Басқару стилі – басқару қызметтерін атқару кезінде басшылардың ұжымға ықпал етуі



бет1/3
Дата27.09.2023
өлшемі19,53 Kb.
#110720
  1   2   3

Қазіргі таңда қандай салада болмасын ұжымның жетістікке жетуі тек қызметкерлерге ғана емес, сонымен қатар басшыға да тікелей байланысты екендігі белгілі. Алайда, басқару жайында әңгіме болғанда оның стильдері жұмыстың қарқынына қаншалықты әсер ететіндігі туралы айтыла бермейді. Ұжымды толықтай танып-білу және оны тиісті деңгейде басқару аз уақыттың ішінде жүзеге асады деген ойдан аулақ болған дұрыс. Ең алдымен басқарудың қалай жүзеге асатындығын түсінген абзал. Бұл мақсат жолында ізденіске көп күш жұмсайтыныңыз белгілі. Бірақ осы білімдерді игеру үшін білікті мамандарға жүгінетін болсаңыз жетістікке жетуіңіз жылдамдай түседі. Арнайы курстар, тренингтер, психологтың кеңесі және т.б. өзін-өзі дамыту жолдары бәсекеге қабілетіңізді арттырып басшылық қызметті сауатты атқаруыңызға көмегін береді.
Бүгінде бұл тақырыптың өзекті болғандығы соншалық, тіпті университет қабырғасында «Басқару психологиясы» пәні оқу бағдарламасына енгізіліп магистранттарға міндетті пән ретінде оқытылуда. Мәселен, Қазақстанның ең үздік жоғары оқу орны болып табылатын Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті болашақ басқарушылық қабілеттері қалыптасқан мамандарды дайындауды тиімді жүзеге асырып келеді деп айтуға болады.
Сонымен, басшылық қызмет атқарып жүрген болсаңыз немесе алдағы уақытта жоспарыңызда болса біле жүргеніңіз дұрыс. Басқару стилі – басқару қызметтерін атқару кезінде басшылардың ұжымға ықпал етуі. Басқару теориясының жалпы тарихында көптеген менеджерлер мен экономистер басқару стильдерін әртүрлі белгілер мен тұжырымдамалар бойынша жіктеуге тырысты.
1930 жылдары алғаш рет «басқару стилі» ұғымын неміс психологы Курт Левин қарастырған болатын. Ол, адамдар ұжымды басқаруда авторитарлық, демократиялық немесе либералдық стильдердің бірін ұстанатындығын тәжірибе жүзінде дәлелдеді.
Авторитарлық стиль. «Максимум бақылау, минимум еркіндік»

  • Басшы нақты нұсқаулар бергенде, мақсаттарды мүмкіндігінше дәл қояды, мәселені шешу әдісін және оны жүзеге асыру мерзімдерін таңдайды.

  • Басшылық бір адамның қолында шоғырланған.

  • Өкілеттіктерді беру жоқ.

  • Дұрыс орындалған тапсырмалар саны максималды. Алайда, қызметкерлер бастама көтере алмайды, өз бетінше шешім қабылдамайды және түпкілікті нәтиже үшін жауап бермейді.

  • Кәсіпорынның мүдделері бірінші орында, қызметкерлердің мүдделері ескерілмейді.

  • Қызметкерлерді қорқыту, бұйрықтар, жазалар негізінде ынталандыру.

  • Артықшылықтары: тәртіптің жоғары деңгейі, іс-әрекеттің ашықтығы.

  • Кемшіліктері: бастамалардың болмауы, кадрлардың көп ауысуы, ұжымдағы стресс деңгейін арттыру, өзін-өзі дамыту мүмкіндігінің болмауы.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет