Басқару психологиясынан глоссарий 1-Абстракция



бет1/6
Дата07.10.2022
өлшемі41,27 Kb.
#41817
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
басқару психологиясы глоссари


Басқару психологиясынан глоссарий
1-Абстракция(лат. abstractio- қаз. бұру, аудару) - ойлаудың негізгі операцияларының бірі. Жеке мақсатқа қатысты ақпаратка жұмылдырылған және басқа ақпаратты ескермейтін көзқарас.
Абстракция(лат. abstractio) - шартты немесе «идеал» денелерді қарап, нақты дененің қосалқы қасиеттеріне көңіл аудармай оңайлатылған схема арқылы олардың терең негізін, мәнін таный білетін әдіс. Абстракты ойлау алуан түрлі құбылыстарды түсінуге, олардың заңдылықтарын ашуға көмектеседі. Шындықтағы заттар мен құбылыстарды жалпылау арқылы оның елеулі қасиеттерін ойша бөліп алуға мүмкіндік беретін ой-тәсілдерінің бірі. Абстракция-адам менталдығының субстантивті үрдістерінің бірі. Ол адамға обьекттің қасиеттерін, аспектілерін, күйлерін дербес заттарға , обьектіге рефлексивті түрде бөліп, ауыстыру. Бұл үрдістің нәтижесі-"абстракция" терминімен атауға болатын, ойлау өнімінің (ұғымдар, теориялар және т.б) қалыптасуы. Мысалы, адамның көзіне жақсы әсер ететін түс ретінде жасыл түс туралы айтып, жасыл түспен боялған нақты затты айтпауымызға болады.
Абстракция түсінігі
1)Абстракция (дерексіздендіру) - нақты заттар мен құбылыстардың қасиеттерін ой арқылы ажырататын тәсіл. Абстракция нәрселер бейнесін тікелей сезім арқылы танып білу сатысында қолданыла бастайды.Мысалы, заттың түрі мен тұрпаты оның түсі мен реңінен бөлек қарастырылады. Абстракцияның ең жоғары сатысы заттар мен құбылыстардың белгі қасиеттерін танып білуде олардың айрықша мәнді және жалпы белгілерін атап көрсетеді. Абстракция нақтылау сияқты ой-әрекеттерімен тығыз байланысты. Затты, құбылысты белгісінен, қасиетінен ажырату ой операциясының функциясы;
2)Абстракция (дерексіз түсінік). Абстракция деп ой операциясын, заттардың бірқатар қасиеттерін ойша дерексіздендіріп, қандай да болса бір бізге керек қасиетін бөліп қарауды айтады. Мысалы, <<күш-сападан маңыздырақ>> дейміз, бірақ нақты қай күш туралы әңгіме болып отырғанын: адамның күші ме, жерге тартылу күші ме түсініксіз әрі ол жағын түсіндіріп жатпауымызға болады. Бұл жерде өзіндік қасиеті бар бір нәрседен алшақтап жалпы қасиет туралы айтамыз.
Абстракция түрлері
Абстракция екі түрге бөлінеді:
а) дифференциалды абстракция заттардың автономды қасиеттерін, күйін немесе предикаттарын салыстырмалы бөліп көрсететін;
б) ресми (формалды) абстракция заттан тәуелсіз әртүрлі қасиеттері-предикаттары-параметрлері арқылы көрсететін.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет