Тақырыбы: Мен әкеммен мақтанамын(кездесу)
Мақсаты: А) Бала мен әке арасындағы тығыз, әрі ыстық байланысты орнықтыру. Отбасындағы әке орнын, рөлін көрсете отырып, халықтық тәрбие негіздеріне тоқталу, әкені пір тұтуға, ер азамат ұғымының мәнін ұғынуға тәрбиелеу.
Барысы: I. Ұйымдастыру.
а) Тренинг: «Әкеге тілек». Дөңгеленіп оқушылар қол ұстасып тұрады және өз әкелеріне әдемі тілек тілейді.
Өтілу барысы:
I.Шаттық шеңбері.
а) Кіріспе: Мұғалім сөзі.
II.Әке асқар тауым (слайд шоу).
III.Әкеге арнау (өз туындысынан үзінді).
IV.Әкелермен сұхбат (сөз кезегі әкелерде).
V.Сіз балаңызды жақсы білесіз бе? (сұраққа-жауап)
VI.Ойын: «Міне менің ботам».
VII.Ойын: «Сыйлыққа ие болуға лайықтысыз».
VIII. Мұғалімнің қорытынды сөзі.
IX.Бата беру.
II.Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Бір күн бар жылатар күн, жұбатар күн,
Бір күн бар, мұнайтар күн, қуантар күн.
Шаңырақ сәтті болсын, сәтсіз болсын,
«Әке» деген есімді ұмытар кім?
«Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз, жаманнан жақсы туады, адам айтса нанғысыз» дейді халқымыз, бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз әкелермен кездесу ретінде әке туралы ой қозғалады. Менің класымда 8 оқушы бар. Оның 5-еуі қыз бала, 3-еуі ер бала. Бұл балаларымның бәрі де толық отбасынан тәрбиеленуші келеді. Балаларымның әкесі мен анасы аман болсын. Демек, әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке – отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі; қамқоршысы. Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым – қатынасы, өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы.
Ер бала әкесімен сырлас, жолдас, дос. Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен сырласады. Ер баланың өсіп, жетіліп, өз алдына жеке тұлға болып қалыптастыруына қоғамдағы өз орнын дұрыс табуына әкенің атқарар еңбегі ерекше отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір – шапағат көзі – әке. Жаздын ыстығында, қыстың суығына қарамай отбасы үшін, бала үшін тіршілік қамын ойлайсыздар. Әкенің бұл рөлі бала- шағаның әкеге, анаға деген сүйіспеншілігімен, қамқорлығымен, ана жанын қас-қабағынан, жанарынан танығыштықпен нығая биіктей береді осы отырған бәріңде қыз, ұл тәрбиелеп отырған әкелерсіздер. Сондықтан да тәрбиелеп отырған балаларыныздың дұрыс тәрбие алуы міне сіздерге байланысты. Менің қласымдағы балаларым әкелерін өте жақсы көреді, әкем мен анам аман болса екен деп әрдайым жақсы тілек тілейді. Сіздердің берген тәрбиеңізді үлгі етіп орындауға тырысады. Әр оқушы өз әкесімен мақтануға әрине толық мүмкіндігі бар.
Олай болса, әке асқар тауым (слайд – шоуға) көңіл бөлейік. Слайдты мұғалім оқып, әр әкеге қысқаша тоқталады. Слайдты қорыта отырып, келесі кезекті «Әкеге арнау» бөліміне береміз. Яғни (балаларыңыздың өз туындысынан үзінді).
Нағыз әке ақылгөй де асқар жан,
Барлық ұрпақ әкелерден басталған.
Ал, әкелер, өздеріңе арналған,
Бүгінгі кеш, қуаныш пен мереке.
Достарыңызбен бөлісу: |