Жарас цилиндр пішінді кәстрөлге көп емес жарма салды да анасынан: «Дәмді ботқа алу үшін қанша су құю керек?»-деп сұрады. «Бұл өте қарапайым деп жауап берді анасы. Жарма кәстрөлдің дәл жартысын жабатындай етіп қисайт. Енді жарма кәстрөлдің қабырғасының қай жеріне келгенін белгілеп ал. Кәстрөлді түзетіп белгілеген жеріңе дейін су құй!» «Жарманы көп не аз салуға болады және де кәстрөлдің өлшемдері түрлі болуы мүмкін ғой»-деп таңданды Жарас. «Бәрібір менің тәсілім қандай жағдайда да дұрыс болады»- деп жауап берді анасы.
Анасының тамақ пісіру тәсілінің қаншалықты дұрыс екеніне көз жеткізуіміз керек. Сабақта екі түрлі жолмен: бірі интеграл арқылы, екіншісі көлем табу формулалары арқылы су мен жарманың көлемдерінің қатынасы кез келген цилиндр пішінді кәстрөл үшін бірдей болады (9, 10-слайдтар).
Тапсырма. R1=10; R2=13 кәстрөлдерін, 1кг күріш алып, қызықты есептегі айтылғандарды орындаңыздар.
Нұсқау. Есептеуде Vцил=2пR^2H формуласына құрылған бағдарламаны пайдаланыңыз.
Шыққан нәтижені «Тағам дайындау технологиясы» пәні оқулығындағы 1 кг жарманы ботқа етіп пісіруге қажетті сұйық пен тұздың өлшемі кестесіндегі қажетті сұйықтың өлшем санымен салыстырамыз (3-кесте). Біздің алған нәтиже кестедегі қоймалжың ботқа алуға арналған санмен сәйкес келеді. Бұл тапсырмалар арқылы «Математика - ғылымдар патшасы» екенін тағы бір дәлелдедік.