Ситуациялық есеп



Дата15.12.2023
өлшемі14,64 Kb.
#139773
Байланысты:
Ситуациялық есеп


Ситуациялық есеп
Али Д., 6 ай, бірінші жүктіліктен, жедел босану. Жүктіліктің екінші жартысының токсикозымен жүрді. Босану кезеңі ұзаққа созылған, сусыз кезең 14 сағат. Нәресте бірден жылады, Апгар шкаласы 6-7 балл, туылғандағы салмағы - 2900,0, ұзындығы - 50 см.; 2 айдан бастап жасанды тамақтандыруға ауыстырылды.

Жалпы караy: дене дамуы қалыпты, тамақтануы төмен, тері жамылғысы мен көзге көрінетін кілегей қабаттары таза, боз, кұрғак, тері асты шел май қабаты ішінде және кеудеcінде нашар дамыған, сандарында жұқарған, бетінде сақталған. Тін тургоры төмендеген, мандай,самай төмпектері айкын, үлкен еңбегі — 2x2 см, жиегі-тығыз. Кеуде қуысының төменгі апертурасы жайылған, шүйде аймағы тегістелген «қабырға таспиктары» пальпацияланады. Бұлшықет тонусы төмендеген, іштің көлемі ұлғайған, іштің тік бұлшыкеттерінің диастазасы анықталады. Бауыр қабырға доғасынан 2,5см пальпацияланады. Шығыңкы, талақ шеті пальпацияланады.

1.Ауру анамнезін талдаңыз, қандай жайыттарға көңіл беру керек және неге?
Биологиялық анамнезінде: қауiп факторлары (жүктіліктің екінші жартысының токсикозы. Босану кезеңі ұзакка созылған, сусыз кезең 14 сағат ( 6 саг. көп) бала курсакішілік гипоксия жагдайында болды, соган байланысты Апар шкаласы 6-7 балл. Бул факторпар метаболизмнін бузылу каупін тудырады: фондык дистрофия, жетіспеушілік анемия Куні жетіп туган нәрестеде кауiп факторларының әсерін 6 айға дейін байкауга болады, сондыктан бұл жайттарды білу диагностикалық мәнге ие. 2) Туғандағы салмағы - 2900.0, ұзындығы - 50см.; 2 айынан бастап жасанды тамақтануға көшкен, сәйкеcінше дистрофия қаупі күшейді.

2.СЗ жалпы карау мәліметтерін талдаңыз; кандай жайыттарға көңіл бөлу керек және неге? Алғашкы диагноз коюға мумкіндік беретін синдромдарды танданыз және негізденіз.


Клиникалық тұрғыдан біз мыналарды ажыратамыз: 1) Трофикалык бузылыс синдромы: тері асты шел май қабатының жұқаруы, дене салмағының жетіспеуі, тіндер тургорының төмендеуі және полигиповитаминоз белгілері. 2) Ас қорыту жүйесінің бұзылысы синдромы тағамға толеранттылығының төмендеуі: 3) Остеоидты гиперплазия жане гипотония синдромы: тіндердің тургоры төмендеген, маңдай және самай төмпектері айқын байқалады, шүйде аймағы тегістелген үлкен еңбегі- 2х2 см, жиектері тығыз. Кеуде қуысының төменгі апертурасы жайылған, «қабырға таспиктары» пальпацияланады. Бұлшықет тонусы төмендеген, іш көлемі ұлғайған, іштің тік бұлшыкеттерінің диастазасы анықталады; 4) жеңіл гепатолиенальды синдром: бауыр қабырға доғасынан 2,5 см шығыңқы, талақтың шеті пальпацияланады

3. Алғашкы диагноз койыныз.


— Д-з: Гипотрофия типті дистрофия II дәреже., пре-, постнатальды, аралас этиологиялы, өршу кезеңі

4. Жоспарлы тексеруді ары қарай тағайындаңыз және емдеу қағидаларын атаңыз.


Негіздеу: Рахит Гипотрофия типті дистрофия 1дәреже, пре-, постнатальды, этиологиясы аралас, өршу кезені (анамнез, МРК-58,., дистрофияның бастапқы дәрежесін анықтаy үшін объективті деректерді,. скринингтік әдісті қолданамыз:тері асты шел май қабаты ішінде және кеудесінде нашар дамыған сандарында жұқарған, бетінде сақталған). II, өршу сатысы, жеделдеу ағымды. ТЖА


.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет