Балаға мінездеме Ғазизбек Айсана мінезі ашық, көңіл-күйі тұрақты, сымбатты қыз. Тобындағы балалармен қарым-қатынасы жақсы,кішіпейіл,адамдармен тез тіл табысады.Жаңа заттарға ,таныстықтарға қызығушылығы жоғары .Тәрбиешіге практиканттарға сыйластықпен қарап, сөздерін тыңдай біледі.Ол өзі тәрбиешінің көмегінсіз киімдерін шешініп,киіне береді,киімдерін жинап таза ұқыпты ұстайды.Жеке гигиенесын сақтап,балабақша ережелеріне қайшы келмейді. Ойынға белсенді қатысады,әрі тез ұғып мәліметті меңгеруі жоғары.Топтағы балалармен ұйымшыл ,топта өзінің белсенділігімен көзге түседі.Кейбір сәттерде жалқаулығы ұстайтыны бар.Тәрбиешінің ескертулеріне бірден құлақ асады. Сөздік қоры өз жасына сай,өз ойын тәрбиешіге практиканттарға қиналмай түрде жеткізеді,зейіні тұрақты. Мен практикадан өту барысында Айсананы мейірімді,тез тіл табысатын,ашық,қыз ретінде таныдым .