Бала денсаулығы біздің қолымызда. (Баяндама)



Дата07.04.2022
өлшемі23,34 Kb.
#30215

Бала денсаулығы біздің қолымызда.

(Баяндама)

Әр бір ата-ана өзінің баласының денінің сау болғанын қалайды. Өкінішке орай әр ата-ана  балаларға қажетті салауатты өмір салтын ұстанудың негізгі қағидаларын ұмытып кетеді. Бұл қадидаларды ұстану бала денсаулығы үшін, әсіресе мектеп жасындағы бала денсаулығының дамуына өте қажет.  Баланың салауатты  даму қағидалары болып табылады: таза ауа, күн сәулесі, физикалық белсенділік, қажетті мөлшерде тынығу, барлық нәрсенің мөлшерінде болуы, пайдалы әрі дұрыс тамақтану, таза су, жеке бас гигиеналық тазалығы мен бойын түзу ұстай білу.

Ауа

Жаңа дамып келе жатқан жас баланың ағзасына таза ауаның үздіксіз кіруінің қамтамасыз етілуі өте маңызды.  Жаңадан өмірге келген нәрестенің ең бірінші үйренетіні – тыныс алу. Ауа нәресте үшін  «өмір» болып табылады. Балалар күнделікті қажетті мөлшерде таза ауада ойнап серуендеуі қажет. Таза ауа баланың тәбетін ашып, қан айналымын жақсартады, ұйқысын реттейді және науқас балалардың тезірек жазылуына септігін тигізеді. Баланың жалпы көңіл күйі мен жалпы жағдайы таза ауаға байланысты.



Әрбір адамның үйі таза ауаға толы болуы және үнемі таза ауамен желдетіліп отыруы керек. Жылдың жылы маусымында ашық терезімен ұйықтаған дұрыс. Таза ауа баланың ұйқысының тыныш әрі, белсенді болуына және баланың ағзасының тынығуының қалыптасуына жақсы әсер етеді.

Күн сәулесі

Күн сәулесі жер бетіне өзінің жылуы мен жарығын беріп қана қоймай, сонымен қатар ағзадағы  көп мөлшердегі зиянды микроорганизмдерді жояды.

Күннің ультракүлгін сәулелері терінің белгілі химиялық құрамына (стероидтар), теріге пайдалы  D витаминіне айналдыра отырып әсер етеді. Күн сәулесі – адам ағзасы қоректенетін және оған қажетті энергия беретін қайнар көз болып табылады.  Күн сәулесі біздің айналамыздың бәрін жылытып нәр береді. Біздің балаларымыздың  келбетінің шырайын келтіреді.

Тіпті сырқаттанып қалған балаға да күн сәулесі өзінің пайдасын тигізе алады.

Күн сәулесінің бөлмеге өзінің жарығы мен жылуын түсіріп тұруы үшін, тұрғын үйлердің терезе шымылдық тарының үнемі ашық болғаны абзал. Себебі оның жылуы мен жарығы бала денсаулығы  үшін өте қажет.

Физикалық белсенділік

Бір сәтке Сіз қолыңызды немесе аяғыңызды сындырып алдыңыз дейік. Бұл жағдайда сіздің сынған жеріңізге  гипс салып, сүйек орнына қалыптасқанша 6-8 апта күту қажет.   Гипсті шешу кезінде сынған жердің әлсіреп, қозғалу мүмкіндігі шектелгенін байқасыз. Гипспен бекітілген буын үйреншікті амплитудада қозғала алмай, аурсынады.  Бұл бір ғана мысал, егер біз ағзаға қажетті физикалық қозғалысты қамтамасыз етпесек. Дененің барлығы және әр мүшесі осының нәтижесінде жапа шегеді.

Физикалық жаттығуларды үнемі жасау бала денсаулығын нығайтады. Сонымен қатар физикалық жаттығулар — аданмың тынығуы мен  жеңілдену, баланың ойлау ауыртпашылығын жеңілдетіп, ойлау қабілетін арттырады, көңіл күйін көтереді.   Ағзаның барлық мүшелері  физикалық белсенділіктің оң көрсеткішін сезінеді, ағза ауыру сырқауға қабілеттілігінен арылады.

Ескеру. Балаға белгілі бір қозғалыс күшінде және тамақтанғаннан кейін физикалық жаттығулармен айналысу қажет.

Тынығу

Қазіргі замандағы күйбең тіршілікте балалар мен ересек адамдар физикалық және ойлау салмағының ауырпашылығна тап болады. Оған балалардың мектепте ұзақ уақыт болуы, үй тапсырмаларының көптігі, копьютерлік ойындар, кеш ұйқыға жату және т.б  себеп болады. Демалып күш жинаудың ең бір жақсы тәсілі тыныш әрі әдемі жерде уақыт өткізу. Мүмкін болса қала сыртында, табиғат аясында демалған дұрыс. Дұрыс тынығудың тағы түрлері болып кітап оқу, отбасымен тамақтану және таза ауада серуендеу болып табылады.



Сабырлылық және дұрыс тамақтану.

Күнделікті тамақ  құрамы  ағзаға қажетті заттар құрамдас болуы тиіс. Яғни, ас мәзірінің  құрамы  ағзаға қажетті заттарға толы болуы қажет. Бұл тамақтану рационының әр түрлі азық түліктен тұру керектігін білдіреді.  Мөлшерден көп тамақтану баланың ағзасына кері әсет тигізеді. Бұл таңғы ас, түскі ас немесе кешкі ас кезінде тазартылған қант құрамы көп тамақтарды мөлшерден тыс қолдану себебінен болады. Егер бала көп тамақтанып қойса, ағза артық  калорияны шығара алмай қалады.  Осының салдарынан бала уақыт өте салмақ қосып, артық салмақтан   зардап  шегеді. Тіпті пайдалы азықты пайдалануда да  ұстамдылық таныту қажет.

Сонымен қатар тамақтану уақытының тәртібін сақтау да өте маңызды. Негізгі тамақтану уақыты арасында тамақ жеу асқазанның жұмысын ауырлатады және қажетті тынығуына мүмкіндік бермейді.  Салдарынан асқазан ішек құрылысының дұрыс жұмыс істеуінің бұзылуына әкеліп соғады. Оның арты әртүрлі ауруларға әкеліп соғады.

Баланың тамақтану  ас құрамынан тазартылған қант құрамын азайтып оның орына көмірсутекті нан және картоп қосқан дұрыс. Ғалымдармен жер бетіндегі  ұзақ өмір сүретін адамдар орналасқан жерлерге зерттеу жасалып, олардың тәтті және майлы тамақтарды аз ішетіндігі туралы мәлім болды.

Дұрыс реттелген тамақтану құрамы азық түліктің қажетті заттарының дұрыс алынған көлемінен тұрады. Дұрыс құралыған таңғы ас — сіздің балаларыңыздың дұрыс тамақтануының құрамы.  Таңертеңгі асқа ақуыз құрамды бір мөлшерлі, көкөніс бір мөлшерлі, жарма бір мөлшерлі және нан болғаны дұрыс.   Бәрінен де тамақтанудың уақытын белгілеп ағзаны соған үйреткен дұрыс. Осы арқылы біздің асқазанымыз демалуға мүмкіндік алады. Жақсы ішілген таңғы ас және жеңіл кешкі ас біздің дене салмағымызды реттейді.

Су

Су керісінше  — өте пайдалы және оны қажетті мөлшерде үнемі пайдаланған дұрыс.  Ол ағзадағы әр түрлі орган клеткаларының жабдықталуына және қажетті зат алмасу жүйесін реттеп, түрлі шлактардың шығуына әсер етеді. 12 жастан жоғары балалар күнделікті 6 стакан су ішу керек.  Ағзаның аталған қызметтерді орындауға қажетті минимум.  Тамақтанар алдында және тамақтанып болған соң жарты сағат уақыттан кейін су ішу қажет. Татамқтану кезінде суды көп мөлшерде ішу, азқазанның тамақты қорытуға кедергі жасайды. Асқазанның тамақты қорытуы су мөлшерінің азайуынан кейін ғана жақсарады.



Тазалық және гигиена

Терінің үстіңгі қабатында орын алған   ұсақ тесіктері арқылы тері демалады. Сол себепті олардың үнемі таза болуы шарт. Бұл бөліп шығаратын ағзалардың  дұрыс қызмет етуіне әсер етеді.

Жүгіріп немесе ойнап болғаннан кейін біз үнемі денеде қалыптасқан тер мен кірді кетіру үшін,  суға түсу қажеттілігін сезінеміз. Суға түскеннен кейін  біздің теріміз тыныстап, қалпына келеді. Өзімізді таза киімде жеңіл әрі жақсы сезінеміз.

Күнделікті суға түсу ересектерге ғана емес, балаларға да қажет. Балалның бойын таза ұстауцға бейімделуі денсаулығына және оны қоршаған ортағада жақсы әсер қалдырады.  Егер тері қажетті қалыпта қызмет етпесе бөліп шығару органдарының қызметінің төмендеуімен жалпы ағзаның жұмыс істеу балансын зақымдайды.

Жылы суға толтырылған ванна баланың жүйке жүйесін, әсіресе көп сабақтан кейін  тыныштандырады.  Қан айналымын жақсартып, буын қызметі мен мидің жұмысын жақсартады.

Ұрыс жан-жал және жөнсіздік баланың дұрыс өсуіне кедергі келтіреді. Тазалық, тәртіп және ұйымдасқандық  баланың өмір сүру ағымын жақсартады. Әсіресе мекетеп жасындағы баланың сабырлы әрі оқу процесінің жақсаруына ықпал етеді.  Үйдің ішіне шаңсорғышпен және сулы тазалық жұмыстары жүргізілгеннен кейін, біз өзімізді сергек әрі жақсы сезінеміз.

Ауыру түрлері мен әртүрлі жұқпалар ретсіздік пен ластықтың нәтижесінде болады. Күннің көзі және бөлмені желдету, әсіресе ұйықтау бөлмесі мен асүйде — денсаулықты дұрыс күтудің факторы болып табылады.  Сонымен қатар тамақ әзірлеу кезінде асүйдің іші алдын-ала таза болғаны дұрыс.

Бойды түзу ұстау.

Баланы жас күнінен бастап бойын тік ұстауды әдет қылуға  үйрету қажет. Бала күннен бастап арқаны тік ұстаса,  өмірінің соңына дейін әдетке айналады.

Баланың бойының түзу қалыптасуы оның тұлғасының сырт көзге жағымды әсер және жақсы тәрбиелілігін көрсетуге ықпал етеді.    Сонымен қатар ол бала денсаулығына әсер етеді. Дұрыс отырмаған баланың кеуде қуысына ауа дұрыс кірмейді  Егер өкпеге таза ауа қажетті мөлшерде кірмесе, ағзаның қан айналымы, барлық жұмыс істеу жүйесі әлсіреп, зат алмасу процесі нашарлайды.



Ата-ананың ең басты міндеттерінің бірі баланың бойын тік ұстап, тұлғалығының түзу қалыптасуын  қадағалау. Үнемі балаға басын тік ұстап, иық, арқа тұсын тік ұстап, іш жағын тартып, кеуде тұсын тіктеуді үйретіңіз. Осыдан кейін баланың өзі өсе келе бой тұлғасы мен жүріс-тұрысының  сымбатына көзі жетеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет