Чили мемлекетінің көлік жүйесі



Дата29.12.2023
өлшемі4,72 Mb.
#144631
Байланысты:
Чили мемлекетінің көлік жүйесі


Чили мемлекетінің көлік жүйесі
Орындаған: Серғазы Асем,Сүйіндікова Қазына,Садырбай Айдана,Курметова Динара
Тексерген: Оразалина А.Б.
2018
2019
2020
2021
2022
400
300
200
100
0
Чилидегі көлік жүйесі Латын Америкасында бірінші орында және инфрақұрылымның дамуы бойынша әлемдегі жетекшілердің бірі.
Автомобиль көлігі
Ел ішінде және Аргентина, Боливия, Перу, Парагвай және Бразилияға транзитпен жүктер мен жолаушыларды тасымалдаудың негізгі түрі. Автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы шамамен 78 мың км,оның 18 мың км-ге дейіні асфальтталған.
Автокөліктер мен таксилер саны – 1 803 150,
1990 жылы – 710 417.
Әуе көлігі
Чили орта және ұзақ қашықтыққа жолаушыларды тасымалдауда жетекші орын алады. Жолаушылар тасымалы шамамен 7604 мың адамды құрайды
Негізгі халықаралық жолаушылар әуе көлігі компаниясы LAN Airlines болып табылады.
73 әуежай (оның 7-уі халықаралық) және ұшу-қону жолағы бар аэродромдар бар. Чилидің негізгі «халықаралық қақпасы» Сантьяго әуежайы «Коммодор Артуро Мерино Бенитес халықаралық әуежайы» болып табылады.
Су көлігі
Чилидің жүк тасымалдау көлемінің шамамен 80% қамтамасыз етеді. Елде 26 порт, 82 учаске, 35 теңіз кемежайы бар.Ең ірі порттар Сан-Антонио және Вальпараисо болып табылады, олар барлық жүк тасымалының шамамен 20% құрайды.Порт секторында 20 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Порттар мен рейдтердің жалпы кеме сыйымдылығы 700 кемеге дейін жетеді.
Теміржол көлігі
Жалпы жүк айналымындағы темір жол көлігінің үлесі 1%-дан аз. Көптеген жолдар 70-жылдардың басынан бері қараусыз қалды. Темір жолдардың ұзындығы 7281,5 км. Олардың жартысынан азы электрлендірілген.
Қалғандары тепловоздар мен ескірген паровоз түрлерін пайдаланады. Магистральдарды жеке компаниялар өз бетінше салғандықтан, әлі күнге дейін бірыңғай желі жоқ.
Мемлекеттік және жеке меншік жолдар бар. Жекеменшіктер елдің солтүстік аймағындағы пайдалы қазбаларды тасымалдауға пайдаланылады. Темір жолдардың көпшілігі Empresa de Ferrocariles de Estado (EFE) және Ferrocarril del Norte (Ferronor) мемлекеттік компаниясына тиесілі.
Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет