Бағдарламасы негізінде құрастырған «Әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар»


Курс бойынша қорытынды баға осы шкаламен қойылады



Pdf көрінісі
бет3/34
Дата11.01.2017
өлшемі2,41 Mb.
#1677
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34

 
Курс бойынша қорытынды баға осы шкаламен қойылады 
Баға 
 
Балл 
Пайыз % 
А 
Өте жақсы 
4,0 
95-100 
А- 
3,67 
90-94 
В+ 
Жақсы 
3,33 
85-89 
В 
3,0 
80-84 
В- 
2,67 
75-79 
С+ 
 
 
Қанағаттанарлық 
 
2,33 
70-74 
С 
2,0 
65-69 
С- 
1,67 
60-64 
D+ 
1,33 
55-59 

1,0 
50-54 

Қанағаттанарлықсыз 
0,00 
0-49 
 

Рейтингті есептеу 
 
№ 
Жұмыс түрлері 
Баллдар саны 60% (пәннің көлемі мен 
ерекшелігіне байланысты бөлінеді) 
1  Академиялық сабаққа қатысу 
1 балл 

 
Семинар сабағында белсенді жұмыс 
істеу 
1баллдан 4 баллға дейін 
 

 
ОЖСӨЖ және СӨЖ:  
- тесттер жасау  
- реферат 
- глоссарий құрастыру 
- кроссворд құрастыру 
-берілген тақырып бойынша конспект 
жасау 
 
1баллдан 4 баллға дейін 
1баллдан 4 баллға дейін 
1баллдан 4 баллға дейін 
1баллдан 4 баллға дейін 
1баллдан 4 баллға дейін 
 
4  Аралық бақылау жұмысы, коллоквиум 
1баллдан 4 баллға дейін 
5  Пәнді менгеру сапасының максималды 
рейтингі (бірінші аралық бақылауға) 
120 балл (100% сәйкес) 
6  Пәнді менгеру сапасының максималды 
рейтингі (екінші аралық бақылауға) 
97 балл (100% сәйкес) 
7  Пәнді менгеру сапасының максималды 
рейтингі  
217 балл (100% сәйкес) 
 
Емтихан 
40% 
 
Барлығы: 
100% 
 
 
 
Пән бойынша қорытынды бағаны есептеу 
          
    ҚБ  =  Рқ х  0,6  +  Е х 0,4 
мұнда:  
Рқ – қорытынды рейтинг 
Е  – емтихан бағасы 
 
10. Курстың саясаты  
Пәнді оқыту барысында қойылатын әкімшілік талаптар: 
Студент барлық академиялық сабақтарға қатысуға тиіс. 
Сабаққа келмеген студент немесе сабаққа дайындықсыз келген студентке 0 балл 
қойылады. Қайта тапсыру болмайды. 
Студент академиялық сабақтарға кешікпеуі керек 
Студент семинар сабақтарының барлық тапсырмаларын орындауы қажет,  ОЖСӨЖ, СӨЖ 
тапсырмаларын уақытында орындау тиіс   
Мерзімінде тапсырылмаған ОЖСӨЖ  көрсеткіші 50% төмендетіледі. 
Сабақтарда тәртіп сақтау керек, уялы телефондары сабақта өшірілуі тиіс   
1 аралық бақылау  8-ші аптада жүргізіледі, 2 аралық бақылау  15-ші аптада жүргізіледі  
 
 
 
 
 
 
 
Студенттердің білімі келесі жүйе бойынша анықталады: 

1 балл академиялық сабаққа қатысқан үшін: 1 балл × 45 сағат аудиториялық сабақ  =45 
балл; 
1баллдан 4 баллға дейін семинар сабағындағы жауап үшін: 15 семинар –15 баллдан 60 
баллға дейін; 
1баллдан 4 баллға дейін ОЖСӨЖ тапсырмасын орындаған үшін: 11 тапсырма–11 баллдан  
44 баллға дейін 
1баллдан 4 баллға дейін СӨЖ тапсырмасын орындаған үшін: 15 тапсырма -  15 баллдан  
60 баллға дейін 
1баллдан 4 баллға дейін аралық бақылаудың тапсырмасын орындаған үшін – 1баллдан 4 
баллға дейін 
Екі аралық бақылау үшін 2 баллдан  8 баллға дейін 
1АБ : 16 дәріс, 8 семинар сабағы, 7 ОЖСӨЖ, 8 СӨЖ және 1аралық бақылау  
1 АБ  үшін  48 баллдан  120 баллға дейін 
2 АБ: 14 дәріс, 7 семинар сабағы, 4 ОЖСӨЖ, 7 СӨЖ және 1аралық бақылау.   
2  АБ үшін  40 баллдан 97 баллға дейін 
Барлығы–88 баллдан  217 баллға дейін 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
                        Глоссарий  
1.
 
Абсолютизм  –  жоғары  үкімет  билігі  шексіз  жеке-дара  бір  адамның 
қолында тұрған мемлекеттік басқарудың бір түрі. 
2.
 
Автократия  –  бір  адамға  жоғары  өкімет  билігін  шексіз  беру  арқылы 
басқарудың немесе осындай басқарушылық орнаған мемлекетті айтады. 
Сонымен  қатар  қазіргі  саясаттануда  ол  саяси  билікті  бөліспей,  тұтас 
басқаруға тырысқан адам не адам тобын атау үшін де пайдаланылады. 
3.
 
Автономия  –  бір  мемлекеттің  шеңберінде  өзін-өзі  басқаруға  құқық 
берілген саяси-ұлтық құрылым. 
4.
 
Авторитаризм  –  жеке  адамның  билігіне  негізделген,  басқаруда  күшке 
сүйенетін  мемлекеттік-саяси  тәртіп.  Мұнда  атқарушы  билік  үстемдік 
етеді.  Парламент  болғанымен  ол  кеңесші  органға  айналады. 
Тоталитарлық  тәртіппен  салыстырғанда  мұнда  көпшілік  партия, 
бірыңғай  идеология  болмайды  және  экономика  бақылауға  алынбайды. 
Тоталитарлық тәртіптің  басқа белгілері негізінен  сақталады.  Ол  көбіне 
саяси жағдайға белсене араласатын әскер күшіне сүйенеді. Мемлекеттің 
сайлау органдары шектеледі. 
5.
 
Агрессия  –  басқа  елдердің  жерін  тартып  алу,  егемендігінен  айыру 
немесе шектеу, халқын күшпен бағындыру мақсатымен қарулы шабуыл 
жасау.  
6.
 
Адам  құқықтары  –  белгілі  бір  игілік  алуды,  өмір  сүруді  қамтамасыз 
ететін  адамдар  мен  мемлекет  арасындағы  ережелердің  өзара 
қатынастары, кепілдіктері.  
7.
 
Анархия  –  1)  Мемлекеттік  биліксіз  әр  түрлі  қауымдастықтар, 
бірлестіктер,  одақтар  арқылы  өзін-өзі  басқаратын  қоғам  құруға 
тырысушылық;  2)  үйреншікті  өмірде  тәртіпсіздікті,  жөнсіздікті, 
заңсыздықты, басшылықтың жоқтығын білдіреді. 
8.
 
Аннексия  –  басқа  мемлекеттің,  халықтың  жерін  тұтас,  я  бір  бөлігін 
күшпен жаулап алу немесе басқаға алып берушілік. 
9.
 
Антагонизм  –  мүдделері  қарама-қарсы  күштердің,  қастасқан  таптар, 
топтар, партиялар және т.б. арақатынасының шиелініскен түрі. 
10.
 
Антисемитизм  –  еврейлерге  қарсы  бағытталған,  оларды  қудалауға 
арналған саясат пен идеологияның түрі. 
11.
 
Аристократия – 1) пұрсатты, бай, ерекше құқықтар мен жеңілдіктерге 
ие ақсүйектер тобы; 2) ақсүйектер әулеті, билік жүргізетін мемлекеттік 
басқарудың түрі. Мысалы, мұндай мемлекеттік билік Ежелгі Гректерде 
болды. 
12.
 
Ассамблея  –  халықаралық  ұйым  мүшелерінің  жалпы  жиналысы. 
Мысалы, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы. 
13.
 
Ассимиляция – бір халықтың өз тілін, мәдениетін, ұлттық сана-сезімін 
жоғалтып, екінші халыққа сіңіп кетуі. 
14.
 
Ассоциация  –  белгілі  бір  саяси,  ғылыми,  шаруашылық,  мәдени  және 
т.б.  мақсаттарға  жету  үшін  ұйымдасқан  адамдар  немесе  мекемелердің 

бірлестігі.  
15.
 
Әлеуметтік  саясат  –  қоғамның  ең  жақсы  дамуын  қамтамасыз  етуге, 
әлеуметтік  мүдделер  мен  қажеттіктерді  қанағаттандыруға,  лайықты 
өмір  салтын  орнатуға  бағытталған  саяси  шешімдер  мен  іс-әрекеттер 
жиынтығы.  Оған  ең  алдымен  халықтың  тұрмыс  жағдайын  жақсарту, 
жалақыны  көтеру,  денсаулық  сақтау,  білімін  көтеру,  тұрғын  үймен 
қамтамасыз ету және т.б. жатады.  
16.
 
Билеуші  партиялар  –  қолдарына  мемлекеттік  билік  тиген,  қоғам 
дамуының  басты  бағыттары  мен  сипатын  айқындауға  мүмкіндік  алған 
партиялар. 
17.
 
Билік  –  1)  адамдардың  іс-әрекетіне,  қызметіне,  тағдырына  белгілі  бір 
адамдардың  (бедел,  жігер,  құқық,  зорлықтың)  көмегімен  әсер  ету 
мүмкіншілігі;  2)  адамдарға  саяси  билік  жүргізу;  3)  мемлекеттік 
органдардың  жүйесі;  4)  мемлекеттік  және  әкімшілік  өкілеттілігі  бар 
қызмет адамдары, органдары.  
18.
 
Буржуазиялық-демократиялық  партиялар  –  ХIХ  ғасырда  Еуропа 
мен  Солтүстік  Америкада  бір  кезде  пайда  болды.  Мынадай 
принциптерді  басшылыққа  алады:  қоғамда  билік  үшін  әрқашан  ашық 
күрес  жүруі  керек,  өкіметке  жалпыға  бірдей  сайлау  арқылы  жету, 
парламентте  көпшілік  дауыс  алған  партия  немесе  партиялық  бірлестік 
өкіметті  билейді,  басқарушы  партияға  қарсы  үздіксіз  ашық  оппозиция 
жұмыс істеуі керек. Заң алдында бәрінің де тең болғанын, сөз, баспасөз, 
жиналыстар  бостандығын  қалайды.  Мысалы,  Германияның  еркін 
демократиялық 
партиясы, 
Ұлыбританияның 
социал-либералдық 
партиясы және т.с.с. 
19.
 
Бүлік  –  бір  топ  адамның  мемлекеттік  төңкеріс  жасау  мақсатымен 
жасаған іс-әрекет. 
20.
 
Бюрократ – 1) азаматтардың мүддесіне нұқсан келтіріп, өз міндеттерін 
формальды  түрде  атқаратын  қызмет  адамы;  2)  басқарудың 
бюрократиялық жүйесіне жататын ресми қызметтегі адам. 
21.
 
Вето  –  тыйым  салу;  вето  құқығы  –  заң  шығаратын  орындардың 
қарарына тыйым салу немесе заңның күшін тоқтату. 
22.
 
Волюнтаризм  –  саяси  серкелердің  қоғамдық  өмір  жағдайлармен 
санаспай, өз бетімен күштеу әдістеріне сүйеніп жүргізген саясаты. 
23.
 
Вотум  —  өкіметке  я  оның  кейбір  мүшелеріне(министрлеріне)  сенім 
білдіру  (вотум  доверия)  немесе  сенім  білдірмеу  (вотум  недоверия) 
мақсатында  сайлау  арқылы  қабылданған  шешім.  Мысалы,  парламент 
үкіметке сенім білдірмесе, ол, әдетте, жұмыстан кетуге мәжбүр болады. 
24.
 
Геноцид  –  адамдарды  щығу  тегіне,  бір  ұлттың,  діннің  өкілі  болуына 
байланысты әдейі қыру немесе қудалау. 
25.
 
Геосаясат  –  сыртқы  саясатты  географиялық  факторларға  (аумағына, 
ауа  райына,  қазба  байлықтарына  т.б.)  байланысты  жүргізетін  саясат. 
Бұл теорияның негізін қалаушы Ф.Ратцель, Х.Маккиндер т.б. қоғамның 
экономикалық,  саяси,  әлеуметтік  жағдайы  мен  даму  барысы 
географиялық ортаға байланысты дейді. 

26.
 
Геронтократия  –  ақсақалдардың  билік  жүргізу  принципі.  Басқарудың 
бұл түрі алғашқы қауымдық қоғамға тән. Сонымен қатар өкімет билігі 
жасы келген адамдардың қолында тұрған мемлекеттерге де байланысты 
айтылады. 
27.
 
Глобальдылық  (жаһандық)  –  бүкіл  жер  шарын  қамтитын,  әлемдік 
мәселелерді  шешуге  арналған  ғылыми  бағыт.  Қазіргі  ғаламдық 
мәселелерге  термоядролық  соғысты  болдырмау,  айналадағы  ортаны 
экологиялық  апаттан  қорғау,  жер  бетінде  демографиялық  жағдайды 
тұрақтандыру,  халықаралық  терроризм,  нашақорлық,  маскүнемдік, 
СПИД-тің өріс алуын тоқтату және т.с.с. жатады. 
28.
 
Гуманизм  –  қайта  өркендеу  дәуірінде  дін  мен  феодализм  құрсауынан 
адам  баласын  босатып,  еркін  жетілуді  мақсат  еткен  әлеуметтік 
қозғалыс. 
29.
 
Дәуір  –қоғамның,  табиғаттың,  саясаттың,  ғылымның,  жалпы  өзіндік 
ерекшеліктері бар ұзақ кезеңі. 
30.
 
Деидеологизация  –  идеологияның  әсерінсіз,  еркін,  таза  ғылымды 
жасауға,  қоғамдық  прогресті  идеологиядан  аластатуға  тырысушылық.. 
Оның негізін біздің ғасырымыздың 50-60 жылдарында Р.Арон, Д.Белл, 
Т.Парсонс сияқты Батыстың ірі әлеуметтанушылары салды. 
31.
 
Декларация  –  үкіметтің,  саяси  партияның,  халықаралық  ұйымның 
атынан  қандай  болмасын  негізгі  қағидаларды,  мақсат-мүдделерді 
жариялайтын мәлімдеме. 
32.
 
Делегирование – бір субъектінің екінші субъектіге билікті беруі, сенім 
білдіруі. 
33.
 
Демагогия — өз мақсатына жету үшін адамдарға жалған уәделер беру, 
деректерді бұрмалау және т.т. арқылы әсер ететін саяси әрекеттің түрі. 
Күнделікті тұрмыста бос сөз, шатпақ деген мағынаны білдіреді. 
34.
 
Демократия  –  халық  билігін,заңдылықты  мойындап,  азаматтардың 
теңдігін,  құқықтары  мен  бостандықтарын  қадірлеуге  негізделген 
мемлекеттік  органдардың  сайланып  қойылуын  және  олардың  жұмысы 
халықтың  бақылауында  болуын,  сайлау  құқығы  бәріне  тең  болуын, 
адамдардың экономикалық және саяси қорғалуын, шешім қабылдағанда 
азшылықтың  көпшілікке  бағынуын,  сонымен  қатар  азшылықтың  да 
пікірі  еске  алынуын  және  т.б.  қалайтын  қоғамның  саяси  және 
экономикалық  құрылыс  түрі.  Бұл  –  тарихи  ұғым.  Адамзат  тарихының 
даму кезеңдеріне сай оның принциптері өзгеріп, байып отырады. 
35.
 
Демократиялық  партиялар  –  басқаларға  төзімділікпен,  түсіністікпен 
қарайтын,  пікір  алалығын  жақтайтын  партиялар.  Олар  идеологиялық 
факторға онша мән бермейді. 
36.
 
Деполитизация  –  белгілі  бір  ұйым,  органдардың  және  т.б.  жұмысын 
саясаттың ықпалынан шығаруға тырысушылық.. 
37.
 
Депортация  –  жеке  адамдарды,  халықтарды  еріксіз,  күшпен  жер 
аудару. 
38.
 
Деспотизм  –  1)  өкіметтің  толық  бассыздығына,  қол  астындағы 
азаматтардың  еріксіздігіне  негізделген  мемлекеттік  құрылыстың 

жүйесі;  2)  жеке  адамның  бостандығын  мейірімсіз,  қатал  басып-жаншу 
тәсілі. 
39.
 
Деспотия – шексіз және дара билеудің бір түрі. 
40.
 
Децентрализация  –  орталық  басқару  жүйесінің  жергілікті  жерге  өз 
билігінің бөлігін беруі. 
41.
 
Диктатор  –  заңмен  санаспай,  күштеу  мен  қудалауға  сүйенетін  шексіз 
билеп төстеуші. 
42.
 
Диктатура  –  қарулы  күшке  сүйенетін,  заңмен  шектелмеген  шексіз 
мемлекеттік  билік.  Ол  көбінесе  әлеуметтік-экономикалық  күйзеліс, 
саяси күрестің шиелініскен шағында, өтпелі кезеңдерде, өкімет басына 
күшпен келгенде және т.с.с. пайда болады. 
43.
 
Дискриминация 
– 
нәсіліне, 
ұлтына, 
дініне 
немесе 
саяси 
көзқарастарына  және  т.т.  байланысты  адамдарды  құқығынан  айыру  я 
шектеу. 
44.
 
Диссидент – үстемдік етуші, билеуші идеологиямен келіспеген адам. 
45.
 
Догматизм  –  нақтылы  жағдайда  өмір  және  тәжірибенің  жаңалық, 
жетістіктерін ескермей, қатып қалған бір жақты қағидаларға негізделген 
ойлау,  дүние  тану  тәсілі.  Саясатта  ол  бір  кездерде  қалыптасқан  ой-
пікірлерді, әдіс-тәсілдерді бұлжымайтындай көріп, ескірген ережелерді, 
қалыптасуды, көзқарастарды өзгертпей сақтағысы келеді. Сондықтан ол 
қоғамның  әлеуметтік-экономикалық,  саяси  өзгерістеріне  ілесе  алмай, 
көбіне оның алға жылжуына кедергі жасайды, саяси ойдың тоқырауына 
әкеледі. 
46.
 
Доктрина  –  саяси,  экономикалық,  әскери  мақсаттарды  жинақталған 
түрде білдіретін саяси теория, ілім.  
47.
 
Еуропарламент  –  еуропалық  бірлестіктің  25  елін  қамтитын 
мемлекетаралық  саяси  мекеме.  Ол  5  жылда  бір  рет  осы  елдер 
халықтарының тура дауыс беруі арқылы сайланады. Оның мәжілісінде 
Еуропа құрлығының дамуына байланысты негізгі мәселелер қаралады. 
48.
 
Еуроцентризм – ғылым,білім, мәдениет, әдебиет, өнер және т.б. нағыз 
жетістіктері  тек  Еуропада  ғана  дамыды  деп  дәлелдеуге  тырысатын 
ғылыми тұжырым. 
49.
 
Егемендік  –  мемлекеттің,  халықтың,  ұлттың,  адамның  саяси 
тәуелсіздігі.  Мемлекеттік  егемендік  деп  шетелдің  араласуына  жол 
бермейтін мемлекеттің ішкі және сыртқы істері мен қатынастарындағы 
саяси тәуелсіздігі және елді басқаруда, шешімдер қабылдауда, жоғарғы 
билік жүргізудегі еркіндігін айтады. Егемендіктің саяси, экономикалық, 
құқықтық жақтары болады.  
50.
 
Жалпы  адамзаттық  құндылықтары  –  бүкіл  адамзаттың  рухани 
тәжірибесінен  туған  адамгершілік  қазыналар.  Олар  адамдардың 
адамгершілік туралы ой-пікірлерін білдіреді. 
51.
 
Жаңарған колониализм (неконсерватизм) – бұрынғы отаршы елдердің 
тәуелсіздігін алған мемлекеттерді экономикалық, саяси, әскери, мәдени, 
идеологиялық  және  т.с.с.  әдіс-тәсілдерді  шебер  пайдалану  арқылы  өз 
ықпалында ұстау, ісіне араласу, қысым жасау саясаты. 

52.
 
Жаңарған  консерватизм  (неконсерватизм)  –  бұрынғы  қалыптасқан 
дәстүрлі  қазыналар  мен  арман-мұраттарды  сақтап,  оларды  өмірдің 
бүгінгі  талабына  сай  жаңғыртуға  тырысқан  Батыс  саясаттану 
ғылымындағы  ағым.  Ол  біздің  ғасырымыздың  70  жылдарының  екінші 
жартысында  пайда  болған.  Белсенді  өкілдері:  Д.Белл,  И.Кристонн, 
С.Липсет және т.б. 
53.
 
Жаңарған  либерализм  (неолиберализм)  –  дәстүрлі  либерализмнің 
қағидаларын  сақтап,  оларды  ХХ  ғасырдың  жаңа  талаптарына  сай 
өзгертуші идеялық-саяси ағым. Мысалы, бұрынғы либерализм мемлекет 
экономикаға араласпасын дейтін. Қазір әлеуметтік-экономикалық және 
т.б.  мәселелердің  кейбір  жерлерін  мемлекеттің  реттегенің  жөн  көреді. 
Мемлекеттің  бюрократиялануына,  адамның  жеке  өміріне  араласуына 
және т.с.с. қарсы шығады. 
54.
 
Жаңаша  саяси  ойлау  –  КСРО  мен  СОКП  басшыларының  жалпы 
адамзаттық мұраттар мен  құндылықтарды басшылыққа  алып, бұрынғы 
«қырғи  қабақ  соғыс»  қалпынан  бас  тартуы.  80  жылдардың  ортасында 
оған  себеп  болғандар:  1)ядролық-космостық  дәуірде  мемлекеттер, 
блоктар  арасында  әскери  қақтығыстың  болмау  керектігін  түсіну;  2) 
ғаламдық мәселелердің маңызды орын алуы және т.б. 
55.
 
«Жасылдар»  —  айналадағы  ортаны  қорғап,  жер  бетінде  тіршілікті 
сақтау үшін күресетін халықаралық сипаты бар экологиялық қозғалыс. 
70 жылдардың екінші жартысында ол қозғалыстардан партиялар пайда 
болды. Ондай партиялар қазір барлық елдерде дерлік бар. 
56.
 
Жеке  басқа  табынушылық  –  саяси  қайраткерді  шексіз  дәріптеу.  Ол 
азаматтардың демократиялық құқықтары тапталған елдерде дамиды. 
57.
 
Жекешелендіру  –  мемлекеттік  меншікті  (кәсіпорын,  тұрғын  үй,  көлік 
құралдары және т.с.с.) жеке меншікке беру немесе сату. Ол – нарықтық 
экономикаға өту үшін қажетті шарттың бірі.  
58.
 
Заң  шығарушы  билік  –  заң  шығарумен,  оны  бекіту,  өзгерту  немесе 
жоюмен айналысатын билік, парламент.  
59.
 
Идеал  –  саяси  салада  саясатты  жасап,  оны  жүзеге  асырушылардың 
алдына қойған жоғарғы саяси арман-мұраты. 
60.
 
Идентификация  –  жеке  адамның  белгілі  бір  әлеуметтік  (ұлттық, 
таптық,  саяси  және  т.б.)  топқа  жататындығын,  сонымен  тағдыры  бір 
екендігін сезініп, түсінуі. Бұл сөзді ғылыми әдебиетке З.Фрейд енгізді. 
61.
 
Идеология – белгілі бір әлеуметтік топтар, таптар, партиялар және т.б. 
мақсаттары  мен  мүдделерін  бейнелейтін,  үстемдік  етіп  отырған 
қоғамдық қатынастарды орнықтыруға немесе оларды өзгертуге қызмет 
ететін тұжырымдамалардың, пікірлердің, идеялардың жүйесі. 
62.
 
Иерархия  –  төменгі  органдардың,  шенділердің  жоғарғы  органдарға, 
шенділерге бағыну тәртібі. 
63.
 
Импичмент  –  жоғарғы  лауазымды  адамдарды  (президентке  шейін) 
конституцияны  бұзғаны  үшін  немесе  басқа  қылмысы  үшін 
жауапкершілікке  тартуға  және  ісін  сотта  қарауға  мүмкіндік  беретін 
ерекше тәртіптің түрі. 

64.
 
Институализация  –  саяси  қозғалыс  немесе  құбылыстың  тәртіпке 
келтірілген, ұйымдасқан мекемеге айналуы. 
65.
 
Интеграция  –  мемлекетаралық  саяси,  экономикалық,  әскери  және  т.б. 
одақтардың 
құрылуы. 
Оның 
негізінде 
ортақ 
мүдде, 
саяси 
қатынастардың жақындасу, бірлесуге тырысу үрдісі жатыр. Бұл салада 
Еуропалық Одақ зор жетістіктерге жетті.  
66.
 
Келісім  –  мәжіліске  қатысушылардың  немесе  саясаттың  басқа 
субъектілердің келісімі негізінде қабылданатын шешім. 
67.
 
Коалиция – 1) ортақ жауға қарсы екі немесе одан көп елдердің жасаған 
одағы;  2)  мемлекеттік  билікті  жүзеге  асыру  үшін  немесе  бірлесіп  іс-
әрекет  жасау  мақсатымен  партиялардың  я  қоғам  қайраткерлерінің 
бірігуі, келісімі. 
68.
 
Консерватизм  –  1)  тарихи  қалыптасқан  саяси  және  қоғамдық  өмірді 
өзгеріссіз  сақтауға  тырысқан  әлеуметтік-саяси  көзқарастар,  теориялар 
жүйесі;  2)  консервативтік  партиялардың  ұстаған  бағдарламалық 
бағыты. 
69.
 
Конституция  –  мемлекеттік  және  қоғамдық  құрылыстың  негізгі 
қағидаларын, принциптерін білдіретін негізгі заң. 
70.
 
Конфедерация — өздерінің кейбір амал-әрекеттерін үйлестіріп, белгілі 
бір  мақсаттарды  (әскери,  сыртқы  саясаттағы  және  т.с.с.)  жүзеге  асыру 
үшін  бірлескен  егеменді  елдер  одағы.  Онда  жалпыодақтық  азаматтық 
немесе  ол  одаққа  кірген  мүшелердің  бәріне  міндетті  заң  шығарушы 
билік болмайды. Оның алғаш шешімдері оған енген елдердің бекітуінен 
өтуі  керек.  Ол  өмірде  сирек  кездеседі.  Мысалы,  ол  1848  жылға  дейін 
Швейцарияда,  1778-1787  жылдары  Солтүстік  Америка  штаттарында 
болды. Қазір соған ұқсас құрылымды Еурополық Одақ құрмақ ойы бар. 
71.
 
Конфликт  (жанжал)  –  қарама-қарсы  күштердің,  партиялардың, 
көзқарастардың,  мақсат-мүдделердің  бір-біріне  қайшы  келуі.  Ол 
өрістеген кезде арты шешілмес қатты дау-жанжалға, ал саяси шиеленіс 
саяси дағдарысқа әкеліп соқтыруы мүмкін. 
72.
 
Конфликтология  —  әлеуметтік  дау-жанжал,  шиеліністердің  мәнін, 
табиғатын, зардаптарын зерттеуге, оларды алдын ала болжауға арналған 
ілім. 
73.
 
Коррупция – 1) мемлекеттік және саяси қайраткерлерді, министрлерді, 
парламент  мүшелерін,  шенеуніктерді  және  т.б.  параға  сатып  алу;  2) 
лауазымды  адамдардың  жеке  басын  байыту  мақсатында  өз  қызметін 
қылмыстық жолмен пайдалануы, парақорлығы, сатылғыштығы. 
74.
 
Көппартиялылық – мемлекеттік билік үшін күрес барысында бірнеше 
саяси  партиялардың  әр  түрлі  мүдделері  мен  пікір  алалығын  пайдалана 
отырып басқару түрі.  
75.
 
Қоғамдық-саяси  ұйымдар  –  халықтың  белгілі  бір  тобының  мүддесін 
білдіріп,  қорғайтын,  алдына  қойған  әлеуметтік  мақсатқа  жету  үшін 
ерікті түрде мүшелікке кірген, оған материалдық көмек көрсететін, өзін-
өзі басқаратын адамдардың бірлестігі. 
76.
 
Құқықтық  мемлекет  –  демократиялық  жолмен  қабылданған  заң 

үстемдік  ететін,  оның  алдында  бәрі  де  тең  саналатын,  жеке  адамның 
құқықтары жан-жақты қамтамасыз етілетін мемлекеттік құрылыс. 
77.
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет