Қимыл қозғалыс ойындары
Тақырыбы: “Түсті автокөліктер”
Мақсаты: Балалардың денсаулыққа, ойынға деген құштарлықтарын дамыту, балалардың дене қимылдарын , бұлшық еттерін жетілдіру, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру. Ептілікке, шапшаңдыққа, қызыға ойнауға баулу, ойынға деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру. Жол ережесін білуге және сақтауға тәрбиелеу.
Ойынның шарты: Балалар алаңның бір жағында тұрады, екінші жағында автокөліктер тұрады. Балалар жолда ойнап жүреді. Автокөліктер келе жатқан кезде балалар орындарына бару керек. Орнына жете алмаған бала ойыннан шығады.
Тақырыбы: “Кім көп таспа жинайды? ”
Мақсаты: Балалардың денсаулыққа, ойынға деген құштарлықтарын дамыту, балалардың дене қимылдарын , бұлшық еттерін жетілдіру, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру. Ептілікке, шапшаңдыққа, қызыға ойнауға баулу, ойынға деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру. Жылдам қимылдауға тәрбиелеу.
Ойынның шарты: Балалар шашылып қалған таспаларды арнайы ыдысқа жинайды. Таспаны ең көп жинаған бала жеңіске жетеді.
Тақырыбы: “Көңілді қошақандар”
Мақсаты: Балалардың денсаулыққа, ойынға деген құштарлықтарын дамыту, балалардың дене қимылдарын , бұлшық еттерін жетілдіру, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру. Ептілікке, шапшаңдыққа, қызыға ойнауға баулу, ойынға деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру. балаларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Ойынның шарты: Алаңда ұзын сызық сызылады. Бұл сызық көпір. Көпірдің арғы жағында қошақандардың үйі болады. Қошақандар әуенмен билеп жүреді , әуен тоқтағанда жарыса отырып, көпірден өтіп үйлеріне тез жетулері керек.
Тақырыбы: “Кептерді қуып жет”
Мақсаты: Балалардың денсаулыққа, ойынға деген құштарлықтарын дамыту, балалардың дене қимылдарын , бұлшық еттерін жетілдіру, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру. Ептілікке, шапшаңдыққа, қызыға ойнауға баулу, ойынға деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру. Балаларды ұжымда ойнай алуға тәрбиелеу.
Ойынның шарты: Ойынды 15-20 бала ойнайды. жерге шеңбер сызылады. Ортаға тәрбиеші таңдаған бала-мысық тұрады, ал қалған балалар шеңберді айнала кептерлер болып тұрады, мысық ұйықтайды. Кептерлер шеңберді айналып жүріп, дәндерді шоқиды, мысық оянып кептерлерді қуады. Қай кептерді ұстап алса, сол бала айыппұл ретінде өлең –тақпақ айтады.
Тақырыбы: “Поезд”
Мақсаты: Балалардың денсаулыққа, ойынға деген құштарлықтарын дамыту, балалардың дене қимылдарын , бұлшық еттерін жетілдіру, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру. Ептілікке, шапшаңдыққа, қызыға ойнауға баулу, ойынға деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру. Балаларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Ойынның шарты: Тәрбиеші балаларға поезд болып ойнайық, мен паравоз боламын, ал сендер вагонсыңдар, пуп-пуп-пуп. Паравоз белгі бергенде поезд ақырындайды, содан кейін қатты, яғни тез жүреді.
Тақырыбы: “Аттар”
Мақсаты: Балалардың қимыл қозғалыстарын дамыту, балалардың дене қимылдарын , бұлшық еттерін жетілдіру, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру. «Ер қанаты –ат »деген ұғымды қалыптастыру. Жарыса ойнауға, ұлттық дәстүрді тәрбиелеу.
Ойынның шарты: Балалар алаңда екі топқа бөлінеді. Үлкен шеңбер сызып, ортасында жалауша болады. Осы жалаушаны екі топ жарысып, белгіленген жерге жеткізу керек. Қай топ бірінші жеткізеді сол топ жеңіске жетеді.
Тақырыбы: “Құстар мен мысық”
Мақсаты: Балалардың денсаулыққа, ойынға деген құштарлықтарын дамыту, балалардың дене қимылдарын , бұлшық еттерін жетілдіру, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру. Ептілікке, шапшаңдыққа, қызыға ойнауға баулу, ойынға деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру. Балаларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Ойынның шарты: Балалар құстар болып ұшып жүреді. Бір бала мысық болады. Мысық ұйықтап жатады. Құстар мысықтың жанына келеді. Мысық оянып құстарды қуады.
Тақырыбы: “Құстардың ұшып келуі”
Мақсаты: Балалардың денсаулыққа, ойынға деген құштарлықтарын дамыту, балалардың дене қимылдарын , бұлшық еттерін жетілдіру, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру. Ептілікке, шапшаңдыққа, қызыға ойнауға баулу, ойынға деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру. Балаларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Ойынның шарты: Балалар (құстар) қанаттарын жайып, алаңның барлық жеріне ұшады. “Боран” деген белгі бойынша құстар ағаштарға тығылады. Тәрбиеші “Боран тынышталды” деген кезде ағаштардан түседі де ұша береді.
Тақырыбы: “Көжектер”
Мақсаты: Балалардың денсаулыққа, ойынға деген құштарлықтарын дамыту, балалардың дене қимылдарын , бұлшық еттерін жетілдіру, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру. Ептілікке, шапшаңдыққа, қызыға ойнауға баулу, ойынға деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру. Балаларды салауатты салтына тәрбиелеу. Ойынның шарты: Балалар шеңбер жасап тұрады. Бір бала “түлкі” болады. Қалғандары көжектер секіріп билеп жүреді. Түлкі сыбдырды естіп көжектерді қуады. Қаша алмай қалған көжектерді түлкі ұстап алады, ойын осылай қайталана береді.
Тақырыбы: “Көбелектер бақалар”
Мақсаты: Балалардың денсаулыққа, ойынға деген құштарлықтарын дамыту, балалардың дене қимылдарын , бұлшық еттерін жетілдіру, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру. Ептілікке, шапшаңдыққа, қызыға ойнауға баулу, ойынға деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру. Жәндіктерге қамқорлық көрсете білуге тәрбиелеу. Ойынның шарты: Батпақтың шекарасы төртбұрышты етіп белгіленеді. Мұнда бақалар өмір сүреді. Гүлдерге көбелектер ұшып келіп қонады. Ұлдар бақа сияқты секіреді, қыздар көбелектер сияқты ұшады.
Достарыңызбен бөлісу: |