Басы: Қайырлы күн, көрермендер! Назарларыңызға 17-24 ақпан аралығында өткізілген



Дата01.03.2023
өлшемі14,44 Kb.
#70679

БАСЫ:
Қайырлы күн, көрермендер! Назарларыңызға 17-24 ақпан аралығында өткізілген «Тіл мен тарих – ұлттық құндылықтар бастауы» қоғамдық-гуманитарлық пәндер онкүндігінің қорытынды жаңалықтарын ұсынамыз! Апталықтың ашылуы 17 ақпан күні лездемеде «Ұлылар үндестігі» қойылымымен басталды. Қойылымда қазақтың ұлы ақыны Абай, орыс және ағылшын классиктері Пушкин, Байрон және ағартушы-ғалым Шоқан мұралары қазіргі буын өкілдері шығармаларымен үндестігін тапты. Оқушылар үш тілде ұлылар шығармаларынан үзінділер оқып, көрініс қойды.

Қазақ әдебиетінен өткен ашық сабақтар:
22 ақпан күні 7в сыныбында қазақ әдебиеті пәнінен М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесі бойынша ашық сабақ өтті . Пән мұғалімі Алимгазина Алмагул Төкенқызы .
Ал 23 ақпан күні қазақ әдебиеті пәнінен Ануарбекова Райхан Әскербекқызы 8б-сынып оқушыларымен Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» повесі бойынша алған білімдерін жинақтау, қорытындылау сабағын өткізді.
Қазақ тілі мен әдебиетінен өткізілген сыныптан тыс шаралар:
7-сыныптар арасында «Қазақ тілі - мақтанышым» атты қызықты ойын-сайысы өткізілді. «Сиқырлы ұяшықта» берілген тілдік және танымдық сұрақтарға жауап бере отырып, оқушылар ой ұшқырлығы мен пәндік білімдерін көрсете білді.
8-10-сыныптар арасында ақиық ақын Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған «Қара сөздің Құлагері» атты байқау ұйымдастырылды. Байқау 4 номинация бойынша өткізілді. Әр номинация бойынша барлық оқушылар Дипломдармен марапатталды. Жас ақындардың арнау өлеңдері мен көркемсөз оқу, эссе жазу, ақын өлеңіне жазылған әндерді орындау бойынша оқушылар өз өнерлерін паш етті.
АЯҒЫ
Осымен «Тіл мен тарих – ұлттық құндылықтар бастауы» атты онкүндігіміз өз мәресіне жетті. Бізбен бірге болғандарыңызға рақмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет