183
К.Қожахметова, Л.Сырымбетова, К.Адамова ұсынған «Қыздар әліппесі»
бағдарламасы, ұлттық рухани байлықты жалпы адамзаттық мәдениетпен
ұштастыру арқылы ұлттық рух, ұлттық намыс, ана тілі мен ұлттық мәдениетті
құрметтеу сезімін жетілдіру, өз халқымыздың мәдени мұрасын таныту арқылы
әлемдік мәдениетке жетелеу адам, қоғам, табиғат жайындағы ұғымдарды игеру
арқылы өзін-өзі тәрбиелеу, өз ойын жүзеге асыру қабілеттерін дамытуда маңызды
болып табылады. [3, 33-35 б].
А.Құралұлының «Ұлттың дүниетаным» бағдарламасы, бүгінгі нарықтық
заманның білім беру талаптарына сай бұл бағдарлама көп тілді жеке адамды
түбегейлі қалыптастырудың жалпы-қазақстандық мүддесін көздейді. [4, 40 б].
М.Оразаева, М.Смаилова дайындаған «Қазақ халқының салт-дәстүрлері»
бағдарламасы, орта мектептерде ұлттық салт-дәстүр мен ұлттық тәлім-тәрбие та-
рихынан арнайы сабақтарда мағлұмат беру арқылы жас жеткіншектердің мектеп
қабырғасында ұлт мәдениетінің нәрінен сусындауына мүмкіндік беріледі. [5,
222 б].
С.Қалиев пен С.Иманбаева ұсынған орта мектептің оныншы сыныбына
арналған «Әдеп» пәнінің бағдарламасы, мәдениет, тәлім, әдеп, өнер ұғымдарын
қалыптастыру; өнер мен мәдениеттің бірлігі туралы түсінік беру; тәлімдік
(мейрімділік, кішпейілдік, еңбекқорлық т.б.) жақсы қасиеттер мен жаман
қасиеттерді (өзімшілдік, дүниеқорлық, көрсеқызарлық т.б.) ажырата білуге үйрету;
сонымен қатар ынтымақ, ұлтжандылық туралы түсініктерді қалыптастыру; от-
басы мүшелерінің қарым-қатынасы, тәлімдік үлгі-өнегесі, бағалай білуге бау-
лу тәрізді этнопедагогикалық икемділіктерін қалыптастыру арқылы жастарды
әдептілікке, кісілікке баулу мақсатын көздейді. [6, 7-12 б].
Бұл бағдарламалар мазмұнындағы тәлімдік ойлар мен тағылымдық идея-
лар жаһандану жағдайында студенттерге ұлттық тәрбие беруде болашақ ұрпаққа
өз халқының төл мәдениетін, өнерін, мұрасын рухани қазына етіп қабылдату, са-
налы түсініп, ой тұжырымдарын жасауға дағдыландыруда мәні зор.
Әдебиеттер
1. Қыраубаева А. «Сенім» бағдарламасы. - Алматы, 1991. – 45 б.
2. Ахметова 3. «Кәусар бұлақ» бағдарламасы. - Алматы: Кәусар
бұлақ, 1994. - 32 б.
3. «Қыздар әліппесі» бағдарламасы К.Адамова, К.Қожахметова, Л.Сырымбетова.
- Алматы, 1999. - 33-35 б.
4. Құралұлы А., Парманқұлова П., Оразбаева Г. Ұлттық дүниетанымды оқыту
әдістемесі. Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған. - Шымкент, 2000. - 40 б.
5. Қалиев С, Оразаев М., Смаилова М. Қазақ халқының салт- дәстүрлері. - Алматы:
Рауан, 1994. - 222 б.
6. Қалиев С. Әдеп әліппесі. Бастауыш мектеп. 1994. - № 2. - 7-12 б.
БҮГІНГІ ТАҢДАҒЫ ФИЛОСОФИЯҒА ДЕГЕН КӨЗҚАРАС
Омарова Л.
Астана қ.,
Қазақстан
Жалпы адамға беймәлім нәрселер, сұрақтар көп.Сол сұрақтардың не-
месе мәселенің бірі дүние қалай пайда болды және адам қалай дүниеге келді?
Қысқаша, жалпы сұрақты қайыратын болсам,дүниеге деген көзқарас? Дүниеге
184
деген көзқарастың 3 түрі бар:1) Аңыз(миф) 2) Дін 3) Философия. Аңызға,
дінге тоқталмай-ақ қояын.Одан да мен философия деген не және бүгінгі фило-
софия деген не деген сұрақтарға өз ойымды айтсам деймін.Философия деген
даналыққа құштарлық, яғни кемеңгер болу десем қателеспеймін.Кемеңгерлік
немесе данышпан - бұл философиялық тас(философский камень), бұл тасты
адамның пайда болғанын бастап зерттеліп,сұрақ астында қалып жатыр...Ал бұл
зерттеліп анықтамалғандықтан,бір белгісіздіктен, беймәлімдіктен екінші бір
түсініксіз,белгісіз пікірлер пайда болады. Дәлірек айтқанда, нақты бір жауап айту
үшін,әуелде философия пәнінің шығу тегін Грекияның қоғамымен байланы-
стырамыз. Деректерге сүйенсек,ойлаушы - корифейлер аристократия шеңберінде
ежелгі Грекияның маңызды тұжырымдамасы,ұстанымдары «Әлем біртұтас,және
ондағы барлық нәрсе өзара байланысты», бұл ұстаным қоршаған дүниенің пайда
болуына негізделеді:судан, оттан, жерден, ауадан,және металлдан. Сол ежелгі Гре-
кияда интеллектуалды элиталар жиналып,бұл тұжырымдамалар мен терминдерді
ортаға салып,зерттеп,бір-бірімен пікірталасқан. Сол пікірталастарда алогизм мен
софизімдік түйсік,елестеу пайда болған,оларды пікірінше, «адам- бұл қанаты жоқ
тауық». Осыдан мынадай пікір қалыптасады және оны тікелей аударсақ, фило-
софия бұл -даналыққа махаббат, яғни қазақша оның мән-мағыналық формасын
келтіріп,нақты айтсақ, даналыққа деген махаббат немесе даналыққа құштарлық,
және бұл риторика мен логикаға негізделуі тиіс. Дегенмен, ғасырлар бойы
қалыптасқан философия рационализ, эмпирим сияқты бағыттарға сүйенген,күні
бүгін кейбір адамдар,мен оларды сауатсыз,көзі ашылмаған адам ,нағыз надан дер
едім,олардың ойынша философия бұл жалған немесе өтірік, сандырақ нәрсе деп
таниды. Бірақ менің белгілі бір дерекке сүйеніп,философияның анықтамасын ай-
тайын, философия - бұл қоршаған дүниені немесе ортаны зерттейтін ғылым, және
табиғаттың (қоршаған ортаның) өзара байланыстарын зерттейді.Бұл ғылымның
мақсаты бар,және болады,ол дүниеге көзқарас...
Бүгінгі философия барлығын да тәжірибеге бағындырады, ақыннан баста
п,математик,физик,метафизиктерді қамтиды. Яғни Ф.Ницще айтқандай, «фило-
софия -бұл ғылымдардың атасы». Шыны керек, солай –ақ, бірақ әр ғылым өзін
жоғары бағалайды, мысалы : “математика- нақты ғылым, ғылымдардың патша-
сы”,- дейді, ал Мұхамеджан Тазабековтың сөзіне сүйенсем, «Дін- ғылымның
атасы деп жырлаған, Мұқағали ақылсыз емес еді», сонда ғылымдардың патша-
сы кім?! Бірақ бұл басқа әңгіме, басқа мәселе. Менің ойымша, философ деген
ақын ғой,онымен қоса әдебиетке жақын ғой, оған мысал ретінде, қазақтың ұлы
ақыны Абай, Шәкірім сияқты ақын, дана, жазушыларымыз философияны зерт-
теп, оған жаңалық енгізбесе де, олар философиялық тұрғыдан,ойлардан алыс
болған жоқ.Тағы да айтып кететін жайт,бұл кез келген еңбекті жазу оңай емес,
яғни оған филологиялық білім керек, мысалы бір философия еңбегін жазсам,
мен әдебиеттің заңдарын білу арқылы, философиялық еңбегімді көркем қылып,
әрі оны қызықтырып жазар едім. Әркімнің қолынан келе бермейди кітап жазу,
өйткені әр тақырыпты,және ондағы ақпаратты белгілі бір ретпен жазылуы тиіс,
жоғарыдай айтып кеткендей “философ деген ақын”.Мәдениеттану, әлеуметтану
тағы да басқа сол сияқты ғылыми пәндерде жазылатын кітаптар, зерттеп, оған
жаңадан белгілі бір жаңалық енгізгеннің өзінде философияға келіп негізделеді.
Көптеген жоғарғы оқу орындарда философия кафедралары бар,солардан дипломы
185
бар философтар шығады,алайда практикасының мәні,шығуы неде?Философия
мамандығының қандай пайдасы бар? Тек көпіріп сөлей беру ме?Көпірме фило-
софия (напыщенная философия)-бұл философияның кілті,яғни бұрыңғы,ежелгі
философияны бүгінгі таңдағы философиямен алмастырғанымыз,естеріңзде бол-
са, жоғарды мен айтқанмын философия- бұл сандыраққа толы ғылым деп тани-
тын адамдар бар екенін...
Қалайша бұл пайда болды? Бұл сұраққа жауап беру үшін, дүниеге
көзқарастың ежелгі біздің ата-бабалармыздың ойлдарына сүйенейік, олар
дүниені материалдық және рухани деп бөлген, олар бізге қарағанда дүниеге
деген көзқарасы жоғары түсінген: дүниенің бастауы от, су, металл деген,ал
бұл тірі(живое,косное), яғни әлеуметтік және интеллектуалды. Бұдан физика,
биология, социология (демология) и гносеология пайда болады.Осы жерде
ескеретін жағдай бұл,субъективті объективтен ажырата білген. Евклид
ақиқатпен байланысып қалғанда,5 постулатқа негіздесе,одан кейін Рене Декарт
координаталық жүйені ұсынған болатын.Сол кезден бастап,математикалық
түсінік,ұғым қалыптасты, яғни математикалық амалдар мен абстракциядан туады.
Алайда,бәрі шартты түрде болатынын түсінген,себебі шарттың(условность)
болуы не болмауы шынайы өмірде жоқ екеніне оп-оңай көздері жететін.Бүгінгі
таңда ғылым ақиқатқа,шарттарға қоса 3, 4, 6 және 11 өлшемдерді тіркейді,тіпті
уақыт пен энтропияға және тағы басқа сол сияқты.Сонда бұл не?ғылыми
патология ма?Жоқ,бұл ғылымның философиялануы,яғни Ницшенің сөзін
растайды.Ал Исаак Ньютон өзінің еңбегін «Натурфилософиядағы математикалық
бастау» (О математических началах натуральной философии) атауы бос
әурешілік,сандырақ,әлде ұқсастық па(совпадение)?
Бұдан
қорытында,Ньютонның
ойы,оның
жұмысы-нақтылы,яғни
натурафилософиялық, субъективті жалған емес екенін, физикадағы алғашқы,
бастапқы объект - табиғат,тек бұның бәрін математикалық тілімен жазған
болатын. Солай жүріп ол,практикадан теорияға, бірақ керісінше пайымдаған емес,
теориядан практикаға деп. Бірақ қазіргі ғылымда, қай кез болмасын фундаментті,
яғни енді-енді дамып келе жатқан секілді,және бәрі аяғынан басына қойған.
Мысалы, біз программисті алсақ, олар бірінші теориямен танысып,содан соң
практикада компьютерлік құрал-жабдықтар мен бағдарламалық жасақтамамен
(программное обеспечение) танысып ,үйренеді.Осыған орай бір мысал,өзімді
алсам,мен компьютерді программисттің деңгейінде білемін (90 пайыз),оны
мен практика жүзінде біліп таныстым,яғни компьтердің болттарын алып,ішін
ашып,оны қарап,бөлшектерімен таныстым. Ал екінші менің мысалым сендерге
қалай болар екен,ойыңызды өзгертер ме екен?Кезінде Ньютон ағаштың түбінде
отырғанда,басына алма түсіп тигені бізге мәлім. Ал оның әлемдік тартылыс
заңын ашуына себеп болған алма,яғни ол дененің белгілі бір биіктіктен
құлаған сайын,оның құлау массасы өте күшті болатынын практика жүзінде
көрді,енді бұны ғылыми тілде айтсам,потенциалдық энергиямен кинетикалық
энергияның алмасуы,әлемдік тартылыс заңынын бір бөлшегі.Айта берсек мысал
көп,Архимедтің суға түскендегі жағдайына байланысты,оның бізгі қалдырып
кеткен еңбегіндегі заңы “Архивмед заңы”,тағы да мысал ретінде оның кезіндегі
патшасы оған тапсырма бергендегі алтын мен қорғасынның белгілі бір мерзімдегі
біріне-бірі айырылмастай жұп секілді жабысып қалуы...Тобықтай сөздің
186
түйіні,мен Исаак Ньютонның тұжырымдамасымен толықтай келісемін,бірінші
практикалық жүйемен танысып,одан кейін оны ғылымға не еңгізіп, я болмаса
басқа таныстарыңа ойыңмен бөлісу арқылы үйрету,таныстыру дегендей т.б. Ал
енді қазіргі түсінік пен Ньютонның түсінігін байланыстырып,ғылымның қандай
жүйеден тұрады,және бұл теориямен практика өз заманында қалай қалытасты.
Бұл тұжырымдаманы түсініп,оны дәлелдеу үшін Гедельдің теоремасына
сүйеніп, призма арқылы: егерде жүйе Z ( құрамы арифметика нақты сандар
жиынтығы) теріс болмаса,онда оның ішінде А пайда болады, А-ның өзі жеке бола
алмайды,ал оның мойындауы мен теориясы Z-тың берілгенімен дәлелденбеуіде
түпнегіз жатыр.Осы жерде сіздерде мынадай ой туындады ма: «Гедель жайдан
жай математикалық принцптерді ескерді ме,»әлде «Z жүйесінде» қателік
бар ма?». Әрине,жоқ, бұл теорема арқылы ол жалпы және нақты теориялық
ғылымның сырын ашты.Егерде оның теоремасын айналдырып(развернутым)
қарасақ, сонда мынадай сипат,ұғым,ой пайда болады. Барлық ғылым жүйесі
2-ге бөлінеді,теориялық және қолданбалы(іс жүзінде немесе практика) екенін
бәрі біледі,бірақ іс жүзінде ешкімның де ойына келмейтін нәрсе,бұл олардың
айырмашылығында жатыр. Себебі объективті ақпарат,біртіндеп субъективті
пікірге айналып,алмасып жатыр,сонда кез-келген теория - бұл ой,сана,ал
субъективті заңға сүйенсек,әр ғылым - бұл судан - таза,сүттен - ақ дегендей
идеализм болады.
Жалпы мен ойымды қорытындылайтын болсам, «философияның
рөлі,маңыздылығы»деген сұраққа қысқаша жауап қайтарайын.Негізгі айтпақ
ойым,былай болмақ, философия бұл даналыққа құштарлық қана емес,бұл өмірге
деген жалпы құштарлық.Мысал келтірсем,біздің елімізде және басқа елдерде
өте ауыр,жаман жағдай - демографиялық апат десем қателеспеймін деп толық
айта аламын,қылмыстар көбейіп,өзін-өзіне қол жұмсау дегендей,бұл масқара!Ал
философияда экзестенциализм деген ұғым бар,яғни өмір сүру немесе өмір
сүру философиясы десек,онда бұл жалпы философия пәнін мектепте,колледж,
жоғарғы оқу орындарында пән ретінде оқыту керек.Мысалы 10 мен 11
сыныптағы оқытылатын пәндердің оқулықтары жіп-жіңішке,яғни ақпарат
аз,себебі ол ақпараттар 5-9 сыныпта аралығында айтылып,қайталанылып
болды.Бір нәрсені,бір ақпаратты көпірте бергенше,осын пәнді оқытса деп
ойлаймын,онымен қоса мәдениеттану,социология(қоғамтану) т.б. Жаңа ғана
мен айтқанымдай өмір сүру философиясы,дәлірек әрі жалпылама айтқанда
“философия адамды адам қылып қалыптастырады және өмірді қалай қадірлеуін
түсінуге көмектеседі” деп ойлап мен тұжырымға келемін.Кім біледі мүмкін
мен қателесіп жатқаным да шығар,бірақ бұл менің ойым,сондықтан менің бұл
тұжырымдамама дұрыс көзқараспен қарайтын шығарсыз деп үміттенемін.
Өзімді айтатын болсам,бұрын «Гарри Поттер және философиялық тас» киноны
көргенде,философияның не екенін түсінбей жүретінмін,сол кинода оның қандай
рөлі бар деп?Ал бала кезімдегі ойыммен сендермен бөлісейін,философиялық тас
қайда,неге киноның соңында оны тауып,көрсетпеді.Яғни мен философиялық та-
сты көз алдыма елестеткенде,мен оны алмаз секілді тас шығар деп ойлайтын-
мын.
Ал енді сендерге философия пәнімен танысқаннан кейінгі ойыма кел-
ген ойымды ортаға салайын.Кинода Гарри Поттердің және басқа оқушылардың
даналыққа,білімге деген құштарлығын көруге болатынын енді түсіндім.Ал бала
187
философияны оқып,философиялық ойларды миына тоқыса,онда ол өмірдегі
қиыншылықтардан қашатын бірақ жол,ол “өлім” деген ойдан арылады деп ой-
лаймын.Ал енді менің соңғы сөзім,қазақ халқымыз текке айтпайды ғой, «ой-
нап сөйлесең де,ойлап сөйле»,немесе орыс халқы оны былай пайымдайды
«думай,прежде чем говорить» дегендей, философияның және басқа да ғылымның
салаларына деген көзқарасыңызды білдіріп айтар кезде ойланыңыз,және олардың
біз үшін өмірде маңызы бар ма жоқ па?!
Бұл дүниенің пайда болуын үш негізде түсіндіреді,яғни пайда болу себептері
ретінде аңыз, философия және дінді негізге ала отырады. Философия дегеніміз
бұл білімге құштарлық, махаббат , яғни бірнәрсені жаттап айтып беру емес,
түсіне білу, дұрыс қабылдау болып табылады. Мысалы ретінде Ұлттық Бірыңғай
тестілеуге дайындалатын оқушыларды алсақ, олардың тестілеу алдында дай-
ындалып жинаған 125 ұпай болса немесе төмен болса да, бұл оқушылардың
білімінің деңгейін анықтап көрсете алмайды, себебі жаттап дайындалғанында.
Тек оқушылар ғана студенттердің жинаған жалпы ұпайлары олардың білімін
көрсетпейді.Нағыз білім деп адамның кез – келген уақытта сол сұраққа жауап
бере алу қабілеті.Ал бірнәрсені білу, я болмаса бір жұмбақтың сырын ашу,іздену
бұл білімге деген құштарлық, яғни философия.Ал философия кәсіпорын немесе
жалпы атау ретінде ұйым секілді алдына мақсат қойып, соған жетуге тырысады,
және ол кез-келген ұйым сияқты ішкі және сыртқы факторларды қарастырып,
ескереді.Бұл дегеніміз философия нақты деректерге немесе ғылымға және
ғылыми пәндерге ғана сүйенбейді, оған қоса дін мен аңызды фактор ретінде
қарастырады.
Менің түсінігім бойынша 60-70 жылдарда пайда болған ғылымдар көбінесе
алдыңғы дамыған не даму үстіндегі ғылымдардан бөлініп шыққан. Мысалы био-
логиядан экология,философиядан әлеуметтану, ал мәдениеттің бөлінуі фило-
софиядан немесе әдебиет пен тарих болу мүмкін.Алайда бүгінде бір-бірімен
туысқандық қатынастары жойылған жоқ, мысалы ретінде жоғарға оқу орнында
алсақ,кафедраларынан көруге болады. Атап айтқанда философия кафедрасында
тарих пен философия, әлеуметтану болса, әлем тілдер кафедрасында мәдениет
пен әдебиет және басқа да тілдер өзара байланысқан. Негізінен айтпақ ойым
бір ғылымның бөлінуе дұрыс емес, мысалы бір елді бірнеше бөлікке , яғни
автономиялық облыстарға бөлгенмен бірдей. Қанша бөлікке бөлсең де, оларды
байланыстыратын ортақ нәрсе болады.Экологиядағы терминдер биологияда да
қарастырылады, пайдаланылады тағы да басқа ғылыми пәндер өзара байланы-
сады.
Өмірдегі бір қызық нәрсе барлығы да бір- бірімен байланысқан және
байланыстыруға болады. Мысалы орыс халқының мынадай мақалы бар : «Чем
выше поднимаешься, тем больнее падать». Былай қарасаң бұл физиканың
заңдылығы, яғни кез- келген дененің биіктен құлағанда кинетикалық энерги-
ясы артып,гравитация мен оның массасына қарай жоғарғы күшке ие бола оты-
рып, жерге қатты соғылады, ал жерге соғылу нәтижесінде ол сынады немесе
жарақат алады, яғни оның тірі не өлі заттық қасиетіне байланысты. Ал енді осы
сөзді философия жағынан қарастырсақ, адамның өмірде белгілі бір деңгейге не-
месе статусқа ие болғанда, оның сол статусына я болмаса беделінен айырылу
мүмкіндігі туған жағдайда, жағдайдың мәз емес екендігін аныөтауға болады.
Сондықтан естеріңізде жүрсін : «Өмір- толған философия».
Достарыңызбен бөлісу: |