Қазақстан Республикасы ғылым және білім министрлігі С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемелекетік университеті
Тақырыбы: Орындаған: Садвакасова Марал Тексерген: Өскемен, 2009 жыл
Жоспар 1 Басқару еңбегінің мазмұны, сипаты және ерекшелігі. 2 Басшы іс -әрекетіндегі психологиясы. 3 Басшы жұмысы жоспары.
БАСҚАРУ ЕҢБЕГІНІҢ МӘДЕНИЕТІ МЕН ЭТИКАСЫ . Басқару еңбегінің мазмұны, сипаты және ерекшеліктері Қоғамдық еңбекті дамытудың маңызды белгісі, оны бөлісумен бірлесу. Өндірісте еңбекті жүйелі турде бөлісу мен бірлесу басшы еңбегін адамдардың іс-әрекетіндегі ерекше түрге бөлуге ықпал етті. Басшылықта бірлескен еңбек объективі қажеттілік, өйіткені оны жүзеге асыру үшін адамдардың бірлесіп әрекет етуі қажет, ал мұның өзі басқару арқылы қамтамасыз етіледі.
Басқару еңбегі жалпы еңбек секілді әлеуметтік-экономикалық табиғаты болады. Оның өзі қоғамдық еңбектің даму процесінде пайда болады.
Басқару еңбегі өндірістік еңбек болып саналады. Мұның өзі өндірісті, соның ішінде басқару еңбегінің өнімділігін арттырудан туындайды. Басқару еңбегінің өзіндік ерекшелігі болады, оны еңбек өнімділігін салыстыру арқылы анықтайды.
Өндірістік және басқару еңбектерін салыстыруды мынадай тиісті белгілері бойынша жүргізуге болады: еңбек заты, тікелей мақсат пеи еңбек нәтижесі, еңбек кұралы, еңбек сипаты, оның мазмүны.
Еңбек заты дегеніміз адам еңбегіне арналғаны, адамның еңбекке күш жұмсауы. Өндірістік еңбек заттарына материалдық және физикалық компоненттер жатады, адамдар еңбек құралдарының көмегімен өндіріс өнімдерін өңдейді және түрлендіреді.
Басқару еңбегінің затына көбінесе мәліметтерді жатқызады. Өйткені, басшы қызметшілер шындығында мәліметтерді өңдеумен шұғылданады. Алайда, мәліметтерді басқару еңбегінің бірден бір кұралы деп есептеуге болмайды. Тағы бір атап көрсететін жайт, басқару объектісі адамдар болып саналады.
Еңбек заты — бұл іс-әрекетке бағытталған нәрсе. Басқару кезіндегі ықпал ететін объектілері — адамдар, ұжым мүшелері, өндіріс процесі және басқару.
Басқару — ең алдымен адамдармен жумыс істеу. Тек мәліметтерді өңдеу басшының бағыныштылармен тікелей қарым, қатынас жасауын алмастыра алмайды. Кейде басшының бағыныштыларымен карым-қатынасын мәлімет ісіндегі ерекше түрі, мәліметтерді алудың және таратудың ерекше түрі ретінде қарастырылады. Алайда, «мәлімет» ұғымын, басқарудың ерекше
және оның негізгі заты ретіндегі «адам және оның іс-әрекеті» ұғымымең біріктіруге болмайды. Адамдарға және олардың іс-әрекеттеріне басқару еңбегінің негізгі ыкпалдары бағытталған. Ал, мәлімет адамдардың іс-әрекетін бейнелейтін құралы болып саналады.
Демек, басқару еңбегінің елеулі ерекшелігі, оның өндіріс еңбегінен өзгешелігі еңбек затының айырмашылығында.
Еңбектің маңызды сипаттамасының бірі, оның ақырғы және тікелей мақсаты мен нәтижесі. Өндірістк және басқару еңбегінің түп мақсаты ортақ, өйткені баскару еңбегі өндірістін, бір бөлігі ретінде, тұтастай жұмыс ұғымына ене отырып, өндірістік еңбектің түпкі мақсатынан өзгеше болуы мүмкін емес.
Қоғамдық еңбекті бөлісу жүйесінде басқару және өндірістік еңбектің тікелей мақсатының ерекшеліктері болады. Нақты өндірістік еңбектің тікелей мақсаты мен нәтижесі нақты өнімді әзірлеу немесе белтілі бір қызмет көрсету болып саналады. Басқару еңбегі басқаша мақсатты көздейді, онын сипаты мен мәні де өзгеше. Басқару еңбегінің тікелен мақсаты — ұжымның бір-лескен күш-жігерін үйлестіру және оның мүшелерінін ақырғы жоспарланған нәтижеге жетуге арналған бірлескен іс-әрекетін қамтамасыз ету.
Жалпы ұғымда еңбек құралы дегеніміз «...Зат немесе заттар жиынтығы, оны адамдар өзі мен еңбек құралы аралығында қояды жәнеде оның, өзі осы затқа ықпал ету үшін қызмет етеді». Еңбек кұралдарын қолдану мен жасау — адамдардың еңбек әрекетінің өзіндік көрінісі.
Өндіріс процесінде адамдар, еңбек кұралдары мен еңбек заттары тікелей байланыста болады. Басқару процесінде басқару субъектісі ретінде адамның өзі және оның іс-әрекеті, ал оның, еңбек кұрал ретінде — ұйымдық-техникалык, құралдар қатысып, бұлардың әрекеті басқару мүмкіндігін арттыра түседі. Өндірістегі адам дене еңбегін кол мен машина арқылы, ал басқару еңбегіндегі адам мәліметтер және оларды өңдеу құралдары көме-гімен атқарады.
Басқару еңбегінің заты мен құралының ерекшелігі онын, сипаты мен мазмұнын айқындайды. Басқару еңбегі — көбінесе ой еңбегі. Бүған әлеуметтік, экономикалық, ұйымдық, техникалық-технологиялық сипаттағы шешімдерді бағалау мен жобалау жатады.
Оның негізгі мазмұны сол, мұнда тұтастай алғанда адамдармен жұмыс істейді. Басқару еңбегінің негізгі функциясы, міне, осында. Басқару еңбегі — бұл ұжым адамдарына таралатын іс-әрекет, яғни жұмыс, бұған еңбек процесіндегі жеке адамдар ғана емес, тұтастай ұжым қатысады. Басқару еңбегінде творчестволық сипат маңызды рөл аткарады.
Басқару қызметкерлерінің іс-әрекетіне творчестволық, логикалық және техникалық (қосалқы) жұмыстар мен операциялар жатуы мүмкін.
Творчестволық жұмыстар мен операциялар логикалық-ой әрекеті болып саналады. Бұған жататындары: салыстыру, талдау, синтез, абстракциялау, нақтылау, қорытындылау, есептеу, болжалдау, шешім қабылдау. Бұлар өзіндік сипатқа ие болады, әрі қатаң регламенттеуге келмейді. Басқару еңбегінде тәжірибе мен тусіну маңызды рөл атқарады.
Логикалық жұмыстар мен операциялар белгілі бір жүйе мен белгіленген тәртіп бойынша орындалады. Олар әдетте тиісті кұжаттармен оңай регламенттеледі. Басшыларда творчестволық процесстің үлес салмағы 60 %-ке дейін, мамандарда 40 %-ке дейін болатындығы анықталған. Техникалық орындаушылар логикалық операциянын, 30—20 %-тін атқарады, ал жұмыс уақытының қалған бөлігі техникалық операцияларға (мәліметтерді жинау, өңдеу, құжаттарды өңдеу т. б.) жұмсалады.
Басқару еңбегімен, кұрамында басшылары, мамандары мен техникалық орындаушылары бар арнайы аппарат шұғылданады. Басқару қызметкерлерінін, саны өндіріс қызметшілерінің санына карағанда негізсіз кебейіп кететін фактілер байқалады. Мұның өзі басқару аппаратын үстау шығынын көбейтуге әсер етеді. Сондықтанда басқару жұмысын ықшамдау, басқару еңбегінің өнімділігін және оның ұйымдастырылуын
арттыру жолдарын қарастырудың зор маңызы бар.