Бағдарламасы Зерттеу тақырыбы: «Бастапқы курс студенттерінің оқу процесіне бейімделуіндегі әлеуметтік қиындықтары»



Дата10.02.2023
өлшемі17,05 Kb.
#66929
түріБағдарламасы

Әлеуметтік зерттеу бағдарламасы
Зерттеу тақырыбы: «Бастапқы курс студенттерінің оқу процесіне бейімделуіндегі әлеуметтік қиындықтары»
Зерттеу өзектілігі: 

  1. Университет білім беру жүйесіне бейімделудегі қиындылықтар - Болондық жүйеде оқу (баллдық жүйе, кредиттік жүйе, емтихан, т.б.)

  2. Психологиялық қиындықтар: жаңа орта заңдылықтары мен студенттердің жеке ұстанымдары арасындағы қарама-қайшылықтар (өзіне деген сенімсіздік, эмоционалды қысым, мотивацияның жетіспеуі, т.б.)

  3. Тұлғааралық қиындықтар (конформизм, қарым-қатынасқа түсе алу қабілетінің төмендігі т.б.) 

Зерттеу обьектісі: Университеттің 1-ші курс студенттері 
Зерттеу пәні: Қазіргі кезде 1-ші курс студенттерінің жаңа ортаға бейімделуі және оның білім алуға әсері
Зерттеу мақсаты: Бірінші курс студенттерінің оқу жүйесіне бейімделудегі кедергілерді анықтау. Сыртқы орта факторларының студенттерге әсер етуіне талдау жасау. Студенттердің бейімделуіне процесін жылдамдату.
Зерттеу міндеттері: 

  1. Студенттерге жаңа ортаның әсерін анықтау

  2. Бейімделу процесі кезіндегі студенттің психологиялық жағдайына зерттеу жасау;

  3. Студенттер арасында әлеуметтік бейімделу туралы мәселені талқылау және қорытынды мен ұсыныс жасау

Зерттеу болжамы: Егер, студенттердің әлеуметтік бейімделушілік қабілеттерінің дамуы мынадай бағыттармен жүзеге асырылса, нәтижелі болады:

  • студенттердің психологиялық денсаулығы дамуының сыртқы және ішкі факторлары ескерілсе;

  • білім беру ортасына бейімделу бойынша модель жетілдіріліп, жүзеге асырылса;

Оқу жылының басталғанда студенттерге психологиялық трейнингтерді өткізу керек. Куратор және ата – анамен жұмысты дәстүрлі жұмыс жоспарына енгізу. 
Түсініктер интерпретациясы: Студент (лат. Studens - бір нәрсеге ұмтылушы, бір нәрсеге қызығушы) - жоғары оқу орнында (институт, университет т.б.) оқып білім алушы.
Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.
Конформизм - топтық қысыммен қадағаланып отыратын жүріс-тұрыс. Топ өзіне айқын көрінетін жүріс-түрыс нормалары арқылы топ мүшелерінің кірігуін сақтап қалу мақсатында жеке адамды сол нормалардан таймауға мәжбүрлейді.
Зерттеудің жоспары:

  1. Ақпарат жинау;

  2. Зерттеу проблемасы бойынша талдау жасау;

  3. Сауалнамалар жүргізу;

Зерттеу әдісі: Анкеталық әдіс, бақылау.
Зерттеудің іріктеуі: Кездейсоқ қайталанбайтын
Қорытынды және ұсыныс: Жоғарғы оқу орнына келіп түскеннен бастап болашақ мамандарға әлеуметтік қабылданған нормаларға жағымды қатынас, адамның өз мүмкіндіктерін шынайы бағалау сияқты жеке адамға тән қасиеттер дамиды. Жоғарғы білім адам психикасына, оның жеке басының дамуына үлкен әсер береді. Оқу орнында білім алу кезінде жағымды жағдайлар болғанда студенттерде психиканың барлық деңгейлерінің дамуы өтеді. Студенттердің жаңа білім беру ортаға бейімделуіне назар аударып, бақылау жүргізу арқылы бейімделу бойынша модель құру, жүзеге асыру.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет