Балалық шаққа саяхат



Дата19.10.2023
өлшемі19,5 Kb.
#119280

Бердібек Соқпақбаев “Балалық шаққа саяхат” шығармасынан мысалдар:

1) Смағұл – әкемнің інісі. Мұрт шыға бастағанына аз ғана жыл. Мен бұл кісіні тәте деймін. Шешем қазақ әйелдерінің салты бойынша атын атамайды, тергеп «шырақ» дейді. (63 бет)




Шырақ - ескі наным-сенім, мифтік ұғым бойынша атын атауға тыйым салынған сөздер бар. Қазақтың әдет-ғұрпы бойынша жаңа түскен келін қайын жұртындағы адамдардың атын тура атамай, олардың бойындағы, мінез-құлқындағы ерекшелігіне орай әрқайсысына ат қойған. Шырақ сөзі де сол секілді ер баланың атын тергеп, еркелетіп қойған ат. Яғни, бұл мысалдан сусбстантивтенудің гендерлік сипатын көреміз. Қазақ грамматикасы бойынша негізгі түбір.


2) Талма ауруды қазақ қояншық дейді. Күмістің қояншығы күрт ұстайды. Шай құйып, немесе от жағып отырады да, серейіп жығылып қалады. (254 бет)


Қояншық – кенеттен естен тандырып құлататын ұстамалы, талма ауру.
Жоғарыда айтылғандай бұл да табу сөз. Ескі сенім бойынша қазақта адамды опат қылатын ауру аттарын да атауға тыйым салынған. Бұл мысалдан да сусбстантивтенудің гендерлік сипатын көреміз. Қазақ грамматикасы бойынша туынды түбір.

3) Бұл менің тұңғыш рет пьеса көруім. Аты есімде қалмапты, әйтеуір ішінде бай, кедей, кемпір, шал бар. (134 бет)




Байдәулеті тасыған, әл-ауқатты, табысты.
Света Саменованың «Функциональные аспекты субстантивации в казахском языке» еңбегінде «бай» сөзі толық заттанған сөздер қатарына енгізіліп, толық мағынасынан ауыса келе, алғашқы сөз табымен омонимдік қатар құрайды.


Кедей - тұрмысы нашар, жеткілікті мал-мүлкі жоқ, ішіп-жемі кем, қаражаты күн көрiсiне жетпейтiн әлеуметтік топ. Ж.Әмірованың жіктеуі бойынша бұл субстантивтенген сөз әлеуметтік аспектіге жатады. Қазақ грамматикасы бойынша негізгі түбірлер.

4) Қазбек қалжыңды мәнерлеп, өлшеп айтуға тырысады. Ішінде не Күлімбаланың, не оның күйеуінің көңіліне келетіндей ебетейсіз, артық сөз кетіп қалмауын қатты қадағалайды. Әлдекімдерге ұқсап, жолдасының әйеліне өз әйеліндей тұрпайылап жатуды білмейді. Иә, жуастан жуан шығатынның нақ өзі. (253 бет)




Жуан - қазақы ортада қара халықтың ортасынан шыққан, яғни төре, қожа сияқты әлеуметтік категорияларға жатпайтын ауқатты байлардың ішіндегі өктем мінез-құлқымен, һәм әрекетімен ерекшеленген адамдардың метафоралық атауы. Ж.Әмірова бұл сөзді әлеуметтік жағдайды көрсететін сөздің қатарына жатқызған. Қазақ грамматикасы бойынша негізгі түбір.
С.Сәменова бойынша метафоралық негізде субстантивтенген.
Ақберен Елгезек “Болмаған балалық шақ” шығармасынан алған мысалдар:

5) Жау қайдан келгенін білмей, сасқалақтаған қария, жан–жағына алақ–жұлақ қарап, шабан атын тебініп, ойбайға басады. (50 бет)




Қария - көргені мен білгені көп, жасы үлкен қарт адам. Яғни қария деп ақыл-парасатты, халыққа сыйлы, құрметті кемелденген жасқа келген қарттарды айтады. Ж.Әмірова бұл сөзді әлеуметтік жағдайды көрсететін сөздің қатарына жатқызған. Қазақ грамматикасы бойынша негізгі түбір.
С.Саменова бойынша жартылай заттанған, контекстік.

6) Дəуіт ақсақал көне қиссаларды жатқа соғатын ауылдағы дегдар қария. (50 бет)




Ақсақал – жасы үлкен, құрметті қарт адам, қария.
Ж.Әмірова бұл сөзді әлеуметтік жағдайды көрсететін сөздің қатарына жатқызған. Қазақ грамматикасы бойынша күрделі түбір. С.Саменова бойынша толық заттанған.

7) Сосын маған ұзақ қарап отырды да: «Сені іздеп, Шұбартаудан əкеңнің туыстары кепті» - деп үстіме жай түсіргендей хабарды айтты. (34 бет)




Жай - халқымызда табиғаттың дүлей күшіне байланысты тұрмыс-тіршілікке қауіпті сөздердің атын атауға тыйым салынған. Қазақта найзағай деген сөздің орнына жай сөзін қолданған. Қазақ грамматикасы бойынша негізгі түбір. С.Саменова бойынша жартылай заттанған,контекстік.

8) Қазір зейнеткер, бір əулеттің көшбасшысы. (36 бет)




Зейнеткер – жасы келіп, құрметті еңбек демалысына шыққан адам. Ж.Әмірова бұл сөзді әлеуметтік жағдайды көрсететін сөздің қатарына жатқызған. Қазақ грамматикасы бойынша туынды түбір. С.Саменова бойынша толық заттанған.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет