БАҒдарламасы бойынша шыгарылды


  Интонация,  интерпретация



Pdf көрінісі
бет41/45
Дата03.03.2017
өлшемі26,87 Mb.
#6207
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45

3.3.2.  Интонация,  интерпретация.  Интонацияның

қандайлық  нэзік  нәрсе  екендігіне  назар  аудармаган

әдебиетші  кемде-кем.  Төлтумада  да  солай,  телтумада  да 

солай. Телтумада тіпті маңыздырақ дер едік.



Тілекті түгел тауыстым,

Арманнан бездім, түңілдім.

Азаппен үнсіз табыстым -  

Сыйымен  қуыс  көңілдің.

Дауылды қатал тағдырдың 

Жас гұлін жанның семдірді.

Қайғыда қалған жалгызбын,

Зарығам күтіп өлімді.

Таянса қыстың бораны,

429


Үскірік шалған жапырақ 

Осылай жалғыз тұрады 

Қу бұгақга қалтырап.

Бұл — Ізтай  Мәмбетов  аудармасы.  Әдемі  шығарған!  «Я 

пережил свои желанья, / Я разлюбил свои мечты; / Остались 

мне  одни  страданья,  /  Плоды  сердечной  пустоты»,  деген 

жолдар өз-өзінен ойга орала береді. Мұзафар Әлімбаев «Көңіл 

күнделігінде»  Ізтайдың  осы  аудармасын  тамылжытып-ақ 

талдаған. Тәкен Әлімқұлов та жеріне жеткізе айтады. Сойте 

келіп,  «Соның  өзінде  бірдеңесі  жетпей  жатқан  сияқты», 

дейтіні бар. Несі? Оған өзі жауап береді:  «Асылы, аудармада 

буын шарт емес тэрізді. Интонацияға үйлесу шарт. Бұл үшін 

эрбір өлеңді жеке алып, накты қарамай болмайды. Көп ретте 

күлақпен  тыңдап,  жүрекпен  сезбеске  шара  жоқ.  Жоғарыда 

аталған  өлеңді  «Тілекті  түгел  тауыстым»  деп  ұшқыр 

екпінге  салмай,  осы  сегіз  буынның  өзімен  де  салмақтырақ 

етіп  аударуға  болатын  сиякты.  Мәселен,  «Тауыстым  да 

тілекті  түгел» десек  өлең  анағұрлым  баяу  оқылады.  «Түгел 

тауыстым тілекті» десек, ауызекі интонацияға жуық, жалпы 

орыс өлеңіне тэн тың ырғақ шығады». Расында да, «Азаппен 

үнсіз табыстым» — «Остались мне  одни страданья» жолына 

жақсы  балама,  бірақ  бэрібір  орысшадағыдай  қиналыстық 

интонацияны жеткізе алмай жатқандай.

Көп  мәселе  шығарманың  жалпы  ауанын  дэл  ұстауга 

байланысты.  Альфред  Курелла  Науаи  жырларын  қалай 

аударғанын  былай  еске  алады:  «Мен  «көпқабатты»  жолма- 

жол  аударма  жасап  берулерін  сұрадым,  сын  есім,  зат  есім, 

етістіктердің  әрқайсысының  түсына  бірнеше  синоним 

жазып  қойғандарын  қаладым.  Егер  сондай  арнаулы  қагаз 

болса  мен  тіпті  өлеңнің  қалай  естілетінін  де  жаздыртып 

алар едім.  Әйтсе де  мен  басқа тэсілге  көштім.  Белгілі  өзбек 

ақыны  Ғафур  Ғұламның  үйіне  бардым,  ол  маған  өзбекше 

түпнұсқаның  музыкасын,  оның  үндестілігін  сезінуім  үшін 

бірнеше сағат бойы Науаи жырларын оқып берді. Мүнан кейін 

мен  ақын  өмір  сүрген  дэуірді  зерттедім,  оның  жырларына 

салынган  суреттерді  жинастырдым,  басқа  да  қүжаттарға 

көз  жүгірттім,  сөйтіп  түпнұсқаның  мэніне  біршама  терең 

үңіле  алдым».  Орыс  классикасының  туындыларын  аудару 

барысында біздің ақындарымыз осындай  ізденіске бара ма? 

Барады. Ф.Тютчевтің:

430


Как ни гнетет рука судьбины,

Как ни томит людей обман,

Как ни браздят чело морщины 

И сердце как ни полно ран;

Каким бы строгим испытаньям 

Вы ни были подчинены, —

Что устоит перед дыханьем 

И перкой встречею весны!

— 

деген  шумақтары  Зейнолла  Шүкіров  аудармасында 



былайша төгіледі:

Көңілді қай алдамшы қалдырмады,

Азаптап уысында тағдыр-дағы,

Тілгілеп тарам-тарам бетіңді эжім,

Жүрекке неше жара салдырмады.

Қатал сын талқысын да түсіп көрдің,

Қиындық неше есіңнен тандырмады, -  

Түк те емес оның бэрі, бір жұтқан шақ 

Хош иісін жас көкгемнің алдындағы!

«Каким  бы  строгим  испытаньям,  /  Вы  ни  были 

подчинены»  деген  сиякты  Тютчев  таланты  үшін  тапшылау, 

тақылдақтау  жолдардың  өзі  жанып  түскен  емес  пе?  Ең 

бастысы, аудармашы өлеңнің интонациясын дэл ұстаған.

Интонацияны  табу  үшін  түпнүсқаның  өлең  өлшемін 

сақтау  тіпті  де  шарт  емес.  Ең  бастысы  — оның  ыргақтық-

интонациялық  бейне  қүралдарына  сәйкес  келетіндей 

өлшемдер үстай алу.

К.Чуковскийдің: 

«Стильді 

сезінбейтін 

адамның 

аудармамен  айналысуга  құқы  жоқ:  мұның  өзі  операны 

көрген,  бірақ  естімеген  саңыраудың  сол  операны  қайта 

шырқамақ  болганы  сияқты  нэрсе»  [59,  102  б.],  дегені 

бар. 

Түпнүсқаның 



стильдік 

ерекшелігін 

жеткізбеді

аудармаларында,  эсіресе,  пейзаждың стилі дүрыс ұстатпай

шаршатады.  Жалпы,  қазақ  поэзиясында  пейзаж  Абайдан

кейін ғана шыққаны дау туғызбаса керек. Дәстүр шолақтығы 

шаң беріп қалады.

Тып-тыныш Украина түні қандай! 

Сарғайған сансыз жұлдыз, аспан ашық.


Ay асы маужырап бір ұйығандаи,

Жапырағы күміс терек жамырасып.

Қасым  Аманжолов  аударған  «Полтавадағы»  бір  пейзаж 

о сын дай.  Жақсы.  Жақсы  сияқты...  Неге  «сияқты»  екені 

түпнұсқаның өзіне қарағанда көрінеді:



Тиха украинская ночь.

Прозрачно небо. Звезды блещут.

Своей дремоты превозмочь 

Не хочет воздух. Чуть трепещут 

Сребристых тополей листы.

Интонация  басқа.  Өлең  ырғағы  лекіп-лекіп,  тоқхап- 

токгап тұр. Прозаның тіліндей қысқа фразалар. Куинджидің 

«Украин  түніндей»  емес,  бір  тынышсыздық  сезіледі.  «В 

глубоком, тяжком размышленье, / Окован Кочубей сидит / И 

мрачно на небо глядит. / Заутра казнь»... Кочубей жаңагы айлы 

түнге ажал сагатын тосқан сэтте,  қамалдың тор терезесінен 

қарап  отыр.  Ал  аударма...  құйылып,  құбылып,  төгіліп  тұр. 

Түпнұсқа стилистикасы  сақталмаған.  Осындагы  «Украина» 

сөзінің  орнына  «Алматының»  деп  айтып  көрсеңіз  Қасым 

ақынның Алматы түнін жырга қосқан  өлеңіндей  болады  да

қояды. 


.. г /-

1

J g


«Аудармашьшар  -   өз  уақытының  жэне  өз  халқының

өкілдері,  түпнұсқаны  өзінше  пайымдауга  олардьщ  толық 

құқы  бар.  Түпнұсқаны  ой  елегінен  өткізу,  өзінше  пайымдау

жоқ  жерде  көркем  аударма  да  жоқ...»  [283,  439-440  б.]. 

Осыған  орай  Наум  Гребневтің  шешен-ингуш  энін  аударып 

отырып,  негізгі  образды  қалай  ауыстырғаны  әдебиеттану 

еңбектерінде жиі мысалга алынады. Түпнұсқаны орыс тіліне 

дэлме-дэл  аударғанда  былай 

шығады  екен:  «  Высохнет 

земля  на  могиле  моей,  и  забудешь  ты  меня,  моя  родная 

мать.  Прорастет  кладбище  могильной  травой  — заглушить 

трава  твое  горе,  мой  старый  отец».  Бұл  өлеңді  Л.Толстой 

«Қажымұратта»  келтіргенін  білеміз.  Кезінде  Фет  мұны  дэл 

осы күйінде аударыпты. Л.Мкрчян Наум Гребнев «ана» сөзін 

«әйел» деп өзгертіп алганын, сөйтіп шумақ «Под горою укроет 

могила меня,  /  И  забудет жена,  что  любила меня.  /  Насыпь 

черную травы покроют весной, / И меня позабудет отец мой 

родной»  болып  шыққанын жазады.  Мұндагы  ой  баланы  өзі 

туған  анасы  қалай  ұмытады,  ұмытса  кейін  қосылган  эйелі

432


ұмытар  деген  қисынға  саяды.  Бұл  ойды  Владимир  Огнев 

те  қолдаған:  «Ана»  сөзінің  орнына  «эйел»  деп  алынған. 

Фольклорды  білуі  (Гребнев  кавказдық  таулықтардың, 

армяндардың, тожіктердің көптеген халық әндерін аударған) 

баласын  алдымен  ұмытатын  ана  образы  шындықтың 

өзімен,  адалдықтың  халық  әніндегі  асыл  мұратымен 

атымен  қабыспайтынын  айтып,  көмектескен»  [284,  337  б.]. 

Аудармашылар  да  туындыга  өз  интерпретациясын  жасай 

алады  дейтініміз  сондықтан...  Тіпті,  «аударма»  сөзінің 

агылшын тіліндегі синонимдердің бірі «interpret» екендігі де

көп жаиды аңгартып тұр.

Тарау түйіні

«Өлеңді  оқып  шыққаннан  кейін  не қалса -  сол поэзия» 

(Виктор  Шкловский).  Өлеңнің  басты  өлшемі  — оқырманға 

әсері. Аударма өлеңге де қойылар басты талап -  түпнұсқаның 

эсерін жасау. Ол эсерге аудармашының қалай қол жеткізетіні

-   бөлек  мзселе.  Поэтика  мэселелерін  талдаған  бұл  тарауда 

аудармашы түпнұсқаны  озге тілде  орындауы үшін  аспапты, 

яғни тілді, сол тілдегі көркемдік құралдарды ауыстыратыны 

нақгы  мысалдармен  корсетілді.  Бүл  істе  түсіну,  зерттеу 

(идентификация)  мен  өзектен  откізудің  (эмпатия)  орны 

үлкен. Қазақ аударма өнерінде герменевтика мэселесінің элі 

күнге  шешілмегені  алаңдатарлық.  Тэржіменің  талайында 

қателіктердің  біразы  мэтіннің  мэнін  түсінбеуден  кететіні 

окінішті.  Мэтінді  гылыми,  ягни  филологиялық  тұргыдан 

тапдау әлі де әлсіз.

Аудармашылардың  көбінде  тэржіменің  түпмақсаты 

(сверхзадача)  жөнінде  ұғым-түсінік  дұрыс  қалыптаса 

қоймаған.  Қазақгың  өз  өлеңінен  түк  те  аумайтын,  өлең 

олшеміне,  уэзініне  әкелер  соны  бояуы,  жаңа  үні  жоқ 

аудармалардың  түгелдей  дерлік  орысша  білетін  ұлттың 

әдебиетіне тигізер пайдасы шамалы.

Тарауда  қазақтың  өлең  қүрылысына  аударма  арқылы 

келген жаңалықтар даталданды. Пішін мен мазмұн бірлігіне 

қол жеткізу, эвфонияны қалпына келтіру, бунак, буын, ұйқас, 

ыргақ, метафора, перифраз, идиома, интонация қүбылыстары 

әртүрлі  ақындар аудармалары арқылы көрсетілді.

Тэржіме  тіліне  қарап  сол  кезеңдегі  ұлттық  әдеби 

тіл  деңгейіне  бага  беруге  болады,  эрі  тідцің  тарихын 

қалыптастыруға 

да 


мүмкіндік 

ашылады. 

Ауцарма

28

-



2915

433


шығармалары  қазақ  өлеңінің  көркемдік  құралдарын  қалай 

байытқаны  бұрын  бізде  болмаған  шалыс  ұйқастан,  он 

буындық  тармақтардан,  тасымалдың  тың  түрлері  арқылы 

өлең мақамының өзгеруінен де танылады.

Тілдің  өзіндік  сипатына  байланысты  тәржіменің 

түпнұсқадан да асып түсуі мүмкін деген ой ортаға салынып 

отыр.  Мәселе  мынада.  Өлең  I   өлшемге  байлаулы  өнер. 

Ақ  өлеңнің  де  өзінің  ішкі  ырғағы  бар.  Ақын  қай  шумақты 

құрағанда  да  ырғаққа,  ұйқасқа,  буынға,  бунаққа  қарамай 

тұрмайды.  Соған орай оның өз ойын, өз образын, өз бояуын 

дэйім  дэл  өзінің  көздегеніндей  етіп  жеткізе  алмауы  әбден 

мүмкін.  Мұның  өзі  ең  мінсіз  деген  шығармалардан  да 

табылуы мүмкін. Сол ойдың, сол образдың, сол бояудың өзге 

тілдегі өзге ырғаққа, өзге ұйқасқа, өзге буынға, өзге бунаққа 

түпнұсқадағыдан  гөрі  әуезді,  эрлі  болып  түсуі  де  мүмкін. 

Поэзия тұрмақ,  проза,  драматургия аудармасынан да  бұған

талай мысал келтіре аламыз. 

j



«Свет  далекой  звезды»  —  А.Чаковский  романыньщ 

аты  қазақшасында  жақсырақ  шықпай  қоймайды  — «Жырақ 

жұлдыз  жарығы».  Дыбыс  үндестігінен  атымен  мақұрым 

аудармашы  ғана мұны  «Алыстағы  жұлдыздың  сэулесі»  деп 

алуы мүмкін. Оның есесіне түпнұсқада негізгі артықшылығы 

дыбыс  гармониясы  болып  келетін  шумақтардың  аудармада 

дэл сондай сөз саздылығын сақтай қоюы неғайбыл. Бұған да 

көнбеске амал жоқ. Аударма деген кей тұста ұтып,  кей тұста 

ұтылып  жататын  өзгеше  бір  өнер.  Тэржімеші  талантыньщ 

өлшемі — ұтыс ұпайының саны. Ең бастысы — сапасы.



ҚОРЫТЫНДЫ

Мыңжылдықтар  алмасып,  ғасырлар  ауысқан  соңғы 

жылдар  бүкіл  адамзат  қауымы  үшін  орасан  өзгерістер 

кезеңі  болды.  Ол  оқиғалардың  бүкіл  дүниедегі  саяси 

күштердің ара-салмағын түбегейлі  өзгерткені,  ең бастысы  - 

жалпыадамзатгық жаңа ұғымдар қалыптастыруға бастайтын 

тың  жолды  табуды,  соны  рухани  ізденістерді  күн  тэртібіне 

койып  отырғаны  талас  тудырмайды.  Тәуелсіз  Қазақстан 

дүниежүзілік қауымдастыққа еркін араласқан сайын өмірдің 

қай  саласында  да  аударманың  маңызы  артқан  үстіне  арта 

бермек.  Атап  айтқанда,  әлемдік  қауымдастықгың  назары 

түскен  дүниелерді,  олардың  бұрынғыдай  орысшаға  ауда- 

рылганын күтіп жатпай, әлемдік тілдерден қазақшаға тікелей

тэржімелеу осы ғасырда үйреншікті іске айналатын  болады. 

Сондықтан  да  қазіргідей  өтпелі  кезеңде  көркем  аудармада 

жинақталған  тэжірибені  қорыту,  оны  теориялық  тұрғыдан 

тиянақгау, жетістігі мен кемістігін саралау, сөйтіп  маңызды 

міндеттерді  шешудің  жолдарын  айқындап  алу  қажет  екені 

даусыз.

Қазақ  мәдениетінің  дамуындағы  элемдік  өркениеттің 



алар орынын сөз ете отырып, отаршылдық кезеңінде, кешегі 

кеңес дэуірінде  сырттан  зорлап  таңылған  қүндылыктардың 

халық  санасына  саясаттың  сойылымен  сіңірілгені  ұлттық 

болмыс-бітімге  орасан  зиян  келтіргенін  айтумен  қатар, 

кейінгі  кезде  ол  әсер-ықпалдың жағымды  жақтары,  игілікті 

ықпалы да болганын біржола  жоққа шығаруға үмтылу үрдісі 

бой көрсетуде.  Бір жагынан — ана жылдарда экономикалық 

дамудағы  қиындықтардан туындаган  күрделі  мәселелерге -  

кітап шыгарудың қиындығына, қаламгер еңбегін багалаудың 

болымсыз  болып  кетуіне  байланысты,  екінші  жагынан  — 

ұлттық  томаға-тұйықтықты  орнықтыра  түсетін  үрдістердің


салдарынан  қазақ  әдебиетінде  аударма  мүшкіл  хал  кешіп 

келді.  Кітапта  қазақ  мәдениетінің  дүние  жүзілік  деңгейге 

көтерілуінде, 

қазақ  санасының  планеталық,  ғаламдық 

сипатта  қалыптасуында  аударма  туындылардың  да  өзіндік 

орны  болтаны,  алдағы  кезде  де  бола  беретіндігі  нақты 

мысалдарға  сүйеніп  айтылды.  Рухани  томаға-тұиықтық 

түптің түбінде мәдениеттің көсегесін көгертпейтін, тұйыққа 

тірейтін жол екенін, кез-келген тілдің сыртқы ықпалсыз,  тек 

ішкі ресурстардың есебінен  өркендей  бермейтіндігін  нақты 

көрсетудің  өзі  бүгінгі таңда  маңызды.  Міне  сондықтан да 

біз  кезінде  «Мәдени  мұра»  мемлекеттік  бағдарламасының 

аясында жүз томдық «Әлем эдебиеті» сериясын жоспарлатуға 

күш  салған  болатынбыз.  Осының  арқасында  қазақ  аударма 

өнерінің  тың  тынысы  ашылып  отырғанын  көру,  сезіну, 

бұл  іске  мемлекеттік  бағдарлама  қоғамдық  кеңесінің 

«Көркем  әдебиет»  секциясының  жетекшісі  ретінде  араласу 

сеніп  тапсырылғаны  өзімізді  қанағат  сезіміне  бөлейтінін 

жасырғымыз  келмейді.  Мына  зертгеу  -   сол  шаруаның  бір 

жағына шығысудың әрекеті.

Енді  осында  ортаға  салынған  ойларды  сығымдап,

тұжырымдап айтып көрейік.

Аударма  —  эрбір  ұлттық  мәдениеттің  ажырағысыз

бөлігі. 


.. J

«XV  ғасырдан  XIX  ғасырдың  үшінші  ширегіне  дейінгі

рухани өмірдің өзіндік бір ерекшелігі -  оқшаулык, тұйыктық 

еді.  Қазақ  поэзиясы  негізінен  өзінің  көне  дәстүрлерін 

үлгі  тұту  жэне  одан  ары  дамыту  жолымен  ғана  ілгерілеп 

отырды. Замана талабын, уақыт тынысын жіті аңдаған қазақ 

білімдарлары  енді  өнерде,  ғылымда  ғана  емес,  әдебиетте 

де  батыс  бағытына біржола ден  қояды.  Үлттық дәстүрлерді 

сақгай отырып, орыстың жэне баска да батыс жұрттарының 

биік  өреге  жеткен  озық  әдебиетінің  абзал  қасиеттерінің 

барлығын да бойға сіңіруге тырысады. Осының нәтижесінде 

қазақ әдебиеті айналасы елу жыл ішінде әлденеше ғасырлық 

даму  жолын  бастан  кешіріп,  жаңа  сапаға  ие  болды.  Қазақ 

поэзиясы  түр,  мазмұн  жағынан  ғана  емес,  тақырып 

тұрғысынан  да  өлшеусіз  байыды.  Проза,  драматургия, 

әдебиет  сыны  сияқты  жаңа  жанрлар  қалыптасты.  Тарихи 

қысқа мерзімде  қазақ әдебиеті  өзінің  озық үлгілері  арқылы

436


Европа классикалық әдебиетінің өресіне жетті» деп жазады 

Мұхтар  Мағауин  [222,  250  б.].  Бұл  істе  әдеби  аударманың 

өзіндік  орны  бар.  Фольклор,  ауызша  әдебиет  дәстүрі 

қаншама  бай  дегенмен,  роман  сияқты  күрделі  жанрлардың 

жалғыз  ғана  арқауына  айнала  алмас  еді.  Кезінде  А.Сурков 

түркітілдес  әдебиеттердің Әуезов,  Мүсірепов,  Сыдықбеков, 

Баялинов  сияқты  көрнекті  өкілдері  тамаша,  талантты 

прозаиктер  ғана  емес,  өз  халықтарының  тіліне  орыс  және 

шетел  эдебиетінің  туындыларын  тұңғыш  таныстырған 

тәржімешілер  де  болғанына  назар  аударған.  «Аударманың 

сапасы  сол  елдегі  төл  эдебиеттің  сапасына сай  келеді.  Көш 

бастайтын  төл  әдсбисттің  соңына  еріп,  аударма  әдебиеті 

жедел  жүреді.  Кейде  аударма  әдебиет  те  төл  әдебиеттің 

өсіп-өркендеуіне  көмек  беріп  отырады»  [16,  147  б.].  Нақты 

мысал атасақ, орыс әдебиетіне де көптеген жанрлар аударма 

арқылы  ауысқанын  айта аламыз.  Жуковскийдің  Шиллерден 

жасаған  аудармалары  болмаганда  орыс  тарихи  балладасы 

қашан дүниеге келері белгісіз еді. Орыста көпке дейін роман 

болмағаны  мэлім.  Әуелде  аудармашылар  орыста  жоқ  жанр

-   романға  тым  назар  аударып  кеткен  кезде  А.П.Сумароков 

Превоның  «Маркиз  Г.-нің  бастан  кешкендері  немесе  текті 

адамның  тіршілігі»  романының  аударылуына  орай:  «... 

романдардан  пайда аз,  ал келер зиян көп.  Романдар зерігуді 

кемітіп, уақытты азайтады деседі, онсыз да өмір қысқа емес 

пе. Романдарды оқу уақыт өткізу емес, уақытты өлтіру...»[285, 

17 б.], деп шүйілген. М.В.Ломоносов та рыцарь романдарына 

катты  қарсы  болыпты.  Кейін  романдарды  аудару,  басқасын 

былай  қойғанда,  тілді  байытатынына  жұрттың  бэрінің  де 

көзі жеткен. Мысалы, В.Тредиаковский қазір о баста орыста 

болмаған-ау  деп  шамалау  ойымызға  да  келмейтін  біраз 

сөзді  (бесполезность,  беспристрастность,  благодарность, 

независимость,  снисходительность,  сущность,  целность, 

т.б.)  алдымен  аударма  кітаптарында  қолданған  [285,  19  б.], 

солардың көбі кэдімгі калька әдісімен жасалган екен. Сөйтіп, 

біздің «тәуелсіздік» деген сөзіміздің арғы тегі де тәржімеден 

тараған болып шығады.

Кейінгі 

отыз 


шақты 

жылдың 


ішінде 

аударма 


қарқынының  біршама  бәсеңдеуіне  аударманың  миссиясы 

жөнінде  қате  түсініктердің  де  кесірі  тиді.  Татар  қаламгері 

И.Ғази  бірде  былай  депті:  «Аударманың қажеті  болмайтын 

кез  жақындап  келеді,  қазірдің  өзінде  ол  онша  алыс  қалган 

жоқ. Қазірдің өзінде қалаларда ғана емес, ауылдарда да татар

437


оқырмандарының белгілі бір тобы орыс кітабын аудармадан 

гөрі  түпнұсқадан  оқығанды  дұрыс  көреді».  Аударма  тіл 

білмейтіндерге  арнап  жасалатын  кез  артта  қалды.  Чех 

әдебиетшісі  Иржи  Левыйдың  аудармашы  шығарманы 

қайтадан туындатады дегенмен тоқталыи қалмай, аударманы 

шын мэнінде басы бүтін тың туындыға балауы тіпті де артык 

айтылмаған:  «Аудармашы  еңбегінің  мақсаты  — түпбейнесі 

болмайтын  тың  туынды  жасап  шығу  емес,  түпнұсқаны 

түсіну, сақтау, жеткізу; аударманың мақсаты—қайта туындату. 

Аударма  барысында  бір  тілдің  материалы  басқа  тілдің 

материалымен  алмастырылады,  демек,  тщщк  тұрғыдағы 

көркемдік құралдардың бэрін де аудармашы өзі, өзінің туған 

тілінде, жаңадан жасап шығады; осылайша, тілдік тұрғыдан 

қарағанда  аударма  —  басы  бүтін  тың  туынды».  Оның 

аударманың  ұлттық  мәдениеттегі  міндеті  туралы  айтқаньі 

да  орынды  пікір.  «Аударылған  шығарма  туған  әдебиеттің 

құбылысына  айналады  да,  чехтың  түпнұсқа  шығармасы 

атқаратын  мэдени  міндетті  атқаруға  кіріседі». 

Осы 

сөзді  «чехтың»  дегеннің  орнына  «өзбектің»,  «орыстың», 



«француздың», «қазақтың», «немістің», «қырғыздың» деген

сияқтыжазып,  айта беруге болар еді.

Аударматану  ғылымның  қай  саласына  жатады  деген

бағзьщан  бергі  дау  бізде  де  біраз  жерге  барған.  Әуезов 

бастаған  әдебиетшілер  эдебиеттану  саласы  десе,  тілші- 

ғалымдар 

(Қ.Жұбанов, 

М.Балақаев) 

тілтану 

жағына 


қарайластыруға  бейім  болды.  Ақиқат  бел  ортада  жатады: 

аударма -  лингвистика заңдылықтарына арқа сүйеу  арқылы

әдебиеттің міндеттерін

түрі


пдцен

ма?  Болмайды  деген  төңіректе  тұгас  теория  тұргызган 

авторлар да аз емес.  Бағзыдағы талай трактатга халық рухы 

өзге  тілде  жеткізілмейді,  ал  шабыт  қайталанбайды  деген 

ойлар  айтылады.  Аударма  өнер  туындысындағы  пішін 

мен  мазмұнның  бірлігін  бұзады,  бұл  бірлік  -   тұтас  ұғым, 

ол  жарьшған  жерде  өнер  жойылады  десқен  бұрынғылар. 

Ал  бір  тілден  екінші  тілге  коркем  аударма  жасауға  болады 

дейтіядер  нені  басшылыққа  алады?  Мұндағы  басты  ой 

қисыны  біздің бэріміз  бір  планетада -  Жер  атгы  планетада 

омір  сүреміз,  мұндағы  болмыс  адамзатқа  түгел  ортақ, 

демек,  оны  танып-білу  әдістерінде  де  ортақ  жайлар  көп 

болуға тиіс дегенге  саяды.  Осыдан  келіп  эрбір  тұтас  эдеби

438


туынды,  яғни  идеялардың,  сезімдердің,  образдар  мен 

сткльдік  ерекшеліктердің  бүкіл  жиынтығы  басқа  тілдегі 

ойлау  жүйесімен  талдап-түсінуге  жэне  жеткізуге  көнеді 

деген  ой  шығады  көптеген  авторлардың  жазбаларынан. 

Қазір  негізінен  осы  көзқарас  орныққан.  Зады,  көркем 

шығарма аударылмайды деген тұжырымдама аударматануда 

ешқашанда белең алып көрмеген.  Қалай белең алып көреді, 

егер осы талас басталғалы бергі ғасырлардың ішінде аударма 

жұмысы ешуақыгга толас таппаса?

Тәржіменің  ғажап  қасиетін  мынадан  да  білуге  болады. 

Адам  ойы деген  атқан  оқтай түзу,  төселген  тақгайдай  тегіс 

нэрсе  емес.  Бір  ойдың  өзі  бір  тілде  қағазға  түскенде  бар 

қырын  бірден  аша  салмайды,  бэлкім,  тіпті  аша  алмайды. 

Әлем  әдебиетінің  айналымына  түскен  туындылар  сан 

түрлі  тілдерге  аударыла-аударыла  жүріп,  мэтіннің  қатпар- 

қалтарыстарындағы  астар,  емеуріндер  табыла  беруі  де 

мүмкін.  Тіпті  бір  ойдың  төл  тілдегі  көмкерілген  түрінен 

гөрі  басқа  тілдегі  көмкерілген  түрі  сәттірек  шығуы  да 

ғажап  емес.  Олай  болмаған  күнде  де  эр  аударма  сайын 

қайта  бағамдалудың  өзі  шығарманың  бойына  жасырылған 

жұмбақты  шешуге,  көркемдік  кестелерін  жаңаша  жайып 

көрсетуге  көмектесетіндігі  анық. 

Аудармаларды  оқу, 

салыстыру,  зерттеу  арқылы  біз  түпнұсқаның  өз  бойындағы 

қасиеттерге  ерекше,  тың  көзбен  қараймыз,  жаңаша 

бағалаймыз,  оның  соны  қырларын,  бұрын  байқамаған 

бояуларын  ашамыз.  Мэтінге  қайта-қайта  үңіле  журіп, 

түпнұсқаны оқыған тұстағыдан да гөрі зеректік танытамыз. 

Сол  эдебиет  нұсқасы  жасалған  елдердің  өкілдері  де  біздің 

ақынымыз немесе жазушымыз қалай аударылып жатыр екен 

өзі,  деңгей-дэрежесі  төмендемей  жеткен  бе  деп  салыстыру 

арқылы  да  туған  әдебиетінің  қазыналарына  бұрынғыдан 

ұсынықтылау қарай бастайды.

Аударманың құдіреті өлі тілдерді тірілтуінен-ақтанылып 

түр.  Көне  еврей,  көне  грек,  латын,  ескі  славян,  ескі  орыс 

тілдерінен  жасалған  аудармалар  арқылы  қаншама  мәдени 

мұра адамзаг  игшігше  айналғаны  жақсы  мэлім.  Тәржімешілер 

болмаса  олардың  бәріне  де  санаулы  полиглоттардың,  тіл 

мамандарының ғана қолы жетер еді.

Аударма өнері — сол тілдегі көркем әдебиеттің деңгейіне 

тэуелді өнер. Төл әдебиеттегі көркемдік ізденістер кенжелеп 

қалған  тұста  аударма  саласындагы  табыстардың  қомақты 

болуы  қисынға  келе  қоймайды.  Мэселенің  екінші  жагы  да

439



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет