Бағдарламасы негізінде құрастырған «Әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар»


ХҮІІІ ғ. екінші жартысындағы қазақ қоғамы



Pdf көрінісі
бет18/34
Дата11.01.2017
өлшемі2,41 Mb.
#1677
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   34

ХҮІІІ ғ. екінші жартысындағы қазақ қоғамы 
ХVІІІ  ғасырдың  30-40  жылдары-ақ  Кіші  жүз  және  Орта  жүз 
қазақтарының  Ресей  протекторатын  қабылдағанына    қарамастан,  олардың 
бағынуы  нақты  болмады.  Себебі,  қазақ  билеушілері  бұл  кезде  жоңғар 
жаулаушыларымен  қырғи-қабақ  соғыста  еді.  Оның  үстіне  Қазақстан 
шекарасында  күшті  Цин  империясының  пайда  болуы  күрделі  саяси 
жағдайдың тууына  және қазақтардың Ресей ықпалынан шығып кету қаупіне 
әкеліп  соқты.  Жоңғар  басқыншыларының  қазақ  жеріне    әлсін-әлсін 
шабуылын  Ресей  үкіметі  тиімді  пайдалануға  тырысты.  Осыған  орай 
Қазақстанның осы аймақтарын Ресей бодандығында ұстау шекаралық өкімет 
орындарының негізгі міндетіне айналды.  Ресей әскери күштері Қазақстанмен 
шекара  аймақтарында  бекіністер  салуды  үдетті.  Ресей  империясы  ХVІІІ  
ғасырдың  30-40  жылдары  Қазақстанның  солтүстік-батыс  шекарасында 
Верхнеяицкіден  Звериноголов  бекінісіне  дейін  созылып  жатқан  Үй  бекініс–
шебін салды. Оның ұзындығы  770 шақырым болды. 1752 жылдың жазында 
генерал  С.В.Киндерманның  басшылығымен  11  бекіністен  тұратын 
Новоишим  бекіністі  шебін  салу  басталды.  Оның  жалпы  ұзындығы  662 
шақырым  болды.  Осы  бекіністі  шептің  ең  бастысы  Есілдегі  Петропавл 
болды. Бекіністі шептің басты мақсаты Үй және Ертіс шептерін  жалғастыру 
болатын. Осы шептердің салыну салдарынан қазақтардан ені 50 шақырымнан 
200  шақырымға  дейін    жететін  жер  көлемі  алынды.  Ресейдің  Қазақстан 
территориясына  экспанциясы  нәтижесінде  1752  жылдан  бастап  Ертістің 
жоғарғы  ағысындағы  Үлбі,  Бұқтырма  және  Нарын  бойындағы  жерлердің 
Ресейге қосылғаны туралы ресми түрде жарияланды.  
Ресей империясы қазақ жерін отарлау саясатын барған сайын күшейтті. 
Шекаралық  өкімет  билеушісі  И.И.Неплюевтің  “бөліп  ал  да  билей  бер“ 
принципіне  негізделген  идеялары  мен  жоспарлары  қолданысқа  кірді.  Қазақ 
руларының  Жайыққа,  Жайық  қалашығы  мен  бекіністерге    жақын  жерлерде 
көшіп  жүруіне    тиым  салу  туралы  1742  жылы  19  қазанда  жарлық  шықты.  
Кейін  ол  1756  жылы  толықтырылып,  түгел  Жайық  пен  Еділ  арасында 
қазақтарға көшіп-қонуға тиым салынды.  

1760  жылы    Өскемен  бекінісінен  Телец  көліне  дейін  бекіністер  салына 
бастады.  1761  жылы  Өскеменнен  Зайсанға  дейін  Бұқтырма  шебінің 
бекіністері  пайда  болды.  Осы  алынған  жерлерді  шаруашылықпен  игерген 
кезде ғана бекітіп алуға болатынын түсінген шекаралық өкімет орындары бұл 
аудандарға  ел  қоныстандыруға    белсене  күш–жігер  жұмсады.  ХVІІІ  
ғасырдың    60-жылдарында-ақ  Алтайға  Тобыл  губерниясынан  2  мың  шаруа 
мен  әртектілер  көшіріліп  әкелінді.  Сонымен  бірге  шекаралық  өкімет 
органдары  қазақтарды  шекаралық  аудандардан  ығыстырып  тастау  жөнінде 
шаралар  қолданды.  1755  жылы  Сыртқы  істер  алқасы  Сібірдің  өкімет 
орындарына    қазақтар  “бұлайша  еркін  өту  олардың  дағдысына  айналмау 
үшін  Ертістің  оң    жағына  өткізілмесін”  деген  нұсқау    берді.  1764  жылы 
қазақтардың  Ертіске  10  шақырымнан  және  орыс  бекіністерінен  30 
шақырымнан  жақын  жерде  көшіп  жүруіне  мүлде  тиым  салынды.  Осылай 
1730-1740  жж.  Кіші  және  Орта  жүз  билеуші  топтарының  Ресей  бодандығын 
қабылдауы 
нәтижесінде 
солтүстік–батыс 
Қазақстан 
жері 
Ресей 
империясының отарына айналды. 
 
Абылай  хан  туралы  көптеген  дастандар,  аңыз-әңгімелер,  өлең–жырлар, 
тарихи  деректер  мен  зерттеулер  бар.  Абылай  ханды  еске  алғанда  біз  оны 
батыр,  Орта  жүздің  сұлтаны,  сосын  Орта  жүз  және  де  бүкіл  қазақ  халқын 
біріктіріп,  қазақ  хандығын  біртұтас  мемлекет  ретінде  сақтап  қалып,  оның 
Ұлы ханы болып, өзіне қазақтың барлық хандары  мен билерін–сұлтандарын 
бағындыра  алғанын  және  де  саяси  қайраткер,  ақылды  қолбасшы,  дарынды 
мәлімгер, күйші екенін айтқанымыз жөн. 
Абылай  хан  бүкіл  өмірін  қазақ  халқы  (қазақ  елінің)  бостандығы, 
егемендігі  үшін  арнады.  Шоқан  Уәлиханов  «Қазақ  жерінде  Абылайдың 
даңқы  аса  зор.  Абылай  заманы  оларда  қазақтың  ерлік  заманы  болып 
саналады»  деп  жазған  еді.  Абылайдың  шын  аты  -  Әбілмансұр.  1711  жылы 
әкесі  Көркем  Уәли  Түркістанға  сұлтан  болып  тұрған  кезде  дүниеге  келген. 
Бұл  кезең  қазақ  халқы  үшін  өте  қауіпті,  ауыр  кезең  еді.  Үш  айдаһардың 
(Жоңғар,  Қытай,  Ресей)  ортасында  қазақ  мемлекетінің  жойылып  кету  қаупі 
төніп  тұрды.  Қытай  мен  Ресей  жоңғарларды  қазақ  жеріне  айдап  салып 
отырды. Ауыр «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» жылдары Абылай 12 
жасында  жауынгерлердің  қатарына  қосылады  да,  22–де  батыр,  қолбасшы 
ретінде танылады. 
XVІІІ ғасырдың орта шенінде қазақ елін жаулардан қорғау үшін Абылай 
Ресеймен және Қытаймен татулық, достық қатынас сақтап, олардың қолдауы 
арқасында  жоңғар  басқыншылығын  талқандауды  жөн  көрді.  Ең  ірі  қауіп 
жоңғарлардың  басқыншылығы  екендігін  түсінді.  1740  жылғы  шайқаста 
Абылай  қазақ  жауынгерлерінің  тікелей  қолбасшысы  болды.  Қазақ  әскері 
жоңғарларға  қатты  соққы  берді.  Жоңғарлар  көп  шығынға  ұшырап,  кейін 
шегінуге  мәжбүр  болды.  Абылай  қазақ  әскерлерін  ұйымдастырып,  жауға 
қарсы  көтеріп,  басын  біріктіріп,  негізгі  әскери  күшті  жинап  көрші 
мемлекеттерге қазақ хандығы біртұтас ел екенін көрсетті. Абылай сұлтан бұл 
кезде  қазақтарды  біртіндеп  жоңғар  шабуылдарынан  құтқарып,  елдің 

тыныштығын,  халықтың  тұтастығын,  мемлекеттің  егемендігін,  тәуелсіздігін 
сақтап  қалуды  мақсат  еткен.  Бұл  мақсатты  іске  асыру  барысында  ол  Ресей 
империясының 1740 ж. Орынборда (тамыздың 28-і) сұлтан Абылай «верным 
добрым  и  послушным  …  и  подданным  быть  …»  деп  Ресей  империясының 
өкіметіне, кейін Қытай мемлекетінің бодандығын қабылдауға мәжбүр болды. 
Тарихшы – ғалым Н. Мұхаметқанұлы «XҮІІІ ғасырдағы Чин патшалығы мен 
қазақтардың  қарым-қатынасы»  атты  мақаласында  былай  деп  жазады:  «1755 
ж.  Орта  жүз  ханы  Абылай  Чин  хандығының  елшілерін  күтіп  алған  кезде, 
оларға  Чин  хандығына  бағынышты  болу  ниетін  білдірді:  «Ұлы  мәртебелі 
патшаның  орталық  ойпатты  билеп  отырғанын  бұрыннан  естуші  едім,  арада 
асқар тау, алып өзендер көп, жер шалғай болғандықтан тарту-таралғы апара 
алмадық.  Міне,  бүгін  патшаның  құдіреті  шалғайды  шарлап,  Ілені  сапырып, 
Лама  дінін  көркейтті.  Қазақтар  мен  жоңғарларға  тыныштық  орнатылды  деп 
қуанып  отыр.  Мен  шын  ниетіммен  мәртебелі  патшаға  қараймын».  Ал  бұл 
туралы  А.Левшин  былай  деп  жазады:  «Жауын  сұсымен  де,  күшімен  де 
сескендіре  отыра,  ол  өз  қалауымен  біресе  Ресейдің,  біресе  Қытайдың 
бодандығын  қабылдауға  мәжбүр  болғанымен  шын  мәнінде  ешкімге  де  бой 
ұсынбаған тәуелсіз басшы болды».  
Екі  ірі  мемлекетпен  дипломатиялық,  сауда  қарым–қатынастарын 
орнатып, кезінде жоңғарлар басып алған Алтай, Тарбағатай өңіріндегі қазақ 
қоныстарын қайтарып алды. Қазақтар жаппай ата-мекендеріне орала бастады. 
Жоңғарлармен  күресте  халықтың  басын  біріктіруде  ерекше  рөл  атқарды. 
Абылай  сұлтан  өзінің  шебер  саясаткерлігінің  арқасында  Ресей  мен  Қытай 
сияқты  ірі  империяларды  өз  саясатымен  санасуға  мәжбүр  ете  отырып,  іс 
жүзінде елдің дербестігін, жерінің тұтастығын сақтап қалды. 
Абылай  өткір  ойлы,  терең  білімді  шешен  адам  болған.  Бірнеше  түрік 
халықтарының және де парсы, қытай, орыс тілдерін жетік білген. 1741 жылы 
Абылай  сұлтан  жоңғарлардың  қоршауында  қалып,  тұтқынға  түседі. 
Тұтқында  болған  екі  жыл  ішінде  олардың  тілі  мен  жазуын  үйреніп,  жоңғар 
хандығының ішкі саяси жағдайын жіті бақылап, бұл мемлекеттің күштілігі – 
мықты  орталықтанған  билікке  бағынуында  және  де  халықтың  бірлігінде 
екенін түсінеді. Абылай сұлтан және де бірге болған серіктері, барлығы отыз 
бес  адам  қалмақ  тұтқынынан  1743  жылдың  5-і  қыркүйегінде  елге  қайтып 
оралады.  Абылайдың  тұтқындағы  екі  жылдай  уақыт  ішінде  өзінің  қадыр–
қасиетін  жоғалтпай  жоғары  ұстауы,  сөз  жүйесіндегі  тапқырлығы  мен 
батылдығы  жауларын  таңқалдырған.  Қалдан  Церен  Абылайдың  даналағына 
бас иіп, оған жоғары мәртебелі сый–сыяпат көрсеткен және де «ол (Абылай) 
заманынан  жүз  жыл  бұрын  ерте  туды,  бүкіл  әлемді  билеу  қолынан  келеді» 
деп  тегіннен–тегін  айтпаған  болар.  Осы  мәселеге  байланысты  орыс 
деректерінде  былай  жазылған:  «Он,  Аблай,  от  зюнгарцев  с  великим 
награждением  отпущен,  а  именно:  дана  ему  палатка,  шитая  золотом  шуба, 
крытая  парчою  золотою,  палатка  железная  складная,  панцырь  и  прочее».  
Жоңғарлардың  қонтайшысы    Қалдан  –  Церен  «менің  ұлымды  өлтірген  сен 
бе?»  - дегенде Абылай былай жауап берген екен «… балаңды өлтірген  мен 
емес, халық, менің қолым халықтың бұйрығын орындаушы ғана». Бұл оқиға 

туралы  Үмбетей  жырау  «Бөгембай  өлімін  Абылай  ханға  естірту»  атты 
жырында былай дейді: 
  «Өлтірем деп Қалдан хан 
  Орайына Шарыштың, 
          Сөзіне қарсы сөз айтып
          Жауаптастың, қарыстың. 
          Қапияда тұтылдың, 
          Қалмаққа бітеу жұтылдың,  
          Шешендік жолын тұтындың,  
          Үш ауыз сөзбен құтылдың …» 
ХҮІІІ  ғ.  50-шы  жылдары  Жоңғар  мемлекеті  саяси  дағдарысқа  ұшырап, 
әлсіреп,  ыдырай  бастады.  Бірақ,  Абылай  хан  ол  елді  қырып  шапқан  жоқ. 
Себебі  Қытай  империясымен  Қазақ  елінің  арасында  буферлік  рөл  атқарған 
Жоңғар хандығының мүлдем жойылуы неге әкеліп соғатынын Абылай жақсы 
түсінген. Сондықтан да ол қалмақ халқының Қытай басқыншыларына қарсы 
ұлт–азаттық  күресін  қолдады.  Бірақ,  қалмақтар  ауыз  бірліктен  айырылды, 
соның нәтижесінде 1756-1757 жылдары Цин империясы Жоңғар мемлекетін 
жойып, халқын қырып тынды. 
XVІІІ ғ. орта кезінен бастап Абылай қазақ елінің ерікті, іргелі біртұтас ел  
болуын,  ата  қонысына  жайғасып,  бейбіт  еңбек  етуін  қалады.  Ол  елді 
отырықшылыққа көшіруді, Үш жүздің басын қосуды,  туған Отанын жаудан 
қорғауды  мақсат етті. Абылай хандық құрған кезде ханның жанында Кеңес 
болған.  Оған  барлық  жүздердің  өкілдері  қатысып,  маңызды  мәселелерді 
қарайтын  және  де  бүкілқазақтық  Құрылтай  шақырылып,  соғыс  пен  бітім, 
қоныс  пен  жайылым,  дау  мен  дамай,  басқа  халықтармен  арадағы  сауда  мен 
дипломатиялық қарым – қатынас мәселелері қарастырылып отырды.  
Ташкент,  Ходжент,  Сайрам,  Шымкент,  Созақ,  Түркістан  қалалары  азат 
болған  соң,  яғни    қазақ  хандығына  қайтадан  қарағаннан  кейін,  Үш  жүздің 
бірлігінің  көрінісі  ретінде  ежелгі  Түркістан  қаласы  қазақ  мемлекетінің 
астанасы болып белгіленді. 
Мемлекеттің  тәуелсіздігін  сақтау  үшін,  басқыншылардан  елін  қорғай 
алатын  жауынгерлік  қабілеті  бар  әскери  күш  жинап,  оларды  басқаратын 
тапқыр әскер басшыларын өзінің қасына жинай білген және де өзінің жоғары 
дәрежедегі  қолбасшылық  қасиеті  бар  екенін  көрсете  алған.  Орыс  казактары 
салып жатқан бекініс, қамал–қалалардың маңындағы жайылымды жерлерден 
айырылып қалмау үшін, орыс мұжықтарынан қазақтарға егіншілікті үйретуге 
әрекет етті.  
Ал  сауда–саттық  жүргізу  ісіне  көп  көңіл  бөлгені  де  орынды  еді.  Бұрын 
айырбас  сауда  тек  Орынборда  ғана  жүргізілсе,  енді  1760-шы  жылдары 
Троицкіде,  Семейде,  Қызылжарда  жүргізілетін  болды.  Ертіс  өзенінің  сол 
жағын  бойлай  шығысқа  –  Қытайға  қарай  «Абылай  жолы»  атты  сауда  жолы 
салынды. Қазақ хандығы мен Қытай арасындағы сауда–саттық биік дәрежеге 
көтерілді.    Тарбағатай  мен  Құлжада  жәрмеңкелер  ашылып,  олар  қазақтарға 
малын, 
қолөнер 
бұйымдарын 
Қытай 
тауарларымен 
айырбастауға 

мүмкіншілік  тудырды  және  Ресей  мен  Орта  Азия  мемлекеттеріне  де 
Қытаймен сауда қарым–қатынасын  орнатуға жол ашты. 
1771 жылы үш жүздің өкілдері жиналып Абылайды бүкіл қазақтың ханы 
етіп сайлайды. Оның хан атағын Қытай императоры да, орыстың ақ патшасы 
да бекітеді. Ресей патшасы Екатерина ІІ Абылайды хандыққа бекіту, әйтпесе, 
оған әлдебір нұсқаулар беру үшін оны талай рет Петербургке, не Орынборға 
арнайы шақыртады, алайда  Абылай хан ол  шақыртуларға: «Мені үш жүзге 
хан  қылып  халқым  сайлады,  ендеше  бұған  қоса  айрықша  бір  куәлік  алудың 
қажеті  жоқ»,  -  деп  жауап  берген.  Шын  мәнінде  де  Абылай  ханның  тұсында 
қазақ  мемлекеті  өзінің  ішкі,  сыртқы    саясатын  ешкімге  жалтақтамай  дербес 
жүргізді. Ол өз мемлекетінің дербестігін бәрінен де жоғары санады. 
Сондықтан,  Цин  империясы  Жоңғар  мемлекетін  қырып-жойып,  шауып 
тастағаннан  бастап  Абылай  бірнеше  елшілер  жіберіп,  Қытай  мемлекетімен 
бейбіт саяси қатынас орнатуға тырысты. Қытай империясы бірнеше қайтара 
шапқыншылық  жасап,  қазақ  жерін  жаулап  алмақшы  болды.  Қытай 
мемлекетін  жеңу  оңай  емес  екенін  түсінген  Абылай  хан  онымен  бейбіт 
келісімге  келіп,  сауда–саттықа  жол  ашып,  оны  Ресей  империясына  қарсы 
қолданған.  Қытаймен  бейбіт  қарым–қатынасты  өрбіте  отырып,  Абылай 
Ресеймен  де  қалыптасқан  саяси  және  экономикалық  қатынасты  үзбеген. 
Ресей империясы қазақ жерінің шекарасына бекіністер, қамал–қалалар салып, 
оларды  орыс  казактарымен  толық  жайғастырып  жатқанда  және  де 
Жайықтың,  Ертістің  тағы  басқа  өзендердің  жағасына  қазақтар  малын 
жаюына  тиім  салу  жөніндегі  жарлықтарын  шығарғанда  Ресеймен  жағдайды 
шиеленістіруге  бармай,  мәселені  дипломатиялық  жолмен  шешуге  тырысты. 
Ресей  патшалығының  отаршыл,  басып  алу  саясатының  құрбаны  болу  қаупі 
тұрғанын сезді. 
XVІІІ  ғ.  70-шы  жылдары  Түркістан  аймағында  тұратын  қазақтарды 
қырғыздар  шауып,  мал-жандарын  айдап  әкетіп  отырады.  Қазақтар 
Абылайдан  өздерін  қорлықтан  құтқарып,  қорғауды  талап  етеді.  1779  жылы 
Абылай  әскерлері  қырғыздарды  талқандап,  басшысы  –  Садырбаланы 
тұтқынға  алады.  Қырғыздар  келісімге  келіп,  бітім  жасауды  өтінеді.  Сосын, 
Түркістан,  Сайрам,  Шымкент,  Созақ  қалалары  босатылады,  ал  1781  жылы 
Ташкентті  бағындырады,  оны  алым–салық  төлеп  тұруға  міндетті  етеді. 
Абылай хан «… өзі әулет басы ретінде рубасыларының ғұрпы бойынша өмір 
сүру  үшін  Түркістанда  қалды.  Сонда  1781  жылы  дүние  салып,  мүрдесі 
Қожахмет Яссауидің мешіті алаңына жерленді», - дейді  Ш. Уәлиханов. 
Абылай  хан  мемлекеттің,  қазақ  халқының  жағдайын  шұғыл  түзеді. 
Абылай  кезеңі  тарихта  ең  бір  елеулі  кезең  болды.  Жау  қуылды,  халық  өз 
жерінде  емін  –  еркін  тұрмыс  құрды,  бірлікке,  ұйымшылдыққа  негізделген 
хандық билігі құрылды. Солай бола тұрса да Абылай хан көзі тірісінде Қазақ 
елінің  мемлекетінің  тұрақты  болуының  тарихи  жағдайын  жасап  үлгермеді. 
1781 жылы Абылай хан дүние салғаннан кейін еліміздің тұтастығы ыдырап, 
Қазақстан тәуелсіздігінен айырыла бастады.   
Абылай  хан  –  XVІІІ  ғасырдағы  тарихымыздың  аса  ірі  тұлғасы.  Ол 
туралы  орыс  ғалымы  А.  Левшин  былай  дейді:  «Абылай  тәжірибесі,  ақыл  – 

айласы  жағынан  болсын,  қол  астындағы  халқының  саны,  күші  жағынан 
болсын,    сондай-ақ  өзінің  Ресей  патшалығымен,  Қытайдың  боғда  ханымен 
жүргізген тапқыр, шебер қатынастары жағынан болсын өз тұсындағылардың 
бәрінен  де  басым  еді.  Ол  ұстамды,  досына  мінәйім  мінезді,  жауына  қатал, 
қаһарлы кісі еді. Сондықтан жұртты өзіне тарта, ерте білетін еді».  
Бұл  жерде  Абылай  ханның  XVІІІ  ғасырдан  күйі  жеткен  санаулы 
күйшілеріміздің  бірі  екенін  айта  кеткен  жөн  болар.  Себебі  қазақ  қоғамында 
күйдің алар орны айрықша, ең мол дерек көзі күй тілінде және күй аңыздары 
түрінде  сақталған.  Абылай  ханның  күйлерінің  тақырыбы  нақтылы  өмір 
құбылыстарына  арналған  және  де  ел  қамы  мен  халық  тағдыры  жөнінде 
толғанған  ойларын  сипаттайды.  Абылай  ханның  күйлері  туралы  Ш. 
Уәлиханов,  А.  Затаевич  сияқты  ғалым–зерттеушілер  кезінде  жазған.  Олар: 
«Ақ  толқын»,  «Бұлан  жігіт»,  «Дүние  қалды»,  «Қайран  елім»,  «Қоржын 
қақпай»,  «Жетім  торы»  т.б.  «Бұл  күйлердің  бәрі  күні  осы  уақытқа  дейін 
Абылай  ұрпақтарына  сонау  бір  даңқты  кезеңдерді  елестетеді»  дейді 
Ш.Уәлиханов.  
Абылай  ханның  алға  ұстаған  саясаты,  мақсаты  –  қазақ  халқының 
бостандығы  мен  бірлігі,  мемлекеттігі  мен  тәуелсіздігі  еді.  Алайда  ол  дүние 
салғаннан  кейін  қазақ  мемлекеті  қайта  бөлшектеніп  ыдырай  бастады.  Ресей 
империясы қазақ жерін отарлауды қызу қолға алды. Оны іске асыру  әр түрлі 
жолдармен    іске  асты,  яғни әскери  шеп  бекіністер  салу,  қазақ  жерін  тартып 
алу, хандық билікті жою, рухани отарлау және т.б.  
Абылай  кезінде  қазақ  хандығының  саяси  және  экономикалық  жағдайы 
жақсарды.  Қазақ  халқы  бірлікке,  тәуелсіздікке,  бейбіт  өмірге  ұмтылды. 
Абылай сұлтан болған кезінде ақыл–айласымен, сабырлы салмақтылығымен 
маңайына  Төле  би,  Айтеке  би,  Қазыбек  би,  Байдалы  би,  Сасық  билерді, 
Қаракерей  Қабанбай,  Қанжығалы  Бөгенбай,  Шақшақұлы  Жәнібек, 
Шапырашты Наурызбай т.б.  батырларды, Бұхар жырау, Ақтамберді жырау, 
Үмбетей  жырау  сияқты  сыншы-жырауларды  топтастыра  білді.  Абылай  ел 
арасында  аса  зор  беделге  ие  болған.  Қазақ  халқының  басқа  халықтармен 
терезесі  тең  дамуы  үшін  жан  аямай  арпалысқан  хан.  Көзі  тірісінде-ақ  аты 
аңызға  айналған  Абылай  деген  ат  тәуелсіздік,  бостандық,  бірлік,  ерлік, 
азаматтық, мемлекеттік тәрізді  ұғымдармен бірге айтылатын болды. 
    Қазақ  хандығының  ішкі  және  сыртқы  саяси  жағдайы  қазақтың 
билеуші  тобының  Ресеймен  жақындаса  түсуіне  түрткі  болды.  Тәуке  хан 
өлгеннен  кейін  қазақ  хандығының  ішкі  жағдайы  қиындай  түсті.  Тәукенің 
орнына Қайып сұлтан аға хан болды. Кіші жүздегі иеліктердің бірін билейтін 
Әбілқайыр хан өзінің Қайыпқа бағынышты, оған тәуелді екенін мойындайды. 
Бірақ көп ұзамай-ақ 1723 жылы аға ханның атағын Әбілқайыр алады.  
    Орта  жүз  бен  Кіші  жүздің  көптеген  билері  де  Әбілхайырды  хан  деп 
танымады,  осының  салдарынан  қазақ  жері  жеке-жеке  хандық,  сұлтандық 
иеліктерге бөлініп кетті. Қазақтың ішкі саяси жағдайының тұрақсыздығы мен 
феодалдық  бытыраңқылығын  пайдаланған  жоңғар  феодалдары  қазақ  жеріне 
басып кірді. 1723 жылы басталған бұл жойқын, әрі тұтқиылдан шабуыл Қазақ 
хандығының берекесін кетірді. 

    Сонымен,  Қазақстанның  ХҮІІІ  ғасырдың  30-жылдарының  бас 
кезіндегі  ішкі және  сыртқы саяси жағдайы жоғарыда айтылғандай өте қиын 
жағдайда  болды.  Әбілқайыр  ханға   Тәуке  кезінде  басталған  Ресей 
мемлекетімен  қатынас  жасау  саясатын  жалғастырып,  Қазақ  хандығының 
күресу  тәжірибесі  өз  күшімен  сыртқы  жаулардан  түпкі  сақтанып  қалу 
мүмкіндігінің  жеткіліксіз  екенін  көрсетті.  Сондықтан  да,  Әбілқайыр  хан 
сыртқы  шапқыншылықтардан  қорғану  үшін  және  хан  билігін  нығайтуға 
қажет  күшті  тіректі  солтүстік-батыстағы  көршісі  -  Ресей  мемлекетінен 
іздеуге  мәжбүр  болды.  Әбілқайырдың  Түркістаннан  Ырғыз  жағына  кетіп 
қалуы,  Кіші  жүз  жеріне  Ресейдің  қол  астындағы  қалмақ  пен  башқұрт 
феодалдарының қазақ жеріне тынымсыз шабуылдарын күшейтті. 
    Ресей патшасына бодан болуы туралы 1730 жылы қыркүйектің 8 күні 
хат  жазып,  елшісі  Сейітқұл  мен  Құлымбетті  орыс  мемлекетінің  астанасы 
Петербургке жіберді.  
    Әбілқайырдың  бұл  тілегін  Анна  Ионовнаның  үкіметі  қабылдап, 
қазақтарды  Ресейдің  қарамағына  алуға  ұйғарды.  Содан  соң  1731  жылы  19 
ақпанда  императрица  Аннаның  Әбілқайыр  ханға  және  бүкіл  қазақ  халқына 
олардың  Ресей  бодандығына  қабылданғаны  туралы  грамотасын  тапсыру 
үшін  және  Кіші  жүз  қазақтарынан  ант  алуға  Сыртқы  істер  коллегиясының 
тілмашы  әрі  дипломат  А.И.Тевкелев  басқарған  елшілері  келді.  Елшілер 
Қазақстанның  Ресей  қол  астына  алынғандығы  туралы  Ресей  патшасы  Анна 
Ионовнаның  Әбілқайыр  атына  жазылған  грамотасы  мен  қазақ  сұлтандары 
үшін көптеген сый-тартулар алып келеді. 
    1731 жылы қазан айының 7-10 күндері Кіші жүздің ханы Әбілхайыр 
бас  болып  27  сұлтан  Ресейдің  қол  астына  бодан  болғандығын  сендіріп  ант 
берді. Мұның өзі қазақтардың Ресейге қосылуының алғашқы кезеңі еді. Кіші 
жүз ханы Әбілқайырдың Ресейге кіруіне Кіші жүз бен Орта жүз сұлтандары 
мен билері қарсы болды. 
    ХҮІІІ  ғасырдағы  Қазақстандағы  саяси  жағдай,  түптеп  келгенде, 
Ресей  мен  Қазақстан  қарым-қатынасында  жаңа  кезең  болғандығын  естен 
шығармауымыз керек.  
    1735  жылы  желтоқсанның  аяғында  Орта  жүздің  Ресей  қол  астына 
қабылдануын қуаттаған жаңадан сайланған Күшік хан мен Барақ сұлтан Орта 
жүзге  Ресей  елшілігін  жіберуді  өтінді.  Орта  жүздің  ханы  Әбілмәмбет  1740 
жылы Ресейге қосылу жөнінде Орынборда ант берді. 
    Кіші  жүз  бен  Орта  жүз  бодан  болғаннан  кейін  де  қазақ  даласында 
саяси жағдай түзеле қойған жоқ. Ресей патшасы өз алдына нақты міндеттер 
қойды.  Біріншіден,  Ресей  империясының  шығыс  шекараларының 
қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету.  Екіншіден,  қазақтармен  айырбас  сауданы 
кеңейту  және  қазақ  жерін  Шығыс  елдермен  сауда  жасаудағы  дәнекерлік 
мақсатта пайдалану болды. Патша үкіметінің бұл міндетттері А.И.Тевкелевке 
берген сыртқы істер коллегиясының нұсқауынан анық байқауға болады. 
    Ресей  патшасы  Кіші  жүз  ханы  Әбілқайыр  мен  оның  айналасындағы 
адамдарды пайдаланып, қазақ даласына өз ықпалын нығайта түсті. 

    ХҮІІІ  ғ.  соңы  мен  ХІХ  ғ.  бірінші  жартысындағы  Қазақстан.  1734 
жылы  Кириллов  экспедициясын  Орынбор  өлкесіне  аттандырып  жатып, 
патша үкіметі оның алдына мынандай талаптар қояды: 

 
қазақ даласымен сауда байланысын күшейте отырып, қазақтарды 
тәуелді ету; 

 
қазақ даласы мен башқұрттардың шекарасынан Орынбор қаласын 
тұрғызып, оған орыс адамдарын қоныстандыру; 

 
қандай  тәсілмен  болса  да,  қайырымды  болып  көріну,  немесе 
сыйлықтар  беру  арқылы,  күш  көрсету  немесе  үнемі  үрейде  ұстау  арқылы 
болса да, әйтеуір қалай да қазақтарды мойынсұндырып, ырыққа көндіру; 

 
Жайық  өзенін  бойлай  қазақтар  өте  алмайтындай  етіп  әскери 
бекіністердің шебін салу; 

 
алтын  және  басқада  бағалы  кен  орындарын  іздеп  тауып,  зауыт 
салу.  Орта  Азия  мен  сауда  жүргізу  және  Арал  теңізде  кеме  қатынастарын 
орнату; 

 
қазақтар мен башқұрттарды үнемі бақылауда ұстау; 

 
егер  олардан  патша  үкіметінің  жүргізген  саясатына  қарсылық 
білдірген  толқулар  білінсе,  оларды  бір-біріне  айдап  салып,  өзара 
қырқыстыру. 
      Осы  1731  жылғы  келісімді  көп  ұзамай  Ресей  патшалығы  бұзды. 
Ресейге бағынышты қалмақтардың, башқұрттардың, казак-орыстардың қазақ 
еліне  шабуылы  тоқтаған  жоқ.  Ор  өзенінің  бойына  салынған  қорған-қала 
Орынбор  Әбілқайыр  үшін  емес,  бүкіл  қазақ  даласын  басып  алуға  арналған 
бекініс  болды.  Көп  ұзамай  Кіші  жүзде  -  Переволоцкая,  Новосергеевка, 
Чернореченская, 
Кулагинская, 
Калмыковская, 
Иргульская, 
Орская, 
Сажерная, Губернинская сияқты казак-орыстардың әскери бекіністері қаптап 
кетті. 
    ХҮІІІ  ғасырдың  40-шы  жылдары  үздіксіз  қан  төгіс,  қарулы 
қақтығыстардан титықтаған қазақтар мен ойраттар өзара жақындасуға қадам 
жасауға мәжбүр болды. Бірақ, орыс үкіметі мен Орынбор әкімшілігі Орта жүз 
бен Кіші жүздің жоңғарлармен жақындасуына кедергі жасап бақты. Орынбор 
комиссиясының бастығы И. Кириллов 1734 жылы мамыр айында патша Анна 
Ионовнаға  жазған  жолдамасында  «Үш  жүз  ынтымақты  болғанда,  бірлескен 
күшпен жауларын жеңе алар еді»-деп пайымдады. 
    1740 жылдың қыркүйегінде қазақ даласына құрамында поручик Д.У. 
Гладышев және өзгелер бар Ресей елшілігі өз үкіметі алдында Әбілқайырдың 
сенімсіздігі  жөнінде  және  бұл  өңірде  орыс  ықпалын  күшейту  тұрғысында 
шұғыл  шараларды  жүзеге  асыру  жайлы  тұңғыш  рет  ресми  түрде  мәселе 
қойды.  Осы  жайды  Әбілқайыр  ордасында  болған  прапорщик  Муравиннің 
жазбалары да растайды. Патша үкіметі Әбілқайырды Ресейдің Қазақстандағы 
ықпалын күшейтуге барынша пайдалана алғаннан кейін, енді оны ауырсына 
бастады.  Орыс  билеушілері  қазақ  қоғамының  жоғарғы  буынды  әртүрлі 
топтарының арасындағы келіспеушіліктерді өз қажетіне пайдаланып, оларды 
бір-біріне  айдап  салды.  Ақыры  Барақ  сұлтан  болған  топ  1749  жылы 
Әбілхайырды өлтіреді. 

    Осы фактілердің өзі-ақ патша үкіметі мен жергілікті билік органдары 
өздерінің  қол  астына  кірген  елге  әскери  және  дипломатиялық  жәрдем  беру 
ісіне аяқасты қарағанын байқауға болады. 
    Ресей  империясы  ХҮІІ  ғасырдың  аяғында-ақ  Ертістің  жоғарғы 
жағынан, ХҮІІІ ғасырдың басында Бұқтырма, Үлбі өзендерімен және Зайсан 
көлін басып, өз жері деп есептеген. Орыс үкіметі Кіші жүздің Ресей қарауына 
кірісімен  қазақ  көшпенділерін  өздері  жасаған  линиялар  мен  бекіністерін 
әрірек ығыстыруға барынша күш салды. С.Д. Асфендияровтың мәліметтеріне 
қарағанда,  әскери  линиялар  жартылай қоршау  ретінде Қазақстанда (Каспий, 
Атырау) теңізінің жағалауына Ертістің жоғарғы сағасына дейін жеткен.  Бұл 
уақытқа дейін Орал, Сібір, Орынбор әскери құрамалары құрылып, оларға жер 
бөлініп, басқа да жеңілдіктер берілген. 
    Орынбор  губернаторы  Неплюевтің  1842  жылғы  шешімі  патша 
Елизоветтаның 1756 жылғы қабылданған жарлығы бойынша Кіші және Орта 
жүздің  руларына  Жайық  пен  Ертіс  арқылы  мал  айдап  өтуге,  Есіл  мен 
Тобылдың  төменгі  сағаларын  жайлауға  тиым  салып,  бұл  шекаралық  өңірге 
алдын-ала бекіністер тұрғызылды. 
    Шекара  бойындағы  он  шақырымдық  қаптапқа  жақындауға  рұқсат 
берілмейтін  болды.  Қазақ  жүздері  мен  руларының  басшылары  айтылған 
өзендерден  әрі-бері  өтуге  тиым  салынуына  талай  қарсылық  білдірді.  1761 
жылы  Ресей  патшалығы  Бұқтырма  бекінісін  салды.  Қазақ  еліне  отарлаудың 
қамытын берік кигізу мақсатында стратегиялық маңызы бар, маңызды деген 
нүктелерге  берік  бекіністер  шебін  құрып  алып,  патша  үкіметі  елді  өлкедегі 
отаршылар санын көбейту қамына кірісті. 
    1745  жылы  мұнда  Астрахань  төңірегінде  көшіп  жүрген  қоңырат, 
татарларды да зорлықпен қоныстандырды. 
    1744 жылы өз еріктерімен Қазан татарлары көшірілген еді. 
    Жалпы алғанда, ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысында ерікті шаруалар 
келіп  қоныстана  бастаса,  Орынбор  өлкесіне  помещиктермен  қоса  Ресейден 
әкелінген шаруалар да көшірілді. 
    1807-1828  жылдары  Орынбор  өлкесіне  мемлекеттік  шаруалар 
қоныстандырылып, оларға әрбір адамға, жасына қарамастан 15 десятина жер 
бөлініп берілді. Ал, Алтай өлкесіне қоныстанған мемлекеттік шаруалар саны 
жылдан жылға көбейе берді. 
    Қазақ  халқының  жоңғар  басқыншылығына  қарсы  күресі  200  жылға 
созылып  келіп,  ел  басқарған  батыр,  ақылды  билердің  ұйымдастыруымен 
халқымыз жеңіске жетті. 
    Алайда, осы жеңіс үшін талай жыл күрескен, сол күрес жылдарында 
саны  азайып,  әлсіреген  елімізге  ресей  империясы  біртіндеп,  бірде  алдап-
арбап,  бірде  әскери  күшпен  келіп  отарға  айналдырды.  Тәуелсіздік  арманға 
айналып, зор өкініштерге әкелді. 
 
Өзіндік бақылау сұрақтары: 
1. Қазақстанның Россияға қосылу барысындағы қарама қайшылықтар 
мен қиындықтарды атаңыз.  

2. Патша өкіметінің Қазақстандағы отаршылдық саясаты қандай бағытта 
жүргізілді?  
3. Россия бодандығын қабылдыу мәселесінде Кіші жүз ханы Әбілқайыр 
белсенділік танытты. Оның көздегені қандай мақсаттар еді?  
4. Россия қазақтарды өз бодандығына қабылдаған бастапқы кезеңнен бастап, 
қандай бағыт ұстанды?  
5. Қазақтарға Жайықтың оң жағалауына көшуге тыйым салған Жарлыққа кім 
қай жылы қол қойды?  
6. Неліктен, Абылай ханның орталықтандырылған мемлекетті нығайтуға 
ұмтылған әрекеті, оның мирасқорлары тұсында жалғасын таппады?  
7. Абылай ханның сыртқы саясаты қандай болды? Ол туралы қандай 
пікірлерді білесіз?  
8. «Протекторат» сөздің мағынасын түсіндіріңіз.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет