Орындаған-Тұрғынбаева Т. Ж тобы- б-3-20 Жетекшісі



бет1/8
Дата02.06.2023
өлшемі53,94 Kb.
#98076
  1   2   3   4   5   6   7   8



Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі

«Педагогика және психология» ПЦК-сы

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Мұғалімге қойылатын талаптар
Мамандығы-0105000-«Бастауыш білім беру»
Орындаған-Тұрғынбаева Т.Ж
Тобы- Б-3-20
Жетекшісі- Қасымова Л.Е

Тараз қаласы-2023


КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Мұғалім мамандық – бұл адамтану , адамның күрделі және қызық-ты , шым – шытырығы мол жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогика-лық өнер – ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады.


В.А.Сухомлинский заман ағысымен қаруланған ой – өрісі жоғары ,зерделі ,жан-жақты дамыған маман – уақыт талабы. Кеше ғана көк туын желбіретіп шаңырақ көтерген егемен елімізді өрке-ниетке жетелейтін білім бастауында мектеп , ал сол мектепте жас ұрпақ бойына білім негізінің мәңгілік іргетасын қалаушы – ұстаз тұрады.
Мұғалімдер – қоғамның ең білімді , ең отаншыл , білгілеріңіз келсе , ең сынампаз бөлігі болып табылады , - деп Елбасы Н.Назарбаев: «Болашақта еңбек етіп , өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары , мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады.Сондық-тан ұстазға жүктелер міндет ауыр,» - деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің те-рең білгірі болуы емес , тарихи танымдық , педагогикалық – психологиялық сауаттылық, талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар ,шығармашылық пен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп , оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген педагог бол-уы керек.
Мұғалім еңбегі басқа қызметтермен салыстырғанда , өзіндік ерекшелігі мол шығармашылық-ты сүйеді. Өйткені жеткіншек ұрпақты өмірге, еңбек әлеуметтік іс-әрекетіне дайындау –мұғалім-дерді көп іздендіріп, ойландыратын жұмыстың ең басты түрі. Олай болса ,әрбір мұғалім орта не-месе жоғары дәрежелі педагогтық білім алумен қанағаттанып қоймай, ол тәрбие мен оқыту-дың тиімді жолдарын үнемі іздестіріп ,өз жұмысында пайдаланып отыруы тиіс. Сонда ғана мұғалім жаңашыл , оқушыларға тәрбие және білім берудің теориясы мен практикасын дамыту-дың қозғаушы күші және асқан шебері бола алады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет