Балаларға арналған музыкалық аспаптарда ойнау



Дата06.01.2022
өлшемі16,95 Kb.
#14528
Байланысты:
мм


02.09.20

Убай Мөлдір

Балаларға арналған музыкалық аспаптарда ойнау
Әлемде өзінің музыкалық мәдениеті мен аспаптары жоқ халықты табу қиын. Бірақ олардың әрқайсысы тең дәрежеде барлық елге танымал, себебі музыкалық аспаптар әртүрлі рольді атқарады және әлемдік мәдениетте күрделі мәнге ие. Барлық өркениетті елдердің музыкалық мәдениетінде қолданылатын бірқатар аспаптар бар. МДҰ-да музыкалық тәрбиелеу теориясы ғылыми білімдер жүйесі, баланың дамуын басқару, оны музыкамен таныстыру барысында адамгершілік-эстетикалық сезімдерін тәрбиелеу заңдылықтары туралы ұғымдар жүйесі ретінде қарастырылады.
2. Балалардың музыкалық аспаптарында ойнау- музыкалық қызмет түрі.

Балабақшадағы музыкалық қызметтің негізгі формасы музыка сабақтары болып табылады. Олар қызметтің барлық түрлерін біріктіреді: ән тыңдау, ән айту, музыкалық-ритмикалық қимылдар, балалардың музыкалық аспаптарында ойнау. Музыкалық аспаптарында ойнау дүниетанымды кеңейтеді, сабақтарға деген қызығушылықты арттырады, жадының, зейіннің дамуына ықпал етеді, артық ұялшақтықты, тұйықтықты жеңуге көмектеседі. Ойын барысында балалардың шығармашылық және музыкалық қабілеттері де дамиды.

3. Балабақшада таныстырылатын музыкалық аспаптар

Балабақшада таныстырылатын музыкалық аспаптар: қоңырау, үшбұрыш, бубон; металлофон, виола; маракас, дауылпаз; ксилофон, чаймс.
Балаларды ұлттық аспаптармен таныстыру және ұлттық аспаптарды бір бірінен ажырата білуге үйрету мақсатында ұлттық аспаптар жайлы жалпы түсінік беру керек.
4. Балаларды музыкалық аспапта ойнауға баулу кезеңдері:

- Білімі мен қабілеттері деңгейі: аспаптар атауы;

-аспаптардың дыбысталу ерекшелігі;

-аспаптарды қолдану ережесі және оларды сақтау;

-ойын тәсілдері;

-жоғарғы және төменгі дыбыстардың орналасуы;

-әртүрлі аспаптарда ойнаудың қарапайым тәсілдерін меңгеру;

-ансамбльде ойнау, жалпы динамиканы, темпті сақтау, ойнауды уақытында бастау және аяқтау.

Музыкалық аспаптарда ойнауға баулудың басынан бастап ритмді жеткізе білуге баулу керек.
5. Музыкалық аспаптармен таныстыруда музыкалық-дидактикалық ойындарды қолдану.

Аспаптармен таныстыруды сабақтарда және де балалармен жеке жұмыс кезінде жүзеге асырылады. Әртүрлі әдістемелік тәсілдерді қолдануға болады: аспаптарды, олардың құрылымын, дыбысталуын, музыкалық дидактикалық ойындарды көрсету, локальді дисктен музыка тыңдау, аса күрделі емес ритмикалық суретті шапалақтау, әндету, белгілі ритмді шапалақпен, осыдан кейін аспаппен жеткізу, балалар аспаптарымен алмасады. Балалардың барлық аспапта ойнай білгендігі және өздерін осы тұрғыдан танытқандары өте маңызды. Сабақтарда әртүрлі музыкалық аспаптарды жүйелі түрде қолдану балалардың осындай сабақтарға деген қызығушылықтарын тудырады, олардың дүниетанымын кеңейтеді, шығармашылық қызметіне ықпал етеді. Ритмді сезінуін дамытуға арналған музыкалық-дидактикалық ойындар ритмикалық суретті, бұрыннан таныс әуендерді, әндерді дұрыс жеткізуге көмектеседі. Осы мақсатта қасықтарды, текшелерді, сылдырмақтарды, қоңырауларды, үшбұрыштарды, бубондарды қолдануға болады.

Балаларды музыкалық аспаптарда ойнауға оқыту үдерісіндегі басты міндетіміз - үйлесімді тыңдау қабілетін дамыту болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет