Балалардың жас ерекшелігіне байланысты негізгі қорқыныштың түрлері



Дата07.01.2022
өлшемі16 Kb.
#17050

Балалардың жас ерекшелігіне байланысты негізгі қорқыныштың түрлері:
Жаңа туылған нәресте:
жаңа ортадағы қорқыныш;

анасынан алыстау қорқынышы;

бөтен адамдардан қорқуы.

1 жастан 3 жасқа дейінгі балаларда:


қараңғыдан қорқуы;

түнгі қорқыныштар;

жалғыз қалып қою қорқынышы.

3 жастан 5 жасқа дейін:


жалғыздық қорқынышы, яғни ешкімнің елемеуі;

қараңғылық қорқынышы;

тыныш, тұйық ортадан қорқуы;

қиял-ғажайып кейіпкерлерінен қорқуы.

5 жастан 7 жасқа дейін:
белгілі бір жағдайға байланысты қорқыныштар. Мысалы: өрт, тереңдік, түрлі апаттар, т.б.;

ата-аналарының ұрысуынан, ұруынан қорқу;

жануарлардан қорқуы;

қорқынышты түстерден қорқу;

ата-анасынан айырылу қорқынышы;

кешігіп қалу қорқынышы;

өлім қорқынышы;

ауруға шалдығып қалу қорқынышы.

Аталған қорқыныштардың барлығы уақыт өте келе жойылады. Өйткені бұлар белгілі бір уақыт арасында ғана болатын қорқыныш, үрейлер. Алайда аталмыш қорқынышты уақыт еншісіне қалдырмай, оның бала бойында ұзақ уақыт сақталып, бойында қалмауы үшін ата-аналар мен тәрбиешілердің қосар үлесі зор. Бала кезінде қалған үрей өскенде де сыр береді. Оның соңы ересек кездегі психологиялық сырқатқа ұласуы әбден мүмкін. Сондықтан өсіп келе жатқан баланың бойында үрей-қорқынышы болса, оған бірден көңіл бөліп, барынша оны жеңуге көмектесу керек.

Баланың бойындағы үрей-қорқынышын анықтаудың және оны жеңудің бірнеше әдіс-тәсілдері бар. Мысалы, балаларға «Қорқынышымызды қағаз бетіне түсіру» атты сурет салу сабағын жүргізуге болады. Сабақ 30-40 минут ұзақтықта болуы керек. Ең бірінші баламен жақсы қарым- қатынас орнатып, алдыңа алып немесе тізеңе отырғызып, құшақтап отырып, ақырын сөзге тарту керек. Әртүрлі сұрақтардан бастап, мысалы, қараңғыдан қорқасың ба? Қасқырдан қорқасың ба? Мыстан Кемпірді қалай деп елестетесің? Уколдан қорқасың ба? Балаға "ия" немесе "жоқ" деп жауап беретіндей қысқа сұрақтар қойған жөн, бірден бірнеше сұрақ қоюға болмайды. Осындай сұрақтар арқылы баланың психологиясын бірінші дайындап алу керек. Бала  өзінің қорқынышын айтқанда, қолына фломастер немесе акварель бояуын беріп, ақ параққа сол нәрсені салуды сұраңыз. Бала бірден суретті салуға келіспеуі мүмкін, алайда кейін жаттығулар арасында, ойын арасында салып береді. Суретін салып болғаннан кейін, онда не салынғанын сұрап, ол туралы басқа не білетінін айтып беруін сұраңыз. Бұл сурет салу арқылы бала өзінің қорқатын кейіпкерімен бетпе-бет келеді. Оның сондай қатты қорқынышты нәрсе емес екенін танып-біліп, өзіне жылы қабылдай алуы керек немесе салған суретін жыртып, я лақтырып жіберуіне де болады. Бұл жаттығуға 1-2 апта уақыт бөлген дұрыс. Осы уақыт ішінде көбірек ойын ойнап, баланың сергек болуын қадағалап, ұрыс-жанжалдан аулақ ұстаңыз. Қорқынышын қағаз бетіне түсіру арқылы өмірде жоқ, бірақ баланың өзіне болатындай қорқыныштан, елестен арылтасыз.



Бала бойындағы қорқынышты жеңуге сюжетті-рөлдік ойындар да көп көмегін тигізеді. Баланың білетін ертегісіндегі жаман да, жақсы да кейіпкерлердің рөлін өзі сомдағаннан кейін, бойындағы ұзақ уақыт арыла алмай жүрген қорқынышын жеңе алады. Күнделікті балалардың ойнайтын «тығылыспақ» ойыны арқылы да бала қараңғыдан, жалғыз қалып қоюдан, тым-тырыс бөлмелерден қорықпайтын болады. Сіз тығылып, бала сізді іздесе, оның жеңіп, ойынды жақсы ойнайтынын айтып, мадақтап қою керек немесе сіз баланы іздеп, ол тығылып қалса, оны таба алмай  жеңілгеніңізді айтып, жақсы ойнайтынын айту арқылы баланың көңіл-күйін көтеріп қою қажет. Осылайша баланың қорқынышын жеңуге үйретуге болады. Сонымен қатар, мұндай жағдайда балаға қауіпсіз, тыныш жағдай жасаңыз. Есіңізде болсын, баланың позитивті өсуі оның айналадағы жағдайына тікелей байланысты.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет