / Все, 

чего  уж  нет»)  деген  сияқты  жолдардың  ақындық  өнеріне 

нұқсан келтіретін немесе атына мін болып тагылатын нәрсе 

еместігін  мұндай  ауыс-түйіс  мысалдар  мен  мазмұн,  түр 

ұқсастықтары  дүние  жүзілік  эдебиет тарихында,  оның ұлы 

өкілдерінің мэңгі өлмес мұраларында көп кездесетіндігімен, 

одан олардың ешқайсысы төмендеп қалып жатпагандыгымен 

түсіндіреді.

Мүсілім  Базарбаев  Абайдың  қазақ  поэзиясын  мүмкін- 

қадарынша  тілмарлықтан,  орынсыз  шешендіктен,  әсіре 

бояуцан  қүгқаруы  жайында  [184,  152  б.]  айтқанда  үлы 

ақынның  аударма  арқылы  көрсеткен  өнегесін  алдымен 

ескерген.  Қазақ  поэзиясы  көркемдік  нақгылық,  бейне 

дәлдігі  сипаттары  үшін  Абай  аудармаларына  да  қарыздар. 

«Бүл  жерде  мықтап  есте  болатын  нәрсе,  Абайдың  аударма 

өлеңдерін  бүгінгі  аударма туралы ұгым-түсінік тұргысынан 

келіп багалау дүрыс емес. Аудармага қойылатын қазіргі талап 

баска»,  «Абайдын  аударма  өлеңдерін  түпнұсқага  барабар 

аударма жэне еркін, төл шыгармага айналган аударма деп екі 

топқа бөліп жіктеудің өз қисыны бар. Ол аударма өлеңдерінің 

бэрі біркелкі емес екенін ескеріп, негізгі екі түрін бір-бірімен 

ажыратып, айыру үшін қажет.  Ал  кең магынасында аударма 

өлеңдердің  қайсысы  болсын,  Абайдың  қолынан  шыққан 

көркем  туьшды,  оның  ақындық  өнерін  сипаттауда  төлтума 

шыгармаларын  бірыңгай  бөлек  алып,  аударма  дегендерін 

шетқақпай қалдыру дұрыс болмайды»  [177, 46 б.].

Мырзабек  Дүйсенов  Зэки  Ахметовтің  «Лермонтов 

и  Абай»  атты  зертгеуіне  жазган  рецензиясында  [185] 

Абайдьщ аудармашылық еңбсгі оган дейін қазақ әдебиетінде 

қолданылмаган он бескетаяу өлеңөлшемін енгізуге мүмкіндік 

бергеніне  назар  аудартады.  Бұл  жөнінде  М.Әуезовтен,

213


Қ.Жұмалиевтен,  З.Ахметовтен,  Р.Сыздықган  бастап  талай

әдебиетші терең талдау жасағаны белгілі.

2.3.3.  М ы сал  мектебі.  Аударманың  төл  эдебиетімізге

бергені  көп.  Соның  бірі  -   жаңа  жанрлар  туындатқаны.

Мысалды мысалға алайық.

Н.П.Остроумов  XIX  ғасырдағы  өзбектер  мен  қазақтар 

үшін «Түркістан уалаятының газетінің» маңызы XVII-XVIII 

ғасырлардағы  орыстар  үшін  Ресейдің  бірінші  баспа  газеті

— Петр  шығарған  «Ведомостиден»  бір  де  кем  болмағанын 

жазған  еді  [186,  6  б.].  Бұл  газет  қазақ  жұртшылығын 

орыстың ғылымымен, білімімен, мәдениетімен, әдебиетімен 

алгаш рет таныстыргандығымен  де қымбат. Омбыдагы Дала 

генерал-губернаторы  канцеляриясы  жанынан  1888  жылдың 

1  қаңтарынан  1902 жылдың наурызына дейін шыгып тұрган 

«Дала  уалаятының  газетінде»  Пушкиннің,  Толстойдың, 

Белинекийдің, 

Лермонтовтың, 

Крыловтың, 

Мамин- 

Сибиряктың, 



Успенскийдің 

шыгармалары 

аударылып, 

жарияланганын 

жанкешті 

зерттеуші 

Ү.Сұбханбердина 

дэлелдеп  жазган. 

Мұнан  кейінгі  «Серке»,  «Қазақ», 

«Қазақстан» газеттері мен «Айқап» журналының беттерінде 

де аударма дүниелер жарияланып тұрды. Сондай-ақ мерзімді 

баспасөзде Шыгыс эдебиеті классиктерінің шыгармалары да 

аударылганына  назар  салгымыз  келеді.  «Дала  уалаятының 

газетінде»  бірнеше  нөмірге  «Фархад-Шырын»  дастанының 

екі  нұсқасы,  ал  «Айқапта»  Фирдоусидың «Шахнамасынан» 

Мұхамеджан Сералин аударган «Рүстем-Зораб» басылыпты. 

«Дала  уалаятының  газетінде»  Ыбырай  Алтынеариннің 

1879  жьшы  шыққан  «Қыргыз  хрестоматиясынан»  алынып, 

жарияланган  И.А.Крыловтың  «Қарга  мен  түлкісі»  қазақ 

әдебиетінде  мысал  жанрының  алгашқы  қарлыгашы  болды. 

Сол  газетте  1894  жылы  ИА.Крыловтың  «Инелік  пен

құмырсқасы» А.Құрманбаевтың аудармасымен жарияланган.

Ыбырай Алтынсариннің «Ақымақ дос» атты шагын эңгімесі 

1895  жылы  газетте  шыққан  «Аю  мен  жапан  дүзді  мекен 

қылган жалгыз адамның мәселесі» деген мысалдың негізінде 

жазылган.  Кейіннен  бұл  шыгарманы  арқау  етіп  Спандияр 

Көбеевтің  «Үлгілі  тэржімеде»,  Молда  Мұсаның  (Мұсабек 

Байзақұлы)  «Қызьш  Түркістанда»  мысалдар  жариялаганы 

жақеы мэлім. Әрине, алгашқы мысалдар аудармасы ала-құла 

дегенімізбен,  тұңгыш  тэржіме,  тұңгыш  тэжірибе  ретінде 

тәп-тәуір шыққан.

214


Болыпты жапан дүзде жалғыз адам,

Жан жоқ боп маңайында басар қадам.

Құлазып бір тоғайда келе жатса,

Алдынан жолығыпты аю надан.

Мұны 

Крылов 

мысалдарының 

1944 


жылғы 

басылымындағы 

[187,  84-85 



б.]  Дүйсембек  аударған 

(кітапта  барлық  ауцармашылар  Абай,  Ыбырай,  Аспандияр, 

Қапан,  Аскар,  Нығымет,  Бекет,  Дүйсембек  деп  есімдерімен 

ғана  көрсетілген,  бұлардағы  Бекет  -   Өтетілеуов,  Қапан 

—  Сатыбалдин,  Асқар  —  Тоқмағамбетов  екені  белгілі, 

Дүйсембектің  -   Еркінбеков,  Нығметгің  -   Баймүхамедов 

екенін де білуге болады, ал Аспандиярды анықтай алмадық)

нұсқаның:

Бір адам айдалада елден жырақ,

Жеке, так, жапан түзді қылды түрақ.

Жаяулық, жалаңаштық жақсы емес ғой,

Жалғыздык олардан да қиынырақ,

-   деген  жолдарынан,  немесе  1960  жылғы  Крылов 

мысалдары  басылымындағы  М.Оразаев  ауцарған  («Кезбе

мен аю»):



Болыпты жалғыз басты бір кезбе адам,

Елсіз-күйсіз жапанда бос қаңғырған.

Тіршілік жаман емес, жақсы-ақ болсын,

Бәрібір қажиды ғой бір кезде адам,

-  деген  шумакгарынан  соншалыкты  көш кейін тұр дей

коймас едік. 

.

Жалпы, 



салған 

беттен 


кәдімгі 

өлең 


түрінде

аударылғандыкган (Абай да солай етіп ұсынды) мысал жанры 

қазак  эдебиетінде  өзіндік  пішінімен  орнықпаған  күйі  қала 

берді.  Мұхтар Әуезовтің:  «Анық эдебиет жүйесінің көзімен 

Караганда  орыс  эдебиепнде  мысал  — басня  «стих»  (өлең) 

емес. Ол өзі бөлекше жанр. Оның жол өлшеулері, өлеңге тэн 

өзгешеліктей  боп,  шумақка да бөлінбейді.  Эр  кезде  сөйлеп 

айтатын  ауызша  эңгіме,  халыкгық  әңгіменің  нақысты, 

ырғакты  қарасөзіне  бейім  келеді.  Қысқа  қайырылған, 

өте  мазмұнды  жауаптасу,  қағысулар  оқиғалы  желіге 

құрылады. Ал Абай мен Алтынсарин немесе баска қазақіың

215


аудармашылары  болсын,  бәрі  де  Крылов  мысалының  осы 

ерекшелігін дэл  бермеген»  [115,  176  б.], дейтіні  сондықтан. 

«Мәлік  Ғабдуллинге  жауап  хатында»  айтылған  пікір 

де  («Ал  біздің  сөйлеу  интонациясына  құрылған  басня 

(мысал)  үлгісінің  өзін  де  меңгере  алмағанымыз  мэлім. 

Пушкин, Лермонтовты жақсы аударган Абай да Крыловтың 

басняларын  басня  түрінде  аудара  алған  жок.  Қазақша  өлең

етіп  аударды»)  [115,  380  б.]  көптеген  әдебиетшілердің

кітаптарында  келтіріледі.  Осындайда  ойға  қаласыз,  бұл 

ненің белгісі? Әлде В.Г.Белинскийдің: «Крылов мысалдарын 

ешбір  шет  тілге  аударып  болмайды»,  деп  кесіп-пішіп 

айтқанының жөні бар болтаны ма? Абай, Әуезовше айтқанда, 

«Крыловтың  басняларын  басня  түрінде  аудара  алған  жоқ» 

па,  элде  сол  түрмен  аударуды  қажет деп  таппады  ма?  Одан 

бері  аударма  өнері  мол  тәжірибе  жинақтады,  түпнұсқага 

барынша  жақындаудың,  оның  пішін  ерекшелігін,  уэзіндік 

сипатын,  екпінін,  ырғағын  сақтаудың  эдіс-тәсілін  эбден- 

ақ  меңгерді  ғой,  соның  өзінде  «Элем  балалар  эдебиеті» 

кітапханасы бойынша 2005 жылы шыққан Эзоп пен Крылов 

мысалдарының жинагына  [188]  енген  шығармалардың түп- 

түгел кэдімгі олең күйінде аударылуы қалай? Тегінде, мүның 

сыры қазақ жанының үйқасты сөзге қалайда жақындығында 

жатқан  сияқты.  Әуелгі  бетте  прозалық  туындылардың 

қазақшаға  өлеңмен  аударылуының  да  басты  бір  себебі 

осында.

Аударма үлгілері пайда болғанға дейін қазақ баласының 



мысалға  қаншалықты  жатсына  қарағанына  нақты  дэлелді 

Ж.Ысмағұловтың  жазғанынан  [189,  Б.410-411]  табамыз: 

«Ахаң  ақындық  өнерін  не  себепті  аудармадан  бастады? 

Өзін болашақта белсенді  элеуметтік саяси қызметке, эдеби- 

ғылыми  ізденістерге  бағыштамақ ниетте  жүргенде  мысалга 

келіп жүгінуі қалай?

Бұлай  дейтініміз  -   біздің  көбіміздің  көңілімізде  мысал 

жанрына бір түрлі сезіктене қарайтын, оны шынайы көркем 

поэзиядан кемшіндеу коретін түйткіл түратыны қүпия емес.

Оның  үстіне  кезінде  Ахметке  ой  салуы  мүмкін 

еді-ау  дейтін  мынадай  бір  беделді  пікір  де  болған.  Ол

—  үстазы 

Ыбырай  Алтынсариннің  айтып  кеткен  бір 

сөзі.  1876  жылы  Торгайға  қызметке  келгеннен  кейін, 

Н.И.Ильминскийге  жолдаған  бір  хатында  қазақ  балаларын 

оқытуға арналған болашақ бастауыш кітабының жоспарымен 

таныстыра  келіп,  Ыбекең  былай  деп  жазады:  «Бірінші

216


кітабымды  Паульсон  кітабының  құрастырылуы  тэртібімен 

жазып  шыққалы  отырмын.  Әрине,  мұны  қазақ  балаларына 

лайықгап жазамын.  Мысалдарды  (басни) енгізгім келмейді, 

өйткені,  қатаң  тұрмыста  өскен  қазақтарға  мұнан  гөрі 

мэндірек  эңгімелер  керек  болады.  Мысалдарды  қазақ 

балалары  оқығысы  келмейтінін,  оқыса,  оған  күлетінін,  ал, 

олардың  ата-аналары:  балаларымызға  сауысқан  мен  қарға 

сөйлеседі  деген  сияқгы  жоқ  нэрсені  үйретеді,  — деп  тіпті 

ренжитінін  тэжірибемнен  білемін»  [190,  210  б.].  Сөйткен 

мысалды  қазақтың  ардақты  қауымы  қалай  қабыл  алғанына 

Мұхтар  Әуезовтің  сөзі  орынды  дәлел  ретінде  келтіріледі. 

Мүқаң  Ахмет  Байтұрсыновтың  «Қырық  мысалын»  «қалың 

қазақ жұртының алғашқы естіген, төңкеріс рухындағы сөзі», 

деп бағалаган.

Мұның  мәнісі  қалай?  Айналасы  он-он  бес  жылдың 

ішінде  бұрын  эдебиетте  гасырлар  бойы  бой  көрсетпеген 

деп  саналып  жүрген  жанрдың  жанымызға  жағып,  оның 

төл  топырағымыздағы  кейбір  үлгілерін  заманды  өзгертуге 

шақырған үран сөздей қабылдағанымыз неліктен? Әрине, бүл 

арадағы  басты  себеп -  қазақтың  ойлау жүйесінің  эу бастан 

астарлап  сөйлеуге  бейімдігі,  тұспалдаған  түйінді  бағалай 

білетіндігі.  Жалпы,  мысалдың  мәйегі  1  түспал.  Біз  білетін 

ең  алғашқы  мысалшы  Эзоп  (Қалтай  Мүхамеджановтың 

«Эзоптан  Ислам  Шүғаевқа  дейін»  дейтіні  содан)  құл 

болған  кісі  екен,  өзінің  ойын  еркін  айта  алмай,  амалдың 

жоғынан  түспалдап  сөйлеп  жүріпті.  Негізінде,  мысал 

жанры  цензураның арқасында дүниеге  келген.  Тыйым  салу 

атаулы  көркемдік  ізденістерге  қозғау  салмай  қоймайды. 

Бұл  орайда  бэрін  айтуға,  бэрін  жазуға  мүмкіндік  берілген 

қазіргі  заманда  әдебиетіміздегі  көркемдік  амал-тэсілдердің 

кедейленіп  кеткенін  айта  аламыз.  Бүрын  айтарын  қалайда 

астарлап  айтып  қалу  үшін  автордан  үлкен  шеберлік  талап 

етілетін.  Сонан  кейін  мысалдың  соз  өнерімізде  тақыр 

жердей 


аударма  арқылы  шыға  келмегенін  де  басын 

ашып  айтқан  жөн.  Қазақтың  жан-жануарлар  ертегілерінде 

мысалдың  табиғатына  тэн  белгілер  тұнып  тұр.  Жалпы, 

антропоформизм  табиғатпен  өте-мөте  етене,  тіршілігі 

табиғатқа тікелей  тәуелді  халықтарға ерекше  жақын.  Оның 

үстіне,  «Калила  мен  Димна»,  «Мың  бір  түн»,  «Тотының 

тоқсан  тарауы»  сияқты  қазақ  арасына  ежелден  тараган 

шыгармалардың  талай  тұсында  мысал  түрінде  баяндалған 

жайлар  бар  екендігі  жақсы  мэлім.  Олардың  да  аударма

217


арқылы  сіңгені  белгілі  ғой  дейтіндер  болса,  өзіміздің  Аяз 

бидің  сөздерінде де  мысал элементтері  көптеп  кездесетінін 

айта  аламыз.  Жүсіп  Баласагүнның,  Махмұд  Қашқаридің 

дидактикапық еңбектерінде де мысал жанрына тэн белгілер 

баршылық  екенін  зерттеушілер  көрсетіп  жүр.  Бірақ  бұл 

айтылғанның  бэрі  мысал  жанр  ретінде  қазақ  эдебиетінде 

аударма арқылы орнықты деген ойымызға қайшы келмейді.

Мұнан  кейінгі 

себеп 

мысал  жанрын 



эдебиетте 

орнықгыруды Ыбырай, Абай, Ахметсияқты үлы тұлғалардың, 

шын шеберлердің бастап бергендігі дер едік.

Орыс  тіліндегі  мысалдардың  ауцарылуы  қазақ  аударма 

өнерінің  ғана  емес,  жалпы  төл  әдебиетіміздің  дамуындағы 

маңызды  белестердің  бірі  болды.  Бұл  істе  басты  қозғаушы 

Крылов  мысалдарының  аудармасы  екендігінің  басы  ашық. 

«И.А.Крылов  аудармаларының  эволюциясы  процесінде 

Қазақстандағы  өлең  аудармасының  негізгі  проблемалары, 

қалыптасуы  мен  дамуының  еркін  мазмұндаудан  баламалы 

көркемдік  бейнелеуге  дейінгі  заңдылықтары  да  көрініс 

тапты»  [191,  3  б.].  Ыбырай  Алтынсарин  өзінің  1879  жылы 

шыққан «Қазақ хрестоматиясына» енгізген «Қарға мен түлкі» 

жэне «Қайьфымды түлкі» мысалдары арқылы осы бағыттың 

тоңын  ойып, түрен  салған  алғашқы  адам  ретінде  ардақтала 

аталады.  Бұл  мысалдар  кейіннен  «Дала  уалаяты  газетінің» 

1892 жылгы №51  санында қайталай жарық көрген.

Академик  Зэки  Ахметов:  «Қазақтың  қоғамдық  өмірі 

мен  әдебиетінің сол кезеңдегі  (XIX ғасырдың аяғы  мен  XX 

ғасырдың  басы.  -   С.А.)  дамуында  маңызды,  ілгерішіл  рөл 

атқарған жазушылардың шығармашылығы  әдеби  процестің 

жалпы  сипаты  мен  негізгі  бағыттарын  дэуірдің  қоғамдың 

қозғалысы туындатқан ілгерішіл демократиялық идеялар мен 

ағартушылық үрдістер айқындағанын көрсетеді» [192,33 б.], 

деп  атап  айтқан.  Бұқарашылдық бағытымен  өркендеуге  бет 

алған қазақ сөз өнеріне дэл осы тұста орыс әдебиетінде берік 

орнығып үлгерген  ағартупп»ілық сарынның көмегі  көп тиді. 

Қазақ әдебиеттануында Ыбырай Аіітынсариннің Крыловтан 

жасаған 

аудармалары  жөнінде  жан-жақты  жазылған, 

сондықтан  бүл  еңбекте  оған  көп  токтала  жатпаспыз.  Тек 

Алтынсарин  аудармаларының  сипатына  байланысты  бірер 

жайды ғанаескерте кетпекпіз. Қадапкөрсететін жай-автор дың 

бұл  аудармаларды  ең  алдымен  ағартушылық  тұрғыдагы 

еңбек ретінде қарастырғандығы. Н.И.Ильминскийге хатында 

«Қазақ  хрестоматиясын»  дайындаудағы  мақсатын  «татар

218


тілінде  жазылған  кітаптардан  құтылу»  деп  көрсеткені  де 

белгілі.  Жалпы,  қазақ аудармасы белгілі  бір дәрежеде туган 

тіліміздің  тазалығын  ойлаудан  да  туындаған  деудің  жөні 

бар. Сондықган ЫАлтынсарин Крылов түпнұсқасын негізгі 

арқау-материал  ретінде  қарайды,  оны  қазақ  жұртының 

ыңғайына қарай еркін аударады, қалаган тұсында қосатынын 

қосып, алатынын алып кете береді. Осыдан барып мысалдың 

өлеңдік  өлшемі,  көркемдік  сипаты  түгел  сақгалмайтыны

өзінен-өзі түсінікгі.

Белинский  «... кемеліне  келген  түпнұсқа шығармаларға

Караганда  жеріне  жеткізілген  аудармалар  элдеқайда  кем

кездеседі» [ 193,190 б.], деп санаған. Сыншы бүл орайда өзінің

тым қанық ұлттық бояуына байланысты Крылов мысалдары

баска тілге ешқашан аударылмайды («басни Крылова нельзя

переводить  ни  на какой  иностранный  язык»)  деп  жазганын

айтып  өттік.  Абай  атамыз  ұлы  сыншының  бүл  созін  жоққа

шығарғандай.  Мысал  жанрының  аудармаларында  да  Абай

атамыздың асу алдырмай тұрғаны талассыз.

Абайдың  Крыловтан  аудармалары  -   шеберлік  шыңы,

үйренерлік  үздік  үлгі.  «Абай  Крыловтың  сөзін  де,  ойын  да

ауыстырмай айнага түсіреді» [16, 202 б.]. Крыловтың:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет