Бағдарламасының тақырыбы: «Қызықты зоология»



бет1/4
Дата20.04.2023
өлшемі30,05 Kb.
#84873
түріБағдарламасы
  1   2   3   4



6 сыныпқа арналған курс бағдарламасының тақырыбы:
«Қызықты зоология»
Оқу жүктемесінің көлемі: аптасына 1 сағат,оқу жылында 36 сағат
Түсінік хат.
Қызықты зоология курсы оқушылардың жануарлар әлемі туралы білімін кеңейте отырып тереңдетуге бағытталған. Курс барысында оқушылар жануарлардың қоршаған ортаға қалай бейімделетіні, олардың қоршаған ортаны сақтап қалудағы ролі, табиғаттағы тепе теңдік туралы білетін болады. Оқушылар жануарлар әлемінің қыр-сырымен таныса отырып, шаруашылықтағы маңызына көз жеткізеді.
Бұл курсты меңгеруге арналған білім стандарты жоқ болғандықтан, оқу бағдарламасы «Жануартану» пәнін меңгеру негізінде жасалды. Курс жануарлардың мінез- құлқын жүйелі түрде зерттеуді мақсат етеді.
Бағдарламаны игеру барысында оқушылар қосымша әдебиеттермен, интернет мәліметтерімен, т.б ақпарат құралдарымен танысады және олардың бағдарламаны игерудегі белсенділігі олардың ізденуінен, викториналық сұрақтарға, олимпиадаларға , әртүрлі конкурстарға қатысуынан көрінеді.
Сонымен қатар оқушылар мамандықты саналы түрде таңдайтын болады.
Курсты меңгерудің негізгі негізгі формасы- теориялық білім , практикум, әңгіме, лекция, топтық , жұптық, жеке жұмыстар. Оқушылардың алған білімдерін бектітіп, тереңдету және дүниетанымын кеңейту үшін экскурсиялар ұйымдастырылады.


Курстың мақсаты:
Оқушыларды жануарларды және табиғатты зерттеуге қызығуын қалыптастыру
Мақсатқа жету барысында мынадай міндеттер қойылады:

  1. Оқушылардың жануарлар туралы білімін тереңдету.

  2. Жануарлар әлемін тұтас құрылым ретінде зерттеу

  3. Жануарлар әлемін зерттеу барысында бақылаулар мен эксперименттерге сүйену.

  4. Жалпыэтологиялық теорияны біле отырып жануарлардың мінез –құлқын анықтау

  5. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру

  6. Оқушылардың шығармашылық қабілетін ашу

  7. Оқушылардың экологиялық көзқарасының қалыптасуын дамыту.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет