Бастауыш математика курсының мазмұны мен құрылымын психологиялық-педагогикалық талдау



Дата17.06.2022
өлшемі43,38 Kb.
#36972

Бастауыш математика курсының мазмұны мен құрылымын психологиялық-педагогикалық талдау

Математиканы пән ретінде оқыту үрдісінде матемика ғылымының белгілі бір түрінде көрінетін математиканы оқу курсы қолданылады, ал үрдіске қатысушылар мұғалім мен оқушылар болып табылады. Сондай-ақ, оқушылардың қызметіне жағдай жасайтын және оны қамтамасыз ететін оқушылардың ата-аналары мен білім беру органдарының қызметкерлері мұндай үрдіске жанама түрде қатысады.


Математиканы оқыту үрдісінің құрылымы өте күрделі, сондықтан оны әрі түрлі көзқарас жағынан талдауға болады. Осылайша, осындай үрдісті талдау негізіне математика ғылымы мен математика оқу пәнінің өзара байланысын айтуға болады. Мұндай жағдайда -онтодидактикалық талдау туралы айтамыз. Мұндай үрдісті мұғалімнің қызмет тарапынан қарауға болады. Онда біз әдістемелік талдау жасаймыз. Егер оны ұйымдастыру және материалдық жағдаймен (кабинет, жабдықтар және т.б.) қамтамасыз ету тарапынан қарасақ, математиканы оқыту үрдісіне мектептік талдау болады. Онда оның құрылымында тағы бір топ - оқу жабдығы мен оқу құралы пайда болады, бұл оқу пәні, мұғалім мен оқушы арасында байланыс тудырады. Егер мұндай үрдісті оған қатысатын барлық тұлғалар арасындағы өзара байланыс тарапынан қарасақ, үрдісті әлеуметтік-психологиялық немесе тіптен социологиялық талдау деуге болады.
Математиканы оқыту үрдісін талдаудың әртүрлі түрі көп екендігін көруге болады. Тіптен кибернетикалық талдауға да болады, мұнда үрдіс басқару тарапынан қарастырылады.
Негізі үрдіске басты қатысушы -оқушы тарапында қарау қажет. Шын мәнінде, оқу оқушылар үшін ұйымдастырылады және қызмет етеді, сондықтан олар ең басты қатысушы тұлға болып табылады. Мұндай үрдіс нәтижелерін оқушының көзрасымен қарап, бағаланады. Ол оқу кезінде қандай өзгерістер болды, оның психикалық дамуында, оның әдетінде және мінез-құлқында алға жылжу болды ма, онда ғылыми-диалектикалық дүниетанымы қаншалықты дамыды және т.б.
Математиканы оқыту үрдісін оқушының қызметі тарапынан талдау психологиялық-педагогикалық талдау болып табылады.
Барлық талдау түрлері өзара байланыста және өзара әрекетеседі.
2. Математиканың жалпы білім беру курсының мазмұнын және құрылымын психологиялық-педагогикалық талдауға көше отырып, осы курс мақсаттары мен міндеттеріне байланысты болады. Математика курсының мақсаттары мен міндеттері жалпы білім беру мақсаттары мен міндеттерімен анықталады. Жалпы білім беру мақсаттары және міндеттері қоғамдық сұраныспен анықталады, қоғам мектеп алдында қоятын міндеттерге байланысты болады, яғни әрбір оқушыдан жан-жақты дамыған, әлеуметтік көреген тұлғаны қалыптастыруды қамтамасыз етуболып табылады.
Бала тұлғасын қалыптастыру баланың барлық өткен ата-баба жетістіктерін еске түсіру арқылы тәжірибе жинақтау үрдісінде жүзеге асады. Жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру дегеніміз әр бала барлық адами қызмет түріне бірдей қабілетті деген сөз.
3. Математика ғылым ретінде жан-жақты, және оны анықтау белгілі бір аспекіде мүмкін болады. нәтижесінде математика бізді қоршаған ортаны зерттейді және оның барлық болып жатқан ұғымдары мен түсініктері осы әлеммен тығыз байланысты. Алайда бұл байланыс тура емес, жанама байланыс болып табылады. Бұл байланысты оның сипаты мен ерекшеліктерін қарау математиканы ғылым ретінде, әсіресе оның әдістерінің бұрынғы аспектіге әкеп соғады, оның нақты әлеммен байланысыгн зерттеуде негіз жатыр.
Кез-келген ғылым нақты заттармен труа байланыспайды, олардың абстрактілі сиптатарымен олардың модельдерімен байланысады. модель дегеніміз өзге объектіні алмастыра алатын объект (құбылыс, үрдіс) болып табылады және осы өзге объектіні зерттеу тәсілі ол туралы ақпаратты, жаңа білімді алу арқылы жүзеге асады.
Математиканың ғылым ретінде ерекшелігі ол өзге ғылымдардан нақты әлемнің заттар моделін емес, осы модельдердің жалпы схемасын, былайша айтқанда модельдердің моделін зерттейді.
Үшінші аспект -математиканы ғылымның жалпы ортақ тілі деп қарау.
Математика тілі табиғи ғана емес, гуманитарлық көптеген ғылымдарда ұғымдар мен эмпирикалық табылған байланыстардың нақты біртекті сипаты үшін қызмет етеді.
Әдетте, кез-келген ғылымның математикалық тілі ғана емес өзіндік тілі де бар, алайда математика тілін қолдану деңгейі аталған ғылымның даму деңгейінің көрсеткіші болып табылады.
Кез-келген ғылымның маңызды сипаттамасы оның логикалық құрылымы болып табылады. Әдетте, логикалық құрылымның элементтері. негіздері, заңдары, негізгі ұғымдары, теориялары, идеялары болып табылады.
Математикада осындай элементтері өзіндік нысанға ие. математика оқу пәні мен әдістері бірлігіне байланысты көптеген жекелеген математикалық ғылымдардың жүйесі болып табылады. Математикаға тек заңдар түрінде қол жеткен нәтижелер ғана емес, болжамдар да жатады. Математикалық жеткістікке қол жеткізу үрдісі мүмкіндігін беретін идеялар, әдістер шексіз.
Математиканың әрекеттік жағына келсек, оны мына құрамдас бөліктерден-деңгейлермен сипттауға болады:
1) оқу объектілерінің тамаша моделін құру;
2) құрылған модельдерді зерттеу аппаратын әзірлеу және осындай аппарат арқылы зерттелетін нысанды сипаттайтын білімдер-заңдар аппаратын алу;
3) практикалық және теориялық мәселелерді шешу үшін алынған заңдар-білімдерді қолдану әдістерін әзірлеу мен оны қолдану.
Сондай-ақ математикалық қызметке мәселелер мен міндеттерді қою, қойылған міндеттерді шешу үшін болжамдар мен идеялар шығару кіреді.
4. Математика оқу пәні ретінде ғылым ретінде математиканың педагогикалыұ проекциясын құрайды.
Математиканы оқыту мақсаттарын психологиялық-педагогикалық талдау оқушылар математиканы не үшін оқу қажеттігін анықтап алу қажет. Математиканы оқыту мақсатын анықтау - арнайы қасиетті көрсету, сол мақсатты көздеп мектепте математика оқытылады және оқушылардың жан-жақты дамыған және әлеуметтік көреген тұлға болып қалдыптасуы қажет.
Мектепте математиканы оқыту мақсаты - оқушы математикалық білім жүйесіне және дағды мен қабілетке негізделген білімге ие болуы дегенді білдіреді. Мақсатқа жету үшін бірнеше факторға байланысты.
5. Оқу пәні ретінде математика құрылымының негізгі психологиялық-педагогикалық мәселелері:
- математиканы оқытудың мазмұнын құрастыру мәселесі кешенді болып табылады және оны талдаудың психологиялық-пеадгогикалық және әдістемелік-математикалық нәтижелері есебімен дұрыс шешіледі. Бірінші мәселе математиканың мектеп курсының құрылымдық бірлігінің сипаты болып табылады. (оқу пәнінің құрылымдық бірлігі құрамына белгілі білім, ғылыми теория, ұғым, білім, қабілет және дағды кіретін әрекеттер болып табылады).
- оқу мазмұнын құрастыру және оқу практикасында оны жүзеге асыру кезінде математиканы оқытудың тура мақсаттарына және оқыту жалпы білім беру мәселелерін шешуде маңызды рөл атқаратын жағдайларға байланысты болуы тиіс.
- математиканың мектеп курсының барлық құрылымы негізіне қазіргі заманғы математика идеялары мен әдістері жатады, олармен мектепте математиканы оқыту мақсаттары мен міндеттеріне қарай оқушыларды таныстыру қажет. Оның ішінде идеялар мен әдісте нақты түрде оқыту мазмұнына кіруі тиіс және оны меңгеру оқушыларды оқыту қызметінің тура мақсаты болуы тиіс.
- оқушыларға идеялар мен әдістер ашылмаған қалыпта болып, кейіннен олардың есеюіне қарай, олардың оқудағы жетістіктеріне қарай ашылып, кеңейіп, жаңа мазмұнға ие болуы тиіс.
- осы идеялар мен әдістер математиканы оқыту мазмұнын құрайды. қалған мектеп курсының қалған мазмұны осы иедялар мен әдістерді анықтау мен қолдану, оларды аша түсу үшін қажет болуы тиіс.
2 тақырып. математиканы оқыту үрдісінде төменгі сынып оқушыларының ойлауын, танымы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Жоспар:
1. Ойлау, оның ерекшеліктері мен түрлері.
2. Математикалық ойлау туралы.
3. Ойлау мәдениетіне тәрбиелеу.
4. Төменгі мектеп жасында елестетуді дамыту ерекшеліктері, жағдайлары мен заңдылықтары.
5. Төменгі мектеп жасында елестетуді дамытудың психологиялық механизмдері мен оны анықтау критерийлері
6. Төменгі мектеп жасында шығармашылық қабілетті дамыту ерекшеліктері, жағдайлары мен заңдылықтары.
7. Математиканы оқытуда көрнекілік пен модельдеу.
1. Ойлау арқылы адам қоршаған ортаны таниды. Ойлау адамға танылатын нысандарда адамның сезімі арқылы, олардың жекелеген қасиеттері мен жақтарына ғана емес, осы қасиеттер мен жақтар арасында байланыс пен қатынас заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік берді. Сол арқылы адамның ойлау арқылы жалпы қасиеттер мен қатынастарды таниды, осы қасиеттер арасында нысандардың сипатын анықтайтын маңыздыларын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл адамға қадағаланатын оқиғалар, құбылыстар мен өзінің дербес әркеттерінің нәтижелерін көруге мүмкіндік береді. Бұл жұмыс ойлау операциялары: салыстыру, талдау, синтездеу, абстрактілеу, жинақтау мен нақтылау арқылы орындалады.
Сезімдік және дерексіз элементтер арасында байланысқа қарай ойлау 3 түрге бөлінеді: 1) көрнекілік -әрекеттік (кіші жаста 3 жасқа дейін балаға тән); 2) көрнекілік-бейнелік (мектепке дейінгі және кіші мектеп жасына тән); 3) теориялық (дерексіз, ұғымдық) (мектептік кезеңде пайда болады және абстрактілі ұғымдар мен пікірлер түрінде іске асыру тән).
Ойлау дамумен бірге сөйлеу де дамиды. Сөйлеуде ой материалдық қалыпқа түседі.
Саналы даму мен оқу үрдістері өзара байланысты және мынаған сай болады: оқу дамудың қол жеткізген деңгейіне және баланың бұдан әрі дамуына, келесі кезеңге өтуіне, неғұрлым жоғары даму деңгейіне өтуге сүйенеді. Алайда даму оқу мазмұны мен сипатына және көптеген өзге факторларға -әлеуметтік және тәрибелік факторларға байланысты болады.
2. Математиканы оқыту үрдісінде ең алдымен арнайы математикалық ойлауды дамытуға мән берген жөн. Көптеген кеңестік педагог-математиктер А.Я.Хинчин, Л.С.Трегуб, А.К.Сухотин, А.А.Столяр және т.б. осы мәселені зерттеді.
Математикалық ойлау -бұл шекті абстрактілі, теориялық ойлау, оның нысаны заттай қасиетке ие емес және олардың арасында орнаған қатынастар сақталатын ерікті түрде сипатталады.
А.А.Столяр математикалық ойлаудың 5 деңгейін бөліп қарастырған. Ол, алғашқы 2 деңгей бастауыш сыныптарға, үшіншісі- орта сынып оқушыларына, төртіншісі - жоғарғы сынып оқушыларына тән екендігін көрсетеді. бБесінші деңгейге қатысты А.А.Столяр оны геометрияны және тіптен алгебраны оқытудың бірде бір деңгейінде қол жеткізуге болмайды деп санайды. Бұл пікірді біздің, сондай-ақ шетелдегі мектептер тәжірибесі теріске шығарады.
3. Математикалық ойлау жалпы ойлау мәдениетінің құрамдас бөлігі болып табылады, оған баулу жалпы білім беру міндеті болып табылады. Ойлаудың математикалық стилі жалпы ғылыми-теориялық ойалау стилінде көрінеді. ғылыми-теориялық сипатта ойлаудан басқа, ойлау мәдениеті басқа белгілермен де ерекшеленеді: ақылдылық, логикалық бейімділік, тәртіптілік.
Ойлау мәдениетіне тәрбиелеуді ұйымдастырудың жалпы жағдайлары:
1) ойлау мәдениетіне тәрбиелеу үрдісі адамның барлық өмірінде болатын ұзақ үрдіс болып табылады. Сондықтан математиканы оқыту үрдісінде осындай тәжірибені мектепте барлық оқу жылдары және әр сабақта іске асырған дұрыс.
2) маңыздысы, мұғалім, мектеп оқулықтары ойлау мәдениетінің тұнұсқалы үлгілерін көрсетуі қажет. Себебі оқушылар өзінің ойлау қызметінде мұғалімге, оқу құралына еліктейді.
3) оқушыларды өзін-өзі тәрибелеу бойынша белсенді жұмысқа қызықтыру қажет, олар ойлау мәдениетіне тәрбиелеу жеке маңызды міндет ретінде қарауға қол жеткізу қажет. Мұғалім мұндай жұмыста көмектесу қажет.
4) оқушылардың ойлау мәдниеті қабілеті мен дағдылары саналы түрде болуы үшін, математиканы оқыту мазмұнына белгілі теориялық білім жүйесіне енгізу керек.
4. Төменгі мектеп жасы бала дамуының ерекше сатысы болып табылады, мұндай жаста балалар елестетуді дамытудың ерекше резервісіне ие.
Елестетуді дамытудың негізгі заңы былай қалыптасады: елестету өз дамуында екі кезеңнен өтеді, олар сыни фазамен бөлінген және ойға қонымды қызметті дамытумен тығыз байланысты. Бірінші кезең елестетуді дамыту барысы ерте басталады және интеллектінің даму барысымен салыстырғанда, қарқынды жүреді, интелектің дамуы әлдеқайда көп тәжірибенің жинақталуын және неғұрлым күрделі қайта өңдеуді талап етеді.
Төменгі мектеп жасында елестің дамуы екі сатыдан өтеді:
Біріншісі, оқу басында кіші сынып оқушысының елестетудің сипатты ерекшелігі оның нақты заттарға сүйенуі болып табылады. Бұл бірінші сынып оқушыларының ойлау қызметінің ерекшеліктерімен, қабылдау мен ойлаудың өзара байланысымен түсіндіріледі. 7-8 жастағы балалар ойлайтын бейнелер көбінесе олардың өткен тәжірибесімен, өзі қабылдайтын бейнелерге тығыз байланысты.
Екінші сынып соңында 9-жаста, содан кейін үшінші сыныпта елестің дамуының 2-сатысы басталады. Бұл сатыда бейнелерде белгілер мен қасиеттер саны ұлғаяды. Олар толыққанды және нақты бола бастайды, бұл нысандардың әрекеттесу және өзара байланысу элементтерінің қайта туындауынан болады. Оқушылар ұғымдардың шығармашылық қайта өңдеуден өткізеді. Балалар шындықтың бейнесін қайта құрастырады. оларды суреттеусіз немесе ерекше нақтылаусыз жады арқылы немесе жалпы схема-графикті басшылыққа алады.
5. Баланың танымдық үрдісін дамыту диагностикасы мына мақсаттар үшін қажет:
- оның даму деңгейі осы жастағы балаларға тән нормаларға қаншалықты сәйкес келетіндігін анықтау;
- таным үрдісін дамытудың дербес ерекшеліктерін бағалау;
- баланың таным үрдісін дамыту үшін қолданылатын құралдар мен әдістердің тиімділігін бағалау.
- балаларды тексеру сынақтарына дайындау, тексеру болашақта оқытудың барлық деңгейінде кездеседі.
Тестер мына бөліктерден тұратын: бағыттылығы, материал, нұсқау, балалар үшін нұсқау, нәтижені бағалау бөліктерінен тұратын нақты құрылымнан тұруы тиіс.
6. Балалар шығармашылығы дегеніміз не? шығармашылық қабілеттер қалай көрінеді? мұндай сұрақтар көбін алаңдатады, алайда ең алдымен баланың шығармашылық қабілетін дамытуға, оның шығармышылық бастауын іске асыруға тырысатын психологтарды, педагогтар мен ата-аналарды алаңдатады.
Қабілет деп тұлғаның белгілі әрекетті сәтті орындауға әсер ететін жеке-психологиялық ерекшеліктерін атайды, адамның осы әрекетке бейімділігін көрсетеді. Қабілетті біліммен, дағды және ептілікке қосып қоюға болмайды, олардың білім мен икемділікті үйрену жылдамдығы мен жеңілдігіне тигізер әсерін айтуға болады. Өз кезегінде білім қабілеттің дамуы мен жетілуіне ықпал етеді.
Қазіргі психологияда қабілетті дамыту мәселесі оң шешімін тапты: қабілет дамиды.
Адамның қабілеті оның табиғи болмысын құрады, алайда адамның табиғаты -тарих өнімі. Адамның табиғаты адамның еңбек қызметі нәтижесінде оның тарихи даму үрдісінде қалыптасып, өзгереді. шығармашылық қабілет табиғатын өзгерте отырып, адам оны тануына қарай қалыптасады: көркемдік, бейнелік, музыкалық және т.б. өнердің әр түрлі саласын дамытумен қалыптасты.
Қабілетті жалпы және арнайы деп бөлуге болады. жалпы - адамзат қызметінің таным түрлерінде бірдей көрінеді. Оларға мысалы, адамның жалпы интеллектілік даму деңгейі, оның үйренуге бейімділігі, ықыластығы, сөйлеу, қол қозғалысы мен жұмыскерлігі жатады. Арнайы -белгілі қызмет түріне-математикалық, лингвистикалық және т.б. қабілеті болып табылады.
Қабілеттің өзіндік тууына емес, оған жағдай жасауға аса мән берген дұрыс. Тырысушылық -қабілетті дамытудың негізгі күші емес, алайда оған айтарлықтай әсерін тигізеді. Олар қабілеттің қалыптасуының әр түрлі жолдары мен амалдарын құрайды, олардың деңгейіне, адамның белгілі бір салада жоғары жетістігіне, қабілеттің тез дамуына әсер етеді. Осылайша, тырысушылық маңызды рөлге ие, бірақ негізгі рөл емес.
Қабілет константты, өзгеріссіз қасиет емес. Ол қарқынмен ғана дамиды. Қабілетті дамыту белгілі практикалық немесе теориялық қызмет үрдісінде іске асады. Осылайша, қабілетті қалыптастыруда және дамытуда оның сәйкестік және нақты қызметіне де байланысты екендігін ескеру қажет.
Талант - алла берген тума қасиет, қызметте жоғары табысты қамтамасыз етеді. Шетелдік сөздер сөздігінде талант дегеніміз - жоғары тума қасиет, ерекше табиғи қабілет деп сипатталған.
Қабілет туралы айтқанда, адамның белгілі бір әрекетті жасай алу мүмкіндігін айтуға болады, ал талант туралы айтқанда, адамның аталған қасиеттің тума сипаты айтылады.
А.И.Лук көрсеткен, шығармашылық қабілетті топтастыру 15 қабілетті біріктіреді мәні бойынша ойлау, интеллектілік қабілеттерге жақын. философиялық, ғылымтанушылық, психологиялық-педагогикалық әдебиетті талдай отырып, А.К.Маркова А.И.Лук ұсынған топтастыру негізінде шығармашылық қызметтің стилқұрушы ерекшеліктері жүйесін құрайды.
1. Іздеудегі қырағылық. сыртқы қоздырғыштар ағынында адам әдетте оның білімі мен түсінігінің "координациялық желісіне" сыятындарын ғана қабылдайды, ал қалғаны қабылданбайды. Оған әдеттегі құрылымдық белгіілер, сезімдер, танымдар әсер етеді. Бұрын игерілген ұғымға сыймайтын құбылысты көре алу қабілеті -аңғарымпаздыққа ғана жатрпайды.
2. Жүйе жүйесінің ақпаратты кодтау тәсілі. Ми кез-келген ойды белгілі нысанға айналдыра алады; әр түрлі адамдар кодты қолданудың түрлі қабілетіне ие. Мидың тума ерекшеліктері мен бастапқы өмір сүру жылдарында даму жағдайы ақпараттың белгілі кодтарын сынауға икемділігін анықтайды. Код салу қабілеті нәтиженің сыртқы бейнесі нысанына мөр қою деген сөз, ал егер анығырақ қарасақ, ойлаудың мазмұндық саласын таңдау.
3. Ойлау операцияларын қысқарта алу қабілеті ұғымдардың, пікірлердің ұзын сонар тізбегін бір жалпы жинақтаушы операциямен біріктіру, сол арқылы ойлау күшті ақпараттық символдарды қолдану арқылы жоғары абстрактілеу деңгейіне өтеді.
4. Алмастыру қабілеті. Бұл бір тапсырманы шешуде игерілген дағдыны екіншіні орындау кезінде қолдану, жалпы жинақты стратегиялық өңдей алу қабілеті.
5. Жанама ойлау. Өзге ақпаратты қолдана отырып, шешу жолын көру қабілеті.
6. Қабылдау бүтіндігі. қызметті бөлмей тұтастай қабылдау қабілеті. шығармашылық жұмыс үрдісінде деректерді неғұрлым кең бейнеге салу үшін логикалық қараудан қол үзу қажет.
7. жадының дайын болуы. нысан қасиеттерін еске түсіріп, осы білімді тапсырмамен сәйкестендіру. ақпаратты жадыдан сұрыптай алу тездігі туралы сөз болып отыр.
8. ұғымдарды жақындату. ассоцияциялау жеңілдігі мен ассоцияланатын ұғымдардың қашықтығы, "олардың арасындағы мағыналық қашықтық.
9. ойлау икемділігі. құбылыстардың бір класынан екіншісіне ауысу тездігі мен жеңілдігі. "мағыналық қашықтық" - ауыспалы шама, оған адамның қызметі әсер етеді; есепке алудан өту қабілеті -ойлау икемділігінің бір құбылысы.
10. интеллект икемділігі. дұрыс емес болжамнан уақытылы бас тарту қабілеті.
11. бағалау қызметіне қабілттілік. көптеген баламалардан біреуін оларды тексергенге дейін бағалау, таңдай алу қабілеті.
12. "тұтасу" қабілеті. қабылданатын қоздырғыштарды біріктіру, жаңа мәліметтерді бұрынғы жеке тәжірибемен тез сәйкестендіру.
13. идеяны генерациялау жеңілдігі. адам жаңа пікірді тудырған сайын, оның ішінде жақсы пікірлердің болу мүмкіндігі көп.
14. сөйлеу шапшаңдығы. қалыптастыру жеңілдігі қажет, себебі жаңа идеяны сөзге айналдыру қажет. оның мағынлығы маңызды.
15.соңына дейін жеткізу қабілеті. бұл тек қажырлық, жинақылық пен ерікті ұстанушылық қана емес, детальдарды өңдеу, бастапқы ойды жетілдіру қабілеті.
Американ психологі Л.Кохен шығармашылық қызметтің сипаты ретінде шығармашылық қабілетті емес, тұлғаның сыртқы шығармашылық мінез-құлқы ретінде қарастыруды ұсынады. Автордың пікірінше, шығармашылық қызмет шығармашылық мінез-құлық репертуарынан көрінеді. Л.Кохен шығармашылық мінез-құлықтың 7 деңгейін бөліп алады: 1) жаңа бір мәселені үйрену 2) өзің үшін жаңаны ашу; 3) талантардың көрінуі 4) проблемалық мәселені шешу қабілетін дамыту 5) қызығушылықтар мен білім саласында жаңаны ашу 6) қызмет ету саласын кеңейту арқылы шығармашылық 7) қызмет ету саласын қайта құрылымдау арқылы шығармашылық.
Қабілетті дамытуға жоғары жүйке қызметінің ерекешіліктері әсер етеді. осылайша, білім беру жылдамыдығынан және шартты рефлекстер беркітігіне нбілімді және дағдыны игеру шапшаңдығы мен беріктігі байланысты, лайықты қоздырғыштарға сараланған тежеу тездігіне -белгілі заттар немесе олардың қасиеті арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты көру мүмкіндігі; білім беру жылдамдығы мен жеңілдігі мен динамикалық стереотипті қайта өңдеуден - жаңа жағдайға бейімделу мен бір қызметті орындау тәсілінен басқасына тез көшуге дайындығына байланысты болады. Адамның қабілеттерін тұлғаның психикалық қасиеттері ретінде тура қарауға көшейік.
Қабілеттер сапасы, даму ауқымы, өзіндік үйлесуі ( құрылымы) және даму деңгейіне қарай бөлінеді.
Ослайша қабілет -психиканы және табиғи сезгіштік мотрикасын орындау мүшелерінің және заттай құрылымның мәнін материализациялау үрдісі.
Сезімталдық өнімдерін материализациялау үш түрлі қабілеттен тұрады:
- сыртқы ортаны және онад өзін табиғатты ойлаушы бөлігі ретінде көре білетін қабілет (біз көреміз, естиміз, иіскейміз және т.б. барлық сезім мүшелері осы үрдіске қатысады);
- сыртқы ортаны, оның ішінде өзін жобалау қабілеті (өзге, жасанды табьиғатты ойша, елестету арқылы жасау, болжамдар жасау, ертең ананы мынаны жасау және т.б.);
- өз қызметі үрдісінде адамның қажеттілігі мен талабын қанағаттандыратын өнім мен заттар жасау қабілеті және өзін гармония өлшемдеріне сәйкес қайта өңдеу (ойлағанды іске асыр, нақты заттар мен өнімдерді қолданып нақты әрекеттер жасау). Көре білу мен психомотрика қабілеті арқылы адам құралдар, жабдықтар, машиналардың көптеген мөлшері арқылы мына әрекеттерді күшейтуге, көбейте алуды үйренді: кәдімгі көзілдіріктен космостық станциялар жасай алды. Алайда жасауға, әсіресе шығармашылықққа тырысу қабілеті қазіргі таңда ұлғаймай отыр. Психологияда сезімталдық пен қабілеттер психиканың дербес элементтері, адамның қалыптасуы мен қызметі қарастырылады. Әрекеттер жиынтығы мен бірізділігі (асанлы және психомотролы) тарапынан қаралады, қызмет үрдісіне қатысатын заттар мен құбылыстардың неғұрлым нақты бейнелері қалыптасады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет