Бағдатова Аят



бет1/2
Дата07.03.2023
өлшемі20,97 Kb.
#72396
  1   2

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

БӨЖ
Ерекше білімге қажеттігі бар балаларды оқыту, білім беруді дамыту перспективалары


Бағдатова Аят


Ерекше білім беруге қажеттілігі бар тұлғалар (балалар) (ЕБҚ) -


даму ерекшеліктеріне, мінез-құлық және эмоциялық проблемалары-


на, орталық факторларына (әлеуметтік, психологиялық, экономикалық,


лингвистикалық, мәдени) байланысты тиісті деңгейде білім алуда тұрақты


немесе уақытша қиындықтары бар тұлғалар (балалар);


Ерекше білім беру қажеттілігі - оқу-дамыту барысындағы сапалы білімалуға тиісті көмекке және қызметке қажеттілік;


Білім алу үшін арнайы жағдайлар -ерекше білім берілуіне қажеттілігібар адамдардың (балалардың) оларсыз жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларын меңгеруі мүмкін болМамыртын, арнайы оқу бағдарламаларын және оқыту әдістерін, техникалық және өзге құралдарды, тыныс-тіршілігін, сондай-ақ медициналық, әлеуметтік және өзге де көрсетілетін қызметтерді қамтитын жағдайлар;


Психологиялық- педагогикалық қолдау -педагогтар мен мамандардыңжүйелі ұйымдастырылған қызметі, оның барысында баланың мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сәйкес табысты оқуы мен дамуы үшін әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық жағдайлар жасалады;


Арнайы кабинет -ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларғамамандарының психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуге арналған топтық және жеке сабақтарды жүргізуі үшін жабдықталған бөлме (сыныптық бөлме);


Қысқартылған оқу бағдарламасы -оқушының жеке мүмкіндіктерін еске-ре отырып, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде құрылған оқу бағдарламасы;


Жеке оқу бағдарламасы -зияты зақымдалған оқушының жекелікмүмкіндіктері ескеріле отырып құрастырылған оқу бағдарламасы;


ҚР МЖМБС -Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпығаміндетті білім беру стандарты;


ПМПК -психолиялық-медициналық-педагогикалық кенес;


ППҚҚ -психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі;


ЭЫДҰ -экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы;


БҰҰ -бірккен ұлттар ұйымы;


ТжКБ -техникалық және кәсіби білім; ППТК -психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті; НТГС -назар тапшылығы және гипербелсенділік синдромы;АСБ - аутистік спектрдің бұзылуы.


Қойылған мақсаттар жалпы білім беруде ерекше білім беру қажеттілігі бар тұлғаларды психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету әдістемесімен қамтамасыз етудің қажеттілігін көрсетеді, оның негізгі және маңызды аспектілері осы әдістемелік нұсқаулықта ұсынылған.


Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдері оқушыларда оқуға қиындық туғызатын, соның салдарынан – ерекше білім беру қажеттіліктерінің пайда болу себептерінің үш тобын ұсынады:



  • баланың психикалық және дене даму ерекшеліктері;




  • мінез-құлық және эмоционалдық проблемалары;




  • өмірдің қолайсыз жағдайлары (әлеуметтік, психологиялық, экономикалық, лингвистикалық және т.б. проблемалар).

Қазіргі уақытта Қазақстанда оқушылардың дамуындағы ауытқушылықтың салдарынан туындайтын ерекше білім беру қажеттіліктері тек арнайы мектептерде ғана толық көлемде қанағаттандырылады. Оларда психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің қорытындысы мен ұсыныстарын алған мектеп жасындағы балалардың жалпы санының 14,2%



  • ы білім алады. Осы санаттағы қалған балалар, сондай-ақ басқа себептерге байланысты оқуда қиындықтары бар мектеп оқушылары, ұйымдастыру-әдістемелік мәселелердің дайындалмағаны себебінен балаларға қажетті психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетпейтін жалпы білім беру мектептерінде оқиды.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет