Бастауыш пәнінен оқушылардың таным-белсенділігін, ойлау



Дата15.12.2023
өлшемі16,04 Kb.
#138240

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы білім беру бөлімінің «№37 жалпы орта білім беретін мектебі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының бастауыш сынып мұғалімі Ахмадеева Актолкын Мустафиновнаға
ПІКІР
Бастауыш пәнінен оқушылардың таным-белсенділігін, ойлау-. қабілетін, қызығушылығын арттыру мақсатында жаңа технология әдістерін пайдалана отырып әр оқушылармен жеке жұмыстанып есте сақтау, зейіндік қабілетін дамытуға, пәнге деген қызығушылығын арттыруға жұмыстанып келе жатырған мұғалім. Қазақтың алғашқы ұстазы Ыбырай Алтынсарин «Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі», – деп айтқандай, қазіргі білім беру саласында мұғалімнің рөлі басым. Жоғары білімді, білікті ұстаз әрбір білім беру ордасы үшін алтыннан да қымбат. Ахмадеева Актолкын Мустафиновнаның әдістемелік тақырыбы – «Саралап оқыту технологиясы арқылы баланың білім алуға деген қызығушылығын дамыту
».
Математика пәні бойынша серпілген сұрақ әдісін оқушылар меңгерген. Сабақта оқушылар түгелдей тиянақты орындады. Акт бойынша сабақты видео түсіндірме арқылы қолданып отырады. Әдебиет пәнінен өткен сабақты мәтінді талдау сәтінде үнемі мақал мәтелдер қолдану арқылы мәтін талдап, негізгі ой, мәтіндегі тірек сөздер арқылы шығармаға дайындық жұмыстары жүргізіліп отырды. Деңгейлік тапсырмалар бойынша есептер үнемі сабақта жүргізіледі.Мұғалім бойынан әр ұстазға қойылатын, өз кәсібіне сенімділік пен тұрақтылық принциптерін, адамгершілік-педагогтік белсенділік, іскерлік қасиеттерді көруге болады. Оқыту мен тәрбиелеу жұмысында оқушы қабілетін дәл танып, оны дамытуда ерінбей еңбектенумен бірге, өз білімін де үнемі жетілдіріп отырады. Дескриптор құру, бағалау бойынша оқушылар талдайды. Блум түймедағы, екі жақты күнделік әдіс тәсілдері бойынша оқушылар қызығушылықпен қатысты. Сабақ беру барысында ұстаз өзінің жан-жақты дамығандығын іс-әрекетімен көрсете білді. Әр жыл бойынша түлектерінің білім деңгейі жоғары. Жүйелі жұмыс оқушының жетістігін аңғартады. Әсіресе қабілетті балалармен жұмыс істеу жолдарын жете ойластырып, оқушылардың шығармашылық, танымдық, интеллектуалдық деңгейлерін көтеру бағытында жұмыстанады. Сынып тәрбие шаралары, ата анамен жұмыс жүйелі жолға қойылған.
Әр іске үлкен жауапкершілікпен қарап, ұқыпты, тиянақты орындаушылық қабілетімен көріне білді. Мұғалім жылына бірнеше мәрте ашық сабақтар, сыныптан тыс шаралар өткізіп, өз тәжірибесімен бөлісіп отырады.
Әр оқушыны қапысыз тани білген мұғалім шәкірттерін жоғары жетістіктерге қол жеткізеді деген сенімдіре отырып пікірді ұсынамын.


Бастауыш сынып меңгерушісі: В.А. Жусупова

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет