Бақылау сұрақтары: «Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» пәні қандай



Дата30.03.2023
өлшемі21,51 Kb.
#77552

Бақылау сұрақтары:
1.«Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» пәні қандай
мәселелердi қарастырады?Оның қарастыратын мәселесі оқушылардың тәрбие жұмысын ұйымдастырудың теориялық және әдістемелік аспектілері.

2.Оқу пәні ретінде тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесінің


мақсаты, міндеттері қандай? оқу пәнінің мақсаты – педагогикалық оқу орындарының студенттеріне мектеп оқушыларының тәрбие жұмысының бағыттары,мазмұны мен ұйымдастыру әдістемесінің негізгі мәселелерін оқып-үйренуге,біліктіліктерін қалыптастыруға бағыт-бағдар беру және нақты көмек көрсету.
Ондағы көзделген негізгі міндеттер қатарына жатады:
-болашақ мұғалімдерге оқушылардың сабақтан тыс уақытта тәрбие
жұмыстарын ұйымдастыруға қажетті білімдер, біліктер мен дағдыларды
меңгерту;
-тәрбие процесін және оны әртүрлі типтегі білім беру мекемелерінде нәтижелі
ұйымдастыру жағдайын түсіндіру;
-тәрбие процесін ұйымдастырудың ең жетілген жаңа жүйелері мен
технологияларын жасау.

3.«Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» пәнінің негізгі


ұғымдары қандай?
Қандай да бір ғылыми пәндер секілді, тәрбие жұмысының теориясы мен
әдістемесі пәні белгілі бір ғылыми аппаратқа (ұғымдарға) арқа сүйейді. Ол
негізінен 3 түрлі категорияға бөлінеді.
1) жалпы ғылыми ұғымдар, олар басқа ғылыми пәндерден келген. Мәселен:
- философия: жалпы мен жалқы, мән мен құбылыс, қарама-қайшылық, себеп
пен салдар, мүмкіндік пен ақиқат, сан мен сапа, форма мен мазмұн, байланыс;
- психология: зейін, түйсік, ес, қабілет, қарым-қатынас, іс-әрекет, темперамент,
нышан, тұқымқуалаушылық және т.б.;
- кибернетика – кері байланыс, динамикалық жүйе;
-әлеуметтану – әлеуметтену, орта, әлеуметтік институт, әлеуметтік ұжым,
қоғамдық пікір және т.б.;
2) жалпы педагогикалық ұғымдар: педагогика, білім беру, тәрбиелеу, оқыту,
біртұтас педагогикалық процесс, педагогикалық әрекет;
3) арнаулы ұғымдар: тәрбие жұмысы, тәрбие жүйесі, тәрбие шарасы,
ұжымдық шығармашылық іс, педагогикалық өзара әрекет, тәрбие әдістері,
тәрбиеші, тәлімгер, тәрбиелік жағдаят, тәрбиелік ықпал және т.б.

4.«Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» пәнінің басқа


ғылым салаларымен байланысы қандай?
Қандай да бір ғылымның саласы, ол өз алдына жеке өмір сүрмейді, міндетті
түрде ғылымның басқа да салаларымен бірлікте, өзара байланыста, бірінің
бірі сол саладағы жетістіктерін пайдаланып, ары қарай жетіледі, дамиды.
1.Педагогика ғылымымен байланысы
2.Психология ғылымымен байланысы
3.Этнопедагогика ғылымымен байланысы
4.Әлеуметтану ғылымымен байланысы
5.Педагогика тарихымен байланысы
6.Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясымен байланысы
7.Философия ғылымымен байланысы
8.Физиология ғылымымен байланысы
8.Гигиена
9.Анатомия

5.«Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» пәнінің


әдіснамалық негіздері мен ғылыми зерттеу әдістері қандай?
Әдіснама – ғылыми еңбек жазудың әліппесі, белгілі бір ғылым саласында
оған бағыт беретін, ондағы зерттеліп отырған объектіні тануға көмектесетін
білімдер жүйесі. Демек, әдіснама – «Зерттеуді қалай ұйымдастыру керек?»,
«Қандай философиялық теорияға сүйену қажет?» - деген сұрақтарға жауап
беретін, зерттеушінің өз саласын толық білуге ықпал ететін, білім қорларын
анықтауға көмектесетін, әдебиеттердің оқу бағыттарын көрсететін,
педагогикалық құбылыстарды зерттеу және тану әдістерінің жиынтығы.
• Оның негізіне, әдетте,
- біріншіден, фундаменталдық философия, жалпығылыми және нақты-ғылыми
ұғымдар мен ережелер;
- екіншіден, принциптер, яғни таным немесе практикалық әрекетті жасаудағы
негізгі қағидалар;
- үшіншіден тәрбие процесін құру немесе қайта құрудың әдістері және тәсілдері
кіреді.
• Әдіснамалық білімдерсіз белгілі бір ғылым саласында зерттеу жұмыстарын
жүргізу мүмкін емес.

Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесінде педагогикалық зерттеу әдістері


қарастырылады. Педагогикалық зерттеу әдістері деп педагогикалық құбылыстарды
байқап білу тәсілдерін айтады. Демек, зерттеу әдістері белгілі бір қойылған
міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін зерттеу әрекеттерін орындау тәсілдері
немесе операциялары ретінде танылады. Мәселен, тәрбие, білім беру, оқытудың
заңдылықтары мен ерекшеліктерін объективті тануда төмендегідей зерттеу
әдістерінің амал-тәсілдеріне сүйенеді.

Іс-қағаздарды сараптау (құжаттарды талдау) әдісі


Бақылау әдісі
Сұрақ-жауап әдісі
Әңгiмелесу әдiсi
Сауалнама (анкета) әдiсi
Сұхбаттасу (интервью) әдісі
Социометрия әдісі
Ранжировка әдісі

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет