Бұқар - қазақ мемлекетінің тәуелсіздігін ту етіп көтерген кемеңгер жырау
Орнындаған: Мұстафа Шолпан
Қабылдаған: Байболова Айжан
Жоспары:
1.Бұқар – қазақ жыраулар поэзиясының атасы.
2.Жыраудың өмірі және шығармаларының жиналуы, зерттелуі туралы мәлімет.
3.Толғауларының тақырыптық ерекшелігі, әлеуметтік мәні, тарихи сипаты.
1.Бұқар – қазақ жыраулар поэзиясының атасы.
Бұқар Жырау қазақ халқының Жоңғар басқыншылығы тұсында, елдің болашағы қыл үстінде тұрған кезде өмір сүріп, сол алмағайып замандағы күрделі мәселелерге өз жырларымен жауап бере білді. Осындай ауыр сәттерде Абылай ханға дұрыс кеңес беріп, ел-жұртты басқыншы жауға қарсы күресте біріктіруге, бір тудың астына топтастыруға күш салды. Өзінің саяси-әлеум. мәнді жыр-толғауларымен сол жалынды күрестің жыршысына айналды. Осы мақсатта ол Абылай ханды бірден-бір қажетті басшы санап, оған халық бірлігін сақтап қалатын көсем тұрғысында үлкен сенім артты. Абылай хан да сол биік талаптан табылып, елдің бірлігі мен жарқын болашағы үшін жан аямай қызмет етті. Жырау сол азаттық жолында өлімге бас байлап, ерліктің небір ғажайып үлгілерін көрсеткен хан мен оның батырларын жырға қосып, олардың өшпес әдеби бейнелерін жасады. Әсіресе, Абылай ханның көрегендігі мен даналығын, ауыр кезең, қиын сәттерде ел ұйытқысы бола білгенін асқақ жырлады:“Қайғысыз ұйқы ұйықтатқан, ханым-ай, Қайырусыз жылқы бақтырған, ханым-ай, Қалыңсыз қатын құштырған, ханым-ай. Үш жүзден үш кісіні құрбан қылсам, Сонда қалар ма екен қайран жаның-ай!”.Осы бір шумақ жырда халық пен ханның байланыс-бірлігін қиыннан қиыстыра білген.