Балабақшамен қоштасу Мақсаты



бет1/3
Дата03.11.2022
өлшемі20,17 Kb.
#47112
  1   2   3

Балабақшамен қоштасу
Мақсаты: Сәби шағынан бастап балабақшаға бауыр басқан бүгінгі бүлдіршіндерді өнер әлеміне жетелей отырып, қызығушылығын ояту. Балалар арасында достық қарым–қатынас қалыптастыру.
Жүргізуші: Армысыздар қымбатты ата-аналар балабақша ұжымы! Біз бүгін бірнеше жыл мәпелеп, күтіп тәрбиеленген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып мектепке шығарып салғалы отырмыз.
Біз бақытты баламыз,
Жетіліп ой санамыз.
Бақшамызбен қоштасып,
Мектепке кетіп барамыз.
Бал күндерді қиялдап,
Сағынамыз әлі-ақ біз. – деп,
Сүйікті балабақшасымен, қимастықпен қоштасатын балаларымызды құрметпен қарсы алайық.
Балалар музыкамен кіреді.
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар
Қазақстан Гимн орындалады (хормен)
Жүргізуші: Мектеп ана шақырады бізді алдан,
Алдымызда әлі талай сан арман.
Қоштассақ та балабақшам сенімен,
Санамызда өзің берген өнегең – деп,
Бүлдіршіндеріміз мектепке баруға дайын екендігін дәрігер апайдан сұрап көрейікші.
Дәрігер апай келеді.
Дәрігер: Сәлеметсіңдер ме балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе дәрігер апай.
Жүргізуші: Дәрігер апай.
Алдындағы балалар,
Мектепке кетіп барады.
Сұрақ қойып, жауап алсаңыз,
Жарамсызы қалады.
(дәрігер апай балаларға сұрақ қояды)
Дәрігер: Ал, енді жолдарың болсын. Жаттығу жасауды ұмытпаңдар.
Жүргізуші: Дәрігер апай біздің қуанышты кешімізге келгеніңізге көп рахмет.
Ал енді, білім ханшайымын шақырып, балалардың білімдерін тексерейік.
Білім ханшайымы келеді.
Ханшайым: Сәлеметсіздер ме, балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе!
Ханшайым: Мен сендердің білімдеріңді тексеруге келдім. Балалар, жақсы оқитын бала неше деген баға алады?
Балалар: «5»-деген баға.
Жүргізуші: «5»-тік бағасы қандай балаларға қойылады?
Балалар: Сабақты өте жақсы оқитын, еңбекқор балаларға қояды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет