Басылым Ақпараттық-танымдық 2014 жыл №5 (70) Тамыз-Қыркүйек



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата03.03.2017
өлшемі6,49 Mb.
#7071
  1   2   3

басылым

Ақпараттық-танымдық

2014 жыл  

№5 (70) Тамыз-Қыркүйек

 

Семей өңірі бойынша педагог мамандар 



дайындауға 80 жыл!

Семей өңірі бойынша педагог мамандар 

дайындауға 80 жыл!

АЛАР  АСУЛАР  АЛДА

Еліміздегі байырғы жоғары оқу орындарының бірі  

болған – Семей мемлекеттік педагогикалық институты. 

Ресми  түрде  1934  жылы  есігін  ашқан  институт 

құрылымы  бірнеше  рет  өзгерістерге  ұшырады. 

Айрықша  ескеруді  керексінетін  жағдай  өткен 

ғасырдың  елуінші  жылдары  Шығыс  Қазақстан  және 

Павлодар облыстарында педагог кадрларды дайындау 

мақсатында педагогикалық институттар ашылды. 

Ұзақ жылдар бойында оқу мен тәрбиенің, білім мен 

ғылымның шынайы ошағына айналған педагогикалық 

институт  Семейдегі  алғашқы  элита  –  профессор-

оқытушылар ұғымының  қалыптасуына негіз салды.

ВКП(б)  Шығыс  Қазақстан  обкомының  бюросы 

«Семей кешкі педагогикалық институтының базасында 1934 жылдың күзінен бастап, 

құрамында  физика-математика,  химия-биология,  тарих-әдебиет  және  экономика 

(география секциясымен) бөлімдері бар Шығыс Қазақстан педагогикалық институтын 

ұйымдастыру туралы» қаулы қабылдады. 

Қазақ  АССР  Халық  Комиссарлар  кеңесінің  шешімімен  Семей  педагогикалық 

институты құрылды. Институттың қалыптасуы ауыр жағдайды бастан кешіреді. Әсіресе, 

қаржы тапшылығы, маман кадрлардың жетіспеуі, атақ-дәрежесі бар ұстаздардың некен-

саяқ болуы, студенттік жатақхананың жоқтығы – институт ұжымының тер төгіп жұмыс 

жасауын талап етті. 

1936 жылы қазақтың көрнекті қайраткер ұлы, ақын, жазушы Сәкен Сейфуллиннің 

шығармашылық  еңбегінің  20  жылдығы  аталып  өтуіне  байланысты  институтқа 

С.Сейфуллин  есімі  берілді.  Көп  ұзамай  1937  жылы  ақынға  «халық  жауы»  деген 

зұлымдық таңбасы басылып, атылып кетті. С.Сейфуллин есімі алынып тасталды. 1939 

жылы институтқа Н.К. Крупская есімі берілді. 

Кеңестік  қоғам  ыдырап,  егемендікке  бет  бұрған  қиын-қыстау  жылдары  Семей 

қаласындағы  төрт  жоғары  оқу  орындарының  негізінде  «Семей»  мемлекеттік 

университеті  (1995  ж.)  құрылды.  Ректоры  –  М.С.Панин.  1999  жылы  университетке 

қазақтың ірі ақыны, ойшылы Шәкәрім есімі берілді.

2004 жылы Қазақстанда бес педагогикалық институт құрылды, ал 2012 жылы 

үкімет  қаулысымен  педагогикалық  институт  Шәкәрім  атындағы  университетке 

қосылды. Жоғары оқу орындары осындай өзгерістерді бастан кешірді.

Қандай оқу орны болмасын оны басқаратын басшының қызметі айрықша. Семей 

мұғалімдер институтының алғашқы басшысы Г.В.Семеняктан бастап, өзіміз көзіміз 

көрген  Р.Барлыбаев,  К.Дәукеев,  А.Курочкин,  Ю.Чернов,  Е.Кузнецов,  М.Панин, 

Е.Сыдықов, М.Ескендіров, М.Бектемісов сынды ректорлар еңбегі атап өтуге әбден 

лайық.


Күні  кеше  ғана  үкімет  қаулысымен    біріккен  туыстас  екі  оқу  орнының 

Қазақстандағы  білім  ордаларының  алдыңғы  қатарынан  орын  алуы  -ұжымның 

басты міндеті. 

Семей шаһарындағы екі оқу орны үкімет қаулысымен біріктірілді. Алғашында 

тосаңсып қалғанымызбен дәл бүгінгі күні мәңгі бірге келе жатқандай күйдеміз. Неге 

десеңіз, қаладағы зиялы қауым бір-бірімен таныс, тағдырлас, тіпті керек десеңіз бір 

жанұяның мүшелері сол екі оқу орнында қызмет жасап қанымызбен, жанымызбен 

араласып кеткен едік.

Семей  қаласының  Шәкәрім  атындағы  мемлекеттік  университеті  атанған 

мәртебелі ұжымның атақ-дәрежесі Қазақ Еліне жақсы таныс. Тамаша бастаулардың, 

өрелі  үрдістердің  жаршысы.  Ірі  білім  –  ғылым  –  тәрбие  кешені.  Университетте 

бес  мыңнан  астам  студент,  270  магистранттар  білімдерін  шыңдауда.  Оларға 

461  профессор-оқытушылар  дәріс  оқиды,  олардың  50-і  ғылым  докторлары, 

профессорлар, 200-і ғылым кандидаттары, доценттер.

Алда  атқарылмақ  істер,  алар  асулар,  биік  мақсаттар  көп.  Мерейтой  құтты 

болсын, әріптестер!



А.С. ЕСпЕнбЕТов,

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік 

университеті  Жоғары педагогика мектебінің директоры,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Ақ ордам менің, асқақ ұраным,

Ерке де еттің еңселі.

Жанарды еріксіз жасқа бұладым,

Сағынғандықтан мен сені.

Есімде әлі ақ таңың, нұрың,

Сағындым сені армандай.

Өзге қаладан таппадым тыным,

Жүрегім сенде қалғандай.

Мейіріміңді арнағанда ізгі,

Бөленгем күйге көрікті.

Ғимараттарың қармаған бізді,

Құшағың сенің болыпты.

Шаттыққа қалман кейіп, кеңелмей,

Әр таңды жалғап, әр таңға.

Қыраның ұшса биікте нендей,

Бір сенің ғана арқаңда.

Ақ ордам менің, асқақ ұраным,

Өзіңмен асқар, еңселі ек.

Жанарды еріксіз жасқа бұладым,

Өткенім қайтып келсе деп...

Дамир ӘбЕнов,

Семей қаласының Шәкәрім атындағы 

мемлекеттік университетінің түлегі,

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық 

университетінің магистрі.

Ақ  ордАм  мЕНІҢ, 

АСқАқ ҰрАНЫм

Мерейтойлық  құттықтау

Баршаңызды  Семей  өңіріндегі  педагог  мамандарды 

дайындаудың   80 жылдық мерейтойымен құттықтаймын!

Ұстаздық  –  бұл  әлемдегі  ұлы  және  ең  құрметті 

мамандық. Өйткені, ұрпақ тәрбиесі – адамзат өркениетінің 

басты құндылығы. 

Ұлт  ұстазы  Ахмет  Байтұрсынов:  «Мектептің  жаны 

–  мұғалім.  Мұғалім  қандай  болса,  мектебі  һәм  сондай 

болмақшы» - деп айтқандай,  тәрбие бесігінің бастауында 

тұратын  ұстаздар  қауымының  қоғам  алдындағы 

жауапкершілігі ерекше.

Бүгінде педагогика саласына білікті маман дайындау 

күн  тәртібіндегі  өзекті  мәселелердің  бірі  болып  отыр. 

Болашақ  педагог  мамандарды  дайындауда  жоғарғы  оқу 

орындарының алдына қойылатын талап та өте жоғары. 

Өз ірге тасын 1934 жылы қалаған оқу орны еліміздің 

шығыс  өңіріне  ғана  емес,  бүкіл  қазақ  даласына  білім 

нұрын  төккен  ағартушы  оқу  орындарының  бірі  болды. 

Ал білім ордасынан қанат қаққан түлектеріміз  еліміздің 

түкпір-түкпірінде  жемісті  еңбек  етіп,  өздері  білім  алған 

оқу орнын әрдайым мақтан тұтады. 

Қазіргі  таңда  университет  ұжымы  білім  сапасы  жоғары,  бәсекеге  қабілетті  педагогикалық  мамандарды 

тәрбиелеуді жүзеге асыру жолында аянбай еңбек етуде. 

Алдағы уақыттарда да алар асуларымыз бен бағындырар белестеріміз мол болсын!

Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, ел болашағы жолындағы жауапты қызметтеріңізге мол табыс 

тілеймін! 

құрметті университет оқытушылары және студенттер!

Құрметпен, 

Шәріпбек  ӘмірбЕков, 

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік 

университетінің ректоры, саяси ғылымдарының докторы


2014 жыл  №5 (70) Тамыз-Қыркүйек

Ұлттық  әдебиеттануда  қадау-қадау  еңбектер  қалдырып, 

абайтанудың ғылыми негізін өрістеткен Қайым Мұхамедханов осынау 

қасиетті  білім  ордасының  түлегі.  Қ.Мұхамедхановтың  өмір  жолы 

қазақ  қоғамының  дағдарысқа  түсіп,  кеңестік  тоталитарлық  жүйенің 

құрсауында  қалған  ұлттық  мүдде  сарапқа  түсер  шақпен  тұспа-тұс 

келді.  Өзінің  өмір  белестерінен  ұлт  тағдыры  сынға  түскенде  алаш 

мүддесі  үшін,  ұлт  руханияты  үшін  күресіп,  сол  жолда  адам  төзбес 

бейнет те тартып, өмірінің соңғы сәтіне дейін әдебиеттану ғылымына 

шексіз  адал  болғандығын  көреміз.  Оның  ғұмырнамасы  азаматтық 

тұлғасын, ғалым келбетін танытар ғибратқа толы.

Қайым (Ғабдулқайым) Мұхамедханов 1916 жылы 5 қаңтарда Ертіс 

өзенінің  сол  жақ  жағалауындағы  «Заречная  Слободкада»  (қазіргі 

Жаңа семейде) дүниеге келеді. 1917 жылдары Ертістің бұл жағалауы 

Алаш  қаласы атанған. Мұнда қазақтың зиялы азаматтары өздерінің 

ұйымдарын  құрып,  газет-журналдарын  шығарған.  Алаш  арыстары 

кеңес өкіметінің озбыр саясатына қарсы шығып қазақ деген ұлттың 

ұлт  болып  сақталып  қалуы  жолында  жан  аямай  күресті.  Кейіннен 

ұлт тарихын ел санасынан өшіру мақсатында Алаш қаласының атын 

өзгертіп Жаңа Семей атандырады. «Неғылған Жаңа Семей, сол баяғы 

ескі қала. Ұлтшылдықтан қорыққандардың ойлап тапқаны да. Түптің 

түбінде, Жаңасемей демей, қаланың тарихи атауын – Алашты қайтару 

керек», – деген Қайым Мұхамедханов сөзі – тарихи әділет. Осындай 

алашқа астана болған Семей қаласында Қ.Мұхамедхановтың балалық, 

жігіттік шағы өтті.

Мұхамедхан  Сейітқұлұлының  шаңырағы  алаш  қайраткерлерінің  жиі  бас  қосып, 

сұхбат  құрып  кеңесетін  ордасы,  елдің  танымал  ақын-әншілерінің  сағаттап  отырып  ән 

мен жырға толтырған өнер базары болған. Халқымыздың зиялылары бас қосып кеңескен 

әңгіме-дүкен  бала  Қайымның  зердесінде  жатталып,  көкірегінде  шежіредей  қатталып, 

оны кемелдікке жетеледі. Сөйтіп өмір тәжірибесіне үнемі сәуле беріп, ұлтжанды болып 

өсуіне себеп болды. Абайтану ғылымының білгірі, ақын, драматург, аудармашы, текстолог 

Қайым Мұхамедхановтың рухани қалыптасуына осынау зиялы ортаның, әке тәрбиесінің 

ықпалы ұшан-теңіз.

ҚАЗАҚТЫҢ  МӘШҺҮР  ҒАЛЫМЫ

 ӘЛЕМДІК  ДЕҢГЕЙДЕГІ  

МАТЕМАТИК

Семей 

мемлекеттік 



педагогикалық 

институты 

Семей  қаласы  ғана  емес, 

Қазақ  елінің  солтүстігі  мен 

шығысындағы 

алғашқы 


жоғары  оқу  орны,  аймақтың 

білімі мен   ғылымының қара 

шаңырағы болғаны белгілі. 

ЖОО-ның  атағы,  беделі 

онда  білім  алған,  қызмет 

істеген танымал тұлғалармен 

де  асқақтай  түседі.  Сондай 

тұлғалардың 

қатарында 

осы  институттың  іргетасын 

қаласқан,  өңірге  мұғалім 

мамандарды 

дайындауда 

ерен 


еңбегі 

сіңген, 


институт  тарихында  аттары  алтын  әріптермен  жазылатын 

ардагерлеріміздің бірі Т.Ы. Аманов та бар.

Аманов  Төлеубай  Ыдырысұлы  –  ҚазССР  ҒА-ның 

корреспондент-мүшесі. 

Функция 

теориясы 

бойынша 

Қазақстаннан  шыққан  бірінші  ғылым  докторы.  Т.Ы.  Аманов 

ҚазССР  ҒА-ның  математика  және  механика  институтында 

математиканың  осындай  іргелі  бөлімі  бойынша  бірінші 

ғылыми  бөлімшені,  функционалдық  анализ  және  функция 

теориясы лабораториясын ұйымдастырған және оны өмірінің 

соңына дейін басқарған.

Т.Ы.  Амановтың  негізгі  ғылыми  нәтижелері  академик 

С.М.  Никольский  мектебінің  ғылыми  бағытымен,  енгізу 

теоремаларымен  және  көп  айнымалылар  функцияларын 

жуықтаулармен байланысты. Ол SВ-кластар үшін шекаралық 

функцияларды  тұрғызды,  осы  арқылы  С.М.  Никольскийдің 

енгізу  теоремаларын  Н-кеңістіктер  терминдерінде  әрі  қарай 

күшейту  мүмкін  еместігін  дәлелдеді.  Бигармоникалық  есеп 

пен  Дирихле  есебін  сәйкес  вариациялық  есептерге  әкелу 

мәселесін  зерттеді,  аралас  туындылары  үстем  функциялар 

кеңістігін, басқаша айтқанда SВ-кеңістігін енгізді. 

Осы  кеңістіктің  тұйық  теориясын  дамытты,  басқаша 

айтқанда,  барлық  негізгі  енгізу  теоремаларын,  толықтық 

теоремаларын дәлелдеді және SВ-класына тиісті жиындардың 

компактылығының қажетті және жеткілікті шарттарын алды. 

Жиындардың компактылығы жайлы Рисс, Арцел және Реллих-

Кондрашов типтес теоремаларды дәлелдеп шықты. 

Осы  нәтижелерді  пайдалана  отырып  Т.Ы.  Аманов 

  Ел санасын есеңгіреткен азапты жылдар Қайымның оқуға 

құштар талабына бұғау болып еңбекке ерте жастан араласуына 

мәжбүрледі.  1932-35  жылдарда  Семей  оқу  мекемелерінде 

техникалық    жұмысшы  болып  істесе  де,  асқақ  қиялды  Қайым 

оқуын жалғастырудан бір сәтке үмітін үзбейді. Сол асыл мақсаттың 

үддесінен  шығу  үшін  1936-37  жылдары  пән  мұғалімдерін 

даярлайтын курста білім ала жүріп, күн көріс қамына қосымша 

қаражат табу үшін Семей облыстық оқу бөлімі ұйымдастырған 

мұғалімдер  курсында  сабақ  беруді  қатар  алып  жүреді.  Семей 

мұрағатында  екі  жылдық  мұғалімдер  даярлайтын  курстың 

Педагогикалық  Кеңесі  мәжілісінің  хаттамалары  сақталған.  27 

қараша 1936 жылғы мәжілістің хаттамасында Қ.Мұхамедханов 

есімі көрсетіледі. Білім ала жүріп Қ.Мұхамедханов мұғалімдер 

курсында сабақ берді деген  жоғарыда айтылған пікірімізді бұл 

деректер нақтылай түседі. 

    Болашақ  ғалымның  саналы  шығармашылық  ғұмыры 

Семей  педагогикалық  институтымен  тығыз  байланысты.  1938-

41  жылдары  аталған  институттың  филология  факультетінде 

білім алып, үздік бағамен аяқтайды да, қазақ тілі мен әдебиеті 

кафедрасына  оқытушы  болып  қызмет  істеуге  жолдама  алады. 

Ғұмырының  елу  жылға  тақау  кезеңін  болашақ  ұрпақты  білім 

нәрімен  сусындатуға  арнаған  Қ.  Мұхамедхановтың  ұстаздық 

қызметі де айрықша.

Ұлы  ақын  Абайды  мәңгілік  халқымыздың  жүрегінде  сақталуына  қызмет 

қылып,  оның  әдеби  мол  мұрасын  ел  арасында  кеңінен  насихаттау  мақсатында 

1940  жылдың  1  сәуірінде  Семей  қаласында  Абайдың  әдеби  –  мемориалдық 

мұражайын  ұйымдастыру  туралы  арнайы  қаулыға  орай  мұражай  ашылды. 

М.  Әуезовтің  тікелей  араласуымен  ашылған  мұражайдың  ұйымдастырылу, 

қалыптасу ісіне Абайдың өз тәрбиесінде болған немере інісі Әрхам Кәкітайұлы 

Ысқақов пен Қайым Мұхамедханов белсене араласады. 



А. Смағұлова,

филология ғылымдарының кандидаты.

математикалық  физиканың  вариациялық  есептеу  әдістерімен 

байланысты  бірқатар  есептерінің  шешілуінің  қажетті  және 

жеткілікті  шарттарын  көрсетті.  Көптеген  дифференциалдық 

операторлардың анықталу облыстарын дәл сипаттап берді. SВ-

кластар үшін интерполяциялық теоремалар дәлелдеді.

Математиканың  түрлі  мәселелеріне  арналған  еңбектерінде 

функционалды  топтарды  салу  және  олардың  қосымшасы 

мәселелерін  зерттеді.  Оның  докторлық  диссертациясында  SB-

топтардың  тұйық  теориясы  жасалды.  Функциялардың  бұл 

кластары  және  олардың  қосымшалары  жайлы  монография 

жариялады.

Оның  ғылыми  жетекшілігімен  10  кандидаттық  диссертация 

қорғалды.

1966  жылы  Мәскеу  қаласында  өткен  Бүкіл  дүниежүзілік 

математиктердің 13-ші конгресінде, 1977 жылы Чех кеңесінде, 

ал  1974  жылы  Канадада  өткен  математиктердің  халықаралық 

конгресінде ғылыми баяндамалар жасады.

Т. Аманов педагогикалық институтта қазақ бөлімдерін ашып 

онда оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз етуде көп күш қайрат 

көрсеткен,  ғылыми  жұмыстарды  ұйымдастырудың  алғашқы 

негізін  қалаған.  Проректор  болып  қазақ  бөлімдерін  өз  тілінде 

сабақ  беретін  кадрлар  тауып  оларды  баулудағы  еңбегі  ерекше 

зор болғанын тарих көрсетіп отыр.

Құрманғожа,  Изатолла  ауылдары  Ресейдің  Алтай  өлкесімен 

шектесіп  жатқан  жерлер.  Мен  сол  ауылда  туып  өскендіктен 

және  Төлеубай  Ыдырысұлымен  менің  әкем  Ұлы  Отан 

соғысының  ардагерлері  болғандықтан,  Төлеубай  Ыдырысұлы 

ауыл  азаматтары  үшін  үлкен  мақтаныш,  мен  үшін  де  қатты 

еліктейтін тұлға болды. Майдангер-достар әңгімелескенде әкем 

менің баламның да математикаға құштарлығы бар деп айтатын 

болу  керек.  Кейін  Семей  қаласының  №16  мектебін  алтын 

медальға бітіргенде, мені бітіру кешінде Төлеубай Ыдырысұлы 

құттықтағаны  есімде.  Және  әкем:  «Сен  алыстан  оқу  іздеме, 

педагогикалық институтқа түс. Егер бойыңда оқуға деген ықылас 

болса,  алдыңда  сол  оқу  орнын  бітіріп,  өз  білімін  бүкіл  дүние 

жүзі  математиктерімен  тең  дәрежеде  екенін  дәлелдеп  жүрген 

Төлеубай  Ыдырысұлы  бар»,  –  деді.  Сол  әкемнің  айтуымен 

1966  жылы  Семей  мемлекеттік  педагогикалық  институтына 

түсіп,  1  курста  Т.  Амановтың  дәрістерін  тыңдадым.  Тақтаға 

есеп шығартатын, менің фамилямды көріп сүйсініп, сен де әкең 

сияқты есепті жақсы шығарады екенсің дегені есімде.



Е.Қ. Есенжолов,

педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор.

Қайратсыз ашу-тұл,

Тұрлаусыз ғашық-тұл.

Шәкіртсіз ғалым-тұл



Абай Құнанбайұлы

Адамның  адамгершілігі  жақсы  ұстаздан 

болады.

Абай Құнанбайұлы

Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де 

артық, өйткені мұғалім-мектептің жүрегі.

Ы.Алтынсарин

Мен  өзімнің  ұстазыма  әкемнен  кем 

қарыздар  емеспін:әкемнен  өмір  алсам,  ал 

Аристотельден өмірімді жақсы өткізу туралы 

білім алдым.

Александр македонский

Ұстазы жақсының ұстамы жақсы.



Халық даналығы

Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен 

– тарихтағы ең ұлы істің бірі.

к.Д.Ушинский

Ұстаз  болу  –  өз  уақытын  аямау,  өзгенің 

бақытын аялау.

Ж.Ж.руссо

Ұстаз – ұлы есім



м.Әуезов

Мұғалім  өзінің  білімін  үздіксіз  көтеріп 

отырғанда  ғана  мұғалім,  оқуды,  ізденуді 

тоқтатылуымен  оның  мұғалімдігі  де  жойы-

лады.

к.Д.Ушинский

Мұғалімдік  мамандық  –  бұл  адамтану, 

адамның  күрделі  және  қызықты,  шым-

шытырығы  мол  рухани  жан  дүниесіне 

үңіле  білу.  Педагогикалық  шеберлік  пен 

педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен 

ұға білу болып табылады

в.А.Сухомлинский

Шәкірт  болып  көрмеген,ұстаз  болып  жа-

рытпас.

боэций

Өзінің шәкірттеріне еңбектен қуаныш табу 

қабілетін  дарыта  алатын  мұғалім  зор  даңқа 

бөленуге тиіс.



Э.Хаббард

Өзінің ұстазынан асып түсуге талпынбаған 

шәкірт-бейшара.

Леонардо да винчи

ҰСтАз – ҰлЫ ЕСІм

Шоқтығы биік тұлға

Ғылым қайраткері


2014 жыл  №5 (70) Тамыз-Қыркүйек

болып аудан атынан аттандық. Ол кез Семей деген алып шаһарды 

тұңғыш көруім еді. Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған да-

рынды оқушылардың бәсекесінде  қанжығам майланбаса да қаланың 

қонақжайлылығы  мен  75  жылдық  тарихы  бар  педагогикалық 

институттың  білім  ошағы  мені  қайран  қалдырған  болатын.  Бірақ 

ол  кезде  кейін  осы  оқу  орнының  студенті  боламын  деген  ой  үш 

ұйықтасам түсіме кірмеген.

Жылдар  жылжып  мектепті  аяқтар  сәт  келді.  Мамандығым 

белгілі. Журналист болу. Үлкендердің қарсы болғанына қарамастан 

таңдауым сол. Мейлі журналист болмаған күннің өзінде әдебиетші 

болармын  дедім.  Аттестаттағы  жалғыз  төрттікке  қарамастан  алып 

ұшқан көңіл Алматыны аңсады. Жалғыз перзенті болғандықтан ба 

анам шыр-пыр болды.   

-  Үлкен  қала  қайтесің,  балам.  Жақында  бол.  Сағынсам  барып 

қайтармын, - деп Семейге жетектеп әкелді. 

Қош,  сонымен  не  керек  Семей  мемлекеттік  педагогикалық 

институтының  филология  факультетінің  студенті  атанып,  үлкен 

өмірге  аяқ  бастым.  Сәл  кешігіп,  бесінші  қыркүйек  күні  келдім. 

Топтастарымның көбі бірін бірі танып, араласып кетіпті. Куратор-

мен жиналыстан соң бәріміз де бір бірімізбен достасып кеттік.   Бәрі 

шетінен өжет, көздерінде от, жігерлі жастар екені көрініп тұр.  

Таңғалғаным жазба болсын, айтыскер болсын ақындардың кілең 

мықты дарабоздары осында жиналыпты. Өзімнің қандай өнер мен 

білімнің қайнаған ортасына түсіп кеткенімді сол сәтте бірақ білдім.

Факультет деканы. Екінші анамыз. Қазақтықты бәрінен жоғары 

қойған Фарида  Задақызы. Маған ол кісі қазақ әйелдерінің симво-

лы болып елестейтін. Киім киісі, жүріс тұрысы, сөйлеген сөзі бәрі 

дерлік қайран қалдыратын. 

Студенттік кездің алғашқы күндері, дәріс, аудитория, семинар, 

жатақхана  бәрі  -  бәрі  күнделікті  өміріме  айналды.  Дәріс  демекші 

Қайым  Мұхамедханов  атындағы  дәрісхана  бір  кішігірім  сахна 

іспетті  болатын.  Дәрісіміздің  соңы  таласқа  айналып,  уақыт  жет-

пей  дәлелді  ойларды  ортаға  салатынбыз.  Түскі  мезгілде  ақындар 

мүшәйрасы, әдеби кездесулер, концерттік бағдарламалар толассыз 

өтіп жататын. 

Институт  қабырғасында  факультет  студенттерінің  бастамасы-

мен құрылған  үйірмелер көп болды. Олардың біразы қазір де жас 

дарындармен  толығу  үстінде.  Әсіресе  «Шабыт»  өнерлі  жастар 

орталығы,  «Жебе»  ақындар  орталығы,  «Қарагөз»  драма  үйірмесі. 

«Жүз  сөйлем»,  «Асыл  сөз»,  «Серпін»  сынды  білімге  жетелейтін 

ғылыми үйірмелердің  жұмысы да қызықты болатын. 

Филология  факультеті  институттың  мәдени  өмірінде  елеулі 

рөл атқарды. Кешегі Ринат Зайытов, Сара Тоқтамысова, Қарлығаш 

Әубәкірова,  Әсем  Ережеқызы  сынды  саңлақтарды  түлеткен 

киелі  шаңырақ  кейінгі  толқын  жастардың  бірсыпырасын  қазақ 

өнерінің  бәйгесіне  қосты.  Институт  беделді  оқытушыларға  бай.  

Біздің  факультетте  тілші  ғалым,  оқытушылардың  ардагері  Қинаят 

Шаяхметұлынан бастап Айман Советқызы, Айман Омарханқызы, Ра-

ушан Қойшанқызы, Эльмира Мақсұтқызы, Фарида Задақызы, Ғалия 

Рахметоллақызы,  Қарлығаш  Сұлтанбекқызы,  Мұхит  Төкенұлы, 

Төлеуғазы Кәментайұлы сияқты студент жанының терең білгірлері 

қызмет  етеді.  Заман  талабына  сай  педагог  мамандар  тәрбиелеуде 

ұлттық құндылықтарға баса назар аударатын біздің ұстаздар ұлтым 

дейтін ұлан тәрбиелеуді негізгі қағида етіп ұстайды.

Міне,  биыл  мен  4  курстамын.  Институт  табалдырығынан 

басталған  студенттік  өмірім  Шәкәрім  атындағы  университетте 

жалғасуда. 

Екі  оқу  орнының  қосылуы  оң  нәтижелерін  беріп,  сексен  жыл 

өмір  сүрген  институттың  мүмкіндігін  молынан  көрсетуге  ықпал 

жасауда. Ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беретін ұстаздар 

дайындайтын ұстахана оқу орны үшін биыл дүбірлі той, жеңісті ме-

рейтой! 

Аяулым Шаймарданова,

филология факультетінің 4 курс студенті,

президенттік шәкіртақының иегері.

«Ұстазы  жақсының  ұстамы  жақсы»  дегендей 

осы  өмірде  мысқалдай  да  бір  қол  жеткен 

жетістігіміз  бен  биігіміздің    ар  жағында  қашан 

да ұстаз деген ұлы есім тұрады екен. Осындай өр 

тұлғалы ұстаздың бірі – Жұмабек Айтұлы Аитов.

Жұмабек  Айтұлы  1945  жылы  27  қазанда 

дүниеге келген. Мектептегі шәкірт шағынан жаны 

сүйген  пәні  математика  болғандықтан,  қабілетті 

жас  1965  жылы  С.М.Киров  атындағы  Қазақ 

мемлекеттік университетінің механика-математика 

факультетіне оқуға түседі.

1970  жылы  аталмыш  оқу 

орын  тәмамдаған  соң,  еңбек 

жолын  Крупская  атындағы  Семей 

педагогикалық 

институтының 

элементарлық 

математика 

кафедрасында  бастап, бүкіл саналы 

ғұмырында    аталмыш  оқу  орнының 

өркендеп дамуына өз үлесін қосты. 

Жұмабек Айтұлы педагогикалық 

қызметпен қатар ғылымға бет бұрып, 

Абай  атындағы  Қазақ  педагогика 

институтында аспирантурада оқыды. 

Аты әлемге әйгілі атақты математик, 

физика  -математика  ғылымдарының 

докторы 

 

Яков 



Михаилович 

Гольцердің 

жетекшілігімен  

математика  ғылымындағы  күрделі 

де келелі «Айырымдық теңдеулердің 

параметрдегі  ырғақты  жүйесінде 

инварианттық  қисықтың  пайда 

болуы мен бар болуы» тақырыбында 

ғылыми  еңбек  жазып,  1990  жылы 

кандидаттық диссертация қорғады. 

Ұзақ  жылғы  тынымсыз  еңбек, 

ізденістер  мен  тың  мәліметтердің 

сарқылмас  легі  ғалым-ұстаздың 

саналы  зерделеуінен  өтіп,  жаңа 

идеялар  мен  құнды  тұжырымдарға, 

баяндамалар 

мен 

ғылыми 


мақалаларға  айналды.  Ғалымның 

«Паскаль  тілінде  программалау» 

еңбегі  90-жылдары  қазақ  ғылымында  кенжелеу 

қалып  жатқан  информатика  саласына  қосылған 

қомақты  үлес  болып,    мектеп  мұғалімдеріне  осы  

пәндерді  қазақ  тілінде    меңгеруге  үлкен  көмегін 

жасап үлгерді. 

40-қа  жуық  ғылыми  мақалалардың  авторы 

Жұмабек  Айтұлының  шығармашылық  еңбек 

жолы талай рет бұқаралық ақпарат құралдары мен 

«Высшая школа Казахстан в лицах» биографиялық 

очеркінде  жарияланды.

Тәжірибелі  ұстаз,  ғалым  Жұмабек  Айтұлы 

тоқсаныншы  жылдары  қоғам  сұранысымен  ене 

бастаған компьютерлік сауаттылықты ұйымдастыру 

жұмыстарының басында жүріп, іскерлікпен игеріп 

кетті.  Семей  мемлекеттік  университетінде  қазіргі  

«Информатика  және  ақпараттық  технологиялар» 

кафедрасының алғашқы  ірге тасын қалап,  жоғары 

оқу  орнының  талабына  сай  кафедра  дәрежесіне 

жеткізді.

Білімді  ұстаз,  білікті  маман  Жұмабек  Айтұлы 

мыңдаған  студент  жастарды  ғылым  мен  білім 

нәрімен сусындатты, тәлім-тәрбие берді.

Жұмабек  Айтұлы  ғалым  –  ұстаз  болумен 

қатар  білгір,  басшы  да  болды.  Педагогикалық 

институттың  математиканы  оқыту  әдістемесі 

және  геометрия  кафедрасының,  сондай-ақ 

Семей  мемлекеттік  университетінің  қолданбалы 

математика  кафедрасының  меңгерушісі  қызметін 

атқарды. Осындай жауапты жұмыстарда ол өзінің 

іскер де шебер ұйымдастырушы, ақылды, байсалды 

азамат екенідігін таныта білді.

 Сол кезде Жұмабек Айтұлының кафедрасында 

оқытушылық  қызмет  істеп,  тәрбиесін  көрген 

педагогика 

ғылымдарының 

кандидаты, 

профессор  Мұрат  Мақамбаев,  физика-математика 

ғылымдарының  кандидаты,  доцент  Ақылбек 

Тохметов,  техника  ғылымдарының  кандидаты, 

доцент 


Хабдулхайыр 

Жаманов, 

техника 

ғылымдарының  кандидаты,  доцент  Гүлжанат 

Есенбекова өздерін күні бүгінге дейін Ж.Аитовтың 

шәкірттері санайды.

Қазақ  тілінің  жанашыры  болып,  қазақша 

оқулықтар жасауға үлес қосты. Сонымен қатар, қазақ 

топтарына берілетін білім деңгейінің тиісті дәрежеде 

берілуіне қатты көңіл бөлетін. 

Ешкімді  жаманшылыққа  қимайтын,  адам 

бойынан  жақсылықты  ғана  көргісі  келетін  мінез 

Жұмабек Айтұлына тән болатын. 

2000 жылы Жұмабек Айтұлымен бірге ақырғы  рет 

тойлаған 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесінде 

кафедра қыздарына арнап шығарған төмендегі  өлең 

шумақтары әлі күнге дейін есімізде.

Болашақты бүгін әкеп өмірге,

Нұр құятын шаттық беріп көңілге,

Шаңырақтың берекесі, құты да,

Ердің тезі, өмір көзі әйел адам тегінде.

Парасат пен пәктілік, тіршіліктің  нәрі де,

Әйел адам, бас иеді оған әлем бәрі де.

Сүйікті жар, сүйер дос, сүйсіндірер сұлулар,

Бола бергін деп тілейміз ақ тілекті бәріңе.

Алғашқы  наурыз  мейрамын  тойлаған  1993-

1994  жылдары  педагогикалық  институтта  үлкен  іс-

шаралар  ұйымдастырылып,  ұжым  болып  тойлаған 

кезде  ең негізгі Наурыз той мазмұныны ашып, оны 

тойлаудың  жолын  айтып,  жазып  берген  Жұмабек 

ағамыз болды.

Аталған  қасиеттері  мен  сіңірген  еңбегі 

бағаланып,  білім  беру  саласындағы  ерекше  еңбегі 

үшін  «Қазақстан  Республикасы  білім  беру  ісінің 

үздігі» белгісімен, Республикалық білім жүйесіндегі 

шығармашылық  еңбегі  және  жеткіншек  ұрпақты 

оқыту мен тәрбиелеудегі табыстары үшін Қазақстан 

Республикасының  Білім  және  Ғылым  министрінің 

«Құрмет  Грамотасымен»,  институт,  университет 

басшыларының  алғыс  хаттарымен,  кәсіподақ 

ұйымының  мақтау  грамоталарымен  марапатталды. 

2001 жылы жарық көрген М.Батырбековтың «Высшая 

школа  Казахстана  в  лицах»  деп  аталатын  еліміздің 

алдыңғы  қатарлы  ғалым-педагогтарының  жинағына 

Жұмабек Айтұлының да есімі мен еңбектері енгізілді. 

«Өз  ұлыңды  бағалап,  ардақтамасаң,  сені  өзге 

жұрт қалай қадірлемек» деп ұлы жазушы М.Әуезов 

айтқандай,  бүгінде  Жұмабек  Айтұлына  арналып 

арнаулы дәрісхананың ашылуы өрісі кең, өресі биік, 

парасат иесі абзал азамат-аға, білгір ғалым - ұстазға 

жасалып отырған құрметтің бір парағы деп білеміз. 

Осы  дәрісхананың  жабдықталуына  үлес  қосқан 

жары  Тоты  Күмісбекқызына,  балалары  Қайсар  мен 

Бибігүлге, Жанар мен Жандосқа, Айдар мен Ләззатқа 

зор алғыс білдіреміз.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет