Бағдарламасы негізінде құрастырған «Әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар»


Тақырып: Қазақстан Ресей құрамына кіруінің алғашқы кезеңі – 2 сағат



Pdf көрінісі
бет17/34
Дата11.01.2017
өлшемі2,41 Mb.
#1677
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   34

Тақырып: Қазақстан Ресей құрамына кіруінің алғашқы кезеңі – 2 сағат 
Дәріс мақсаты: Жаңа оқу материалымен таныстыра отырып, білім білік дағдыларын 
қалыптастыру. 
 
1.
 
ХҮІІІ ғ. басындағы қазақ – жонғар соғыстары. «Ақтабан шұбырынды, 
Алқакөл сұлама» жылдары 
2.
 
Ресей империясының ХҮІІІ ғ. 30-50-ші жылдарындағы Қазақстандағы 
саясаты. Кіші және Орта жүз қазақтарының Ресей империясының 
құрамына кіруі. Ресей отарлау саясатының негізгі бағыттары 
3.
 
ХҮІІІ ғ. екінші жартысындағы қазақ қоғамы 
 
ХҮІІІ ғ. басындағы қазақ – жонғар соғыстары. «Ақтабан шұбырынды, 
Алқакөл сұлама» жылдары 
XVIII  ғасырдың  басында  Қазақ  хандығының  сыртқы  саяси  жағдайы 
шиеленісті.  Тәуке  хан  өзара  тартыстарды  уақытша  тыйып,  тыныштықты 
қалпына  келтірген  еді.  Алайда  сұлтандардың  өз  алдына  оқшауланып,  билік 
үшін  күресуі  көп  ұзамай  бірлікті  бұзды.  Қазақ  қоғамының  өз  ішінде 
дағдарысты  құбылыстар  етек  алды:  көшпелі  ұжымдар  арасында  ынтымақ 
болмады,  алауыздық  етек  алып,  рулық  тартыс,  билік  үшін  ішкі  саяси  күрес 
күшейді.    Ал  бұл  жағдайды  көршілер  дереу  пайдаланды.  Жан-жақтан: 
солтүстік  пен  батыстан  –  Ресей  мемлекетінің,  шығыстан  –  жоңғарлардың, 

оңтүстіктен  –  Орта  Азия  хандықтарының  саяси  қысым  жасауы  айқын 
аңғарылды. Қазақ халқы үшін ең басты қауіп  – Жоңғар хандығы  тарапынан 
төнді.    XVIII  ғасырдың  басында  жоңғарлардың  негізгі  тайпалары: 
торғауыттар  мен  дербеттер  Тарбағатай,  Монғол  Алтайы,  Ертістің  жоғарғы 
ағысын, хойттар Қара Ертіс  салалары мен  Қобда өзенінің  алқабында, ал  Іле 
өзенінің  орта  және  жоғарғы  салалары  бойында  чоростар,  Жоңғар 
Алатауының  беткейлерінде  хошоуттар  мекендеді.  Жоңғар  экономикасының 
негізі мал шаруашылығы болды. Мал басының өсуімен, жер көлемін кеңейту 
мақсатында  жоңғарлар  Қазақ  хандығы  территориясына  шапқыншылықты 
жиілетті.  Сонымен  бірге  жоңғарлар  Қазақстанның  оңтүстігіндегі  сауда-
қолөнер орталықтары шоғырланған қалаларды басып алуды көздеді.  
1718  жылдың  көктемінде  Аягөз  өзенінің  бойында  қазақ  жасақтары  мен 
жоңғар  әскерлерінің  арасында  болған  үш  күндік  қантөгіс  ұрыста  қазақтар 
жеңіліп  қалды.  Оған  себеп:  Әбілқайыр  және  Қайып  сұлтандар  өздерінің 
соғыс қимылдарын келісіп жүргізбеді. Осы жылы жоңғар әскерлері Түркістан 
маңында  Бөген,  Шаян  және  Арыс  өзендерінің  бойында  қазақтарды  тағы  да 
қырғынға ұшыратқан.   
1715-1722  жж.  жоңғарлардың  негізгі  әскери  күші  Цин  империясы 
әскерлеріне  қарсы    соғысып  жатты.  1722  ж.  Цин  императоры  Кансидің 
өлімінен  соң  Цеван  Рабдан  енді  басты  күшті  Қазақ  хандығына  қарсы 
бағыштады.  1723  жылы  қазақ-жоңғар  қарым-қатынасы  шиеленісті.  Қытай 
мемлекетімен  бейбіт    келісім-шартқа  отырғаннан  кейін  жоңғарлар  Қазақ 
хандығына қарсы соғыс ашуды шешті. 
Қазақ хандықтарының саяси бытыраңқылығын пайдаланып, 1723 жылы 
көктемде  жоңғарлар  70  мың  әскермен  жеті  бағыттан  қазақ  жеріне 
тұтқиылдан басып кірді. Цеван-Рабданның ұлы Қалдан Церен Балқашқа одан 
әрі қарай Қаратау өңіріне, Құлан батур Алтайға және Көктал өзенінің өңіріне
Амурсана әскері Нұра өзені бағытында, Қалдан Цереннің Цеван-Доржы атты 
ұлы  Шелек  өзенінің  аңғарымен,  екінші  ұлы  Лама-Доржы  Ыстықкөл 
бағытында  қозғалды.  Дода-Доржым  нойон  Шу  өзеніне  бағыт  алса,  Цеван-
Рабданның  өзі  Іле  өзені  арқылы  Жетісуды  басып  алуды  көздеді.    Бас 
қолбасшылықты  Цеван-Рабданның  бауыры  Шона-Даба  атқарды.  Алғашқы 
соққыны  Жетісу  мен  Ертіс  өңірінің  қазақтары  қабылдады.  Жоңғарлардың 
шапқыншылығын  күтпеген,  дайындалмаған  халық  әуел  баста  оларға  еш 
қарсылық  көрсете  алмады.  Жоңғарлар  халықты  жаппай  қырып,  мал-мүлкін 
тонады. Қапыда қалған қазақтар үйлерін, мал-мүліктерін тастап босып кетуге 
мәжбүр болды.  
Қаратау  мен  Арыс  өңіріндегі  қазақтардың  көп  бөлігі  жаудың  қолынан 
қаза  тапты.  Алтай  өңірі  толығымен  жоңғарлардың  қолына  көшті.  Қазақ 
рулары  мекендерін  тастап,  Сырдарияның  арғы  бетіне  қарай  қашты. 
Сырдариядан  өткен  Ұлы  және  Орта  жүз  қазақтарының  басым  бөлігі 
Ходжентке,  Орта  жүз  қазақтарының  біраз  бөлігі  Самарқанға,  ал  Кіші  жүз 
қазақтары  Хиуа  мен  Бұхара  территориясына  өтті.    Ал  жоңғарлар  қазақ 
ауылдарын,  қалаларын  басып  алды,  халқын  қырып,  тұтқынға  айдады. 
Әсіресе, Шона-Дабаның бағытындағы халық ауыр зардап шекті. Оның әскері 

5000 қазақ жанұясын тұтқындап, 1000 жанұяны тұтқынға айдады. Жоңғарлар 
Қазақ  хандығы  территориясының  басым  бөлігін  жаулап  алды.  Ендігі  жерде 
қазақ жері мен жоңғарлар ұлысының шекарасы Ұлытау, Балқаш көлі мен Шу
Талас  өзендерінің  арасымен  өтті.  Қазақ  тарихында  бұл  кезең  «Ақтабан 
шұбырынды,  Алқакөл  сұлама  »  деп  аталады.  Қашып,  босқан  қазақтардың 
паналаған  жері  Сырдарияның  сыртындағы  Алқакөл  көлі  болды.  Бұл  оқиға 
қазақтың  кіші  жүзі  арасында  «Сауран  айналған»  деген  атпен  әйгілі  болған. 
Жоңғарлардан  қашқан  Кіші  жүз  қазақтары  соңынан  түскен  жауды  көз 
жаздыру  үшін  Сауран  қаласын  айнала  көшкендіктен,  бұл  оқиға  «Сауран 
айналған» деп аталған екен. Осы заманнан бізге дейін жеткен  «Елім-ай» әні 
халық бұқарасының сол жылдардағы мұң-зарын бейнелейді. 
Бұл  жылдардың  өзінде  жау  халықтың  рухын  сындыра  алмады.  Көп 
жерлерде  халық  жауға  батыл  қарсылық  көрсетті.  Ташкенттің  300  мың 
тұрғындары  қаланы  үш  ай  бойы  ұстап  тұрды.  Халық  жоңғарларға  қарсы 
күресте  ерен  ерліктің  үлгісін  көрсетті.  Сайрам,  Түркістан  қалаларының 
тұрғындары  да  жауға  табанды  қарсы  тұрды.  Осындай  қарсылықтарды 
ұйымдастырушы    Бөгенбай,  Қабанбай,  Саңырық,  Тайлақ,  Жәнібек, 
Малайсары  және  т.б.  халық  батырлары  болды.  Түркістан  қорғанысына 
Қабанбай  мен  Айшыбек  батыр  қатысты.  Қоршауда  қалған  Сайрам  қаласын 
басып  ала  алмаған  жоңғарлар  Сайрамсу  мен  Тубалақ  өзендерінің  ағысын 
өзгертуге  шешім  қабылдайды.  Бұл  өзендер  қаланы  сумен  қамтамасыз 
еткендіктен  қала  тұрғындары  сусыз  қалады.  Осыдан  кейін  ғана  әбден 
әлсіреген  халық  қаланы  жауға  беруге  мәжбүр  болады.  Тек  қалаларда  емес, 
тау, дала өңірлерінде де жау халықтың ұйымдасқан қарсылығына тап болды. 
Қожаберген жыраудың айтуы бойынша қазақтар шегінуі барысында да үлкен 
қарсылық көрсеткен.   
Осы  жылдары  Қазақ  хандығының  батысындағы  қалмақтардың  да  қазақ 
жеріне  шабуылы  жиіледі.  Әбілқайыр  ханның  басшылығымен  қазақ 
жасақтары бұл бағытта да жауға  ұйымдасқан тойтарыс берді. Осынау қиын-
қыстау кезде  халық  сұлтандар мен ру басыларына үміт артпай, өз тарапынан 
да  қарсылық  ұйымдастыра  бастады.  Қазақ  жасақтарының  басында  халық 
батырлары  тұрды.  Халық    рухын  көтеруде  Төле,  Қазыбек,  Әйтеке  билердің 
рөлі  зор  болды.  Жауға  қарсы  жаппай  қарсылық  көрсету  1724  жылдан 
басталды.  Бұл  жылы  негізгі  әскери  қақтығыстар  Орталық  және  Батыс 
Қазақстан  территориясында  болды.  Бұл  қақтығыстарда  Әбілқайыр  хан 
бастаған қазақ қолдары табысты қимылдады. Әбілқайыр ханды қазақтардың 
басым бөлігі, қарақалпақтар мойындады. Бұл жылдары Әбілқайыр хан соғыс 
даласында  асқан  батырлық  танытты.  1725  жылы  Әбілқайырдың  қол 
астындағы сарбаздардың соны 50000-ға жетіп, қазақтар жаудың басып алған 
жерлерін    азат  етуді  бастады.  Осы  жылы  басқыншыларға  қарсы  алғаш  рет 
үлкен  тойтарыс  берілді.  Отырар,  Шымкент,  Түркістан,  Сайрам  төңірегін 
жаудан  азат  етуде  қазақ  сарбаздары  асқан  ерлік  көрсетті.  Қаратау 
тауларының  Теректі  алқабындағы    Садырбұлақ  өзенінің  төңірегіндегі 
қалмақтардың қолын Үлкентұр тауына қуып тығып, жойып жіберді. 

Мәшүр  Жүсіп  Көпейдің  жазбаларында  1725  жылы  Бұхара  жақтан  
қайтып  келе  жатқан  Орта  жүз  қазақтары  Шақшақұлы  Жәнібектің 
қолбасшылығымен  Шұбаркүл  көлінің  маңында  жоңғарларды  талқандады 
делінеді.  Шәкәрім  Құдайбердіұлы  да  бұны  растайды.  Осы  жеңістен  кейін 
Ақтасты  өзені  маңында  кездескен  қазақ  сарбаздары  жаудың  тас-талқанын 
шығарды.  Бұл  шайқаста    Әбілқайыр  ханның,  батырлар  Тама  Есет,  Тама 
Жантай, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай қолдары бірлесіп жауға 
соққы  берді.  Шайқас  болған  жер  «Қалмаққырылған»  деген  атқа  ие  болды. 
Одан  кейін  қазақтар  Сырдарияның  төменгі  ағысы  ғана  емес,  Мұғалжар 
тауларының бір бөлігін жоңғарлардан азат етті.  
1726-27  жылдары  сұлтандар  мен  билер  қазақ  жерін  жаудан  азат  етуде 
қазақ руларының басын біріктіру саясатын қолға алды. Осы бағытта Кіші жүз 
ханы  Әбілқайыр  белсенділік  танытты.  1726  жылы  Қаратаудың  оңтүстік 
беткейіндегі  Ордабасы  деген  жерде  үш  жүз  өкілдерінің  біріккен  жиналысы 
болды.  Бұл  жиынға  үш  жүздің  хандары  -  Әбілқайыр,  Әбілмәмбет,  Сәмеке, 
Күшік,  Жолбарыс  сұлтандар,  Төле,  Қазыбек,  Әйтеке  бастаған  билер, 
батырлар қатысты.  Жиналыс барысында үш жүздің басын біріктіріп, жауды 
Қазақ жерінен қуу мәселесі талқыланды. Жиналысқа келгендер жауға қарсы 
біріккен  майдан  құру  керек  деп  шешті.  Сонымен  қатар  қаралған  маңызды 
мәселенің  бірі  –  бүкіл  қазақ  жасағының  қобасшысын  сайлау  туралы  мәселе 
болды.  Ордабысында  Әбілқайыр  хан  бас  қолбасшы  болып  сайланды.  Қазақ 
қолының сардарбегі болып атақты батырлардың ішінен Қанжығалы Бөгенбай  
сайланды. Жиналыста  елімізді жоңғар басқыншыларынан азат ету жолында 
қазақ  халқы  бас  біріктіріп,  бар  күшті  жоңғарларға  қарсы  жұмылдыруға 
шешім  қабылдады.  А.И.Левшиннің  айтуынша  дұшпанға  қарсы  бірігу 
басталды.  
1727  жылдың    жаз  айларында  үш  жүздің  біріккен  қолы  әскери 
дайындықтан  өтіп,  қару-жарақты  жетілдірумен,  дайындаумен  айналысты. 
Әбілқайыр Бұхарадан ат, қару-жарақ сатып алып, әскерді соғыс өнеріне жан-
жақты  дайындайтын  батырларды  өзі  тағайындаған.  Сонымен  бірге  әскери 
барлау  ісіне  үлкен  мән  берілді.  Күзде  Сарыарқа  даласындадағы  Бұланты 
өзенінің  маңында  жауға  үлкен  соққы  берілді.  Шайқас  болған  жазық 
Қарасиыр  деп  аталады.  Осы  маңдағы  соңғы  шайқас  Жақсы  Қон  өзенінің 
жоғарғы  ағысындағы  Қарамолда  деген  жерде  болды.  Бұл  шайқаста  да 
жоңғарлар  жеңіліс  тапты.  Кейіннен  шайқас  болған  аймақ    «Қалмақ 
қырылған»  деп  аталды.  Бұл  жеңіс  қазақтардың  рухын  көтеріп,  болашақ 
күреске жігерлендірді.  Ол қазақ жасақтарының  өз  күштеріне сенуіне, халық 
санасында бетбұрыс  жасауға мүмкіндік берді. Әбілқайыр хан және Бөгенбай 
батырдың  басшылығымен  Қаракерей  Қабанбай,  ошақты  Саңырық,  тама 
Тайлақ,  Шақшақ  Жәнібек,  тама  Есет, Малайсары, тарақты  Байғазы  қолдары 
асқан ерлік көрсетті. Осы шайқастағы қазақтардың ерлігі туралы мәліметтер 
М.Тынышпаевтың,  А.И.Левшиннің,  А.Диваевтың  еңбектерінде  айтылады. 
Үмбетай,  Ақтамберді,  Тәттіқара,  Бұқар,  Көтеш  тағы  басқа  жыраулардың 
жырларында  шайқаста  ерлік  көрсеткен  батырлардың  іс-қимылдары  жан-
жақты сипатталған. 

Жоңғар  басқыншыларына  қарсы  Отан  соғысында  қазақ  тарихы  үшін 
маңызы зор шайқастардың бірі – Аңырақай шайқасы. Бұл шайқас 1730 жылы 
Балқаштың  оңтүстік-батысындағы  Алакөл  маңында  орын  алды.  Аңырақай 
шайқасы болған жер 200 шақырымға созылды. Бұл шайқастың болған орны 
М.Тынышпаевтың,  А.Диваевтың  зерттеулерінде  нақты  сипатталған.  1997 
жылы  Қазақстан  халық  жазушысы  Ә.Кекілбаев  пен  тарихшы  М.Қозыбаев 
бастаған  ғылыми  экспедиция  шайқас  болған  жерді  жан-жақты  зерттеді. 
Экспедиция  барысында  археологиялық  зерттеулер  жүргізіліп,  географиялық 
жер атауларына да үлкен мән берілді. Балқаш көлінің оңтүстігімен Алакөлге 
бет  алғанда  Сұнқайтты  (Сұмқайтты)  өзені,  қазіргі  Жамбыл  облысы  Тараз 
қаласының шығысында Әбілқайыр сайы бар. Ал халық ауыз әдебиетінде бұл 
жерде  жоңғарлар  аңырай  жеңілген  деген  мәлімет  бар.  Археологиялық 
зерттеулер  барысында  сарбаздардың  қару-жарағы,  ер  саймандары  көптеп 
табылды.   
1730  жылдың  көктемінде  қазақ  қолдары  Мойынқұм  мен  Бүркітті, 
Шабақты,  Қарақоңыз,  Ырғайты,  Шу  өзендерінен  Хантау,  Аңырақай 
тауларына қарай жылжыды. Осы кезеңде қазақ әскерінің жалпы саны 29 мың 
болды.  Бұқар  жыраудың  «Қабанбай  батыр»  жырында  мыңдық  басында 
тұрған  29  батырдың  есімдері,    рулары  толық  берілген.    Олар:  Қаракерей 
Қабанбай,  Қанжығалы  Бөгенбай,  Көкжал  Барақ,  Керей  Жәнібек, 
Шанышқылы  Бердіқожа,  Керей  Жанатай  ер,  Тоғас  Қосай,  Тума  Шағалақ, 
Мұрын  Боранбай  және  т.б.  Мыңдықтар  құрамындағы  жүздіктердің  басында 
да  батырлар  тұрды.  Қазақ  әскерінің  сол  қанатын  Әбілмәмбет  хан,  Сәмеке 
сұлтан, Қазыбек би, Қабанбай батыр басқарды. Әскердің оң қанатын Төле би, 
Саңырық,  Қойгелді,  Қосын  Шінет,  Мәмбет,  Сәңкібай,  Шойбек  батырлар 
басқарды.  Әскердің  орталық  тобын  Әбілқайыр,  Әйтеке  би,  Бөгенбай, 
Шақшақ  Жәнібек  батырлар  басқарды.      Шайқас  барысында  жалпы 
қолбасшылықты  Әбілқайыр    жүргізді.    Жоңғарлар  да  бұл  шайқасқа  жан-
жақты дайындалған болатын.  Олардың әскерінің саны да 28-30 мың болған. 
Шайқас  жекпе-жектен  басталады.  Жоңғар  жағынан  талантты  әскери 
қолбасшы,  атақты  күрескер  Шарыш  батыр  шыққан.  Қазақтар  жағынан 
Сабалақ  батыр  шығады.  Жекпе-жек  қарсаңында  Сабалақ  Абылай  атасының 
аруағына  сиынып,  атын  ұран  еткен.    Жекпе-жекте  Сабалақ  батыр  жеңіске 
жетеді.  Сабалақтың  жеңісі  қазақ  сарбаздарының  рухын  көтеріп,  жеңіске 
жетеледі. Осы тарихи оқиғадан кейін Сабалақ батыр (шын аты Әбілмансұр) 
Абылай есіміне ие болды.  
Аңырақай  шайқасына  қатысқан  қазақ  сарбаздары  асқан  ерлік  көрсетті. 
Қаракерей  Қабанбай,  Саңырық,  Шақшақ  Жәнібек,  Тама  Есет,  Шапырашты 
Наурызбай,  Райымбек  ,  Құдайменді    Жібекбай,  Сенгірбай,  Шүйкебай  тағы 
басқа батырлар  қанды  шайқастардың алдыңғы  шептерінде болып,  талай  рет 
суырылып шығып, ерлік үлгісін танытты. Батырлар өзіндік шешім қабылдай 
алатын,  соғыс  ісін  жан-жақты  білетін,  әскери  стратегия,  тактикамен  таныс 
тәжірибелі ерлер еді. Қазыбек, Әйтеке, Төле билер бастаған қазақ билерінің 
жалынды  ұлағаттары  халықтың  рухын  көтеріп,  бірлігін  нығайтты. 
Жырларының  негізгі  тақырыбын  қазақ  батырларының  жоңғарлармен 

соғыстағы ерлігіне арнаған Бұқар, Ақтамберді, Үмбетай жыраулар өздері  де 
бұл  соғысқа  қатысқан.  Бұл  жыраулардың  еңбектерінде  соғыс  барысындағы 
көптеген  іс-қимылдар  жан-жақты  сипатталған.  Жыраулардың    Отан    қорғау 
тақырыбына  арналған  жырлары    қазақ  сарбаздарын  жігерлендіріп,  жеңіс 
күнін жақындата түсті. 
Өкінішке  орай,  Аңырақай  жеңісі  жалғасын  таппады.  Шайқастан  кейін 
қазақ  билеушілерінің  арасында  жік  туды.  Өйткені,  осы  кезде  Болат  хан 
қайтыс болғаннан кейін жоғарғы билік үшін талас басталды. Тәукенің баласы 
Үлкен  хан  Болат  өлгеннен  кейін  оның  орнын  Орта  жүзден  Сәмеке,  Кіші 
жүзден  Әбілқайыр  хан  аламыз  деп  дәмеленді.  Көпшіліктің  қалаған  адамы 
Болаттың  ұлы  Әбілмәмбет  болды.  Сәмеке  мен  Әбілқайыр  өздерін  үлкен 
хандықтан  құр  қалдырды  деп  есептеп,  майдан  даласын  тастап,  кетіп  қалды. 
Нәтижесінде  Әбілмәмбет  сұлтан  Түркістанға  көшсе,  Әбілқайыр    кіші  жүз 
территориясына  қайтады.  Сөйтіп,  қазақ  жерлерін  жоңғарлардан  толық  азат 
ету  ісіне  оңалмас  нұқсан  келді.  Қазақтардың  Аңырақайдағы  жеңісіне 
қарамастан жоңғарлар тарапынан шабуыл тиылмады.  
1723-1730  жылдардағы  Ұлы  Отан  соғысы  жылдары  Шәкәрім 
Құдайбердіұлының  жазбаларында    тек  «Ақтабан  шұбырынды,  Алқакөл 
сұлама»  жылдарының  өзінде  қазақ  халқының  санының  үштен  екісі  кемігені 
туралы  мәлімет  бар.    Демограф  М.Тәтімовтің  санағы  бойынша  1723  жылы 
қазақ  халқының  саны  3  млн.  330  мың  болса,  1725  жылы  2  млн.  222  мыңға 
азайған. 
1730-шы  жылғы  жеңістің  тарихи  маңызы  зор  болды.  Қазақ  халқы  өз 
мемлекетінің  тәуелсіздігін  сақтап,  басып  кірген  жаудың  тас-талқанын 
шығарып  жеңіске  жетті.  Жоңғарлармен  соғыста  ерлік  көрсеткен 
батырлардың,  билердің  есімдерін  ұрпақтары  биікке  көтеріп,  батырлығын 
мақтаныш  тұтады.  Ел  қорғаған  батырлар  ерлігін  дастан  ететін  жырлар 
жазылды.  Атап  айтсақ,  «Қабанбай  батыр»,  «Бөгенбай  батыр»,  «Шақшақ 
Жәнібек батыр», «Қойгелді батыр», «Өтеген батыр» тағы басқа. Олардың аты  
ұранға  айналып,  ел  ардақтайтын  аруақты  жандар  дәрежесіне  көтерілді. 
Бүгінгі  таңда  олардың  атымен  аталатын    Қазақстанның  әр  қаласында 
көшелер,  мекемелер  бар.  1723-30  жылдардағы  Ұлы  Отан  соғысы 
қаһармандарының ерлігі жас ұрпаққа үлгі болып қалмақ. 
Жоңғарлардың шапқыншылық жылдары қазақ жүздерінің экономикалық 
және  саяси  өміріне  ұзақ  уақытқа  терең  із  қалдырып,  қазақ  тарихына  алапат 
ауыр  жылдар  болып  енді.  Қазақтар  мал-мүлкі  мен  адамдарынан  ғана  емес, 
сонымен қоса Жетісудағы шұрайлы жайылымдарынан да уақытша айырылып 
қалды.  Көшіп-қонудың  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  жолдары  бұзылды. 
Сырдария мен Жетісудағы егіншілік мәдениетінің ошақтарына үлкен нұқсан 
келтірілді.  Жоңғарлардың  Қазақстанның  оңтүстігіндегі  қалаларды  басып 
алуының  қазақ  қоғамының  экономикалық  және  мәдени  өмірі  үшін  елеулі 
зардаптары  болды.  Қазақ  рулары  сауда  және  қолөнер  орталықтарынан 
ажырап  қалды.  Қазақ    жүздерінің  арасындағы  шаруашылық-саяси 
байланыстар әлсіреді.  

Жоңғар шапқыншылығы қазақ қоғамының әлеуметтік қатынастарына да 
теріс  әсерін  тигізді.  Елдің  құлдырауы  мен  күйзелуі  салдарынан  кедейлер, 
қоңсылар,  жатақтар  және  т.б.  көбейді.  Өз  бетімен  шаруашылық  жүргізу 
мүмкіндігінен  айырылған  олар  малы  көп  байлардың  бақташылары,  үйдегі 
малайлары ретінде жұмыс істеуге мәжбүр болды.  
Қазақтардың  1730  жылғы  Аңырақай  жеңісіне  қарамастан  Жоңғар 
хандығының  жаңа  шабуылының  тікелей  қаупі  сақталып  қалды.  Қазақ 
хандықтары  жөнінде  барынша  агрессияшыл  саясат  жүргізген  Қалдан 
Цереннің  (1727-1745  жж.)  билік  басына  келуі  мұндай  шабуылдың  қаупін 
күшейтті.  
Қазақ  хандықтарының  Орта  Азия  хандықтарымен  де  қатынастары 
шиеленіскен  күйінде  қала  берді.  Еділ  қалмақтары  және  башқұрттармен 
қарым-қатынастар  да  күрделі  еді.  Осындай  жағдайда  қазақ  билеушілері 
алдында  маңызды  да  күрделі  міндет  –  қазақ  жүздерін  сыртқы  жаудан 
қауіпсіздендіру  және  елдің  феодалдық  бытыраңқылығының  күшейе  түскен 
үрдісін  жою  міндеті  тұрды.  Олардың  бұған  өз  күштерімен  жете 
алмайтындығына  көздері  жете  түсті.  Солтүстіктегі  қуатты  көрші  –  Орыс 
мемлекетімен  одақтасу  қажеттігі  туралы  пиғыл  туындады.  Осылайша  қазақ 
билеушілерінде  орыс-қазақ  саяси  және  экономикалық  байланыстарын 
нығайтып,  Ресейдің  қарауына  кірудің  жолдарын  іздеуге  деген  ұйғарым 
қалыптасты.    
Ресей империясының ХҮІІІ ғ. 30-50-ші жылдарындағы 
Қазақстандағы саясаты. Кіші және Орта жүз қазақтарының Ресей 
империясының құрамына кіруі. Ресей отарлау саясатының негізгі 
бағыттары 
Қазақ  халқының  тарихында  XVІІІ  ғасырдың  басы  аса  бір  ауыр  кезең 
болды. Тәуке хан 1718 ж. қайтыс болған соң қазақ жүздері арасындағы саяси 
және  шаруашылық  байланыстар  әлсіреп,  билеуші  топтар  арасындағы 
алауыздықтар  барған  сайын  үдей  түсті.  Тәуке  хан  тұсында  бір  орталыққа 
бағынған  Қазақ  хандығы  саяси  бытыраңқылыққа  ұшырады.  Белгілі  орыс 
тарихшысы  –  ғалым  А.И.Левшин  өзінің  “Описание  киргиз  –  казачьих  или 
киргиз – кайсацких орд и степей” деген еңбегінде  Қазақ хандығын Тәуке хан 
билеген  кезеңді  былай  сипаттайды:  «Тәукенің  атын  атасақ,  бар  қазақтың 
жүрегін  алғыс  кернеп,  мақтаныш  билейді.  Қазақ  ордасының  Ликургы, 
Драконты  –  сол  адам.  Тәуке  ала  ауыз  болып,  қырғынға  бөккен  елді  сабаға 
түсіріп,  ру  мен  рудың  арасындағы  талай  жылғы  қантөгісті  тоқтатты,  ақылы 
мен  әділдігінің  арқасында  жұрттың  бәрін  өзіне  мойынсұндыра  білді,  әлсіз 
рулардың басын қосып, әулетті дұшпанға қарсы қоя алды, күштілерді тізеге 
салып,  тәубәсіне  келтірді,  баршаға  ортақ  заң  жасап,  сол  бойынша  билік 
айтты». 
Тәукеден  кейін  Қазақ  хандығы  іс  жүзінде  жеке-жеке  хандықтарға 
бөлінді.  Жүздердің    әрқайсысы  жеке  хан  сайлауға  көшті,  ал  ұлыстарды 
басқарып отырған сұлтандар сол хандарға тікелей бағынды. Жолбарыс Ұлы 
жүздің  (1720-1740 жж.), Қайып  (1716-1719 жж.),  сосын  Сәмеке (1719-1734 
жж.) Орта жүздің, Әбілхайыр  (1718-1748 жж.) Кіші жүздің хандары  болды. 

Тәукенің  тағына  отырған  оның  баласы  Болаттың  (1718-1726  жж.)  Ұлы  хан 
деген    атағы  ғана  болды.  Саяси  тұтастығынан  айырылған  мемлекеттің 
экономикасы  да  әлсірей  бастады.  Жүздердің  арасындағы  шаруашылық 
байланыстар  және    сыртқы  сауда-саттық    үзіліп  қалды.  Қолөнер  мен 
сауданың  орталығы  болған  Оңтүстік  Қазақстандағы  қалалар  құлдырады. 
Көшпелі  және  жартылай  көшпелі  аймақтармен  отырықшы  халықтың 
арасындағы 
байланыстың  әлсіреуі  халықтың  әлеуметтік,  мәдени, 
психологиялық, демографиялық жағдайын төмендетті.  
Осы  кезеңде  Қазақ  хандығының  сыртқы  жағдайы  да  шиеленісе  түсті. 
Жоңғар  шапқыншылығы  күшейді.  1690-1697  жж.  болған  Қытай  –  Жоңғар 
соғысы  кезінде  ойраттар  (жоңғарлар)  біраз  жерінен,  адамынан  (50  мың), 
малынан  айырылды.  Қытайға  қарсы  күресуге  күші  жетпеген  Жоңғар 
мемлекеті  соғыста  айырылған  байлықтарын  (адам,  жер,  мал)  Қазақ 
хандығының есебінен қайтаруға тырысты. Ал орыс мемлекеті болса Кіші жүз 
қазақтарының  көш-қоныс  жерлеріне  жақындады.  Ұлы  жүз  бен  Орта  жүз 
қазақтарының  жеріне  Орта  Азия    хандықтары,  Еділ  бойындағы    қалмақтар, 
башқұрттар мен Сібір казактары да үздіксіз шабуыл жасап отырды.  
ХҮІІІ  ғасырдың  20-шы  жылдарының  соңы  мен  30-шы  жылдардың 
басындағы  жеңістердің  нәтижесінде  жоңғарлар  қазақтың  біраз  жерін 
босатуға  мәжбүр  болады.  Әрине,  қазақтың  барлық  жері  түгел  азат  етілмесе 
де,  бұл  үлкен  жетістік  еді.  Қазақтар  осы  шайқастарда  біріксе  ғана  біртұтас 
күш ретінде елі мен жерін қорғауға шамасы жететінін көрсетті. Алайда, Ұлы 
хандық  билік  үшін  күрес  қазақтарды  тағы  бөлшектеді.    Ұлы  хандықтан 
үміткер  Кіші  жүзден  -  Әбілқайыр,  Орта  жүзден  -  Сәмеке    өздерін  елеусіз 
қалдырды  деп,  Аңырақайдағы  жеңістен  соң  шайқас  алаңын  тастап    кетіп 
қалды.  Осы  ішкі  алауыздықтарды,  қырқысуларды  пайдаланған  жоңғарлар 
қазақ жерлерін басып алу үшін қайтадан батысқа қарай жылжыды. Осындай 
қиын–қыстау  жағдай  Әбілқайыр  ханды  Ресей  мемлекеті  сияқты  одақтас 
іздеуге мәжбүр етті.  
1730  жылы    жазда  Әбілқайыр  Уфа  наместнигі  арқылы  Петербургке 
Сейітқұл  Құндағұлы  мен  Құтлымбет  Қоштайұлын  елші  етіп  жіберіп,    Ресей 
империясының бодандығына  қабылдауды өтінеді. Тұтас алғанда Кіші жүздің 
Ресей бодандығын  қабылдауының  объективті  негіздерін жоққа шығармай,  
Әбілқайырдың  алысты көздейтін  жеке басының  менмендігін,  оның барған 
сайын  айқын көріне түскен  қара басын ойлаған  мүдделерін естен шығармау 
керек  екенін  атап  өтеміз.    Хатында  Әбілхайыр  хан  Орта  және  Кіші  жүз 
қазақтарымен түгел Ресей бодандығын қабылдайтынын атап көрсетті.  
Еділ  қалмақтарын,  Қабарда  княздігін,  Грузин  билеушілерінің  жерлерін 
Ресей  құрамына қабылдау Сыртқы істер алқасы дипломатиялық қызметінің 
өрісін  едәуір  кеңейтті.  Бұл  жолы  да  Әбілхайыр  ханның  елшілігіне  барынша 
құрмет көрсетілді. Оның Құтлымбет Қоштайұлы  бастаған 7 адамнан тұратын 
елшілері 
құрметпен 
қабылданып, 
бағалы 
сыйлықтар 
тартылды. 
Әбілхайырдың өтінішін қабыл етудің себебі орыс патшасы І Петрдің  XVІІІ ғ. 
басында  Қазақ  хандығы  туралы  айтылған  пікірінен  белгілі.  Ол:    «…барлық 
Азия елдері мен жерлеріне кірудің кілті мен қақпасы дәл сол орданың (Қазақ 

хандығының) өзі ғана, осы себептен де солар арқылы барлық Азия елдерімен 
қатынасатын жолымыз болуы үшін қазақ ордасы Ресейдің қол астында болу 
керек» деген еді. 
Осы  мақсатта  ол  қазақ  жеріне  1713-1720  жж.  бірнеше  экспедициялар 
жібереді.  Алғашқысын  1713  ж.  кінәз  Александр  Бекович-Черкасский 
басқарды.  1715  ж.  И.Д.  Бухгольц  экспедициясы  жасақталды.  І  Петрдің  И.Д. 
Бухгольцке  арнаулы  жарлығында  оған  Тобылға  бару  және  онда  аталған 
губернатордан 1500 әскери адам алып, солармен   Ямышев көліне бару, онда 
қала  жасап,  аталған  адамдарымен  жаңадан  салынған  бекініс  пен  оның 
маңайына  орналастыратын  жерге  жету  міндеттелді.  Осы  әскери  экспедиция 
үшін адамдар Томскіден,  Түменнен,  Тарадан және төңіректегі қыстақтардан 
жинап  алынды.  Деректерге  қарағанда,  70-ке  жуық  әртүрлі  зеңбіректер 
алынған.    И.Д.Бухгольцтің  қырдағы  жүрісінен  ойраттар    қауіптенбеу  үшін 
қонтайшы  Цеван-Рабтанға  алдын-ала  Сібір  губернаторының  арнаулы 
өкілдері  жіберілді.  1715  жылы  1  қазанда  экспедиция  Ямышев  көлінің 
жағасына  жетіп,  сол  жерде  бекініс  салды.  1716  ж.  Омбы  бекінісінің  іргесі 
қаланады. 1717 ж. полковник П.Ступин экспедициясы Ямышевск бекінісінің 
іргесін одан әрі бекітеді, 1718 ж. П.Северскийдің отряды Железинск бекінісін 
салады,  ал  В.Чередов  басқарған  екінші  отряд  Семей  бекінісінің  іргесін 
қалайды, 1720 жылы И. Лихарев экспедициясы Үлбі өзенінің Ертіске құятын 
жерінде  Өскемен  бекінісінің  негізін  салады.  Ресей  мемлекеті  үшін  Қазақ 
хандығы  «Азияға  кіретін  кілт  пен  қақпа”  ғана  емес,  ол  бірнеше  мың 
халықтың  бейбіт  жолмен  империяға  қосылуы,  Ресейдің  оңтүстік-шығыс 
шекарасында  тыныштықтың  орнауы  еді.  Сонымен  бірге  Ресей  қазақтар 
арқылы  жоңғарлар  мен  башқұрттарға  күш  көрсетуге  немесе  әлсіретуге 
мүмкіндік аламыз және Орта Азия халықтарын бағындыруға жеңілдік туады 
деп есептеді. 
1731  жылы  19  ақпанда  Ресейдің  патшасы  Анна  Иоановна  қазақтарды 
Ресей  бодандығына  қабылдау  жөніндегі  құжатқа  қол  қойды.  Бұл  құжатта 
былай  жазылған:  біріншіден,  қазақтар  патшаға  берік  болса  және  де  салық 
төлеп тұруға уәде берсе, екіншіден, Ресей азаматтары қазақтарды ренжітпесе, 
қорлық  көрсетпесе;  үшіншіден,  қазақтарға  біреулер  шабуыл  жасаса,  Ресей 
империясы оларды өз азаматтарындай қорғаса, төртіншіден, тұтқынға түскен 
орыс  азаматтарын  қайтарып,  башқұрт  және  де  қалмақтармен  тату-тәтті 
боламыз деп қазақтар уәде беріп отырса, біз оларды Ресей империясының қол 
астына  аламыз  да,  оның  боданы  деп  есептейміз.  Ал  қазақтар,  империяның 
боданы болған соң, өз жерлерінде Ресей бодандарына ешқандай қиыншылық 
жасамай, ренжітпей, тату-тәтті болуы қажет. 
Осы грамотаны қазақтарға жеткізу үшін 1731 жылдың 31 сәуірінде Ресей 
Кіші  жүзге  Сыртқы  істер  коллегиясының  тілмәші  А.И.Тевкелев  бастаған 
арнайы  елшілік    жіберді.  Патша  үкіметі  А.И.Тевкелевті  қырғыз-қайсақ 
ордасын Ресей бодандығына келтірудегі міндеттері белгіленген Мемлекеттік 
сыртқы  істер  алқасының  12  тармақтан  тұратын    нұсқауымен  жабдықтады.  
Бұл құжат дипломатиялық миссия үшін іс-қимыл бағдарламасы болды.  Онда 
Ресей  елшісіне  тек  Кіші  жүз  қазақтарын  ғана  емес,  бүкіл  қазақ  хандығын 

түгел бодандыққа өткізу  міндеті қойылған еді. Нұсқауда Ресей бодандығын 
қабылдау  мәселесінде  хан  төңірегінде  алауыздықтар  анықталған  жағдайда 
дипломаттың еркін нұсқаулар таңдау мүмкіндігі болды.   
Империяның  ішкі  губернияларына  неғұрлым  жақын  орналасқан  Кіші 
жүзге  дипломат  жібергенде  үкіметте  ол  жөнінде  жеткілікті  ақпарат  болған 
жоқ,  тек  Қазақстанның  солтүстік-батыс  аудандары  туралы  Сыртқы  істер 
алқасының кеңсесінде бәрі алдын-ала алынған, үзік-созық сипаттағы мәлімет 
болды.  А.И.Тевкелев  дипломатиялық  тәжірибені  қазақ  жерінде  жүріп 
жинақтады.  Нұсқауда    оған  қырғыз-қайсақтар  туралы  мәліметті  жазып  алу, 
елдің  орфографиясын,  халыққа  бодандықтың  ұнайтын-ұнамайтынын,  оның 
көршілерінің  кімдер  екенін,  өздері  зеңбіректер  құя  білетін-білмейтінін 
зерттеу  міндеті  жүктелді.  Осы  нұсқау  негізінде    А.  И.Тевкелев  күнделік–
журнал жүргізген. 
Белгілі  тарихшы  Н.Маев  150  жыл  өткен  соң,  өзі  жинаған  деректер 
негізінде  даладағы  істің  жайы  туралы  да,  халықтың  салты  туралы  да,  тіпті 
оның  тілектері  туралы  да  сенімді  мәліметтері  болмай,  жорамалмен  әрекет 
еткен үкіметтің көзқарасын сын көзбен бағалады.  
1731  жылы  5  қазанда  А.И.Тевкелев  Ырғыз  өзеніндегі  хан  ордасы 
орналасқан  Майтөбе  сайына  келді.  Атақты  мейманды    бастап  жүруді 
Әбілхайыр  хан  үлкен  баласы,  тәжірибелі  жауынгер,  әкесінің  қызметін 
түгелдей қолдаған Нұрмұхамед Әли Баһадүрге (Нұралыға) тапсырды. Алайда 
Ұлы  даланың  тілі  де,  әдет-ғұрпы  да  жақын,  түсінікті  болған  бұрынғы  татар 
мырзасының  күрделі  дипломатиялық  мансабының  алғашқы  қадамдарының 
өзі  көрнекті    ақсақалдардың,    сұлтандардың  зор    қарсылығына  ұшырады. 
Олар    орысқа  бодандық  туралы  естігілері  де  келмеді,  «ханды  соқыр  тиын 
сияқты  да  көрмеді”  тіпті    оны  өлтіруге  тырысқаны  туралы  дерек  бар.  Осы 
жағдай  Әбілхайырдың Ресей  патшасына елшілерді билеуші  топтармен  және 
халықпен  ақылдаспай    жібергендігін    дәлелдейді.  Ал  Тевкелев  болса  өз 
басының  пайдасын  ойлап  келген  адам,  сондықтан  ол  өз  мақсатын  орындау 
үшін қазақтың кейбір ақсақалдары мен билеріне мол сыйлықтар беріп, алдап-
сулап  әрен  көндірген  деп  жазады  тарихшы  С.Асфендияров.  А.И.Тевкелев  
күнделігіне  2  жылға  жуық  уақыт  бойы  үнемі  өлім  қаупіне  бас  тіге  жүріп,  
аштыққа шыдап, бүкіл қабілетін жұмсап, бүкіл орданы көндіргенін жазды. 
Бірінші  болып  бодандыққа  Әбілхайыр  хан  ант  берді,  оған  Бөкенбай 
ақсақал, содан соң Есет батыр қосылды. Сол арада адалдыққа 27 ақсақал ант 
берді.  Сонымен  қазіргі  кейбір  басылымдарда  жазылып  жүргендей 
бастапқыда  антты  27  емес,  ханнан  басқа  29  адам  бекітті.  Бодандықты 
қабылдаған  Әбілхайыр  Ресей  империясының  шығыс  шекарасын,  орыс 
көпестерінің    сауда  керуендерін    қорғауға,  орыс  мемлекетіне  әскери  көмек 
көрсетуге, бағалы терілерден  салық төлеуге  уәде берді. Бірақ бұл уәделердің  
бәрі толық  орындалған жоқ.  Сонымен қатар Әбілхайыр патша өкіметінен  өз 
ұрпағында  хандық  биліктің  қалуын,    іштен  және  сырттан  қиындықтар  туа 
қалған  жағдайда,    өзіне  тірек  және    қорған  болатын    Ор  бекінісін  салуды 
талап етті. Әбілқайырдың бұл талаптарына  патша өкіметі үлкен мән бермеді,  
себебі  жоғарыдағы  талаптар  патша  үкіметінің  шығыс  шекарасындағы  

мүдделеріне    қарсы  келмеді.    Тіптен  Хан  ордасы    мен  шекаралық  аймақта  
бекініс салу  Ресей үшін хандық бодандықты  нығайтуға  тиімді еді.  
1731 жылы Кіші жүз бен орыс мемлекетінің арасындағы қарым-қатынас 
осы  жылы  Ресей  империясының  протекторатын  қабылдау  туралы  құжатқа 
қол қойғаннан бастап іс жүзінде бекітілді. Бұл сонда, қандай қарым-қатынас? 
«Протекторат  немесе  қамқорлық  қатынастар  -  бастапқыда  күшті  және  әлсіз 
мемлекеттердің  арасында  ерекше  хұқықтар  мен  өзара  міндеттемелер 
белгілейтін  шартқа  негізделген  қатынастар.  Оның  мәнісі  –  алғашқысы 
кейінгісін қорғаса, ал кейінгісі алғашқысына егемендігін сақтай отыра белгілі 
қызмет 
көрсетеді” 
дейді 
Мұхтар 
Құл-Мұхаммед 
өзінің 
«Орыс 
энциклопедияларындағы  қазақ  шежіресі»  деген  еңбегінде.  Протекторат  – 
қорғаушы,  қамқоршы,  тірегі,  демеушісі.  Протекторатын  қабылдау  –  күшті 
мемлекет  әлсіз  мемлекеттің  қорғаушысы,  қамқоршысы,  демеушісі,  арқа 
сүйегіші,  тірегі  болады,  ал  әлсіз  мемлекет  сол  үшін  белгіленген  (келіскен) 
міндеттер  атқарып  отырады.  Басқаша  айтқанда,  Ресей  империясы  Қазақ 
мемлекетін  (Кіші  жүзді)  сыртқы  жаулардан  қорғап,  ішкі  саясатына 
араласпай,  қазақтардың  егемендігін  сақтап  қалуға  мүмкіндік  жасауға  тиіс. 
Әбілхайыр  ханның  Ресей  патшасына  жазған  хатына,  Анна  Иоановнаның 
қазақ  халқына  берген  грамотасының  мазмұнына  қарап,  бұл  тарихи  процесті 
Қазақстанның  өз  еркімен  Ресей  империясына  кірді  деп  айтуға  болмас.  Кіші 
жүз  басшылары  Ресей  империясының  протекторатын  қабылдауы  немесе 
оның  «боданы»  болуын  сұрауы  тарихи  факт.  Алайда    «бодан»  (подданный) 
қосылу емес. Ол тату болу, бейбіт қарым–қатынас жасау, одақтасу, адал болу 
деген ұғымдарды білдіреді. 
Әілхайыр  хан  Ресеймен  татулыққа  жету  арқылы  таққа  талас  мәселесін 
шешуді ойлады, яғни өзінің билікке жетуінің бірден-бір жолы деп  үміттенді. 
Екіншіден,  халықтың  ұзақ  соғыстан  шаршағанын,  экономиканың 
қансырағанын,  орыс  бекіністерінің  қаптауын,  орыс-казак  станицаларының 
салынуын    және    жоңғарлар  мен  Еділ  қалмақтарынан,  Орта  Азия 
хандықтарынан,  Қытайдан  келетін    қауіп-қатерлерді  ескере  отырып,  ол 
Ресейден  бодандықты  сұрауға  мәжбүр  болды.  Дәл  осы  сәтте  хан  тағына 
лайықты  адам  «соғыс  тәжірибесі  мол,  атағы  да,  абыройы  да  зор,  өктем 
мінезді,  өркөкірек  Әбілхайыр  …»  болды  дейді  тарихшы  Ж.  Қасымбаев.  Ал 
М.  Мағауиннің  пікірінше:    «…  үш  жүздің  әскерлерінің  бас  қолбасшысы 
сайланып,  өзінің  ұйымдастырушылық  дарын,  қабілеті,  жеке  басының 
ерлігімен  аты  шыққан,  оның  үстіне  тәжірибесі  мол…Әбілхайырдың  аға 
хандықтан үміт етуіне негізі бар еді …». Тарихшы-ғалым М.Қ. Қозыбаевтың  
пікірі  де  осы  мағынамен  ұштасады.  Ол:  «Сол  бір  сәтте  төре  әулетінде 
Әбілхайырдан басқа жан жоқты. Алайда бақ таласы, тақ таласы, жүздік талас 
нәтижесінде  бұл  мақсат  іске  аспады.  Әбілхайыр  хан  халық  бірлігін,  оның 
болашақ тірлігінің өзіндік жолын іздеді …» дейді. 
Сонымен қатар Ресей патшалығы қазақ хандықтарын түгел өзіне қарату 
мақсатында  бұл  өлкеге  бірнеше    экспедиция  жасақтады.  1734  жылы  
мамырда қырғыз-қайсақ экспедициясы құрылды. Көп кешікпей оны Орынбор 
экспедициясы  деп  атады.  Ол  экспедицияны  сенаттың  обер  хатшысы  И.  К. 

Кириллов  басқарды.  Ол  өлген  соң  1737  жылы  Н.  Татищев  келді.  Бұл 
экспедициялардың  мақсаты  Кіші  жүз  және  Орта  жүздегі  ықпалды  Шыңғыс 
ұрпақтарының  бодандығын  нығайту  болды.  1740  жылы  Орынбор  бекінісіне 
олар қазақтың беделді сұлтандарын шақырып, Ресейге өздерінің бодандығын 
мойындауды  талап  етті.  Осы  жолы  орта  жүздің  біраз  сұлтандары  Ресей 
бодандығын  қабылдады.    Алайда,  айта  кету  керек,    бұл  жерде  бодандық 
қабылдау  тұралы    құжатқа  қол  қою  рәсімі  болған  жоқ.  Осыған  байланысты  
айта  кететін  жәйт,  қазақ  билеуші  топтарының    бодандық  туралы  мәселеге  
өте  селқос  қарауында.  Оған  патшалық  Ресей  империясының  қазақ  билеуші 
топтарынан    ант  алу  рәсімін    жиі  қайталауы  себеп  болды.  Мысалы: 
Әбілқайырдың өзі  үш рет ант берген. Әбілқайырдың 1742 жылы тамыздың  
20-жұлдызында  берген  антының    1731,  1738  жылдардағы  анттарының 
мәніндей құны болмаған.  
1740 жылы Қытаймен бейбіт бітім жасасқан жоңғарлар 1741 ж. Орта жүз 
қазақтарының  жеріне  басып  кіреді.  Күтпеген  соққыны  қазақтар  қайтара 
алмай, Кіші жүз жеріне қарай шегінуге мәжбүр болады. Әбілхайыр хан дереу 
Ресейден әскери  көмек сұрайды. Бірақ Ресей  империясы көмек көрсетпейді, 
өз азаматтары (подданныйы) ретінде санап, сыртқы жаудан қорғамайды. Бұл 
жерде  Ресейдің  екіжүзді  саясаты  көрінеді  және  де  Орта  жүздің  Ресей 
протекторатын  қабылдауы  жай  ғана  сөз  жүзінде  қалып,  ешқандай  саяси 
мағынасы болмаған деп айтуға болады. Ресей империясы қазақ хандығының 
күшеюін  немесе  біртұтас  болғанын  қаламады.  Себебі,  ондай  мемлекетті 
бағындыру  қиын  болатынын  түсінді.  Сондықтан  Ресей  қазақ  билеушілерін 
бір–біріне  айдап  салу  және  түрлі  сыйлықтар  мен  атақтар  таратып  өз 
мақсаттарына  пайдалану,  қазақ  жерін  Ресей  империясының  отарына 
айналдыру  саясатын  ұстанды.  Ресей  Әбілхайыр  ханды  патша  үкіметіне 
түгелдей тәуелді ету үшін  оның ұлы Қожахметті аманатта ұстады. Тарихшы 
С.  Асфендияровтың    пікірі  бойынша  патшалық  үкімет  Қазақстанға  достық 
және  бодандық  туын  желеу  етіп,  жыртқыштық,  тонаушылық  саясатты 
ұстанды.  
Патша  үкіметінің  Кіші  жүздегі  өз  ықпалын  күшейтуге  бағытталған 
шаралары  Әбілхайыр  ханды  қарсылыққа  мәжбүрледі.  1744  жылы  ол 
қарақалпақтарды  шауып,  Астраханнан  Хиуа  мен  Бұқараға  тауар  алып  бара 
жатқан  көпестерді  тонайды,  1746  ж.  Ресей  қарамағындағы  қалмақтарға, 
сосын  орыс  шекараларына  шабуыл  жасайды.  Жоңғар  хандығы  әлсіреген 
кезеңде    қазақ  жеріне  орыстар  билігінің  таралуына  орай  бұл  мәселелер 
Әбілхайырдың  Орынбор  әкімшілерімен  жиі  өткізілген  қиын  келіссөздердің 
нысанасына  айналып,  егес,  күтпеген  түсініспеушіліктер  туғызды.  Осы 
жағдай  Әбілхайыр  ханның  Ресей  жағына  қатысты  бұрынғы  адал  және  ізгі 
ниетті  көзқарасының  салқындауына  себеп  болды.  Әбілхайыр  ханның  Ресей 
билеушілеріне  қарсылық  көрсеткені  төмендегіден  көрінеді.  1748  жылы 
Әбілхайыр  ханды  Орта  жүздің  Барақ  сұлтаны  өлтіргенде  Ресей 
империясының  шенеуніктері  былай  деп  жазған:  «Әбілхайыр  хан  қаншалық 
қиянат  жасаса  да,  басқаларға  қарағанда  бірінші  болып  императордың  ұлы 
мәртебесінің қол астына кірген еді».  

Осы жылы патша үкіметі Кіші жүздің хандығына Әбілхайырдың баласы 
Нұралыны бекітті және ол Петербордан Орынборға әкелген сыйлықтарға ие 
болды.  Патша  Анна  Иоанновнаның  атынан  келген  тартулар    атап  айтқанда, 
«татар және орыс тілдерінде жазулары бар қылыш, бұлғын тон, қара түлкілі 
екі  бөрік,  мәуіті  тон  …»,  -  дей  келе,  сонымен  бірге    қасындағы  інілеріне, 
анасына, старшын, бий т.б. сыйлықтарға «жалпы 3000 руб. ден де көп қаржы 
жұмсалды  …»,  -  дейді    В.  Витебский  «Неплюев    және  1758  жылға  дейінгі 
бұрынғы  құрамдағы  Орынбор  өлкесі»  деген  еңбегінде.  Ресей  мемлекетінің 
бұл  ісі  қазақ  мемлекетінің  ішкі  саясатына  араласуға  жағдай  жасау,  яғни 
мемлекетті  бостандығынан,  тәуелсіздігінен  айыруға  жол  бастау  еді.  Бұл 
жерде  Ресей  империясының  дипломатиялық  корпусы  үлкен  рөл  атқарды. 
Мысалы:  Бекович–Черкасский,  Тевкелев  тәрізді  басқа  ұлт  өкілдерінің  қазақ 
жеріндегі  әскери–зерттеу  миссиясы  Ресейдің  қазақ  жеріне  ендеп  кіруіне 
мүмкіндік туғызды.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет