3.Мектеп жасына дейінгі балалрдың өзін-өзі бағалауы.
4.Мектеп жасына дейінгі баланың мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру жолдары.
Мектепке дейінгі шақ ішіндегі баланың мінез-құлық мотивтері айтарлықтай өзгереді. Мектепке дейінгі кішкентай бала, ерте сәбилік шақтағы тәрізді тым әр-түрлі себептерге байланысты сол сәттегі жағдайлық сезімдер мен тілектің ықпалы пайда болатын іс-әрекет жасайды, сонымен бірге қандай да бір 104 қалдықты жасауға мәжбүр екендігі жөнінде өзіне-өзі айқын есеп бере алмайды. Мектепке дейінгі ересектердің қылықтары едауір саналырақ бола бастайды. Көптеген жағдайларда ол қазіргі сәтте неліктен басқаша емес, осылайша істегенін бүтіндей ақылға қонарлық түрде түсіндіріп бере алады. Әр түрлі жастағы балалар көрсеткен бірдей қылықтың түрткі себептері мүлде түрліше болуы мүмкін. Үш жасар бала тауықтарға қиқымды олардың жүгіріп келіп шоқығанын қарау үшін шашса, алты жасар бала үй шаруашылығындағы анасына болысу үшін істейді. Сонымен бірге мектепке дейінгі шақтағыларға тұтасынан алғанда тән, олардың мінез-құлқына ең көп ықпал ететін мотивтердің кейбір түрлерін бөліп көрсетуге болады. Бұған алдымен балалардың үлкендер дүниесіне қызығуымен, олардың үлкендерше іс-әрекет жасауға тырысуымен байланысты пайда болатын мотивтер жатады. Рөлді ойында үлкендерге ұқсағысы келген тілек жетелейді. Мұндай тілек көбінесе күнделікті мінез-құлықта қандайда бір талапты балаға орындаттыратын тәсіл ретінде пайдалануы мүмкін. «Сен үлкенсің ғой, ал үлкендер өздері киінеді»,- дейді балаға оның дербестігіне түрткі сала отырып. «Үлкендер жыламайды»,-деу баланың көз жасын тыйдыруға мәжбүр ететін күшті дәлел. Балалардың мінез-құлқына үнемі байқалатын мотивтердің екінші маңызды тобы ойын процесінің өзіне деген ықыласпен байланысты ойын мотивтері. Бұл мотивтер ойын іс-әрекетін меңгеру барысында пайда болады және үлкендерше көрінуге тырысумен ұштасып жатады. Ойын іс-әрекетінің шегінен шыққан соң олар баланың бүкіл мінез-құлқын әрлендіріп,мектепке дейінгі балалық шақтың өзіне тән қайталанбас ерекшеліктерін жасайды. Бала кез келген істі ойынға айналдыра алады. Кей уақытта және өте жиі үлкендерге бала бір маңызды еңбекпен шұғылданған немесе бір нәрсені ден қойып үйреніп жатқан сияқты болып көрінеді, ал шыдығында бір жағдайды елестетіп ойнап отырады. Мысалы, психологиялық зерттеудің бірінде балаларға төрт заттың - адамның, арыстанның, аттың және арбаның - бейнелеулерінен «артық» затты алып тастау ұсынылды. Бұл жағдайларда балалар арыстанды артық деп санады және өздерінің таңдауын былайша түсіндірді. «Ағай атты арбаға жекті де жүріп кетті, арыстанның оған керегі не? Арыстан оның өзін де, атын да жеп қоюы мүмкін, сонықтан оны хайуанаттар бақшасына жіберу керек» Мектепке дейінгі баланың мінез-құлқына үлкендермен және өзге балалармен жақсы өзара қарым-қатынас орнату және сақтау мотивтерінің үлкен мәні бар. Балаға төңірегіндегілердің жақсы қарым-қатынасы қажет. Үлкендердің еркелетуіне,құптауына,мақтануына лайық болу тілегі баланың мінез-құлқының негізгі тұтқаларының бірі болып саналады. Балалардың көптеген іс-әрекетін осы тілек арқылы түсіндіруге болады. Үлкендермен жақсы қарым-қатынаста болуға тырысу баланы олардың пікірімен және бағасымен санасуға, олар орнатқан мінез-құлық ережелерін орындауға итермелейді. Құрдастарымен араласуды дамыту дәрежесіне қарай олардың қарымқатынасы барған сайын маңыздырық бола түседі. Үш жастағы бала алғашқы рет балабақшаға келгенде ол алғашқы айлар ішінде басқа балаларды байқамағандай болады, олар мұның қасында мүлде жоқ сияқты іс істейді. Ол 105 мысалы, өзі отырғысы келсе басқа баланың орындығын өзіне қарай сүйреп алуы мүмкін. Бірақ кейінірек жағдай өзгереді. Бірлескен іс-әрекеттің дамуы және балалар қоғамының қалыптасуы құрдастарының жақсы бағасы мен сүіспеншілігіне қол жеткізуге мінез-құлықтың мотивтерінің бірі болуға әкеліп соқтырады. Балалар әсіресе өздеріне ұнайтын топ ішінде танымалылыққа ие болған құрдастарының сүіспеншілігіне жетуге тырысады. Мектепке дейінгі балалық шақта намыс,өзін тану мотивтері дамиды. Олардың шығар жолы ерте сәбилік шақ пен мектепке дейінгі шақтың шегінде пайда болатын өзін өзге адамдардан бөлу, үлкендерге мінез-құлық үлгісі ретінде қарау. Үлкендер баланың қөзімен қарағанда, жұмыстың құрметті түрімен ғана шұғылданып қоймай, өзара түрлі қарым-қатынастарға да түседі. Олар бұған қоса баланы тәрбиелейді, оған талап қояды және оны орындаттырады. Сөйтіп,бала өзгелердің өзін сыйлауын және тыңдауын оған назар аударуды, оның тілектерін орындауды талап ете бастайды. Өзін тануға тырысу белгілерінің бірі - ойындарда басты рөлдерді орындауға балалардың дәмеленуі. Әдетте, балалар ойында өздеріне балалардың рөлін алуды ұнатпайтындығы,белгілі. Құрмет пен беделге ие болған үлкен адамның рөлі әрдайым анағұрлым тартымдырық. Мектепке дейінгі кішкентайлар мен естиярлардың өзін танытуы олардың өздеріне белгілі барлық жақсы қасиеттерді өз бастарына таяп, олардың шындыққа тура келетінікелмейтінінде жұмысы болмайды, өзінің батылдығын, күшін т.б. әсерлерлеп бағалайды. Күштісің бе деген сұраққа ол, әрине күштімін деп жауап қатады, оның күштілігі сонша бәрін, тіпті пілді де «көтере» алады. Өзін тануға тырысу белгілі жағдайларда қыңырлық пен қасарысушылық түріндегі жағымсыз қылықтардың пайда болуына әкеп соқтыруы да мүмкін. Мектепке дейінгі балалардың қыңырлықтары үш жастағы дағдарыс кезінде көптеген балаларда байқалатын мойындамау белгілерін ықпал етудің, пайда болған жағымсыз өзара-қарым қатынас формаларын баянды етудің салдары да болып табылады. Бірақ қыңырлықтардың психологиялық табиғаты бала өзінің дербестігін нығайтқысы келетін мінез-құлықтың «дағдарыс», түрлеріне айрықша тән келеді. Қыңырлық - өзіне бүкіл жұрттың назарын аударудың үлкендерден «үстем болудың» жолы. Өзін танытуға ұмтылудың басқа жолдарымен, әсіресе құрдастарымен араласудан, қанағаттандыруға қолы жетпей қалжыраған , ынтасыз балалар, әдетте қыңыр болып келеді. Мектепке дейінгі балалық шақ кезеңінде балалар іс-әрекеттің күрделенуіне байланысты мотивтердің жаңа түрлері қалыптасады. Оған танымдық және жарыс мотиві жатады. Тіпті үш-төрт жастағы баланың өз төңірегіндегілерге: «Мынау не?», «Бұл қалай?», «Не үшін?» тағы сол сияқты сұрақтарды үстіүстіне жаудырады. Кейінірек «Неліктен?» деген сұрақ басымырақ бола бастайды. Көбіне олардың тек сұрақ беріп қана қоймай, түсініксіз құбылыстарды түсіндіру үшін шағын тәжірибесін пайдалану, кейде тіпті «эксперимент» жүргізу арқылы жауапты өздері табуға тырысады. Балалар «ішінде не бар екенін» білу үшін ойыншықтардың «ішек–қарнын ақтаруды» ұнататыны жақсы белгілі. 106 Бұл фактілерді мектеп жасына дейінгі балаларға тән әуестіктің көрсеткіші деп санайды. Әйтсе де, шынына келгенде балалар сұрағы әрдайым ынтаны, қоршаған дүние туралы белгілі бір мәліметтерді алуға ұмтылғандықты көрсете бермейді. Мектепке дейінгі кішкентайлар мен естиярлар қоятын сұраулардың басым көпшілігі үлкеннің назарын аудару, оны қарым-қатынасқа тарту пайда болған толғаныстарын онымен бөлісу мақсатын көздейді. Балалар көбінесе өз сұрақтарына қайтарылатын жауапты күтпейді, үлкен адамның сөзін бөліп, жаңа сұрақтарға көше береді. Тек кейін баланы үйрететін және әр-түрлі білімдер беретін (соның ішінде оның сұрақтарына түсінікті де негізделген жауаптар қайтарады, үлкендердің ықпалы арқасында бала қоршаған дүниемен барған сайын көбірек шұғылдана бастайды, қандай да бір жаңа нәрсені білуге тырысады). Мектепке дейінгі кішкентайлар үлкендердің түсіндіруінен алынған мәліметтерді ойында, сурет салуда және басқа практикалық іс-әрекетте пайдалануға болатын жағдайда ғана тыңдайды. Балалардың қандай да бір құбылыстардың себептерін тыңдау әрекеттері немесе балалардың өздері жүргізетін «эксперименттер» де, әдетте практикалық іс-әрекетте пайда болатын қиыншылықтармен байланысты. Үш-төрт жастағы жетістіктерін құрдастарының жетістіктері мен салыстырмайды. өзін танытуға тырысу және үлкендердің мақұлдауына ие болу тілігі оның бір нәрсені өзгелерден жақсырақ тыңдағысы келгеннен емес, жақсы қасиеттерді өз басына жай ғана таңа салғандығына немесе үлкендердің жақсы бағасын алатын іс-әрекеттерді орындағандығында болып табылады. Мысалы, мектепке дейінгі кішкентайларға дидактикалық ойынды ұсынып, жеңіп шығушы мадақтауға жұлдызша алатынын түсіндіргенде барлық іс-әрекеттің кезек бойынша емес (ойын шарты осыны талап ететін), бәрі бірлесе орындауды жөн көреді, ойынның дұрыс жауабын білітін балалар құрдасына оны сыбырлап жеткізуден өздерін тоқтата алмады. Өзінің қолы жеткен нәтижееге қарамастан әр бала жұлдызша талап етті. Құрдастарымен бірлескен іс-әрекеттің, ережелі ойынның дамуы өзін танытуға тырысу негізінде жеңіп шығуға, бірінші болуға тырысу секілді мотивтердің жаңа түрлерінің қалыптасуына себепші болады. Мектепке дейінгі естиярларға, әсіресе ересектерге ұсынылатын үстел үстінде ойналатын ойындардың бәрі дерлік спорт ойындарының басым көпшілігі жарыспен байланысты. Ойынның кейбір түрлері осылай аталады да: «Кім ептірек?», «Кім жылдамырақ?», «Кім бірінші?» т.б. мектепке дейінгі ересектер жарыс мотивтерін жарысқа кірмейтін іс-әрекет түрлеріне де енгізеді. Балалар өз табыстарын үнемі салыстырады, мақтауды, ағаттықтары мен сәтсіздіктеріне қатты қайғырады. Мінез-құлық мотивтерінің дамуына балалардың өзге дамдарға қарымқатынасын көрсететін адамгершілік мотивінің ерекше мәні бар. Адамгершілік нормалары мен мінез-құлық ережелерін игеру мен түсіну өз қылықтарының басқа адамдар үшін мәнін түсінуге байланысты мектепке дейінгі балалық шақта өзгеріп және дамып отырады. Бастапқыда жалпы қабылдаған мінез-құлық ережелерін орындау үшін тек қана үлкендермен жақсы қарым-қатынастарда 107 болудың жолы болып табылады. Бірақ жақсы мінез-құлық үшін баланың алатын мақұлдауы, еркелеуі, мақтануы оны ұнамды толғаныстарға бөлейді, біртіндеп осы ережелерді орындаудың өзі дұрыс та міндетті жәйт ретінде қабылдана бастайды. Мектепке дейінгі кішкентайлар тек өздері сүйкімді көретін үлкендермен балаларға ғана адамгершілік нормаларына сәйкес іс істейді. Мысалы, бала өзі ұнататын құрдасына ойыншығын береді, жеп жүрген тәтті тағамдарынан ауыз тигізеді. Мектепке дейінгі ересектердің адамгершілік мінез-құлқы саламен тікелей байланысы жоқ көпшілік жұртқа тарай бастайды. Бұл балалардың адамгершілік нормалары мен ережелерін, олардың жалпыға міндеттілігін шынайы мәнін түсінумен байланысты. Төрт жасар бала неліктен жолдастарымен төбелесуге болмайды деген сұраққа былай жауап қайтарады: «Төбелесуге болмайды, өйткені көзіне тиіп кетуі мүмкін» (яғни бала қылықтың дәл өзін емес, оның қолайсыз салдарын ескеріп отыр), ал мектепке дейінгі кезеңнін аяғына таман мүлде өзгеше жауаптар пайда болады: «жолдастарымен төбелесуге болмайды, өйткені оларды ренжіту ұят». Мектепке дейінгі балалық шақтың соңында бала өзінің мінез-құлқындағы және өзі баға беретін әдеби кейіпкерлердің қылығындағы адамгершілік нормалардың орындалу мәнін түсінетін болады. Бес жасар Боря Л.Толстойдың «сүйек» деген әңгімесін тыңдағаннан кейін былай дейді: «Ол ұялғаннан жылады. Ол әкесіне өтірік айтты. Бұл жақсы емес». Мінез-құлықтың адамгершілік мотивтеріне өзге адамдар үшін бірдеңе істеу, оларға пайда тигізу ниеті сияқты қоғамдық мотивтер барған сайын көбірек орын ала бастайды. Мектепке дейінгі кішкентайлардың көбі басқа адамдарды сүйіндіруге бола жеңіл-желпі тапсырмаларды орындай алады: тәрбиешінің жетекшілігімен болғандарға сыйлық ретінде жалауша, анасына тарту жасау үшін майлық қағаздар дайындап бере алады. Бірақ бұл үшін өздері тартуға дайындап жатқан адамдардың қандай екендігі жөнінде түсінігі, оларға жан жылылығы, ниет білдіру сезімі болу керек. Мысалы, мектепке дейінгі кішкентайлар жолаушылар дайындау жұмысын аяғына дейін жеткізу үшін балалар яслиінде тәрбиелеп жатқан, әлі өздері ештеңе істей білмейтін кішкене бөбектер жөнінде айқын, бейнелі түрде әңгімелеп бере келіп, дайындаған жазушылар оларды қалай қуантатынын да айта кетуі керек. Өзгелер үшін бастамасы бойынша жұмыс орындауды едәуір кейінірек- төрт-бес жаста бастайды. Бұл кезеңде балалар өз қылықтары төңірегіндегілерге пайда келтіруі мүмкін екенін түсініп те болады. Мектепке дейінгі кішкентайлардан үлкендердің тапсырмасын неліктен орындап жатырсың деп сұрағанда, олардың әдетте беретін жауабы: « Маған ұнайды», «Апам айтқан». Мектепке дейінгі ересектердің бұл сұраққа беретін жауабы мүлде басқа сипатта болады: «Әжем мен апамның өздеріне қиын болғандықтан жәрдем беруім керек», «Мен апамды жақсы көремін», «Апама жәрдем беру және бәрін істей білу үшін». Мектепке дейінгі әртүрлі жастағылар тобының құрамына кірген әр баланың қимылына команданың табиғи байланысты ойындарда балалар өздерін түрліше ұстайды. Мектепке дейінгі кішкентайлар және естиярлардың біразы өз басының табысы үшін қам жейді, ал естиярлардың біразы өз басының табысы үшін қам жейді, ал 108 естиярлардың екінші тобы мен ересектер бүкіл команданың табысқа жетуін қамтамасыз етерлік қимылдар көрсетеді. Психологиялық аспектіде адамгершіліктің дамуы екі жақты қарастырылады. Бір жағынан – бұл сезімдердің және еріктің дамуы болса, екінші жағынан, бала қоршаған ортаны бірте-бірте түсіне бастайды және оған түрлі қылықтарының ықпалынан мінез-құлықтың жаңа үлгілері туындап өз орын ұғынады. Баланың жақсы мен жаманды, қажет пен қажет еместі, болуы керек немесе болмайтындығы туралы, қоғамдық, әлеуметтік нормаларды ұғыну туралы күрделі дамыған түсініктерінің нәтижесінде адамгершілік сезімдері қалыптасады. Жеке тұлғаның адамгершілік санасында бұл сезімдер адамгершілік түсінік бірлігіндегі және адамгершіліктің, сананың және сезімталдақтың нәтижесінде көрінеді. Тұлғада адамгершілікті қалыптастыруда сезім мағынасы орасан зор. Адамның мінез-құлқы көпшілік жағдайда бағытталған адамгершілік сезімге тәуелді. Балабақшада балалар сезімдерін тәрбиелеу ерекше назарға алынған. Балалардың эмоциялық ықыласына, әсершілдігіне, қиялының ұшқырлығына, еліктеулеріне сүйене отырып, педагог балаларда алғаш рет қамқоршылық, тілектестік, ықыластылық сияқты мейірімді, қайырымды сезімді тәрбиелейді. Осының негізінде достық, жолдастық, ұжымшылдық сезімдері қалыптасады. Адамгершілік құндылықтарды кеңейтумен, адамгершілік түсініктерді игерумен балалардың адамгершілік сезімдері кеңейіп, тереңдетіледі. Нақты мектепке дейінгі жаста балалардың Отанға деген сүйіспеншілігі, интернационалдық сезімдер сияқты күрделі әлеуметтік сезімдері қалыптаса бастайды. Мектепалды сыныбындағы балалар сезімін байыту мен дамытуға, оны басқару қабілетін қалыптастыруға үлкен назар аударылды. Бұл жаста балалардың айналасындағы адамдарға, еңбекке, табиғатқа, маңызды қоғамдық оқиғаларға қатынасын анықтайтын адамгершілік сезімдері тәрбиеленеді. Ересектермен қарым-қатынас жасауда баланың сыйластық сезімі қалыптасады. Мектепалды сыныбындағы балалар біршама ұғымтал болып, ересектердің еңбек әрекетінің әлеуметтік маңызын, жоғары адамгершілік сапаларын түсінуге тырысады. Өз құрдастарымен қарым-қатынастағы жағымды сезімдер оларды одан әрі дамытады. Ұжымдық сезім, балалардың еңбек және ойын үстіндегі қарым-қатынасында адамгершілік негіздерінің даму міндеттерін белгілейді. Отанға деген сүйіспеншілік, жолдастық сезімі, өзге ұлт өкілдеріне деген сыйластық сияқты жоғары адамгершілік сезімдері қалыптаса бастайды. Бұл сезімдердің дамуына көркем әдебиет, бейнелеу өнері сабақтарында алған білімдері, (жалпыхалықтық мерекелерге қатысу, түрлі ұлт баларымен достасу) туралы практикалық әркеттерге қатысуы арқылы қоғамдық өмірдегі құбылыстардың жарқын әсері, өз елі, өз халқының тіршілігі ықпал етеді. Баланың басқа адамдарға қатынасын көрсететін мінез-құлық мотивтерінің дамуына адамгершілік мотивтері аса маңызды. Балалардың адамгершілік мінезқұлқы баламен еш байланысы жоқ адамдар арасындағы шеңберде де тарай бастайды. Бұл басқа адамдар үшін өз қылығының маңызын, қоғамдық 109 міндеттілігін ұғынумен, адамгершілік формалары мен ережелерді түсінуімен байланысты. Мектепалды сыныбындағы балалардың адамгершіліқ құндылықтарын қалыптастыруда мінез-құлық мотивтерінің бағынышты қабілетінің қалыптасуы өте маңызды. Қалыпты жағдайда тәрбиеленген мектепалды сыныбындағы балаларда өз мінез-құлқының адамгершілік мотивтерін басқара алуының дамуы, тұлғалық адамгершілік бағыттылық негізінің қалыптасуына әкеледі. Бұл процесте мазмұны жағынан байыған моралдық сезімдердің дамуы маңызды орын алады. Дегенмен, мектепалды сыныбындағы баланың өз сезімін саналы түрде басқара алуы біршама қиындық туғызады, сондықтан балалардың мінезқұлқына тәрбиешінің тұрақты назарын талап етіледі. Мектепке дейінгі балалық шақ ішінде мінез-құлық мотивтерінің өзгеруі олардың тек мазмұнының ауысқандығында ғана емес, мотивтердің жаңа түрлерінің пайда болуында. Мотивтердің әр түрлерінің арасында мотивтердің қатар бағынуы, сатылы бағынуы жасалады, бала үшін бұлардың біреуінің мәні өзгелерге қарағанда, басымырақ болады. Мектепке дейінгі кішкентайларлдың мінез-құлқы тұрақсыз, негізгі жолы, өзегі жоқ. Құрдасымен жай ғана қолындағы тағамын бөлісіп отырған бала, енді бірде оның қолымен ойыншықпен жұлып алады. Екінші біреуі барынша тырысып, бөлмені жинастыруға көмектессе, бес минут өткеннен кейін қыңырланып, шалбарын киюден де бас тартады. Бұл түрлі мотивтердің бірбірін алмастыруынан болады және жағдайлардың өзгеруіне байланысты мінезқұлықты мотивтердің бірінен кейін біреуі басқарады. Мотивтерді қатар бағындыру мектепке дейінгі баланың жеке басының дамуындағы ең маңызды жаңа пайда болған түзілімдер болып табылады. Мотивтерді пайда болып келе жатқан сатылы бағынуы бүкіл мінез-құлыққа белгілі бір бағыттылық береді. Осы бағыттылықтың дамуына қарай баланың тек жеке қылықтарын ғана емес, тұтасынан алғанда, оның мінез-құлқына жақсы не жаман, -деп баға беруге болады. Егер мінез-құлық мотивтерінің бастысы болып қоғамдық мотивтер, адамгершілік нормаларын сақтау болса, онда бала көбінесе осылардың ықпалымен іс-әрекет жасайды, мысалы, біреуді ренжіту немесе айту сияқты қылықтарға өзін итермелейтін жағымсыз түрткілердің әсеріне беріле қоймайды. Бұған керісінше, егер тек өз басына ғанибет алуға, біреуден өзінің шын немесе жалған артықшылығын көрсетуге жетектейтін мотивтер балада басым келсе, мқның өзі мінез-құлық ережелерін айтарлықтай бұзуға әкеліп соғады. Мұнда адамның жеке басының қалыптасуындағы жағымсыз негіздерді қайта құруға бағытталған арнайы тәрбиелік шаралар қажет етіледі. Әрине, мотивтердің қатар бағынуы пайда болған соң баланың барлық жағдайда бір мотивті тапжылмастан жетекшілікке алуы міндетті емес. Мұндай үлкен адамдарда болмайды. Кез келген адамның мінез-құлқынан көптеген сан алуан мотивтердің тең құқықтығын жояды, оларды жүйеге келтіреді. Бала үлкендер мақұлдаған мүмкін тіпті жалықтырарлықтай іске бола өзі үшін маңызды болып саналатын тартымды ойыннан бас тарта алады. Егер бала өзі үшін маңызды бір істе сәтсіздікке ұшыраса, оның орнын басқа жолмен алған ғаниьет арқылы толтыруға болмайды. Мысалы, міндетін орындай 110 алмаған балаға «жарайсың, жігітсің» деген сөздер айтылды, басқа балалар сияқты ол да жақсы конфет алды. Әйтсе де ол конфетті ешбір ықылассыз қабылдады және оны жеуден бір жола бас тартты, оның налуы тіпті де басылмады: сәтсіздіктен соң алған конфетін ол «ащы» сезінді. Мектеп жасына дейінгі балалардың сана-сезімі , өзін-өзі бағалауы. Мектепке дейінгі шақта мінез–құлық мотивтері дамуының бір жағы сол мотивтерді түсінудің жоғарлауы екенін біз көрдік. Бала өз қылықтарының түрткі күштері мен салдары жөнінде көбірек ойлай бастайтын болады. Бұл мектеп жасына дейінгі баланың сана сезімінің дамуына, өзінің кім және қандай қасиетттерге ие екенін, төңіректердегі адамдардың бұған деген қарымқатынасын , ол қарым-қатынастар неден туатынын түсінгенде ғана мүмкін болады. Сана-сезім айқын өзін-өзі бағалауына, яғни бала өзінің жетістіктерімен сәтсіздіктерін, өзінің сапалары мен мүмкіндіктерін бағалауынан көрінеді. Сана–сезім дамуының алғы шарты тіпті ерте сәбилік шақтың соңында өтетін баланың өзін-өзі басқа адамдардан бөлуі. Бірақ ,бала мектеп жасына ілінісімен-ақ өзі туралы өзінің қасиеттері жөніндегі ештеңе білмей, тек өзінің өмірінде бар екенін ғана түсінеді. Үлкендер сиякты болғысы келген кішкене балдырған өзінің шынайы мүмкіндіктерін ескере бермейді. Бұл үш жастағы дағдарыс кезеңінде мүлдем айқын көрінеді. Үлкендер мақұлдаған барлық жақсы қасиеттерді көбіне түсінбей-ақ өз басына жай таңа салатын мектепке дейінгі кішкентайларда әлі өзі жөнінде ешбір негізделген дұрыс пікір болмайды. Өзін ұқыптымын деп санайтын бір баланың бұл нені білдіреді деп сұрағанда, ол: «Мен қорықпаймын »,- деп жауап берді. Өздерінің ұқыптылығын мақтан ететін кейбір балалар бұл сұраққа: «Білмеймін»,- деп жауап қатты. Өзіне-өзі баға беруді үйрену үшін бала алдымен өзге адамдарды сырттай қарап тұрып бақылай білуі керек ал мұның бірден бола қоймайтынын біз білеміз. Бұл кезеңде бала өзінің құрдастарыны баға бергенде, олар жөнінде үлкендер айтқан пікірді жай ғана қайталайды. Өзін-өзі бағалауда да осылай болады («Мен жақсымын, өйткені апам солай дейді»). Баланың өзге адамдарды, олардың қылықтары мен қасиеттерін өздерінше бағалау бастапқыда оның осы адамдарға деген қарым–қатынасына байланысты. Бұл әсіресе, әңгімелер мен ертегілердің кейіпкерлерін бағалаудан көрінеді, «Жақсы», ұнамды кейіпкерлердің кез-келген қылығы жақсы, ал «жаман» кейіпкерлер қылығы жаман бағаланады. Бірақ біртіндеп кейіпкерлердің қылықтары мен қасиеттерін бағалау оларға деген жалпы көзқарастан бөлектенеді, осы қасиеттер мен қылықтар жағдайды және оның мәнін түсінудің негізінде құрыла бастайды. «Үйшік» деген ертегіні тыңдағанан кейін сұрақтарға жауап береді: «Аюдың қылығы жақсы ма, жаман ба?» - «Жаман». – «Ол неге жаман?» - «Өйткені ол үйшікті сындырып тастады». – «Аю саған ұнайма, жоқ па?» - «Ұнайды. Мен аюларды ұнатамын». Мінез-құлық нормалары мен ережелерін меңгерген сайын, олар баланың өзге адамдарды бағалауда пайдаланатын өлшемдері бола береді. Бірақ бұл өлшемдерді өзіне қолдану анағұрлым қиынырақ болады. Баланы өзіне тартып, белгілі бір қылық көрсетуге итермелеуші толғаныстар оған көрсетілген 111 қылықтардың шын мәнін бүркейді, оларды әділ бағалауға мүмкіндік бермейді. Мұндай бағалау тек өз қылықтарымен, сапаларымен салыстыру ғана мүмкін болады. Өзін өзгелермен салыстыра білуді бала мектепке дейінгі үлкен жаста меңгереді, бұл өзін-өзі дұрыс бағалаудың негізі болып табылады. Мектепке дейінгі ересектер өз басының жақсы жақтары мен кемшіліктерін толықтай дұрыс ұғына біледі, төңіректегілер тарапынан өздеріне қарымқатынасты да ескереді. Адамның жеке басының бұдан арғы дамуы, мінез-құлық нормаларын саналы игеру, жағымды үлгілерге еліктеу үшін мұның зор мәні бар. Сонымен бірге бала төңірегіндегілердің оның қалай да бір қылықтары мен қасиеттеріне көзқарасын әдейілеп пайдалануға қабілеттенеді. Бұл жастағы балалар, әдетте, қыңырлық мінез-құлық нормаларын бұзу екендігін тамаша ұғынады және қыңырлықты саналы түрде өз айтқанына көнетін үлкендерге ғана көрсетеді. Бала анасымен қарым қатынаста анасының сүйіспеншілігі мен елжіреуін туғызатын рөлде ойнайды, өзінің балалық мінездерін баса көрсетеді де, осы арқылы барлық жақсылыққа ие болады.