Балаларды диспансерлеу



Дата17.02.2022
өлшемі19,25 Kb.
#25761
Байланысты:
Дені сау балаларды диспансерлеу принциптері


Балаларды диспансерлеу

Бала денсаулығын қорғауға арналған шаралар тиімділігінің негізгі көрсеткіші баланың денсаулығы болып табылады. Ерте жастағы балалардың «денсаулық» ұғымы – дәл осы сәттегі ауру мен зақымдану жоқтығы ғана емес, бұл детерминирленген факторлар (генетикалық, эмбриологиялық, постнатальды, социальды), көрсеткіштер (физикалық және нервті-психикалық даму, функционалды жағдайы және резистенттілік, аурушаңдық) жиынтығын түзуші денсаулық деңгейі.



Диспансеризация – профилактикалық денсаулық қорғау талаптарына сай келетін жұмыстың ең бір жетілген әдісі. Диспансерлік қызметке сау және ауру балаларды диспансерлеу жатады.

Диспансерлеу – бұл баланың күйі мен саулығына даму деңгейіне динамикалық бақылау, орныққан лабораториялық зерттеулер арқылы баланың денсаулығындағы ауытқуларды ерте тауып, кезінде сауықтыру және түзету шараларын жүргізу және де бала дамуын тиімді жағдай жасау.

Диспансеризацияның негізгі міндеттері:

  • денсаулықты сақтау, нығайту және қалпына келтіру;

  • баланың қоршаған ортасын, оның тұрмыс және оқу жағдайларын сауықтыру;

  • әр түрлі жас топтарындағы балалардың физикалық және нейропсихикалық дамуын жақсарту;

  • психоәлеуметтік бейімделу мен үйлесімді дамуды қамтамасыз ету;

  • дер кезінде емдеу үшін патологияның жойылған нысандарын, аурулардың ерте сатыларын анықтау,

  • ауыр формалар мен асқынулардың алдын алу;

  • аурудың өршуінің және мүгедектіктің немесе өлімнің басталуының алдын алу үшін науқас балаларды емдеу және оңалту және т. б

Денсаулық жағдайын әрбір қарау кезінде педиатр 5 негізгі белгілері бойынша бағалайды:

  1. анамнезінде ауытқулар бар немесе жоқ (тұқым қуалаушылық, биологиялық, социалды)

  2. жүйелер мен ағзалардың функционалды жағдайы

  3. ағза резистенттілігі мен реактивтілігі

  4. физикалық және нервті-психикалық дамудың деңгейі мен гормониясы

  5. созылмалы ауруы және туа пайда болған патологиясының бар жоқтығы.

Анте-, интра- немесе ерте постнатальды кезеңде бұзылыстар бар жоқтығының белгілері.

Ата-анасынан отбасының кем дегенде 3 ұрпақта туу жайлы шежіресін жинау әдісі(генеалогиялық анамнез), даму тарихы, анықтамалар қағаздарындағы ақпараттарды көшіріп алу әдісі арқылы. Биологиялық және әлеуметтік анамнез жинайды. Биологиялық – жүктілік ағымы, 1-2 үштіктегі токсикоздар, түсік қаупі, жүктілік кезіндегі анасының аурулары, бала табу кезіндегі анасының жасы 18 кіші немесе 30 асқан, ұзаққа созылған немесе тез босану, сусыз кезеңнің ұзаққа созылуы, босану кезіндегі көмек, ерте постнатальды кезең – алғашқы айғайы, Апгар межесі бойынша бағалануы, омырауға салу уақыты, кіндік бауының түсу уақыты, жаңа туған кезіндегі аурулары және т.б.



1-ші критерий — денсаулықты анықтайтын белгілері, ал қалғандары денсаулық жағдайын сипаттайтын белгілері.

Бірінші белгілері бойынша бағалау:

- Анамнезінде ауытқулар жоқ


-Биологиялық анамнезінде өзгерістер бар
-Әлеуметтік анамнезінде өзгерістер бар.
-Гениологиялық, әлеуметтік және биологиялық анамнезінде өзгерістер бар.

2-ші критерий бойынша бағалау — ағзаның функционалды жағдайы.

-Функционалды жүйелердің қалыптымен салыстыру арқылы анықталады (жүрек соғу жиілігі, тыныс алу жиілігі, артариалды қан қысымының көтерілуі, қандағы гемоглобин) және де тәртіп сипатына қараймыз.



Екінші критерилерді бағалау:

- Қалыпты — көрсеткіштер жасына сай, өзгеріссіз.


- Нашарлауы – жастық нормалардың ең жоғарғы немесе ең төменгі шегінде (көрсеткішке байланысты) , тәртібінде аздаған ауытқулар.
- Нашар – көрсеткіштер деңгейі жоғары немесе төмен (көрсеткішке байланысты); тәртібіндегі айқын ауытқулар .

3-ші критерий бойынша бағалау – организм резистенттілігі мен реактивтілігі .
Баланың алдыңғы қаралу кезіндегі мен қазіргі келіп отырған ауруының арасындағы уақытпен анықталады.
Үшінші кезең критериін бағалау:
Жоғары — жыл ішіндегі жедел аурулар жоқ болуы.
Орташа – сирек ауру ( жылына 1-3 рет)
Төмен — жиі жедел аурулар ( жылына 4-7 рет)
Өте төмен – өте жиі жедел аурулар (3 реттен көп).

4 критерий бойынша бағалау — физикалық және нервті-психикалық дамудың деңгейі мен гормониясы.
Нервті –психикалық дамудың топтар деңгейін анықтау жүктілік кезіндегі негізгі диагностикалық даму линиялары арқылы анықталады.
Төртінші критерий бойынша бағалау:
Қалыпты деңгей – дамудың 1 тобы
Бастапқы ауытқулар – дамудың 2 тобы.
Айқын ауытқулар – дамудың 3 және 4 топтары.

5 критерий бойынша бағалау — созылмалы ауруы және туа пайда болған патологиясы бар.

Педиатр, дәрігер-маман қарауымен, параклиникалық әдістермен анықталады.



Бесінші белгілері бағалау:
-Созылмалы ауруы немесе туа пайда болған ақауы бар (ауру)
-Шекаралық жағдайлар анықталған (қауіп тобы)
-Созылмалы ауруы немесе туа пайда болған ақауы жоқ (сау) ;

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет