«Есімдік» тақырыбы бойынша Күрделі есімдіктер қатарын тап



бет1/5
Дата24.04.2023
өлшемі21,84 Kb.
#86352
  1   2   3   4   5

«Есімдік» тақырыбы бойынша
1. Күрделі есімдіктер қатарын тап.
А) күллі,барша,тегіс
В) өзім,өзді-өзі, өздеріңіз
С) қашаннан? Қайсысы?
Д) әркім, қайсыбір,ешқашан
Е) мынау,осыңыз,соным
2. Жалпылау есімдігі қатысқан сөйлемді тап.
А) Ешкімге тіл қатушы болма.
В) Саған тай сатып әперемін.
С) Өзің үлкен,қылығың—бала-шаға.
Д) Еріншектік—күллі дүниедегі өнердің дұшпаны.
Е) Әрбір жинақылықтың түбі—кеніш.
3. Тәуелденген тұлғадағы сілтеу есімдігін тап.
А) кіміңіз? Несі?
В) бұнысы,мынауымыз
С) соның,анаған
Д) өздерің,өзіңіз
Е) барлығынан,бәрінің
4. Қай қатар есімдіктің бір мағыналық түріне жатпайды?
А) әркім,кейбіреу,әлденеше
В) олар,мен,біз
С) кім, қашан, неше
Д) біреу, ешбір,қайсыбір
Е) бәрі,түгел,барша
5. Емлеге сай жазылған есімдіктер қатарын тап.
А) Еш уақытта, еш қашан
В) әлде кім,әр адам
С) әркім,ешқайда
Д) кей ағаң, кей біреу
Е) бүгін,еш теңе
6. Есімдік сөйлемде қандай қызмет атқарып тұр?
Батырлар есімі ешқашан ұмытылмайды.
А) толықтауыш
В) баяндауыш
С) пысықтауыш
Д) бастауыш
Е) анықтауыш
7. Болымсыздық есімдігін көрсет.
А) бірнеше
В) саған
С) дәнеңе
Д) әлдекім
Е) түгел
8. Тұлғасы өзгеріліп септелген есімдікті тап.
А) осынау
В) оған
С) әрне
Д) кейбіреулер
Е) ештеңе
9. Дұрыс септелген есімдікті тап.
А) менге
В) сенмен
С) сода
Д) бұдан
Е) сеннің
«Етістіктің түрлері» тақырыбы бойынша
10. Құранды етістікті тап.
А) уәде бер
В) айта бар
С) келе сал
Д) айтып сал
Е) барып қал


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет