БұҚар жыраудың туғанына- 330 жыл бұқар жырау толғауларындағы елдік мәселелер



Дата08.12.2023
өлшемі14,55 Kb.
#134875
Байланысты:
Бұқар жырау туралы эссе


БҰҚАР ЖЫРАУДЫҢ ТУҒАНЫНА- 330 ЖЫЛ
Бұқар жырау толғауларындағы елдік мәселелер
Бұқар жырау Қалқаманұлы (1668 – 1781) – қазақ жыраулар поэзиясының алыбы. Абылай ханның кеңесшісі, ақылгөй биі. Бұхар жырау – қазақ халқының ынтымағын, бірлігін ту етіп көтерген ірі тұлға, кемеңгер жырау. Бұхар жырлары жыраулық дәстүрдің жалғасындай болғанмен, әлеуметтік – саяси мазмұны мен тақырыбы, көркемдігі жағынан өзіндік ерекшелігімен дараланады.
Бұқар жырау - суырыпсалма ақын, жырау. Абылай ханның ақылшысы. Арғы тегі Арғын, оның ішінде Төртуыл Қаржас. Бұқардың әкесі Қалқаман жаугершілік заманда ерлігімен аты шыққан батыр болған. Бұқар жырау өмірі мен шығармашылығы Арқа өңірімен тығыз байланысты, бірақ жастық шағы, қандай өмір өткелдерінен өткендігі, туған, өлген жылдары жайында нақты деректер жок. Мұхтар Мағауин және басқа зерттеушілер Бұқар 1668 жылдар шамасында туған, ол ерте кезден көзге түсіп, Тәуке ханның тұсында-ақ қабырғалы би болған деседі, алайда Абылайға дейінгі билеп келген хандардың ешқайсысымен тіл табыса алмайды. Тек Абылай ханның тұсында жыраудың жұлдызы тағы да жанады, сөйтіп ол хан ордасына оралып, қалған өмірінде мемлекеттік істерге тікелей араласады.
Бұқар жырау шығармаларының басты тақырыбы — халқына, Отанына деген ыстық махаббат. Жырау шығармасындағы баска бір маңызды тақырып адам табиғатаның өзгеруі, дүниенің бір орнында тұрмайтындығы. Бұкар өмірді кезең-кезеңге бөліп, адамның жасы оның санасын, мінез-құлқын, көңіл күйін, күш-жігерін қалай өзгертетіндігін көрсетеді. Оның поэзиясының халық арасына кеңінен тарап, ғаклия, нақыл, афоризмдерге айналуы, мақал-мәтел болып жетуі де көркемдеу тәсілінің кереметтігінде.
Жыраудың бүкіл жыр-толғаулары афоризмдерден өрілген. Ақылгөй абыз дәулетке, баққа қызықпа, арыңды ақсатпа, малға сатпа, ол мәңгілік нәрсе емес, «өзгереді, өзгергенді көз көреді»-дейді. Ол арамзалық алысқа шаппайды, «Арамзаның құйрығы бір-ақ тұтам» ұзаққа бара алмайсың, халықтың шындық атты қақапаны бар, адалдық атты тұзағы бар, соған түспей өтпейсің,- деп ескертеді. «Жаманмен жолдас болсаң, көрінгенге күлкі етер, жақсымен жолдас болсаң, айырылмасқа серт етер»- деп бірліктің басталатын қайнар көзін ашып береді.
Жырау қарапайым сөздің сыры сезілмес, жымы білінбес шеберлікпен шендестіру арқылы ғаламат қуат күшін оятады. Жай ғана бір сөздің ұйқасы мен үйлесімінің арасына ол тіршіліктің қария даналығын орнықтырады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет